Ағартушылық дәуірі



Дата19.05.2022
өлшемі20,57 Kb.
#143872
Байланысты:
Ағартушылық дәуірі


Ағартушылық дәуірі
Ағарту дәуірі – 18-19 ғасырларда дамыған идеялық ағым. Оның өкілдері ізгілік, әділеттілік идеялары мен ғылыми таным-білім негіздерін тарату жолдары арқылы қоғам кемшіліктерін түзетуге, оның талғам-талаптарын, саясатын, тұрмысын өзгертуге күш салды. Ағартушылар қатарында
Вольтер, Руссо, Монтескье, Гердер, Лессиң, Шиллер, Гете, Десницкий, Козельский, т.б. болды. Олар өз уағыздарын, қоғамның барлық топтары мен жіктеріне, әсіресе, билік иелеріне бағыштады. Қоғамдағы кертартпа көріністердің бәрі адамдардың надандығынан, олардың өз табиғатын өзі түсінбеуінен деп білді. Ағартушылық шіркеулік идеология ықпалына, діни догматтарға, схоластикалық ой-ағымдарына қарсы болды. Ағартушылар қоғам дамуындағы сананың айқындаушы рөлі туралы түсініктерге ден қойды. Ағартушылық 18 ғасырдағы әлеуметтік көзқарастардың қалыптасуына едәуір ықпал етті. Шығыс елдерінде бұл ағым біршама өзіндік сипатта өркен жайды.
Ағартушы классицизм
ХVІІІ ғасырда, уақыт революцияға жақындаған сайын, француз ағартушыларының халыққа айтқан сөздері ынталана түсіп, соның арқасында театрдың рөлі де арта түсті. ХVІІІ ғасырда Францияның бірінші ұлы ағартушысы Франсуа Мари Вольтер (1694—1778) болды. Ағартушылыққа жауыздық пен діншілдікке қарсы бағыт әкелген Вольтер трагедиялары борыш пен сезім бірлігінің гуманистік идеясын уағыздады. Оның кейіпкерлері эмоционалды, қызуқанды және сахналық әрекеті де байырақ әрі динамикалық жағынан күштірек болды. Бұл ағартушылық эстетикасының бағыты классицизмнің ережелерін ұстанбауынан айқындалды. Вольтердің барлық жазған пьесаларынан өзіне үлкен табыс әкелгені "Заира" және "Мұхаммед" трагедиялары болды.
Дени Дидро
ХVІІІ ғасыр ортасынан француз жљне еуропалық ағартушылықтың ірі өкілі Дени Дидро (1713—1784) болды. Дидро пьесалары театр репертуарына толық енбегенімен драматургиядағы жаңа бағыт — тоғышарлық драманың пайда болуына әкелді. Дегенмен де Дидроның театрға байланысты ең үлкен жұмысы 1773 жылы жазылған "Актер туралы порадокс" трактаты болды. Бұнда Дидро әр түрлі өмірлік типтерді сахнаға шығару үшін актерлік ойынның қандай болу керектігіне тоқталған. Бұл актерлік өнер туралы, ең толық әрі тұжырымдалған ағартушы реализмнің принциптері болды. Ал комедия саласында үлкен еңбек сіңіріп кеткен Пьер Бомаршенің ағартушы классицизм дәуіріндегі орны бөлек.
ХVІІІ ғасырда Францияның ең басты театры "Комеди Франсез" болды. Актерлік өнер Анри Лyи Лекен (1729—1778), Ипполита Клерон (1723—1803) мен Мари Дюмениль (1713—1802) шығармашылығы арқылы дамыды. Актерлік өнерде жоғары азаматтық әдеп толыққанды мінездер жасау және тарихи шындыққа ден қою мақсатына ұласты. Театрдың прогресшіл қайраткері, әсіресе Франсуа Жозеф Тальма (1763—1826) Ұлы Француз революциясы кезінде классицизмге жаңа революциялық-қаһармандық үн қосты.
Пьер Огюстен Карон де Бомарше (1732—1799).
Бүгінгі күні әлем - гравюрасы "Фигароның үйленуі" комедияларының басты кейіпкері Фигароны білмейтін, білімді адамдар кемде-кем. Бұл шығармалардың авторы — француз драматургі Пьер Огюстен Карон де Бомарше. Бомарше сағат жөндеуші шебердің отбасында Парижде дүниеге келген. Он үш жасында ол әкесінің шеберханасында сағат жасауды және жөндеуді үйрену үшін мектептен алынады. 21 жасында Бомарше сағат механизмінің бір бөлігін ойлап табады. Оның бұл жаңалығын атақты сағатшы Лепот: "Мен ойлап таптым", — деп жар салады. Бірақ жас жігіт онымен соттасып, өзінің авторлығын дәлелдеп жеңіп шығады. Осы жағдайдан кейін Бомарше байып, сағат жасау жұмысын тастайды, тіпті сарай лауазымын (лауазымдар ол кезде сатылатын) сатып алады. Біраз уақыттан кейін Бомарше король сотыменен күреске түседі. Оның "Мемуарлары" (1773—1774) — сол кездегі сот ісін жүргізудегі әділетсіздікті аяусыз әшкерелеген сатиралық памфлет. Бомарше шығармаларының шыңы — "Севиль шаштаразы" (1775), "Фигароның үйленуі" (1784) атты комедиялар. Бұл шығармаларында ақсүйектер дәуірінің өтіп кеткенін көрсеткен. "Севиль шаштаразы" комедиясының оқиғасы Испанияда өткенмен, әр көрерменге оқиғаның Францияда өтіп жатқаны түсінікті болды. Сөзқұмар және қызғаншак доктор Бортоло өзінің шәкірті Розинаға үйленбекші. Бірақ жас қыз шалды жақсы көрмейді. Оның көңілі өзіне ғашық болған жас граф Альмавивада. Жастарға граф Альмавиваның шаштаразы әрі қызметшісі көңілді де қу Фигаро көмектеседі. Пьеса қуаныш, күлкі, қызықты оқиғаларға толы. 1784 жылы Бомаршенің екінші комедиясы — "Фигароның үйленуі" сахнаға шығады. Бұнда бірінші пьесадағы кейіпкерлердің әрі қарайғы өмірі баяндалады. Пьесаны қолжазба кезінде оқыған ХВЫ Людовик оны театрда қоюға рұқсат бермейді. Бірақ қоғамға қарсы тұра алмай, бұл тыйымынан бас тартады. Егер бірінші комедияда Фигаро графқа көмектессе, енді, керісінше онымен күреседі. Еріккен ақсүйек Фигароның қалыңдығы Сюзаннаны азғыруды ойлайды. Бірақ бұл ойын біліп қойған Фигаро граф Альмавиваның өзін мазақ астында қалдырады. Алайда драмалык трилогияның "Айыпты ана" (1792) атты соңғысында Бомарше өткір сатирадан тайып, мелодрамаға бой ұрды. "Евгения" (1767), "Екідос" (1770) драмаларында әлеуметтік теңсіздікті дұрыс көрсеткен. Өмірінің соңғы жылдарында ол қоғамдық, әдеби өмірге көп араласпады. Бомаршенің "Севиль шаштаразы" комедиясына Джордж Россини (1816), "Фигароның үйленуі" комедиясына В. А.Моцарт (1786) опера жазып, дүние жүзі театрларының сахнасында қойылып келеді.
ХVІІІ ғасырда ағылшын театры ағартушы классицизм драматургиясына өз үлесін қосты. Ерлікті, ізгі жандарды және буржуйлар, тоғышарлар тұрмысын жалаң сезіммен, патетикалық рухта бейнелейтін тоғышарлық драма мен көз жасы аралас комедия секілді жанрлар пайда болды. Жай, қарапайым адам трагедиясы сахнаны жаулап алды. Сонымен қатар ағылшын театрында пантомима, балладалық опера және репетиция деп аталған кіші жанрлар етек жаяды. Ағартушы дәуірінің ірі драматургтері Генри Филдинг (1707—1754) пен Ричард Шеридан (1751—1816) қаламынан туған драмалық шығармаларда феодалдыққа қарсы идеология мен реалистік ағымдар белең алды. Сол кездегі Лондонда екі басты театр болды: 1682 жылы қалыптасқан Друри-Лейн және одан елу жылдан кейін қалыптасқан Ковент Гарден. Ағартушылық дәуірінің сахналық өнеріне Д.Гарриктің шығармашылығы үлкен әсерін тигізді. 1747 жылы ол Друри-Лейн театрын сатып алып, оның басында отыз жылдай тұрды.
Дэвид Гаррик (1717—1779) — ағылшын актері, театр қайраткері, драматург, Еуропадағы сахналық реализмнің негізін салушылардың бірі, сахна реформаторы. Орта бойлы, жақсы дене бітімді, қимыл- қозғалысы шапшаң, шырайлы бет-әлпетті Гаррик туа біткен актер еді. Оның бойындағы дарындылық уақыт талабының эстетикасымен үйлесім тапты. 1740 жылдар әдебиетінде ағартушы реализм салтанат құрған уақыт еді. Ал Гаррик оны сахнаға алып шықты. 1740 жылы тұңғыш "Лета суы" комедиясын, спектакльдер жайлы сын мақалаларын жазды. Актерлік өнер жолын 1741 жылы "Гудменс-Филдс" театрының сахнасында пантомималық Арлекин рөлін ойнаудан бастады. Осы жылы У.Шекспир трагедиясы бойынша ЫЫЫ Ричард рөлін орындады. Осыдан кейін-ақ оның есімі Англияның үздік актерлерінің санатына қосылды. 1742 жылы "Друри -Лейн" театрына қызметке шақырылды. Сахнада ойнаумен қатар 1747—1776 жылдары осы театрға жетекшілік етті.
ХVІІІ ғасырдағы ағылшын ағартушыларының театр эстетикасына сүйене отырып, классицизмнің шарттылықтарына қарсы күрес жүргізді.
1744 жылы ол шағын "Актерлік өнер туралы тәжірибе" еңбегін басып шығарады. Бұдан оның рөл жасауға қалай келетінін көруге болады. Рөл үстіндегі жұмыс, оқиғаны талдаудан басталатын. Актер әр жағдайда кейіпкерінің не сезгенін білуі керек еді. Одан кейін актер сезімді бет-әлпетімен, қимыл-қозғалысымен шығаруы керек. Жұмысқа мимика, пластика, дауыс косылатын. Осының бәрі Гаррикті жақсы техникалық актер ретінде танытты. Сонымен бірге ол трагедиялық рөлдерден комедиялық рөлдерге жеңіл ауысатын. Ол Уильям Шекспирдің 25 пьесасында, соның ішінде Гамлет, Королъ Лұп, Макбет, Бенедикт рөлдерін ойнаған. 1763 жылы Гаррик екі жылға Еуропаға кетеді. Қайтып келгеннен кейін ол жаңа рөлдер жасаған жоқ, көбінесе режиссерлік жұмыспен айналысты. Гарриктен ағылшын режиссурасының жаңа тарихы басталады деп айтуға болады.

Италияның театры ХVІІ ғ. аяғында өзінің ұлттық ерекшелігін жоғалтып, маска комедиясы ақсүйек қауымының көңіл көтеретін сауығына айналды. Италияның ұлы драматургі Карло Гольдони (1707—1793) жаңа мінез комедиясының негізін салады. Суырып- салмашылықтың орнына, спектакльдің негізіне әбеди мәтін енгізілді.


Карло Гольдони
Гольдонидің сахнада жасаған төңкерісін "Комедиялық театр" атты комедиясы көрсетеді. Дегенмен де әлі күнге дейін сахнадан түспей келе жатқан оның реалистік және демократиялық комедияларының мәні зор. Гольдони комедиясынан әлі күнге дейін зор табыспен жүретіні — "Екі қожайынға бір қызметкер" және "Қонақ үй қожайыны".
1760—1770 жылдары драматург Карло Гоцци (1720—1806) Гольдони реформаларына қарсы шығып, маска комедиясы үлгісімен көрермендерді өмір болмысынан алшақтататын спектакльдер, яғни театрға арналған ертегілерін қойды. Олар: "Үш апельсинге махаббат" “Король-Бұғы” танымал "Турандот ханшайым" және т.б.
ХVІІІ ғасырдағы әлем мәдениетіне неміс театрының әсері мол болды. Лессинг, Гёте және Шиллер — ағартушы дәуірінің әдеби және театр жетістіктерін қорытындылап, ағартушы реализмнен ХЫХ ғасырдың сыншы реализміне жол салды. Германиядағы ағартушылықтың ең басты өкілі, актриса Каролина Нейбер (1692—1760) болды. 1727 жылы ол Лейпцигте өз труппасымен тұрақтап, актерлік ойынның Лейпцигтік мектебінің негізін қалады. Нейбер труппасының репертуарына классицизмді дәріптеуші профессор Иоганн Кристоф Готшед (1700—1766) жасады. Каролина Нейбердің театрында неміс ағартушыларының ірі өкілі Готхольд Эфраим Лессинг (1729—1781) өнер жолын табады. Осы театрды 1747—1748 жылдары оның классикалық мәнерде жазылған алғашқы үш пьесасы сахна көреді. 1767—1768 жылдары ол ағартушы дәуірінің театры туралы ең басты теориялық жұмыс — "Гамбургтік драматургияны" жазды. Сондай-ақ осы дәуірдің ірі өкілі Иоганн Вольфганг Гёте (1749—1832) болды. Гетенің ең танымал трагедиясы "Фауст", оның ағартушы реализмдегі ең үлкен жеңістігі болды. Сол кезенде "Қарақшылар", "Зұлымдық пен махаббат” т.б. пьесаларымен танымал болған драматург Иоганн Кристофор Фридрих Шиллер (1759—1805) болды. ХVІІІ ғасырдың аяғында "Дауыл мен тегеурін" драматургиясының өмірге келуі театрдың демократиялық негізін күшейте түсті. Конрад Экгоф (1720—1778) пен Фридрих Людовиг Шредер (1744—1816) секілді актерлердің ағарту сентиментализмі негізінде жүргізген реформаторлық қызметі "натуралды", "шынайы” ойын принциптерін ұсынып, сентиментальдық жоспарда өңделсе де, Шекспир пьесаларын сахнаға қайта қоюға мүмкіндік берді.

ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында классицизмнің эстетикалық нормалары "Комеди Франсез" театрының спектакльдеріне, сондай-ак Жан Муне-Сюлли, Сара Бернар және т.б. актерлердің ойындарында сақталды

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет