1) бейорганикалық типті қаптаушы заттар (алюминий тотығының гидраты, магний трисиликаты);
2) органикалық типті қаптаушы заттар (картоп, жүгері, бидай крахмалы, зығыр дәнінің шырышы, күріштің шырышы, алтей түбірінің түйнегі, кисель).
Фармакологиялық әсерлері: а) қабынуға қарсы; б) іш өтуге қарсы (антидиареялық); в) аналгезиялық; г) жартылай сорғыш.
Қолдануға арналған көрсетімдер:АІЖ-ның қабынбалы процесінде; тітіркендіргіш қасиеті бар заттарды қолданған кезде (крахмал шырышы); клиникалық токсикологияда удың сіңірілуін азайту мақсатында.