және
бұрын танылмаған, ерекше жақтары кӛрсетілген;
2) мектеп тәжірибелерін жетiлдiруге, ӛндiрiстiк процесстердiң
тиiмдiлiгiн арттыруға ықпал ететiн, практикалық міндеттерді шешуге
жаңалықтар
әкелетiн
аппараттардың,
модельдердің,
құралдардың
конструкциялары ұсынылған;
3)
әлеуметтiк-экономикалық
мәселелерді
шешуге
бағытталған
экономикалық-заңдыққа негiзделген компьютерлiк модельдер және жобалар
ұсынылады.
8. Ғылыми конкурсқа:
1) жарысқа кәмелетке толмағандар үшiн рұқсат етiлмейтiн аспаптармен
жұмыстар, жануарларға қатігездік кӛрсетiлетiн эксперименттер, адам
денсаулығы мен жануарлар үшiн зиян келтiретiн заттармен жүргізілетін
жұмыстар (улы, радиоактивтiк, канцорегендік және мутагендік әсері бар
зерттелмеген биологиялық белсендi қосылыстар, адам және жануарлар үшін
патогенді немесе шартты патогенді заттар, микроағзалар, вирустар, iшiмдiк,
никотин
)
жарысқа қатысуға жiберiлмейдi;
2) республикалық жарыстарда бұрын қаралған және қорғалған жұмыстар
Ғылыми конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
9. Зерттеу жұмыстарын рәсiмдеуге қойылатын талаптар:
1) жұмыс мәтiнi компьютерде басылып мынадай құрылымнан тұруы
тиіс:
титул парағы;
мазмұны;
абстракт (аннотация) қазақ немесе орыс тiлдерiнде (зерттеу жұмысының
қай тiлде дайындалғанына байланысты), және ағылшын тiлiнде жазылады;
кiрiспе;
зерттеу бӛлiмi;
қорытынды;
пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi;
2) титул парағында мыналар кӛрсетiледi:
жұмыс орындалған ұйымның толық атауы, қаласы, мектебi;
автордың (бiрiккен автордың) тегi, аты, сыныбы;
жұмыстың атауы;
жұмыстың дайындалған бағыты, секциясы;
жетекшiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты;
қаласы (жарыстың ӛтетiн жерi), жылы;
3) абстракт (аннотация) (250 сӛзден артық емес) қамтылған жұмыстың
қысқаша мазмұнын кӛрсетуі тиіс:
зерттеудің мақсаты;
3
гипотезасы;
кезеңдерi, зерттеудiң реті;
тәжірибенің әдiстемесi;
зерттеудiң жаңалығы және дербестiк дәрежесi;
жұмыстың нәтижесi және қорытындысы;
нәтижелерді практикада қолдану салалары;
4) кiрiспеде (екi беттен артық емес) мыналар келтiрiледi: таңдалған
зерттеу тақырыбының ӛзектілігі, осы жұмыстың мақсаты (мiндетi); қойылған
мiндеттердi шешу әдiсi қысқаша кӛрсетiледi;
5) жұмыстың зерттеу бӛлiмi (20 беттен кем емес) жеке тараулардан
(параграфтардан) тұрады және мыналарды қамтиды:
осы жұмысты жүргізудің қажеттiлiгiне кӛз жеткiзуге және оның
мақсатын (мiндетiн) құрастыруға мүмкіндік беретін таңдалған тақырып
бойынша белгілі нәтижелерге талдама шолу жасау;
қойылған мiндеттердi шешу әдiстерiн сипаттау;
жұмыстың нәтижелері және оларды талқылау;
суретті материалдар (сызбалар, кестелер, фотосуреттер және суреттер);
6) пайдаланылған әдебиеттерге сiлтеменi тӛртбұрышты жақшада
кӛрсету керек. Мәтiнде кездесетiн сiлтемелердің шығуына қарай, нӛмiрлеу
реті болады;
7) қорытынды (бiр беттен артық емес) жұмыстың негiзгi нәтижелерi
және олардың негiзiнде жасалған қорытындыларын, жұмыстың нәтижелерiн
ғылыми және практикалық мақсаттарға пайдалану жӛнiндегi ұсыныстарды
қамтиды;
8) пайдаланылған әдебиеттер жұмыс соңында жалпы тiзiммен мынадай
тәртiпте берiледi:
автордың тегi және қысқартылған аты-жӛнi;
мақаланың және журналдың аты (журналдағы мақалалар үшiн);
журналдың, кiтаптың аты;
басып шығарылған орны және баспасы (кiтаптар үшiн);
басылған жылы, шығу нӛмiрi, бетi;
9) әрбiр жұмыста таңдалған тақырыптың ӛзектілігі, автордың жұмысқа
сiңiрген жеке еңбегi, жұмыстың кемшiлiктерi және нәтижелерiн әрi қарай
пайдалану жӛнiндегi ұсыныстары кӛрсетілген жетекшiнiң пiкiрi қоса берілуі
керек;
10) тӛртiншi кезеңге (баяндамаға) 135х125 шаршы сантиметр кӛлемдегi
стендке орналастыру үшін демонстрациялық материалдарды жасау
ұсынылады.
10. Стендтi рәсiмдеуге қойылатын талаптар:
стендтiң жоғарғы жағына кӛлденеңiнен абстрактын, қатысушының атын,
жасын, мектебiнiң, қаласының, облысының атын орналастыру қажет;
4
стенд материалдары жұмыстың мазмұнын сипаттайтын нӛмірленген
кестелер, фотосуреттер, суреттер, диаграммалар енгізіліп, қорытындылары
кӛрсетіліп, талғаммен ресiмделеді;
мазмұнды дайындау кезiнде негiзгі назарды жоба авторының алған
нәтижелерiн кӛрсетуге аударылады.
11. Уәкілдік мүшемен бекітілген ғылыми жетекшi жұмыс нәтижелері
диплом жұмыстарынан, магистрлік және кандидаттық диссертациялардан,
ғылыми
ұжымдардың есептерiнен кӛшiрiлмеген, алынған нәтижелердің
нақтылығы мен дұрыстығын қамтамасыз етеді. Оқушы жаңа білім мен ӛз
бетінше зерттеу қызметінің дағдыларына ие болып, ӛз қолынан келетін
жұмысты орындауы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |