ҚАҒидалары жалпы ережелер


 Ғылыми конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібі



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата20.11.2023
өлшемі361,36 Kb.
#192336
түріКонкурс
1   2   3   4
Байланысты:
ҒЖ Диля

2. Ғылыми конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібі 
12. Зерттеу жұмыстарының тақырыптары «Дарын» республикалық 
ғылыми-практикалық орталығында (бұдан әрі – «Дарын» РҒПО) Intel ISEF – 
ке (Вашингтон, АҚШ қ.) тіркелінген жобаларды бекіту аффилендіру үшін 
тиісті жылдағы 20 қыркүйегінен кешiкпей тiркеледі. 
13. Ғылыми конкурс тӛрт кезеңде ӛткізіледі: 
1) бірінші кезең - мектепішілік, аудандық орта білім беретін оқу 
бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында ӛткізіледі; 
2) екінші кезең - іріктеу (қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы жобаны 
алдын ала сараптау) облыстық білім беру ұйымдарымен ӛткізіледі;
3) үшінші кезең - облыстық (Алматы және Астана қалаларының білім 
беру ұйымдарының конкурстары, республикалық білім беру ұйымдары
(бұдан әрі - РБҰ) мен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру 
ұйымдары (бұдан әрі - «НЗМ» ДББҰ), мәртебесі жағынан облыстық 
жарыстармен теңестіріледі). Осы кезең екі турда ӛткізіледі; Бірінші тур - 
жобаны қорғау, екінші тур - бейіндеу пәндері бойынша тестілеу
4) тӛртінші (қорытынды) кезең - республикалық. Осы кезең екі турда 
ӛткізіледі. Бірінші тур – іріктеу (жаратылыстану - математикалық бағыттағы 
жобаны алдын ала сараптау), екінші тур - жобаны қорғау. 
14. Ғылыми конкурстың бірінші және екінші кезеңін ӛткізу мерзімі 
облыстардың, Астана және Алматы қалалары білім басқармалары
жетекшілерінің бұйрықтарымен анықталады. Ғылыми конкурстың үшінші, 
тӛртінші кезеңдері Министрліктің бұйрығымен белгіленген мерзімде 
ӛткізіледі. Ғылыми конкурс осы Қағиданың қосымшасына сәйкес жалпы 
білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурстары 
ӛткізілетін пәндер тізбесі бойынша ӛткізіледі. 
15. Ғылыми жетекшінің немесе оқушылардың ғылыми қоғамының 
ұсынуымен, ғылыми конкурстың бірінші кезеңіне 9-11 сынып оқушылары 
қатысады. Зерттеу жұмыстарын екі оқушыдан кем емес орындайды. 



16. Екiншi кезеңге бiрiншi кезең жүлдегерлері қатысады, олар ғылыми 
жетекшiнiң пiкiрiн және ілеспе құжаттарды (ӛтiнiм, мектептiң есебi, зерттеу 
журналы) ұсынады.
17. Ғылыми конкурстың қорытынды кезеңіне қатысуға үміткер үшінші 
кезеңінің қорытындысы бойынша неғұрлым кӛп балл жинаған, Астана, 
Алматы қалаларының, РБҰ-ның, «НЗМ» ДББҰ (әр секция бойынша екі 
жобадан кем емес) жүлдегерлері. 
18

Үшінші кезең екі турда ӛткізіледі: 
бірінші тур – алдын ала сараптамадан ӛткен жобаны қорғау; 
екінші тур - осы Қағиданың қосымшасында кӛрсетілген жалпы білім 
беретін пәндер бойынша ғылыми жобалардың республикалық конкурсы 
ӛтетін пәндер тізіміне сәйкес сыныбына, оқыту тіліне қарай бейіндік пәнді 
тереңдетіп оқыту бағдарламасы бойынша тестілеу. 
Әдістемелік кеңес құрастырған тестілер орындауға 2 астрономиялық 
сағат берілетін 60 сұрақты (120 балл) қамтиды. 
Қатысушылар тестілеудің жалпы балл санынан 50%-дан тӛмен емес 
ұпай жинауы тиіс. Командалық жұмыстар үшін ӛту балы жұмыстың 
авторлары жинаған балдардың орташа арифметикалық саны болып 
табылады. 
Үшінші кезеңін қорытындылау кезінде осы Қағиданың 5 тармағына 
сәйкес тестілеуде алған балдары мен жобаны қорғауда алған балдары 
қосылады. 
19. Тӛртінші кезеңге қатысушылардың тiзiмiн ҚР білім және ғылым
вице-министрімен бекітіледі және бекiтiлгеннен кейін үш жұмыс күн ішінде 
облыстық, Астана және Алматы қалаларының бiлiм басқармалары мен РБҰ, 
«НЗМ» ДББҰ-ның назарына жеткiзіледi. 
20. Тӛртінші кезең - зерттеу жұмысын қорғау және осы Қағидалардың
8-тармағының талаптарына сәйкес рәсімделген стенд материалын ұсыну. 
Жұмысты қорғау кезінде авторға (біріккен авторларға) баяндама үшін
10-15 минут беріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет