55. ЖОО-ның ғылыми-зерттеу қызметі оқытушылар мен және ғылыми қызметкерлермен жүзеге асырылады.
Профессорлық-оқытушылар құрамы ғылыми-зерттеу жұмысын негізгі жұмыс уақытында өз қызметінің міндетті құрамдас бөлігі ретінде жеке жұмыс жоспарына сәйкес орындайды.
56. ЖОО-ның ғылыми-зерттеу жұмысы:
1) іргелі, ізденгіштік, қолданбалы ғылыми-зерттеушілік, тәжірибелік-құрастырушылық жұмыстарды және инновациялық қызмет жүргізуді;
2) ғылыми-педагогикалық қызметкерлер мен білім алушылардың ғылыми зерттеулері мен шығармашылық қызметі арқылы жаңа білімдерді алуды;
3) жоғары білімді дамытудың теориялық және әдіснамалық негіздерін зерттеуді және әзірлеуді;
5) ғылыми зерттеулер нәтижелерін оқу үдерісіне және өндіріске енгізуді; 6) өз ғылыми мектептерін қалыптастыруды және дамытуды, ғылыми-педагогикалық қызметкерлер мен білім алушыларды ғылыми-зерттеу жұмысына белсенді тартуды;
7) ғылыми әзірлемелерді коммерциялау және ғылымды қажетсінетін және бәсекеге қабілетті техника мен технологиялар трансферті;
8) зерттеушілер мен әзірлеушілердің зияткерлік меншігі мен авторлық құқықтарын қорғауды;
9) тартылған қаражат пен инновациялық қызметті пайдалану есебінен зерттеулер мен әзірлемелердің қаржылық негізін кеңейтуді;
10) білім алушылардың ҒЗЖ-сын ұйымдастыруды және жетекшілік етуді қамтиды.
57. ЖОО-ның ғылыми қызметі мамандар даярлау процесінің қажетті құрамдас бөлігі болып табылады. Оқу және ғылыми үдерістер бірлігі:
1) білім алушыларды республикалық бюджет, басқа бюджеттер, бюджеттен тыс қаржыландыру көздері есебінен орындалатын ғылыми-зерттеу және жобалық-құрастырушылық жұмыстарға тарту;
2) ЖОО ғылыми және ғылыми-өндірістік бөлімшелері базасында білім алушылардың белсенді оқу жұмысының әртүрлі формаларын, кәсіптік практиканы, курстық және дипломдық жобалауды, магистрлік және докторлық диссертацияларды орындау, білім алушыларды мақсатты даярлаудың және мамандар даярлаудың басқа да түрлерін жүргізу.
58. ҒЗЖ орындау нәтижелері бойынша күнтізбелік жоспарда көзделген аралық және қорытынды есептер жасалады. Есепте берілген деректердің дұрыстығына ҒЗЖ жетекшісі мен орындаушылары жауапты болады.
59. Жоғары оқу орындары қызметінің басымды бағыты білім беру қызметімен қатар, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерциялау болып табылады.
60. Жоғары оқу орындары өздерінің ұйымдастыру-құқықтық нысанына қарамастан, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерциялау нәтижесінде алған кірістерін өз бетімен, уәкілетті мемлекеттік орган – олардың мүлік иелерінің келісімінсіз жұмсауға құқылы.
61. ЖОО-ның халықаралық ынтымақтастық және сыртқы экономикалық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасы және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде жүзеге асырылады».
62. ЖОО-ның өз жұмысының ерекшелігіне қарай, ал ӘАОО-да сәйкес мемлекеттік уәкілетті органы, шетелдік білім беру, ғылым және мәдениет ұйымдарымен және қорлармен тікелеу байланыстар орнатуға, ынтымақтастық туралы екіжақты және көпжақты шарттар жасауға, студенттер, магистранттар, докторанттар, педагогикалық және ғылыми қызметкерлермен алмасудың халықаралық бағдарламаларына қатысуға, білім саласындағы халықаралық үкіметтік ұйымдарға (қауымдастықтарға) мүше болуға құқылы.
63. ӘАОО-ы халықаралық келісімшарттар мен контракттарға сәйкес шетелдік азаматтар қатарынан мамандар әзірлеуді жүзеге асыруға құқылы.
64. Жоғары оқу орындары Қазақстан Республикасының заңнамасымен және білім беру ұйымының жарғысымен белгіленген тәртіппен сыртқы экономикалық қызметпен айналысуға құқылы.
6
|
|
ЖОО қызметін ақпараттық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету
98) ЖОО-ның ақпараттық ресурстармен қамтамасыз етілуі білім беру қызметін жүзеге асырудың міндетті шарты болып табылады.
99) ЖОО-ның ақпараттық ресурстары қалыптастырылған идеялар мен білімдерді, әртүрлі деректерді, олардың жинау әдістері мен құралдарын, ақпарат көздері мен тұтынушылары арасындағы сақтау мен алмасуды білдіреді.
Ақпараттық ресурстар кез-келген тасымалдағыштағы білім беру бағытындағы (басқарушылық, оқу, ғылыми, оқу-әдістемелік) толық мәтіндік, фактографиялық және библиографиялық деректер базасын; анықтамалық-іздестіру жүйелерін; оның ішінде дәстүрлі және электронды кітапханалық каталогтар мен картотекаларды; жергілікті қолжетімділіктегі электронды ресурстарды; білім беруші ақпаратты жасауды, сақтауды және пайдалануды қамтамасыз ететін бағдарламалық құралдарды; ақпаратты тарату арналарын; білім беру мақсатты ретінде пайдаланылатын коммуникация құралдарын қамтиды.
100) Кітапхана қоры ақпараттық ресурстардың құрамдас бөлігі болып табылады және оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиетті, сондай-ақ заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді қамтиды.
Жоғары білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыру білім алушылардың электронды кітапханаларда орналастыратын халықаралық дереккөздерді қоса алғанда, кітапхана қорына, компьютерлік технологияларға, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиетке, оқу, ғылыми, ақпараттық деректер базасына, еркін қол жеткізумен қамтамасыз етіледі.
Оқу және ғылыми әдебиеттер қоры келтірілген студенттер контингентіне қатынасы бойынша оқытудың толық циклында басылымның кемінде 140 бірлігін құрауы тиіс. Бұл ретте қазақ және орыс тілдеріндегі басылымдар оқыту тілі бойынша білім алушылар контингентіне барабар болуы тиіс. Кітапхана қоры әлеуметтік-гуманитарлық бейіндегі пәндер бойынша соңғы 5 жылда шығарылған, жаратылыстану, техникалық, ауыл шаруашылығы пәндері бойынша - соңғы 10 жылда шығарылған негізгі оқу әдебиетінен тұрады. Цифрлы тасымалдағыштардағы оқу әдебиеттерімен қамтылу мамандықтың оқу жоспарының базалық және бейіндік пәндерінің (әскери мамандықтардан басқа) кемінде 40 %-ын құрайды.
101) Оқу-әдістемелік әдебиеттерге оқу-әдістемелік құралдар, әдістемелік құралдар, дидактикалық, көрнекі құралдар, оқу-әдістемелік әзірлемелер - пәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқаулықтар немесе ұсынымдар, зертханалық, курстық, дипломдық және басқа да жазба жұмыс түрлерін орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулықтар, оқу пәндері бойынша анықтамалық құралдар мен басылымдар жатады.
102) ЖОО кітапханасының ғылыми қоры мамандарды даярлау бағыттары мен мамандықтарына зерттеу саласын қамтитын монографиялық, ғылыми және ғылыми-өндірістік сипаттағы кітаптар тізбесін қамтиды.
Ғылыми қорға сондай-ақ энциклопедиялар, сөздіктер, анықтамалықтар, түсініктемелер, бағдарлама бойынша оқытылатын әдеби шығармалар, нормативтік құқықтық актілер, мерзімді басылымдар, оның ішінде білім беру ұйымдарының хабаршылары, ғылыми еңбектердің, оқыту бейініне сәйкес келетін халықаралық конференциялардың жинақтары кіреді.
103) Оқу әдебиетінің өз басылымдары оқу құралдарын, оқу-әдістемелік құралдарды қамтиды.
Әдістемелік әдебиеттің өз басылымдары әдістемелік ұсыныстарды, оқу пәндерін оқыту, игеру, оқу жұмыстарының жекелеген түрлерін орындау бойынша нұсқаулар мен құралдарды қамтиды.
104) ЖОО оқу-ғылыми ақпараттық активтерін жинау, жинақтау, сақтау, шығару процестері білім беру ұйымдары кітапханаларының жұмысы жөніндегі әдістемелік материалдарға сәйкес жүзеге асырылады.
105) Арнайы мемлекеттік органдардың оқу орындарын (әскери) қоспағанда, ЖОО-ларда интернет ресурсты, ақпараттық-білім порталын, оқытудың кредиттік технологиясын қамтамасыз етудің автоматтандырылған жүйесін, ЖОО жергілікті желілерінде орналасқан ақпараттық-білім ресурстарының жиынтығын және ЖОО-ның кез келген компьютерінен Интернетке жолақты және жоғары жылдамдықта барлық ақпараттық ресурстарға қол жетімділікті жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тармақталған компьютерлік желіні қамтитын жоғары технологиялық ақпараттық-білім беру ортасы құрылуы тиіс.
106) Ақпараттық және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету білім алушылардың өзіндік жұмысына дәйекті ден қоюды күшейте отырып жүзеге асырылады.
107) Тиісті дәрісханалық және зертханалық базалардың, оқу кабинеттерінің, спорт залдарының және оның қызметін қамтамасыз ететін және оған меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында тиесілі шеберханалар мен басқа да үй-жайлардың болуы ЖОО қызметінің міндетті шарты болып табылады.
108) ЖОО-ның екі ауысымнан оқыту нысандары бойынша оқу сабақтарын жүргізу үшін қажетті дәрісханалық қоры мен қосалқы үй-жайлары болуы тиіс.
109) Білім беру оқу бағдарламаларын іске асыру үшін ЖОО-ның арнайы мақсаттағы оқу кабинеттері (компьютерлік сыныптар, лингафонды кабинеттер және басқа), сондай-ақ мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқу-ғылыми процесті сапалы жүзеге асыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін тапсырмалардың әралуан түрлерімен, бағдарламалық құралдармен, оқу жұмыс жоспарларымен және бағдарламалармен, оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарларымен және басқа да құжаттамалармен қамтамасыз етілген заманауи оқу-зертханалық жабдықтары болуы тиіс.
110) Ғимараттың оқу алаңы, дәрісхана қоры, оқу және ғылыми зертханалар, оқу кабинеттері, спорт залдары, кітапханалар, шеберханалар мен ЖОО-ның қызметін қамтамасыз ететін басқа да үй-жайлары қолданыстағы санитариялық нормалар мен қағидалар талаптарын қанағаттандыруы тиіс.
111) Бір студентке оқу алаңының нормасы ЖОО типіне байланысты белгіленеді және кемінде 6 м2 болуы тиіс.
112) Үй-жай алаңдары үй-жай мақсаттылығына байланысты, оқу сабақтарының түрлеріне, студенттер мен қызметкерлер санына, оқу сабақтарының ауысымдылығына сәйкес белгіленеді.
Студенттердің есептік саны күндізгі оқу нысаны студенттерінің ең көп саны бойынша және сырттай оқу нысаны студенттерінің 10 % саны бойынша қабылданады.
113) Спорт залдарының жалпы алаңы (олардың жанындағы қосалқы ғимараттарды, бассейндер мен жеңіл атлетикалық манеждерді есептемегенде) бір студентке кемінде 1,0 м2 қабылдануы тиіс.
114) ЖОО-ның білім алушылар контингенті мен айқындалатын мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша айқындалатын мөлшерден кем емес оқыту құнына қарай, білім алу жағдайларын қамтамасыз ететін қаржылық ресурстары болады.
115) Қаржылық ресурстар көздері білім беру және ғылыми гранттардан алынған бюджеттік қаражат, ақылы негізде білім беруден, ғылыми және басылым өнімдерін сатудан түсетін қаражат, демеушілік көмек және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен тыйым салынбаған қызметтің өзге түрлерін жүзеге асырудан алынған өзге де көздері болады.
116) ЖОО-лардың білім беру қызметіне арналған шығыстары мамандар даярлаудың бағыттары, оқыту нысандары (күндізгі, кешкі, сырттай), тиісті нормативтік құжаттардағы білім беруге арналған шығыстарды айқындайтын ақшалар және заттай нормалар бөлінісінде студенттер контингентіне қарай айқындалады.
|
6. ЖОО қызметін ақпараттық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету
65. ЖОО-ның ақпараттық ресурстармен қамтамасыз етілуі білім беру қызметін жүзеге асырудың міндетті шарты болып табылады.
66. Кітапхана қоры ақпараттық ресурстардың құрамдас бөлігі болып табылады және оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиетті, сондай-ақ заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді қамтиды.
Жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыру білім алушылардың электронды кітапханаларда орналастыратын халықаралық дереккөздерді қоса алғанда, кітапхана қорына, компьютерлік технологияларға, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиетке, оқу, ғылыми, ақпараттық деректер базасына еркін қол жетімділігімен қамтамасыз етіледі.
67. ЖОО-ларда Web-сайт, ақпараттық-білім порталын, оқытудың кредиттік технологиясын қамтамасыз етудің автоматтандырылған жүйесін, ЖОО жергілікті желілерінде орналасқан ақпараттық-білім ресурстарының жиынтығын және Интернетке кең жолақты және жоғары жылдамдықты қол жетімділікпен қамтылған тармақталған компьютерлік желіні қамтитын жоғары технологиялық ақпараттық-білім беру ортасы құрылуы тиіс.
68. Тиісті дәрісханалық және зертханалық базалардың, оқу кабинеттерінің, спорт залдарының және оның қызметін қамтамасыз ететін және оған меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында тиесілі шеберханалар мен басқа да үй-жайлардың болуы ЖОО қызметінің міндетті шарты болып табылады.
69. ЖОО-ның оқыту нысандары бойынша екі ауысымнан артық емес уақытта оқу сабақтарын жүргізу үшін қажетті дәрісханалық қоры болуы тиіс.
70. Білім беру оқу бағдарламаларын іске асыру үшін ЖОО-ның әр түрлі техникалық ресурстары: зертханалық жабдықтар, қондырғылар, механизмдер, стендтар, өлшеу құралдары, оқу және зерттеу мақсаттарында пайдаланылатын макеттер және бұйымдардың модельдері, эксперименталдық үлгілер, материалдар, компьютерлік және өзге де есептеу техникасы, бағдарламалық құралдар болуы тиіс.
71. ЖОО-ның білім алушылар контингенті мен білім беру бағдарламаларының рентабельдігімен айқындалынатын білім алу үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ететіндей қаржылық ресурстары болуы тиіс.
72. Қаржылық ресурстар көздеріне білім беру және ғылыми гранттардан алынған бюджеттік қаражат, ақылы негізде білім беруден, ғылыми және басылым өнімдерін сатудан түсетін қаражат, демеушілік көмек және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен тыйым салынбаған қызметтің өзге түрлерін жүзеге асырудан алынған өзге де қаражат көздері жатады.
|
Қазақстан Республикасының 13 қараша 2015 жылғы № 398-V «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына сәйкес
|
1
|
3-тармақ 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
|
1) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартқа сәйкес мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім берудің арнайы түзету білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын ұйымдар:
арнайы мектепке дейінгі ұйымдар;
арнайы жалпы білім беру ұйымдары жатады.
Бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердi оңалту жөнiндегі бiлiм беру процесiнiң қызмет бағыттарының нақты мiндеттерi мен ерекшелiктеріне, сондай-ақ даму мүмкіндітері шектеулі балалар үшін iске асырылатын бiлiм беру бағдарламаларының деңгейлеріне байланысты:
есту қабiлетi бұзылған (естiмейтін, нашар еститiн, кейiннен саңырау болып қалған);
көру қабiлетi бұзылған (көзi көрмейтiн, нашар көретiн, кейiннен соқыр болып қалған);
тiрек-қозғалыс аппаратының функциялары бұзылған;
сөйлеу қабiлетi бұзылған;
ақыл-ойы кенжелеп қалған;
психикалық дамуы тежелген;
эмоциялық-еркi жағынан және мiнез-құлқы бұзылған;
күрделi бұзылыстары бар, оның iшiнде соқыр-саңырау болып қалған балаларға арнайы мектепке дейінгі және жалпы бiлiм беру ұйымдары құрылады;
3. Арнайы білім беру ұйымдарына:
1) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартқа сәйкес мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім берудің арнайы түзету білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын ұйымдар:
арнайы мектепке дейінгі ұйымдар;
арнайы жалпы білім беру ұйымдары жатады.
Бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердi оңалту жөнiндегі бiлiм беру процесiнiң қызмет бағыттарының нақты мiндеттерi мен ерекшелiктеріне, сондай-ақ даму мүмкіндітері шектеулі балалар үшін iске асырылатын бiлiм беру бағдарламаларының деңгейлеріне байланысты:
есту қабiлетi бұзылған (естiмейтін, нашар еститiн, кейiннен саңырау болып қалған);
көру қабiлетi бұзылған (көзi көрмейтiн, нашар көретiн, кейiннен соқыр болып қалған);
тiрек-қозғалыс аппаратының функциялары бұзылған;
сөйлеу қабiлетi бұзылған;
ақыл-ойы кенжелеп қалған;
психикалық дамуы тежелген;
эмоциялық-еркi жағынан және мiнез-құлқы бұзылған;
күрделi бұзылыстары бар, оның iшiнде соқыр-саңырау болып қалған балаларға арнайы мектепке дейінгі және жалпы бiлiм беру ұйымдары құрылады;
|
1) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартқа сәйкес мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беру бағдарламалары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары негізінде әзірленген арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын ұйымдар:
арнайы мектепке дейінгі білім беру ұйымдары;
арнайы (түзеу) білім беру ұйымдары.
Бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердi оңалту жөнiндегі бiлiм беру процесiнiң қызмет бағыттарының нақты мiндеттерi мен ерекшелiктеріне, сондай-ақ iске асырылатын бiлiм беру бағдарламаларының деңгейлеріне байланысты:
есту қабiлетi бұзылған (естiмейтін, нашар еститiн, кейiннен естімей саңырау болып қалған);
көру қабiлетi бұзылған (көзi көрмейтiн, нашар көретiн, кейiннен соқыр болып қалған);
тiрек-қозғалыс аппаратының функциялары бұзылған;
сөйлеу қабiлетi бұзылған;
ақыл-ойының дамуы кенжелеп қалған;
психикалық дамуы тежелген;
эмоциялық-еркі және мiнез-құлқы бұзылған;
күрделi бұзылыстары бар, оның iшiнде соқыр-саңырау болып қалған даму мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін арнайы мектепке дейінгі және арнайы (түзеу) бiлiм беру ұйымдары құрылады;
|
Ұсынылған редакция ҚР «Білім туралы» Заңының 16 бабына және ҚР «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медикалық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңының 1 бабының 18) тармағына сәйкес келеді
|