№ п/п
|
Нормативтік құқықтық актінің құрылымы
|
Қолданыстағы редакция
|
Ұсынылатын редакция
|
Негіздеме
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499
|
|
Мектепке дейiнгi ұйымдар қызметiнiң үлгілік қағидалары
|
1
|
2-тармақ мына редакцияда жазылсын
|
2. Мектепке дейiнгi ұйымдар бiр жастан бастап мектеп жасына дейiн жеткенше тәрбиеленушілерді тәрбиелеу, оқыту мен дамыту және медициналық бақылау, сондай-ақ қарау, бағу және сауықтыру бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын, мемлекет қаржыландыратын қызмет көлемін орындауды қамтамасыз етеді.
|
2. Мектепке дейiнгi ұйымдар бiр жастан бастап мектеп жасына дейiн жеткенше тәрбиеленушілерді тәрбиелеу, оқыту, дамуындағы ауытқуды түзетуіне және әлеуметтік бейімделуіне, дамыту және медициналық бақылау, сондай-ақ қарау, бағу және сауықтыру бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын, мемлекет қаржыландыратын қызмет көлемін, оның ішінде балаларға инклюзивті білім беруді іске асыру үшін орындауды қамтамасыз етеді.»;
|
2007 жылғы 27-шілдедегі ҚР «Білім туралы» Заңының 1-бабы, 21-4) тармақшасына және 8-бабы 6-тармағына сәйкестендіру
|
2
|
6-тармақ мына редакцияда жазылсын
|
6. Мектепке дейінгі ұйым топтарының толымдылығы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1684 қаулысымен бекітілген «Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
|
«6. Мектепке дейінгі ұйым топтарының, оның ішінде инклюзивті және арнайы топтарының толымдылығы қолданыстағы Қазақстан Республикасы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекіткен білім беру саласындағы санитариялық ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.»;
|
ҚР «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медикалық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңының 6-бабының 3)-тармағына сәйкестендіру
және
№ 1684 санитариялық қағидалары 2015 жылғы 08 қыркүйектегі № 754 ҚР Үкіметінің қаулысымен күшін жойды
|
3
|
8-тармақ мына редакцияда жазылсын
|
8. Мектепке дейінгі ұйымдар өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Білім туралы» Заңды, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 мамырдағы № 488 қаулысымен бекітілген Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасын, мектепке дейінгі ұйымның Жарғысын және осы Қағидаларды басшылыққа алады.
|
8. Мектепке дейінгі ұйымдар өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, осы Қағидаларды, мектепке дейінгі ұйымның жарғысын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.
|
Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы 2014 жылғы 21 қазандағы
№ 1119 ҚР Үкіметінің қаулысымен күшін жойды
|
4
|
10-тармақ мына редакцияда жазылсын
|
10. Балаларды қабылдау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысымен бекітілген «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою», «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
|
10. Балаларды қабылдау мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы Қазақстан Республикасы білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
|
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысы Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 13 наурыздағы № 140 қаулысымен күшін жойды.
|
|
Жалпы білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) қызметінiң үлгілік қағидалары:
|
|
2. Білім беру ұйымдары қызметінің тәртібі Қызметін ұйымдастыру
|
1
|
15-тармақ мына редакцияда жазылсын
|
15. Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары (1-деңгей) баланың жеке басын қалыптастыруға, оның жеке қабілеттерін, оқу ісіндегі оң талпынысы мен алғырлығын: негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын кейіннен меңгеру үшін оқудың, жазудың, есептеудің, тілдік қатынастың, шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі көрсетудің, мінез-құлық мәдениетінің берік дағдыларын дамытуға бағытталған.
Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын игеру мерзімі - төрт жыл.
|
«15. Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары (1-деңгей) баланың жеке басын қалыптастыруға, оның жеке қабілеттерін, оқу ісіндегі оң талпынысы мен шеберліктерін: негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын кейіннен меңгеру үшін оқудың, жазудың, есептеудің, тілдік қатынас тәжірибесінің, шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі көрсетудің, мінез-құлық мәдениетінің берік дағдыларын дамытуға бағытталған.»;
|
2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» ҚР Заңына 2015 жылғы 13 қарашадағы ҚР «Білім беру сұрақтары бойынша Қазақстан республикасының кейібір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен өзгерістер еңгізілуіне байланысты (1-баптың 2-тармағының 13)-тармақшасы)
|
2
|
16-тармақ мына редакцияда жазылсын
|
16. Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары (2-деңгей) білім алушылардың ғылым жүйесінің базалық негіздерін меңгеруге, олардың бойында тұлғааралық және этносаралық қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға, жеке адамның өзін-өзі билеуіне және кәсіптік бағдарлануына бағытталады.
Жалпы білім беретін оқу бағдарламасы білім алушылардың бейін алды даярлығын қамтиды.
Әрбір пәннің мазмұнын зерделеу негізгі орта білім беру деңгейінде аяқталады.
Негiзгi орта бiлiм берудің жалпы бiлiм беретін оқу бағдарламасын меңгеру мерзiмi - бес жыл.
Он екі жылдық білім беруге көшкен кезде негiзгi орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламасын меңгеру мерзiмi - алты жыл.
|
«16. Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары (2-деңгей) білім алушылардың ғылым жүйесінің базалық негіздерін меңгеруге, олардың бойында тұлғааралық және этносаралық қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға, жеке адамның өзін-өзі билеуіне және кәсіптік бағдарлануына бағытталады.
Жалпы білім беретін оқу бағдарламасы білім алушылардың бейін алды даярлығын қамтиды.
Әрбір пәннің мазмұнын зерделеу негізгі орта білім беру деңгейінде аяқталады.
|
2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» ҚР Заңына 2015 жылғы 13 қарашадағы ҚР «Білім беру сұрақтары бойынша Қазақстан республикасының кейібір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен өзгерістер еңгізілуіне байланысты (1-баптың 2-тармағының 13)-тармақшасы)
|
3
|
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
|
18. Ата-аналардың немесе өзге де заңды өкiлдердiң мүдделерiн ескере отырып, жергiлiктi білім берудi басқару органдарымен келісім бойынша білім беру ұйымдарында даму мүмкіндігі шектеулі балалармен дені сау балалардың бірлесіп оқитын сыныптары (бір сыныпта даму мүмкіндігі шектеулі екі баладан артық оқытылмауы тиіс) немесе арнайы білім беру ұйымдарының үлгілік қағидаларында көрсетілген толымдылыққа сәйкес бұзушылық түрлері бойынша арнайы сыныптар ашылуы мүмкiн.
Инклюзивтік және арнайы сыныптардағы даму мүмкіндігі шектеулі барлық білім алушыларға арналған түзету сабақтарын арнайы педагогтер (олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог, логопед) жүзеге асырады.
Жалпы сыныптарға қосылған даму мүмкіндігі шектеулі балалар жалпы білім беретін бағдарламалар бойынша білім алады.
|
«18. Білім алушылардың ата-аналардың немесе өзге де заңды өкiлдердiң мүдделерiн ескере отырып, жергiлiктi білім берудi басқару органдарымен келісім бойынша білім беру ұйымдарында инклюзивті сыныптар (бір сыныпта даму мүмкіндігі шектеулі екі баладан артық оқытылмауы тиіс) және (немесе) бұзушылық түрлері бойынша арнайы сыныптар ашылуы мүмкiн.
Инклюзивтік сыныптарда оқитын мүмкіндігі шектеулі балалар психологиялық – медициналық - педагогикалық консультацияның қортындысы мен ұсынымдары бойынша жалпы білім беру немесе жеке бағдарлама бойынша білім алуы мүмкін.
Инклюзивтік және (немесе) арнайы сыныптарда оқитын даму мүмкіндігі шектеулі балалар үшін түзету сабақтарын арнайы педагогтер (дефектолог, олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог, логопед және басқалар) жүзеге асырады.
|
2007 жылғы 27-шілдедегі ҚР «Білім туралы» Заңының 1-бап 21-4)-тармақшасына сәйкестендіру
ҚР «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медикалық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңының 11-бабына сәйкестендіру
|
Техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары
|
1
|
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
|
1. Осы Техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – «Білім туралы» Заң) сәйкес әзірленді және меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, техникалық және кәсіптік бiлiм берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары (бұдан әрі – техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымы) қызметінің тәртібін айқындайды.
|
1. Осы Техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – «Білім туралы» Заң) сәйкес әзірленді және меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, техникалық және кәсіптік бiлiм берудің білім бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары (бұдан әрі – техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымы) қызметінің тәртібін айқындайды.
|
2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» ҚР Заңына 2015 жылғы 13 қарашадағы ҚР «Білім беру сұрақтары бойынша Қазақстан республикасының кейібір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен өзгерістер еңгізілуіне байланысты (1-баптың 2-тармағының 14)-тармақшасы)
Тақырыпта және мәтіндегі «оқу» деген сөздер алынып тасталған
|
2
|
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
|
2. Техникалық және кәсіптік бiлiм негізгі орта және (немесе) жалпы орта білім беру базасында, училищелерде, колледждер мен жоғары техникалық мектептерде алынады.
|
2. Техникалық және кәсіптік бiлiм негізгі орта және (немесе) жалпы орта білім беру базасында, училищелерде, колледждер мен жоғары колледждерде алынады.
|
2007 жылғы 27-шілдедегі ҚР «Білім туралы» Заңының 1-бабы 21-1)-тармақшасына сәйкес келтіру
|
3
|
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
|
5. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары бір немесе бірнеше білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын және білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеуді қамтамасыз ететін заңды тұлғалар болып табылады.
|
5. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары бір немесе бірнеше білім беретін білім бағдарламаларын іске асыратын және білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеуді қамтамасыз ететін заңды тұлғалар болып табылады.
|
«2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» ҚР Заңына 2015 жылғы 13 қарашадағы ҚР «Білім беру сұрақтары бойынша Қазақстан республикасының кейібір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен өзгерістер еңгізілуіне байланысты (1-баптың 2-тармағының 14)-тармақшасы)
Тақырыпта және мәтіндегі «оқу» деген сөздер алынып тасталған
|
4
|
6-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
|
6-1. Ведомстволық бағыныстылығына және меншік нысанына қарамастан, кәсіптік және техникалық білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары өз қызметін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес берілген лицензияның негізінде жүзеге асырады.
|
6-1. Ведомстволық бағыныстылығына және меншік нысанына қарамастан, кәсіптік және техникалық білім беру білім бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары өз қызметін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес берілген лицензияның негізінде жүзеге асырады.
|
«2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» ҚР Заңына 2015 жылғы 13 қарашадағы ҚР «Білім беру сұрақтары бойынша Қазақстан республикасының кейібір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен өзгерістер еңгізілуіне байланысты (1-баптың 2-тармағының 14)-тармақшасы)
Тақырыпта және мәтіндегі «оқу» деген сөздер алынып тасталған
|
5
|
8-тармақтың үшінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын
|
8) Білім беру ұйымдарындағы оқу және тәрбие жұмыстарының есебі теориялық және өндірістік оқытудың есепке алу журналдарын және оқу сағаттарында оқу бағдарламаларының орындалуын есепке алу табельдерін жүргізу арқылы жүзеге асырылады
|
8. Білім беру ұйымдарындағы оқу жұмысының есебі теориялық және өндірістік оқытудың, кәсіптік практиканы есепке алу журналдарын және оқу сағаттарында оқу бағдарламаларының орындалуын есепке алу табельдерін жүргізу арқылы жүзеге асырылады
|
«Білім туралы» ҚР Заңың 17-баптың 5-тармақшасына сәйкес келтіру
|
6
|
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын
|
9) Оқу жұмыс жоспарлары мен оқу жұмыс бағдарламаларын тиісті үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларының негізінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары әзірлейді.
Үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламалары білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес әзірленеді.
|
9. Оқу жұмыс жоспарлары мен оқу жұмыс бағдарламаларын тиісті үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларының негізінде, эксперименталдық режимде оқытатын бiлiм беру ұйымдарын қоспағанда, техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдары әзірлейді.
Үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламалары техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес әзірленеді.
|
2007 жылғы 27-шілдедегі ҚР «Білім туралы» Заңының 14-баптың 1-1)-тармағы, 5-баптың 6)-тармақшасына сәйкес
|
7
|
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
|
10. Тұлғаның қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, білім беретін оқу бағдарламаларының мазмұнына, техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдарында білім алуға қол жеткізу жағдайларын жасауға байланысты оқыту мынадай нысандарда жүзеге асырылады: күндізгі, кешкі және сырттай бөлім (сырттай, кешкі нысанда білім алу рұқсат етілмейтін жекелеген кәсіптер мен мамандықтардан басқа).
Әскери мамандықтар бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша тиісті мемлекеттік органның басшысы бекітеді.
|
10. Тұлғаның қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, білім беретін бағдарламаларының мазмұнына, техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдарында білім алуға қол жеткізу жағдайларын жасауға байланысты оқыту мынадай нысандарда жүзеге асырылады: күндізгі, кешкі және сырттай бөлім (сырттай, кешкі нысанда білім алу рұқсат етілмейтін жекелеген кәсіптер мен мамандықтардан басқа).
Әскери мамандықтар бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша тиісті мемлекеттік органның басшысы бекітеді.
|
«2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» ҚР Заңына 2015 жылғы 13 қарашадағы ҚР «Білім беру сұрақтары бойынша Қазақстан республикасының кейібір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен өзгерістер еңгізілуіне байланысты (1-баптың 2-тармағының 14)-тармақшасы)
Тақырыпта және мәтіндегі «оқу» деген сөздер алынып тасталған
|
8
|
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
|
11. Техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 130 қаулысымен бекітілген Техникалық және кәсіптік бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес белгіленеді.
|
11. Техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібі Техникалық және кәсіптік бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдау үлгілік қағидаларына сәйкес белгіленеді.
|
«2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» ҚР Заңына 2015 жылғы 13 қарашадағы ҚР «Білім беру сұрақтары бойынша Қазақстан республикасының кейібір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен өзгерістер еңгізілуіне байланысты (1-баптың 2-тармағының 20)-тармақшасы)
«кәсіптік оқу» деген сөзді «білім» деген сөзге ауыстырылған.
Редакциялық түзеу.
|
9
|
16-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
|
16. Техникалық және кәсіптік бiлiм берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан оқу жылы оқу процесінің кестесіне сәйкес басталады және аяқталады.
|
16. Техникалық және кәсіптік бiлiм берудің білім беретін бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан оқу жылы оқу процесінің кестесіне сәйкес басталады және аяқталады.
|
«2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» ҚР Заңына 2015 жылғы 13 қарашадағы ҚР «Білім беру сұрақтары бойынша Қазақстан республикасының кейібір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен өзгерістер еңгізілуіне байланысты (1-баптың 2-тармағының 14)-тармақшасы)
Тақырыпта және мәтіндегі «оқу» деген сөздер алынып тасталған
|
10
|
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын
|
29) Білім алушыларды өндірістік оқыту оқу-өндірістік шеберханаларда, зертханаларда, полигондарда, білім беру ұйымдарының оқу шаруашылықтарында шарттар негізінде жұмыс берушілер ұсынатын оқушы орындарда жүзеге асырылады.
|
29. Білім алушыларды өндiрiстiк оқыту түріндегі және кәсіптік практика оқу-өндiрiстiк шеберханаларда, зертханаларда, полигондарда, білім беру ұйымдарының оқу шаруашылықтарында шарттар негізінде жұмыс берушілер ұсынатын оқушы орындарда жүзеге асырылуы мүмкін. Өндірістік оқытудың оқу бағдарламаларына сәйкес оқу-өндiрiстiк жұмыстарды орындау тауарлар (жұмыстар және қызметтер) шығаруды ұйымдастыруды көздейді.
|
«2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» ҚР Заңына 2015 жылғы 13 қарашадағы ҚР «Білім беру сұрақтары бойынша Қазақстан республикасының кейібір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен өзгерістер еңгізілуіне байланысты (1-баптың 2-тармағының 1)-тармақшасы)
«кәсіптік практика» деген сөздер толықтырылған
|