Қағидаларын, оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік



бет4/6
Дата21.07.2017
өлшемі1,04 Mb.
#21496
1   2   3   4   5   6

3. ЖОО-ның білім беру қызметі

24. ЖОО білім беру қызметі шаралар жүйесінен тұратын академиялық саясаты негізінде жүзеге асырылады.

25. Академиялық саясат жоо-ның алдындағы басымдықтар мен міндеттерді ескере отырып, білім саласындағы заңнама негізінде дайындалынады.

Академиялық саясаттың құрылымы мен бағыттарын жоо-ның өзі анықтайды. .

26. ЖОО-ға білім алушыларды қабылдау Қазақстан Республикасының Үкіметінің Қаулысымен бекітілген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына және бекіткен жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес конкурстық негізде жүзеге асырылады.

ӘАОО-на білім алушыларды қабылдау сәйкес уәкілетті мемлекеттік органмен айқындалады.

27. ЖОО-да жоғары білімі бар кадрлар дайындау мазмұны мен оқыту мерзімдері бойынша әртүрлі білім бағдарламалары бойынша жүргізіледі. Кадрларды даярлау күндізгі, кешкі, сырттай оқыту және экстернат нысанында жүзеге асырылады.

ЖОО-да жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлар дайындау мазмұны мен оқыту мерзімдері бойынша әртүрлі білім бағдарламалары бойынша жүргізіледі. Кадрларды даярлау күндізгі нысанында жүзеге асырылады.

28. ЖОО-ның оқу-әдістемелік жұмысы білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларына сәйкес ұйымдастырылады.

ӘАОО-ның білім оқу-әдістемелік жұмысы әскери, арнайы оқу орындарында, сәйкес мемлекеттік уәкілетті орган бекіткен оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларына сәйкес ұйымдастырылады.


29. ЖОО білім беру қызметі кредиттік оқыту технологиясы негізінде жүзеге асырады.

30. ӘАОО-ның білім беру қызметі әскери, арнайы оқу орындарына арналып, мемлекеттік уәкілетті орган бекіткен, қағида негізінде жүзеге асырады.

31.Оқу үдерісін ұйымдастыру академиялық күнтізбе, оқу сабақтарының кестесі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес ЖОО әзірлеген білім беру бағдарламалары және үлгілік оқу жоспарлары негізінде жүзеге асырылады.

ӘАОО-да оқу үдерісі әскери, арнайы оқу орындары оқу үдерісін, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қағидаларға, сонымен қатар әскери, арнайы оқу орындары үшін сәйкес мемлекеттік уәкілетті орган бекіткен оқу үдерісінің жаңа білім беру технологиясың ұйымдастыру қағидалары негізінде жүзеге асырылады.

32. Академиялық күнтізбе, мамандықтардың жұмыс оқу жоспарлары мен профессорлық-оқытушылық құрамның орташа жылдық педагогикалық жүктемесі ЖОО ғылыми кеңесінің шешімімен бекітіледі.

33. ЖОО-да оқу жұмысының мынадай негізгі түрлері белгіленеді: дәрістер, семинарлар, практикалық, студиялық және зертханалық сабақтар, кеңес берулер, бақылау жұмыстары, коллоквиумдар, оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы, кәсіптік практика, оқу немесе ғылыми тағылымдама, курстық жұмыс (жоба), ғылыми-зерттеу жұмысы, эксперименталды-зерттеу жұмысы, магистрлік диссертация, докторлық диссертация және басқалар.

Бұл ретте сабақ түрлерін, дәрістер мен семинарлар, практикалық, студиялық және зертханалық сабақтар арасындағы сағат көлемінің арақатынасын ЖОО өздігімен анықтайды.

34. Оқу жұмысын жүзеге асыру үшін ЖОО-да оқытушылардың мынадай лауазымдары қарастырылады: профессор, қауымдастырылған профессор (доцент), профессордың ассистенті (аға оқытушы) және ассистент (оқытушы).

ЖОО оқытушыларынң ғылыми-педагогикалық қызметі құрылымдық бөлімшенің басшысы бекіткен оқу жылына арналған оқытушының жеке жұмыс жоспары негізінде жүзеге асырылады.

Магистранттар мен докторанттардың ғылыми-зерттеу және эксперименталдық-зерттеу жұмысына, магистрлік және докторлық диссертацияларға жетекшілікті ғылыми дәрежесі бар және ғылыми зерттеулермен белсенді айналысатын оқытушылар және/немесе ғылыми дәрежесі, БҒСБК ұсынған басылымдарда ғылыми жарияланымдары бар ғылыми қызметкерлер мен практик-мамандар жүзеге асырады.

35. Дәрістерді ғылыми дәрежесі бар оқытушылар, ғылым доктарлары мен ғылым кандидаттары, философия докторлары (PhD), бейін бойынша докторлар, ғылыми атақтары (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор), сондай-ақ магистрлар және кемінде 3 жыл ғылыми-педагогикалық өтілі бар аға оқытушылар оқиды.

Сонымен қатар, дәрістерді оқуға және/немесе басқа оқу сабақтарының түрлерін өткізуге ғылыми қызметкерлер, еңбегі сіңген мәдениет, өнер, спорт қайраткерлері немесе мамандық бейіні бойынша кемінде 5 жыл практикалық тәжірибесі бар мамандар да тартылуы мүмкін.

36. Оқу жұмысының басқа түрлері атқарып отырған лауазымына қарамастан барлық оқытушылардың педагогикалық жүктемесіне кіруі мүмкін.

37. Оқу жұмысы аудиториялық (дәрістер, семинарлар, практикалық, студиялық, зертханалық сабақтар және басқалар) және оқу жұмысының барлық қалған түрлерін қамтитын аудиториядан тыс деп бөлінеді.

38. Білім алушылардың жоғары білім және жоғары білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын меңгеруі үшін барынша қолайлы жағдайлар жасай отырып, ЖОО өздігінен білім беру түрлерін, әдістемелері мен оқыту құралдарын анықтайды.

39. ЖОО оқытушысы оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларының (силлабус) талаптарын сақтау шартымен, оқу сабақтарын ұйымдастыру мен өткізу тәсілдері мен нысандарын, оқыту әдістерін таңдау еркіндігіне ие.

40. Жоғары білім берудің білім бағдарламалары пәндердің үш циклын қамтиды: жалпы білім беретін пәндер циклы (ЖББП), базалық пәндер циклы (БЗП) және бейінді пәндер циклы (БП), сондай-ақ қосымша оқыту түрлері (мамандық бойынша кәсіптік практика, дене шынықтыру және т.б.) және қорытынды аттестаттау.

41. Жоғары білімнен кейінгі білім берудің білім бағдарламалары пәндердің екі циклын: базалық пәндер циклы (БЗП) және бейіндеуші пәндер циклы (БП), сонымен қатар кәсіптік практика, ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу) жұмыстарын жүргізе отырып диссертация жазуды, аралық және қорытынды аттестаттауды қамтиды.

42. Пәндердің әр циклы практика тізбесі мен мазмұны үлгілік оқу жоспарларында және типтік оқу бағдарламаларында анықталатын міндетті компонент пәндерінен, сондай-ақ тізбесі мен мазмұны жұмыстық оқу жоспарларында, жұмыстық оқу бағдарламаларында (силлабус) айқындалатын таңдау компоненті, ал ӘАОО-да оқу орны бекіткен арнайы пәндерінен тұрады.

43. Оқыту барлық оқу нысандарына бірдей оқу бағдарламалары негізінде жүзеге асырылады.



Даму мүмкіндіктері шектеулі азаматтар, оның ішінде мүгедектерге жеке қажеттілігін ескере отырып білім алуына арнайы жағдайлар жасалады.

44. ЖОО-да оқу процесі техникалық және кәсіптік (орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар тұлғалар үшін жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған оқу бағдарламалары бойынша ұйымдастырылуы мүмкін.

Бұл жағдайда көлемдерінің жеткіліктігі және білім беру бағдарламасының сабақтастығы шартымен кредиттерді есептеу және бұрын игерген пәндерді есепке алу жүзеге асырылады. Оқу ауқымы мен мерзімі транскриптте көрсетілген (дипломға қосымшалар) пәндердің пререквизиттерін ескере отырып айқындалады.

Техникалық және кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар тұлғалар үшін қысқартылған бағдарламалары бойынша күндізгі нысан бойынша оқу мерзімі кемінде 3 жылды, жоғары білімі бар тұлғалар үшін кемінде 2 жылды құрайды.

Жоғары білім беру базасындағы білім беру бағдарламалары тек кәсіптік практиканы көздейді және базалық және бейінделген пәндер циклын, қосымша оқыту түрлерін, аралық және қорытынды аттестаттауды қамтиды.

45. Білім алушылардың кәсіптік практикасы, ғылыми-зерттеу және эксперименталдық-зерттеу жұмысы және қорытынды аттестаттауды мемлекеттік жоғары, жоғары білімнен кейінгі білімнің жалпыға міндетті стандарттарының талаптарына сәйкес академиялық күнтізбеге сәйкес жүргізіледі.

Кәсіптік практика оқыту процесінде алынған теориялық білімдерді бекітуге, практикалық дағдылар мен құзыреттерді меңгеруге бағытталған

46. Кәсіптік практиканың мынадай түрлері бар: оқу, тілдік, педагогикалық, өндірістік, дипломалды, зерттеу.

Кәсіптік практиканың барлық түрлері бойынша бағдарламаларды әзірлеу және бекітуді ЖОО кәсіптік практиканы ұйымдастыру және өткізу қағидаларына және білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен практика базасы ретінде ұйымды анықтау қағидаларына сәйкес өздігімен айқындайды.

ӘАОО-да кәсіптік практика мен стажировкаларға арналған бағдарламаларды әзірлеу және бекітуді әскери, арнайы оқу орындары үшін сәйкес мемлекеттік уәкілетті орган бекіткен кәсіптік практика мен стажировкалар ұйымдастыру және өткізу қағидалары негізінде жүзеге асырылады.

47. ЖОО білім алушылардың ағымдағы және межелік үлгерімін бақылау және аралық аттестаттаудан өткізу нысандарын, тәртібі мен мерзімділігін өздігімен таңдайды.

ӘАОО-да ағымдағы және межелік үлгерімін бақылау және аралық аттестаттаудан өткізу нысандарын, тәртібі мен мерзімділігін әскери, арнайы оқу орындары үшін сәйкес мемлекеттік уәкілетті орган бекіткен ағымдағы, межелік үлгерімін бақылау және аралық аттестаттаудан өткізу қағидалары негізінде жүзеге асырылады.

48. Білім алушыларды оқу пәндеріне тіркеу, меңгерілген кредиттерді есепке алу, аралық аттестаттауды өткізу және білім алушылардың оқу жетістіктерінің бүкіл тарихын жүргізу үшін ЖОО-да тіркеу қызметі (офис тіркеуші) құрылады.

Тіркеу қызметінің жұмыс ережелері мен құрылымын ЖОО дербес анықтайды.

49. Офис тіркеуші мынадай функцияларды атқарады:

1) білім алушыларды оқу пәндеріне тіркеуді жүргізеді;

2) академиялық топтар мен лектер құрады;

3) білім алушылардың жеке оқу жоспарларын белгіленген тәртіппен тіркейді;

4) білім алушыларды аралық және қорытынды аттестатталуын ұйымдастырады және өткізеді;

5) білім алушылардың академиялық рейтингін есептеуді жүзеге асырады;

6) оқытудың барлық кезеңі ішінде және бүкіл оқыту кезеңінде білім алушылардың игерген кредиттерін есепке алуды жүргізеді;

7) білім алушылардың транскриптін жазып береді.»

50. Білім мен ғылымды кіріктіруді қамтамасыз ету мақсатында ЖОО-да мамандандырылған зертханалар және (немесе) ғылыми, ғылыми-зертеу, ғылыми-өндірістік бөлімшелер, конструкторлық бюро, дайындық бөлімдері, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдардың нысандары, жатақханалар, клиникалық базалар, оқу-тәжірибелік шаруашылықтар, практиканың оқу базалары, оқу театрлары, оқу концерттік залдары, көркем-шығармашылық шеберханалар, дене шынықтыру-спорттық клубтар және басқа да құрылымдық бөлімшелер болуы мүмкін.

Оқу сабақтарын өткізу, кәсіптік практиканың әр түрлерін, тағылымдамалар ұйымдастыру және өткізу, курстық жұмыстар (жобалар), дипломдық жұмыстар (жобалар), магистрлік және докторлық диссертацияларды дайындау мақсатында ЖОО оның бейініне сәйкес келетін кәсіпорындар мен ұйымдарда оқу бөлімшелерін (филиалдар) ұйымдастыра алады.

Кәсіпорындар мен ұйымдардағы оқу бөлімшелері ЖОО ректорының және кәсіпорын басшының бірлескен бұйрықтарымен құрылады және таратылады.





4




69) ЖОО-ның тәрбие қызметі оқу процесінің құрамдас бөлігі болып табылады және тұлғаның кәсіби, әлеуметтік, зияткерлік, адамгершілік, шығармашылық қасиеттері мен салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған.

70) Оқу және тәрбие қызметі білім алушылар мен профессорлық-оқытушылық құрамының адамдық қадір-қасиетін өзара құрметтеу негізінде жүзеге асырылады.

71) ЖОО-ның тәрбие қызметі тәрбие жұмысы бойынша кешенді жоспар негізінде жүзеге асырылады.

ЖОО-ның тәрбие жұмысы:

1) білім алушылардың бойында өз бетінше және білікті түрде шешімдер қабылдау мен біліктілікті жүзеге асыру икемділіктерін қалыптастыру;

2) білім алушылардың бойында патриотизм, азаматтылық, интернационализм, жоғары мораль мен адамгершілікті қалыптастыру;

3) білім алушыларды салауатты өмір салтына, қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысуға ынталандыру;

4) кафедра бейіні бойынша білім алушылардың ой-өрісін кеңейтуге, таңдаған мамандығына құндылық қатынасты қалыптастыруға ықпал ететін тақырыптық іс-шаралар өткізу;

5) жалпы білім беретін орта мектептерде, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушылардың арасында кәсіптік бағдарлау жұмысын жүргізу кіреді.

«Білімді бақылау мен бағалау»

72. Білім алушылардың білімін бағалау үшін ЖОО-да білім алушылардың білімін бақылау мен бағалау жүйесі жұмыс істеуі тиіс.

Бақылау мен бағалау жүйесі ЖОО-да ұйымдық-құқықтық нысандарына, оқыту және бағыныстылық нысандарына қарамастан жұмыс істеуі тиіс.

73. ЖОО-да білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау жүйесі түрлі нысандарды қамтиды: үлгерімді ағымдағы бақылау, білім алушыларды аралық аттестаттау және қорытынды мемлекеттік аттестаттау.

74. Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау пәннің оқу бағдарламасына сәйкес ағымдағы сабақтарда оқытушы жүргізетін білім алушылардың оқу жетістіктерін жүйелі тексеруді қамтамасыз етеді.

75. Пәннің оқу бағдарламасы білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылаудың алуан түрлерін айқындайды: ауызша сұрау, жазбаша бақылау, құрамдастырылған бақылау, үй тапсырмаларын таныстыру, пікірталастар, тренингтер, дөңгелек үстелдер, кейс-стадилер, тестер және т.б.

76. Курстық, есептеу-графикалық және оқу жоспарында көзделген басқа да жұмыс түрлері емтихан сессиясы басталғанға дейін қорғалып, осы пәннен емтиханға жіберу қызметін атқаруы тиіс. Осы жұмыс түрлері бойынша бағалаулар пәннен емтиханға жіберу рейтингісін есептеу кезінде (яғни рейтингілік бақылау жүргізу кезінде) ескерілуі тиіс.



Егер оқу жоспарына сәйкес пән бойынша бақылау нысаны курстық жұмыс (жоба) болып қана айқындалса, онда курстық жұмысты (жобаны) қорғау бағасы жалпы пән бойынша жалпы қорытынды баға болып табылады.

77. Білім алушылардың әр пәннен оқу жетістіктерінің деңгейі емтиханға жіберу рейтингісінің бағасынан, емтихан бағасынан құралатын қорытынды бағамен айқындалады, олардың сомасы қорытынды бақылау бағасын қалыптастырады. Емтиханға жіберу рейтингісінің бағасы үлгерімді ағымдағы бақылау бағасы мен межелік бақылау бағасынан құралады. Емтиханға жіберу рейтингісінің бағасы пәннен қорытынды білім бағасының 60 %-ын құрайды.

78. Үлгерімді ағымдағы бақылау нәтижелерін есепке алуды оқытушы студенттердің жеке сабақ түрлерін орындау мен тапсыру шамасына қарай силлабусқа сәйкес жүргізеді. Тапсырмаларды орындау студенттердің сабаққа қатысу және үлгерім журналында, сондай-ақ ақпараттық жүйедегі білім алушылардың білімін ағымдағы бақылаудың электрондық тізбесінде тіркеледі.

79. Кешкі және сырттай оқыту нысандарының студенттері емтиханға жіберу рейтингін барлық тиісті тапсырмаларды орындау шартымен белгіленген кесте бойынша емтихан сессиясы басталғанға дейін жинайды.

80. Экстернат нысанында білім алушылар ЖОО құрылымдық бөлімшесінің басшысы бекіткен жеке кесте бойынша емтиханға жіберу рейтингін жинайды.

81. Қорытынды бақылау аралық аттестаттау кезеңінде жүргізіледі. Қорытынды бақылауды бағалау пән бойынша білімді қорытынды бағалаудың 40 %-ын құрайды.



Қорытынды бағалау білім алушы жіберу рейтингісімен қорытынды бақылаудан оң баға алған жағдайда ғана есептеледі.

82 Білім алушы жіберу рейтингісінің қорытынды бақылау бағаларына апелляция жасауға құқығы беріледі. Осы мақсатта университет ректорының бұйрығымен біліктілігі апелляцияланушы пән бейініне сәйкес келетін оқытушылар құрамынан апелляциялық комиссия құрылады.

83. Кәсіптік практика қорытындылары бойынша студенттер тиісті кафедраға есеп тапсырады, оны жетекші мен кеңесші тексереді және кафедра меңгерушісі өкімімен құрылған комиссия алдында қорғайды. Есепті қорғау нәтижелері бағалаудың белгіленген балдық-рейтингілік әріптік жүйесі сараланған сынақпен бағаланады.

Практика бойынша бір жетекшіні тағайындау кезінде (әдетте оқу, оқу-таныстыру, далалық және т.б.) баға көрсетілген білімге сәйкес ұсынылған есепті қорғау қорытындылары бойынша қойылады.

Практика бойынша екі жетекшіні тағайындау кезінде (әдетте оқу, оқу-таныстыру, далалық және т.б.) практика базасынан жетекшісінің үлес салмағы қорытынды бағалауда 40 %-ды құрайтын бағасы мен ЖОО барған жетекшінің қорытынды бағалауда 60 %-ды құрайтын бағасы ескеріле отырып қорытынды баға қойылады.

84. Практикадан өтпеген, практика бағдарламаларын орындамаған, жұмысы туралы теріс пікір алған немесе есепті қорғау кезінде қанағаттанарлықсыз баға алған студенттер теориялық оқытумен қатар келесі академиялық мерзімде немесе жазғы семестр кезеңінде практикаға қайта жіберіледі.

85. Оқу жоспары мен бағдарламалардың барлық талаптарын толық орындаған білім алушылар қорытынды мемлекеттік аттестаттауға жіберіледі.

Білім алушыларды қорытынды аттестаттау - олардың тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім.

Қорытынды аттестаттау тиісті мамандықты игеру процесінде білім алушылардың алған білімдерін, шеберліктерін, дағдылары мен біліктілігін тексеруге бағытталған.

Қорытынды аттестаттау білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына көзделген нысанда жүргізіледі жалпы мамандық бойынша тұтастай немесе жекелеген базалық және/немесе бейіндік пәндер бойынша жалпы мемлекеттік емтихан тапсыру және дипломдық жоба (жұмыс) қорғау.

86. Білім алушыларды қорытынды аттестаттауда баға мемлекеттік аттестаттау комиссиясының барлық мүшелерінің пікірін және балдық-рейтингілік әріптік жүйе бойынша игерілген білімді ескере отырып қойылады.

87. Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау бағасы ғылыми жетекші пікірін, рецензент пікірін және қорғау нәтижелерін ескере отырып, қойылады.



Қорытынды аттестаттаудың әрбір нысаны бойынша балдық-рейтингілік әріптік жүйе бойынша жеке баға қойылады.

88. Қорытынды аттестаттау нәтижелері бойынша білім алушыға тиісті академиялық бакалавр дәрежесі тағайындалады және жоғары білім туралы диплом беріледі.

89. Студенттің бір жылғы академиялық үлгерім деңгейі кредиттер мен пән бойынша қорытынды баға туындылары сомасының оқытудың ағымдағы кезеңі ішіндегі кредиттер сомасына қатынасы ретінде есептелетін орташа балл (GPA) түрінде айқындалады.

90. Жазғы емтихан сессиясын өткізгеннен кейін факультет деканаттары кейіннен мәліметтерді офис тіркеушіге жібере отырып топтар, сондай-ақ мамандықтар мен оқыту курстары бойынша орташа академиялық рейтинг (немесе GPA деңгейі) бойынша студенттер мен оқу топтарын ранжирлеуді жүргізеді.

91. Офис тіркеушісі факультеттер ұсынған академиялық рейтинг туралы деректерді, оқу жетістіктерін сырттай бағалау нәтижелерін қорытындылай отырып, факультеттерді ранжирлеуді жүргізеді, ЖОО бойынша үздік студенттер мен үздік академиялық топтарды айқындайды және осы ақпаратты ЖОО-ның веб-сайтына орналастырады.


4. ЖОО-дағы тәрбие жұмысы

51. ЖОО-ның тәрбие қызметі оқу процесінің құрамдас бөлігі болып табылады және патриотизм, азаматтылық, интернационализм, жоғары мораль және адамгершілік, конфессияаралық толеранттылықтың құқықтық мәдениетін, сондай-ақ білім алушылардың әржақты қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытуға бағытталған.

52. Тәрбие қызметі білім алушылар мен профессорлық-оқытушылық құрамының адамдық қадір-қасиетін өзара құрметтеу негізінде жүзеге асырылады.

Жоғары оқу орындарында тәрбиелік іс-шаралар жалпыұлттық патриоттық «Мәңгілік Ел» идеясы, қазақстандық бірегейлік пен бірлік, рухани-адамгершілік құндылықтар аясы мен салауатты өмір салтын құру негізінде жүзеге асырылады.

53. ЖОО-ның тәрбие қызметі тәрбие жұмысы бойынша кешенді жоспар негізінде жүзеге асырылады.

ЖОО-ның тәрбие жұмысы:

1) білім алушылардың бойында өз бетінше және білікті түрде шешімдер қабылдау мен оны жүзеге асыру икемділіктерін қалыптастыру;

2) білім алушылардың бойында патриотизм, азаматтылық, интернационализм, жоғары мораль мен адамгершілікті қалыптастыру;

3) білім алушыларды салауатты өмір салтына, қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысуға ынталандыру;

4) кафедра бейіні бойынша білім алушылардың ой-өрісін кеңейтуге, таңдаған мамандығына құндылық қатынасты қалыптастыруға ықпал ететін тақырыптық іс-шаралар өткізу;

5) жастарды құқықтық ағартуға және құқықтық нигилизмнен сақтандыруға бағытталған шараларды өткізу.

6) ӘАОО-да тәрбие жұмысы қосымша әскери, арнайы оқу орындары үшін сәйкес мемлекеттік уәкілетті орган бекіткен қағидалар негізінде жүзеге асырылады.

54. ЖОО-ның тәрбие процесі білім алушылардың бойында сыбайлас жемқорлық көріністеріне «нолдік төзімділік», сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық көзқарасын қалыптастыруға бағытталған шараларды қамтуы тиіс.


Қазақстан Республикасының 13 қараша 2015 жылғы № 398-V «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына сәйкес

5




ЖОО-ның ғылыми-зерттеу және халықаралық қызметі

92) Ғылыми-зерттеу қызметі білім мен ғылымның ықпалдасуын қамтамасыз етуге, осы негізде ғылыми-білім беру процесін,бәсекеге қабілетті ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметті ұлттық инновациялық жүйенің нәтижелілігі мен тиімділігінің маңызды элементі ретінде дамытуға бағытталған.

Іргелі, ізденгіштік, қолданбалы ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар мен инновациялық қызметтер (бұдан әрі - ғылыми-зерттеу жұмыстары (ҒЗЖ)) ЖОО-ның құрылымдық бөлімшелерінде жүзеге асырылады.

Профессорлық-оқытушылық құрам жеке жұмыс жоспарына сәйкес негізгі жұмыс уақытында өз қызметінің міндетті құрамдас бөлігі ретінде ғылыми-зерттеу жұмысын орындай

 93) ЖОО-ның ғылыми-зерттеу жұмысы:

1) іргелі, ізденгіштік, қолданбалы ғылыми-зерттеушілік, тәжірибелік-құрастырушылық жұмыстарды және инновациялық қызмет жүргізуді;

2) ғылыми-педагогикалық қызметкерлер мен білім алушылардың ғылыми зерттеулері мен шығармашылық қызметі арқылы жаңа білімдерді алуды;

3) жоғары білімді дамытудың теориялық және әдіснамалық негіздерін зерттеуді және әзірлеуді;

4) ЖОО оқу процесіне оқытудың инновациялық технологияларын әзірлеу мен енгізуді;

5) ғылыми зерттеулер нәтижелерін оқу процесіне және өндіріске енгізуді;

6) өз ғылыми мектептерін қалыптастыруды және дамытуды, ғылыми-педагогикалық қызметкерлер мен білім алушыларды ғылыми-зерттеу жұмысына белсенді тартуды;

7) әзірлемелерді коммерциялау және ғылымды көп қажет ететін және бәсекеге қабілетті техника мен технологиялар трансферті;

8) зерттеушілер мен әзірлеушілердің зияткерлік меншігі мен авторлық құқықтарын қорғауды;

9) тартылған қаражат пен инновациялық қызметті пайдалану есебінен зерттеулер мен әзірлемелердің қаржылық негізін кеңейтуді;

10) білім алушылардың ҒЗЖ-сын ұйымдастыруды және жетекшілік етуді қамтиды.

94) ЖОО-ның ғылыми қызметі мамандар даярлау процесінің қажетті құрамдас бөлігі болып табылады. Оқу және ғылыми процестер бірлігі:

студенттерді республикалық бюджет, басқа бюджеттер, бюджеттен тыс қаржыландыру көздері есебінен орындалатын ғылыми-зерттеу және жобалық-құрастырушылық жұмыстарға қатысуға тарту;

ғылыми және ғылыми-өндірістік бөлімшелер базасында белсенді оқу жұмысының, дипломдық және курстық жобалаудың, оқу және өндірістік практиканың, студенттерді мақсатты даярлаудың және мамандар даярлаудың басқа да әралуан нысандарын жүргізу;

оқу және ғылыми процестерді компьютерлендіру, біртұтас ақпараттық ортаны қалыптастыру және студенттердің информатиканың заманауи әдістері мен құралдарын игеруі есебінен қамтамасыз етіледі.

95) Ғылыми-зерттеу қызметін үйлестіруді ғылыми жұмыс жөніндегі проректор (басшының орынбасары) жүзеге асырады.

Аталған бөлімшелер ҒЗЖ перспективалық және ағымдағы жоспарларын, есептілік нысандарын әзірлейді, ЖОО ҒЗЖ тізілімін жүргізеді, ғылыми-зерттеу қызмет нәтижелерін қорытындылайды, оларды жинақтайды.

96) ҒЗЖ орындау нәтижелері бойынша күнтізбелік жоспарда көзделген аралық және қорытынды есептер жасалады. Есепте мазмұндалған деректердің дұрыстығына ҒЗЖ жетекшілері мен орындаушылар жауапты болады.

97) ЖОО-ның халықаралық қызметі жетекші шетелдік университеттермен ынтымақтастық жасау бағдарламасының, халықаралық білім беру бағдарламалары мен жобаларын іске асыру, бірлескен ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыру, ғылыми-практикалық семинарлар мен конференциялар ұйымдастыру, оқытушылық кадрлармен алмасу және студенттік ұтқырлықты дамыту шеңберінде жүзеге асырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет