Қағидаларын, оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік



бет3/6
Дата21.07.2017
өлшемі1,04 Mb.
#21496
1   2   3   4   5   6


Қазақстан Республикасының 13 қараша 2015 жылғы № 398-V «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына сәйкес


2




2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің тәртібі

5) ЖОО-ны басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы Қағидаларға және ЖОО жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.

6) ЖОО-ны тікелей басқаруды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын (сайланатын) және қызметтен босатылатын ректор (басшы) жүзеге асырады.

7) ЖОО ректорының (басшысының) саны мен функционалдық бағыты Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленетін орынбасарлары - проректорлары болады.

8) ЖОО ректоры (басшысы) ЖОО атынан сенімхатсыз әрекет етеді, барлық органдарда оның мүдделерін білдіреді, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ЖОО мүлкін басқарады, шарттар жасайды, сенімхаттар береді, банк шоттарын ашады және өзге де мәмілелер жасайды, барлық қызметкерлерге, оқытушылар мен білім алушыларға міндетті бұйрықтар мен өкімдер шығарады.

9) Ректор (басшы) өзіне берілген құқықтар шегінде қаржы, экономикалық, өндірістік-шаруашылық қызмет мәселелерін шешеді

10) Мемлекеттік ЖОО ректоры Қазақстан Республикасының заңнамасында және ЖОО жарғысында белгіленген тәртіппен үш жылда бір рет аттестаттаудан өтеді.

Мемлекеттік емес ЖОО ректоры оның өкілеттіктер шеңберін, тағайындалу (сайлау) және лауазымнан босату тәртібін айқындайтын құрылтайшылардың жалпы жиналысына есеп береді.

11) Ректордың кандидатурасы білім саласындағы уәкілетті орган бекіткен педагогика қызметкерлері және оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына (бұдан әрі - лауазымдардың біліктілік сипаттамалары) сәйкес келуі тиіс. Құқық қорғау органдарының, арнайы мемлекеттік органдардың және қорғаныс саласындағы мемлекеттік органның ЖОО-ларында оқу орнының бастығы лауазымдары тиісті мемлекеттік орган бекітетін лауазымдар санаттарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс.

12) Ректор (басшы) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен:

1) білім беру ұйымы білім алушыларының, тәрбиеленушілерінің, қызметкерлерінің құқықтары мен бостандықтарын бұзғаны;

2) өзінің құзыретіне жатқызылған функцияларды орындамағаны;

3) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының (бұдан әрі - МЖМБС) талаптарын бұзғаны;

4) білім беру ұйымы білім алушыларының және тәрбиеленушілерінің, қызметкерлерінің оқу-тәрбие процесі кезіндегі өмірі мен денсаулығы;

5) қаржы-шаруашылық қызметтің жай-күйі, оның ішінде материалдық және ақша қаражаттарын нысаналы пайдаланбағаны;

6) нормативтік құқықтық актілерде және еңбек шартының талаптарында көзделген талаптарды өзге де бұзғаны үшін жауапты болады.

13) ЖОО-ларда алқалық басқару органдары құрылады. ЖОО-ның алқалық басқару нысандары ғылыми, байқау немесе қамқоршылық кеңес бола алады, олардың қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен регламенттеледі.

14) ЖОО құрылымын өзі дербес айқындайды және бекітеді. Құқық қорғау органдарының, арнайы мемлекеттік органдардың және қорғаныс саласындағы мемлекеттік органның ЖОО-ларында құрылымды тиісті мемлекеттік орган айқындайды.

Бұл ретте құрылымдық бөлімшелер ЖОО қызметінің барлық түрлерін қамтиды.

15) ЖОО өзінің құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерін дербес әзірлейді және бекітеді, онда олардың қызметінің негізгі бағыттары, ЖОО-ны басқарудың ұйымдық құрылымында құрылымдық бөлімшеге оның мәртебесін әкімшілік-құқықтық бекіту бойынша талаптар айқындалады

16) Білім саласындағы уәкілетті орган бекіткен педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының біліктілік сипаттамаларына сәйкес ЖОО қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын дербес әзірлейді және бекітеді, онда олардың лауазымға тағайындалу және лауазымнан босатылу тәртібі, құқықтары, міндеттері, өкілеттіктері мен жауапкершіліктері айқындалады.

17) Штаттық кестені ЖОО дербес айқындайды және оны ректор жыл сайын бекітеді. Құқық қорғау органдарының, арнайы мемлекеттік органдардың және қорғаныс саласындағы мемлекеттік органның ЖОО-да штаттық кестені тиісті мемлекеттік орган айқындайды.

18) ЖОО-ның құрылымдық бөлімшелері өз қызметін осы Қағидалар, ЖОО жарғысы негізінде жүзеге асырады, ал олардың санын аталған ЖОО мамандықтарының, білім беру бағдарламаларының тізбесіне, сондай-ақ білім алушылар мен оқытушылардың санына қарай кеңес белгілейді.

19) Факультет бір немесе бірнеше мәндес мамандықтар бойынша оқытуды жүзеге асыратын ЖОО-ның негізгі оқу, ғылыми және әкімшілік құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

20) Факультет күндізгі, кешкі, сыртқы және экстернат нысанында мамандар даярлауды жүзеге асырады.

21) Факультет жұмысын басқаруды ғылыми дәрежесі мен атағы (әскериден басқа) бар факультет деканы (басшысы) жүзеге асырады. Деканның кандидатурасы педагог қызметкерлер лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларының талаптарына сәйкес келуі тиіс. Факультет басшысының лауазымдық міндеттері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалады.

22) Факультет деканы (басшысы) ЖОО-ның қабылдау және аттестаттау комиссиясының мүшесі болып табылады.

23) ЖОО-лар факультет туралы өз ережелерін әзірлейді және бекітеді. Факультет деканы (басшысы) жанынан және оның төрағалық етуімен өз жұмысын ЖОО кеңесі бекіткен қағидаларға сәйкес ұйымдастыратын факультет кеңесі ұйымдастырылуы мүмкін.

24) Кафедра бір немесе бірнеше мәндес пәндер бойынша оқу-әдістемелік және ғылыми жұмысты, білім алушылар арасында тәрбие жұмысын жүзеге асыратын ЖОО-ның (факультеттің) негізгі оқу-ғылыми құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

25) Кафедра штаты, профессорлық-оқытушылық құрамның жұмыс көлеміне және орташа жылдық педагогикалық жүктемеге қарай айқындалады (әскери және құқық қорғау органдарының оқу орындарында оқу процесінің ерекшелігін ескере отырып).

26) Кафедра штатына кафедраның меңгерушісі (басшысы), профессорлар, доценттер, аға оқытушылар, оқытушылар, ассистенттер, оқытушы-стажерлер, оқу-көмекші персонал, сондай-ақ кафедра жанынан құрылған ғылыми және басқа да құрылымдық бөлімшелер кіреді. Әскери (азаматтық емес) оқу орындарының кафедралары үшін ерекшеліктеріне қарай басқа да лауазымдар көзделеді.

27) Кафедраны ғылыми дәрежесі және/немесе ғылыми атағы бар меңгеруші (басшы) басқарады (әскерилерден басқа). Кафедра меңгерушісінің (басшысының) лауазымдық міндеттері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалады.

Тиісті мамандықтар бойынша ЖОО-ның білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес кафедра бейіні бойынша (құқық қорғау органдарынан, арнаулы мемлекеттік органдардан және қорғаныс саласындағы мемлекеттік органнан басқа) кемінде 10 штаттық оқытушы болғанда кафедра ұйымдастырылады.

Штаттық оқытушылар санына шаққанда ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы бар оқытушылардың үлесі ұлттық зерттеу университеттері, зерттеу университетері үшін кемінде 70 %-ды; ұлттық ЖОО үшін (өнер және мәдениет білім беру ұйымдарынан басқа) - кемінде 55 %-ды, университеттер мен академиялар үшін кемінде 50 %-ды құрауы тиіс.

Өнер, музыка және мәдениет, туризм мамандықтары бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын кафедралар, сондай-ақ медицина, дене тәрбиесі, сурет және сызу, графика, шетел тілдері, қазақ тілі, орыс тілі (тілді оқытпайтын ЖОО үшін) кафедралары штаттық оқытушылар аз болған жағдайда ұйымдастырылуы мүмкін.

29) Бекітілген оқу пәндерінің циклы бойынша кафедралар жалпы білім беретін және арнайы болып сыныпталады.

30) ЖОО-да Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен басқа да мүдделі тараптардың арнайы кафедралары ұйымдастырылуы мүмкін.

31) Кафедра жұмысы жоғары білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес мамандарды теориялық және практикалық дайындауға бағытталуы тиіс.

32) Кафедра жылдық жұмыс жоспарына сәйкес оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәрбие жұмысын жүзеге асырады.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының


қызметіне қойылатын негізгі талаптар

33) Оқу процесін тиімді ұйымдастыру, материалдық активтер мен ресурстарды ұтымды пайдалану, университеттер мен академияларда білім беру қызметіне тартылған күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылардың ең аз контингенті кемінде 2100 және 700 адам сәйкес болуы қажет. Ерекшелікті күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылардың саны мемлекеттік тапсырыспен айқындалатын құқық қорғау органдарының, арнайы мемлекеттік органдардың және қорғаныс саласындағы мемлекеттік органның ЖОО құрайды.

34) Білім алушылардың келтірілген контингенті олардың күндізгі, кешкі және сырттай оқу нысандары бойынша санына қарай айқындалады.

ЖОО-ның күндізгі және сыртқы оқу нысандарындағы студенттердің арақатынасы кемінде 4:1 болуы тиіс.

Құқық қорғау органдарынан, арнаулы мемлекеттік органдардан және қорғаныс саласындағы мемлекеттік органнан орындары үшін білім алушылардың контингентінің сандық құрамының қатынасы тиісті органның бірінші басшысымен анықталады.

35) Білім алушылардың контингенті Қазақстан республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген талаптарға сәйкес бір білім алушыға шаққандағы оқу алаңының санитарлық нормаларына сай келуі тиіс.

36) Академиялық топтың толымдылығын білім беру ұйымдары дербес айқындайды.

Құқық қорғау органдары, арнайы мемлекеттік органдары және қорғаныс саласындағы мемлекеттік органның ЖОО-ның академиялық тобының толықтығы жыл сайынғы мемлекеттік білім беру тапсырысына және қызмет ету ерекшеліктеріне қарай айқындалады.

37) Даму мүмкіндіктері шектеулі азаматтар, оның ішінде мүгедектерге жеке қажеттілігін ескере отырып білім алуына арнайы жағдайлар жасалады.


2. ЖОО-ны басқару

5. ЖОО-ны басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы Қағидаларға және корпоративтік менеджмент принциптерінде білім беру ұйымының жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.

6. Корпоративтік менеджмент принциптерін іске асыру үшін ЖОО-да, әскери, арнайы оқу орындарынан (ары қарай- ӘАОО) басқаларында, корпоративтік (байқау және қамқоршылық кеңестер, құрылтайшылардың жалпы жиналысы), сондай-ақ қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен және/немесе білім беру ұйымының ішкі ережелерімен реттелінетін алқалық басқару органдары (ғылыми, ғылыми және әдістемелік кеңестер) құрылады.

7. ЖОО қызметін тиімді басқарудың негізгі құралы стратегиялық жоспарлау боп табылады.

ЖОО даму стратегиясы бесжылдық кезеңге жасалынып, жыл сайын түзетулер енгізіледі

8. ЖОО даму стратегиясы келесідей негізгі бөлімдерден тұрады: кадрлық саясат немесе персоналды басқару, академиялық саясат немесе білім беру қызметін басқару, ғылым және инновацияларды басқару, қаржылық саясат. ЖОО даму стратегиясына өздерінің басым бағыттарын және/немесе білім беру саласындағы уәкілетті органның стратегиясын қосады.

9. ЖОО даму стратегиясы жоо-ның Байқау немесе Қамқоршылық кеңесімен, немесе корпоративтік басқарудың басқа да органымен қаралынады және бекітіледі.

10.«Шаруашылық құқығындағы республикалық мемлекеттік мекеме» ұйымдастыру-құқықтық формасындағы жоо-ы қабылданған тәртіпке сәйкес даму Жоспарын жасайды

11. Зерттеу жоо даму Бағдарламасын бесжылдық кезеңге жасайды..

Зерттеу жоо-ның даму Бағдарламасы даму стратегиясы негізінде дайындалынады және мақсаттарды, мақсаттық индикаторларды, міндеттерді, көрсеткіштер мен мақсаттарға жетуді көздейтін нақты шараларды анықтайды.

Зерттеу жоо-ның даму бағдарламасы корпоративтік басқару органымен қаралынып, мақұлданғаннан кейін білім саласындағы уәкілетті органға беріледі.

Білім саласындағы өкілетті орган жоо-ның даму бағдарламасын қабылданған тәртіпке сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекіту үшін жібереді.

12. ЖОО-ның қызметін тікелей басқаруды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын (сайланатын) және қызметтен босатылатын ректор (басшы) жүзеге асырады.

13. ЖОО ректорының (басшысының) саны мен функционалдық бағыты Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленетін орынбасарлары – проректорлары (басшының орынбасарлары) болады.

14. ЖОО ректоры (басшысы) ЖОО атынан сенімхатсыз әрекет етеді, барлық органдарда оның мүдделерін білдіреді, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ЖОО мүлкін басқарады, шарттар жасайды, сенімхаттар береді, банк шоттарын ашады және өзге де мәмілелер жасайды, барлық қызметкерлерге, оқытушылар мен білім алушыларға міндетті бұйрықтар мен өкімдер шығарады.

15. Ректор (басшы) дара басшылық пен алқалық басқару қосылуы принциптерінде жоғары оқу орнын басқаруды жүзеге асырады, білім алушылардың даярлық сапасына, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын (МЖМББС), қаржылық тәртіпті сақтау, есепке алу және есептілікті жүзеге асыруға, шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе ЖОО-ның жеке мүлік иелігіндегі мүлік және басқа да материалдық құндылықтардың сақталуына, ұйымның қаржы-шаруашылық қызметінің жай-күйіне, ЖОО қызметкерлерінің еңбек құқықтарын және білім алушылардың құқықтарын сақтауға, Қазақстан Республикасы заңнамасын және еңбек шартының талаптарында көзделген талаптардың сақталуы мен атқарылуына дербес жауап береді.

16. Мемлекеттік ЖОО ректоры Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленген тәртіппен үш жылда бір рет аттестаттаудан өтеді.

Мемлекеттік емес ЖОО ректоры оның өкілеттіктер шеңберін, тағайындалу (сайлау) және лауазымнан босату тәртібін айқындайтын құрылтайшылардың жалпы жиналысына есеп береді.

Мемлекеттік жоо ректорлары жыл сайын академиялық қызметтердің нәтижелері бойынша Ғылыми кеңестің, стратегиялық даму және даму жоспары бойынша Байқау және Қамқоршылық кеңестер алдында есеп береді.

17. ЖОО адами ресурстарын басқару оның рекрутинг, кадрларды даярлау және біліктіліктерін арттырудан тұратын адами ресурстарды дамыту бағдарламасы негізіндегі кадрлық саясатына сәйкес жүзеге асырылады.

18. ЖОО-на жұмысқа қабылданушы үміткерлер білім саласындағы уәкілетті орган бекіткен педагогика қызметкерлері және оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына (бұдан әрі – лауазымдардың біліктілік сипаттамалары) сәйкес келуі тиіс.

ӘАОО жұмысқа қабылданушы үміткерлер, сәйкес құзыретті орган бекіткен азаматтық қызметшілер лауазымдарынан басқа, білім саласындағы уәкілетті орган бекіткен педагогика қызметкерлері және оларға теңестірілген әскери, арнайы оқу орындарының лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес келулері тиіс.

19. ЖОО құрылымын өзі дербес айқындайды және кеңес (байқау, қамқоршылық, ғылыми, және басқа түрлері) шешімімен бекітеді. Бұл жағдайда құрылымдық бөлімшелер ЖОО қызметінің барлық түрлерін қамтуы тиіс.

ӘАОО құрылымы сәйкес уәкілетті мемлекеттік органмен айқындалады.

20. ЖОО құрамына тізбесі мен атауларын ЖОО дербес айқындайтын, әр түрлі құрылымдық бөлімшелер кіруі мүмкін: институттар, кафедралар, департаменттер және басқалар.

21. ЖОО өзінің құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерін дербес әзірлейді және бекітеді, онда олардың қызметінің негізгі бағыттары, ЖОО-ны басқарудың ұйымдық құрылымында құрылымдық бөлімшеге оның мәртебесін әкімшілік-құқықтық бекіту бойынша талаптар айқындалады.

22. Білім саласындағы уәкілетті орган бекіткен педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының біліктілік сипаттамаларына сәйкес ЖОО басшылардың, мамандардың және басқа да қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын дербес әзірлейді және бекітеді, онда олардың лауазымға тағайындалу және лауазымнан босатылу тәртібі, құқықтары, міндеттері, өкілеттіктері мен жауапкершіліктері айқындалады.

23. Штаттық кестені ЖОО дербес айқындайды және оны жыл сайын ректор (басшы) бекітеді. Бұл ретте ЖОО білім беру бағдарламаларының рентабельділігінің көрсеткіштерін және мамандықтар бөлінісінде академиялық кредиттің өзіндік құнын бетке ұстайды.

ӘАОО штаттық кестені тиісті уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.



Қазақстан Республикасының 13 қараша 2015 жылғы № 398-V «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына сәйкес

3




ЖОО-ның оқу-тәрбие қызметі

38) ЖОО-ға білім алушыларды қабылдау Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес конкурстық негізде жүзеге асырылады.

39) ЖОО-да жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлар дайындау мазмұны мен оқыту мерзімдері бойынша әртүрлі білім бағдарламалары бойынша жүргізіледі.

Ұлттық зерттеу, зерттеу университеттерінде оқыту күндізгі нысанда ғана жүзеге асырылады.

40) ЖОО-ның оқу-әдістемелік жұмысы:

1) академиялық күнтізбе, жұмыстық оқу жоспарлары мен бағдарламалар әзірлеуді, элективтік пәндер каталогтарын, силлабустар, пәндер мен мамандықтардың оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеуді;

2) оқу пәндерін оқулықтармен, оқу құралдарымен, есептер жинағымен, кешенді тапсырмалармен, зертханалық, бақылау, курстық жұмыстар бойынша құралдармен, пәнді оқу бойынша әдістемелік ұсынымдармен, сондай-ақ ағымдағы, межелік және қорытынды білім бақылауы, барлық оқу нысандары бойынша білім алушыларды қорытынды аттестаттау материалдарымен оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді;

3) кәсіптік практикалардың барлық түрлерінің бағдарламалары, сондай-ақ дипломдық жұмыстарды (жобаларды) жазу бойынша әдістемелік құралдар әзірлеуді;

4) білім алушылардың оқу материалын меңгеруін арттыратын заманауи білім технологиялары мен оқыту әдістерін әзірлеуді;

5) ізденіске, талдауға және қызмет нәтижелерін қалыптастыруға қабілеттілігін дамытуға бағытталған студенттердің өзіндік жұмысын оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді;

6) оқытушылар мен мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеуді қамтиды.

41) Оқу-тәрбие қызметінің мазмұнын жоспарлауды, ұйымдастыру тәсілін, құрылымын кредиттік оқыту технологиясы негізінде ЖОО жүзеге асырады.

42) Құқық қорғау органдарына, арнаулы мемлекеттік органдарға және қорғаныс саласындағы мемлекеттік органның жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары білім саласындағы уәкілетті органмен келісу арқылы, дайындық деңгейлері мен міндеттеріне сәйкес, сондай-ақ мемлекеттік білім тапсырысына қарай оқыту технологияларын (дәстүрлі немесе кредиттік) және пәнаралық байланыстарды айқындайды.

43) Оқу-тәрбие қызметін ұйымдастыру академиялық күнтізбе, оқу сабақтарының кестесі негізінде жүзеге асырылады.

Оқу-тәрбие қызметінің құрылымы оқу жоспарларының (үлгілік, жеке, жұмысшы) және кәсіптік оқу бағдарламаларының, оқу жүктемесі көлемінің, академиялық кезеңдер ұзақтығының, академиялық сабақ түрлерінің, оқу материалы көлемінің негізінде қалыптасады.

44) Ұлттық зерттеу және зерттеу университеттері уәкілетті органның ұсынысы бойынша, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен даму бағдарламаларына сәйкес қызмет етеді.

Ұлттық зерттеу және зерттеу университеттерінің даму бағдарламаларын қарау және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу тәртібін білім саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

Ұлттық зерттеу университеттері және зерттеу университеттері Қазақстан Республикасының экономика салаларын дамытудың басым бағыттары бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулерге негізделген білім бағдарламаларын дербес әзірлейді.

45) Білім беру бағдарламалары кәсіптік стандарттар және білім алушылардың біліктілік (әскерилерден басқа) қалыптастыру қағидаттары негізінде әзірленеді.

46) Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар, «Әскери іс және қауіпсіздік» мамандығының топтары бойынша МЖМБС тиіс білім беру деңгейлерінің сәйкес МЖМБС және оларды әзірлеу құрылымы негізінде әзірленеді, оларды тиісті қызмет салаларының мемлекеттік органдары бекітеді және білім беру саласындағы уәкілетті органмен келіседі.

47) Академиялық күнтізбе, мамандықтардың жұмыс оқу жоспарлары мен профессорлық-оқытушылық құрамның орташа жылдық педагогикалық жүктемесі ЖОО кеңесінің шешімімен бекітіледі.

48) Оқытуды дараландыруға бағытталған кредиттік оқыту технологиясының негізгі қағидаттарын іске асыру мақсатында таңдау бойынша компонент пәндерінің аннотацияланған тізбесін қамтитын элективті пәндер каталогы жасалады.

49) ЖОО-да оқу жұмысының мынадай негізгі түрлері белгіленеді: дәрістер, практикалық (семинарлар), зертханалық, студиялық сабақтар, студенттің өзіндік жұмысы, курстық, есептік-графикалық жұмыстар, кәсіптік практикалардың барлық түрлері, қорытынды аттестаттауға дайындық және одан өту.

Дәрістер мен семинарлар, практикалық, студиялық және зертханалық сабақтар арасындағы кредит көлемінің арақатынасын ЖОО үлгілік оқу жоспарына сәйкес анықтайды.

50) әріс сабақтарын өткізуге, студенттердің дипломдық жұмыстарына (жобаларына), ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілікке профессор, доцент, аға оқытушы лауазымдарын атқаратын оқытушылар жіберіледі.

51) Дәрістер оқуға және/немесе басқа оқу сабақтарының түрлерін өткізуге ғылыми қызметкерлер, еңбегі сіңген мәдениет, өнер, спорт қайраткерлері немесе мамандық бейіні бойынша кемінде 3 жыл практикалық тәжірибесі бар тәжірибелі мамандар да тартылуы мүмкін.

52) Оқу жұмысының басқа түрлері атқарып отырған лауазымына қарамастан барлық оқытушылардың педагогикалық жүктемесіне кіруі мүмкін.

53) Оқу жұмысы аудиториялық (дәрістер, семинарлар, практикалық, студиялық және зертханалық сабақтар) және аудиториядан тыс деп бөлінеді, оған оқу жұмысының барлық қалған түрлері кіреді.

54) Білім алушылардың жоғары білім беру бағдарламаларын меңгеруі үшін барынша қолайлы жағдайлар жасай отырып, ЖОО оқыту нысандарын, әдістері мен құралдарын дербес анықтайды.

Бұл ретте оқу сабақтары инновациялық оқыту технологияларын ескере отырып, ғылым, техника, технологиялар, ақпараттық жүйелердің ең жаңа жетістіктерін пайдалана отырып және интерактивті нысанда өткізіледі.

55) ЖОО оқытушысы оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларының талаптарын сақтау шартымен, оқу сабақтарын ұйымдастыру мен өткізу тәсілдері мен нысандарын, оқыту әдістерін таңдау еркіндігіне ие.

56) Жоғары білім берудің білім бағдарламалары пәндердің үш циклын қамтиды: жалпы білім беретін пәндер циклы, базалық пәндер циклы және бейінделген пәндер циклы, сондай-ақ қосымша оқыту түрлері (мамандық бойынша кәсіптік практика, дене шынықтыру және т.б.) және қорытынды аттестаттау.

57) Пәндердің әр циклы практика тізбесі мен мазмұны үлгілік оқу жоспарларында және типтік оқу бағдарламаларында анықталатын міндетті компонент пәндерінен, сондай-ақ тізбесі мен мазмұны жұмыстық оқу жоспарларында, жұмыстық оқу бағдарламаларында және силлабустарда айқындалатын таңдау компоненті пәндерінен тұрады.

Әрбір пән, әдетте, бір академиялық кезең ішінде оқытылады.

58) Оқыту барлық оқу нысандарына бірдей оқу бағдарламалары негізінде жүзеге асырылады.

59) ЖОО-да оқу процесі техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар адамдар үшін жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған оқу бағдарламалары бойынша ұйымдастырылуы мүмкін.

Бұл жағдайда көлемдерінің жеткіліктігі және білім беру бағдарламасының сабақтастығы шартымен кредиттерді есептеу және бұрын игерген пәндерді есепке алу жүзеге асырылады. Оқу ауқымы мен мерзімі транскрипт (дипломға қосымшалар) негізінде айқындалатын білім алушылардың пререквизиттері ескеріле отырып айқындалады.

Техникалық және кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар адамдар үшін қысқартылған бағдарламалары бойынша күндізгі нысан бойынша оқу мерзімі кемінде 3 жылды, жоғары білімі бар тұлғалар үшін кемінде 2 жылды құрайды.

60) ілім алушылардың кәсіптік практикасы мен қорытынды аттестаттауды мемлекеттік жоғары білімнің жалпыға міндетті стандарттарының талаптарына сәйкес академиялық күнтізбеге сәйкес жүргізіледі.

Кәсіптік практика оқыту процесінде алынған теориялық білімдерді бекітуге, практикалық дағдылар мен құзыреттерді меңгеруге бағытталған.

61) ЖОО әзірлеген кәсіптік практика бағдарламасы мен базасы мамандық бейініне (білім бағдарламасына) сәйкес келуі тиіс.

62) ЖОО (құқық қорғау органдарының, арнайы мемлекеттік органдардың және қорғаныс саласындағы мемлекеттік органның ЖОО-нан басқа) оқу жылы басталғанға дейін 1 айдан кешіктірмей кәсіптік практиканы ұйымдастыру бойынша үлгілік шарттың нысанына сәйкес практика базаларымен тиісті шарттар жасайды.

63) Кәсіптік практиканың барлық түрлеріне жолдама мерзімі, базасы мен басшысын көрсете отырып, ЖОО басшысының бұйрығымен рәсімделеді.

Диплом алды практикаға ғылыми жетекшілікті дипломдық жұмыстың (жобаның) ғылыми жетекшісі жүзеге асырады.

64) Кешкі және сыртқы нысанда білім алушылары мамандығы бойынша жұмыс істеген жағдайда, кәсіптік практикадан босатылады. Бұл жағдайда олар ЖОО-ға жұмыс орнынан анықтама және олардың кәсіби қызметін көрсететін мінездеме ұсынады.

65) ЖОО білім алушылардың ағымдағы және межелік үлгерімін бақылау және аралық аттестаттаудан өткізу нысандарын, тәртібі мен мерзімділігін дербес таңдайды.

66) Білім алушыларды оқу пәндеріне тіркеу, меңгерілген кредиттерді есепке алу, аралық аттестаттауды өткізу және білім алушылардың оқу жетістіктерінің бүкіл тарихын жүргізу үшін ЖОО-да офис тіркеуші құрылады.

67. Офис тіркеуші мынадай функцияларды атқарады:

1) білім алушыларды оқу пәндеріне тіркеуді жүргізеді;

2) академиялық топтар мен лектер құрады;

3) білім алушылардың жеке оқу жоспарларын белгіленген тәртіппен тіркейді;

4) білім алушыларды аралық және қорытынды аттестатталуын ұйымдастырады және өткізеді;

5) білім алушылардың академиялық рейтингін есептеуді жүзеге асырады;

6) оқытудың барлық кезеңі ішінде және бүкіл оқыту кезеңінде білім алушылардың игерген кредиттерін есепке алуды жүргізеді;

7) білім алушылардың транскриптін жазып береді;

8) академиялық ұтқырлықты ұйымдастырады.

68) Оқу процесі мен ғылыми-зерттеу қызметін қамтамасыз ету мақсатында ЖОО-да оқу және мамандандырылған зертханалар көзделген. Зертхана жабдығы заманауи және бакалаврларды, магистрлерді және PhD даярлаудың бағдарламаларына барабар болуы тиіс.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет