Медбикенің лауазымдық міндеттері туралы жалпы түсінік Мейірбике өзінің лауазымдық қызметтерін орындау барысында
мектепке дейінгі мекеме жарғысын;
еңбек шартын;
мекеме директорының бұйрықтары мен өкімдерін;
лауазымдық нұсқаулықты;
жұмыстың орындалатын тараулары бойынша ресми құжаттарды;
еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғану ережелері мен нормаларын басшылыққа алады.
мекеме медбикесі мынадай лауазымдық міндеттерді орындайды:
қызметкерлердің міндетті алдын ала (жұмысқа қабылданар кезде) және мерзімді (еңбек қызметі кезеңінде) медициналық тексеруден (қаралу) өтуіне жауап береді;
медициналық мекемеден алған мәліметтер негізінде мерзімді медициналық тексеруге жататын адамдардың тізімін жасайды;
саламатты өмір салтын, дұрыс тамақтануға балаларды баулу;
оқу кабинеттерінің, тұрғын және басқа да үй-жайлардың, сондай-ақ ас блогінің қауіпсіздік нормалары мен ережелеріне сәйкес санитариялық-гигиеналық жағдайына ағымдағы бақылау жасайды;
жарақаттанудың алдын алу және жұмыскерлердің, оқушылардың ауруларын азайту бойынша профилактикалық жұмыс жүргізеді;
медициналық қызмет көрсету мен сауықтыру жұмысын жақсарту бойынша мемлекеттік мекемелермен бірлесіп шаралар қабылдайды;
эпидемиялық көрсеткіштер бойынша профилактикалық егудің сақталуын қамтамасыз етеді;
дәрі-дәрмектің, медициналық құрал-жабдықтың уақтылы алынуы мен сақталуын қамтамасыз етеді;
медициналық кабинеттің реттілігін бақылайды, асептика мен антисептика ережелерінің сақталуын, құралдардың өз біліктілігі шегінде өңделуін қамтамасыз етеді;
қажетті есептік-есептемелік құжаттама жүргізеді;
техникалық персоналдың жұмысын қадағалайды; мектеп директоры бекіткен кесте бойынша жұмыс істейді.
құқықтары мен жауапкершілігі Медбике
мекеменің санитариялық жай-күйін тексеруге және оның дұрыс сақталуы бойынша техникалық персоналға қажетті нұсқаулықтар беруге;
мекеме басшысына анықталған санитариялық эпидемияға қарсы режимнің бұзылуы туралы мәлімдеуге және оны жақсартуға бағытталған ұсыныстар енгізуге;
мекеме басшысына өз еңбегін ұйымдастыру мен жағдайын жақсарту бойынша ұсыныс айтуға; педагогикалық кеңес отырыстарына кеңесші дауыс құқығымен қатысуға;
шағымдармен және оның жұмысының бағасы қамтылған басқа да құжаттармен танысуға, оларға түсіндірме беруге;
оның лауазымдық нұсқаулығына енгізілген өзгерістермен танысуға және оған үн қатуға құқылы.
Медбике:
тәртіптік – ҚР қолданыстағы еңбек заңнамасында белгіленген тәртіпте, лауазымдық нұсқаулықта көзделген өзінің лауазымдық міндеттемелерін тиісінше орындамағаны немесе орындамағаны үшін; жарғыны немесе мектепке дейінгі мекеменің басқа да жергілікті құқықтық актілерін бұзғаны үшін;
әкімшілік – ҚР қолданыстағы әкімшілік, қылмыстық және азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіпте, оның кінәсінен өртке қарсы қауіпсіздік ережесі, санитариялық-гигиеналық ережелер бұзылса;
материалдық – ҚР қолданыстағы еңбек заңнамасында белгіленген тәртіпте, мүліктің сақталуына алып келген негізсіз шешім қабылдаудың салдары, оны заңсыз қолданғаны немесе мектепке басқа да залал келтіргені үшін жауаптылықта болады.
Мейірбике жүргізетін есепке алу-тіркеу құжаттамаларының тізімі және үлгілері