|
НАО «Медицинский Университет Астана»
|
Кафедра реабилитологии и спортивной медицины
|
Реферат
Тақырыбы: «ЖОО-дағы дене шынықтыру сабақтарының құрылымы. Физикалық қасиеттерді дамыту үшін ЖДЖ кешендерін құру»
Орындаған: Байтокова Айтолкын
Топ: 322-ЖМ
Нұр-Сұлтан 2022
Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Кәсіби-қолданбалы дене шынықтыру
Жалпы дамыту жаттығулары элементтерімен қозғалмалы ойындар.
ІІІ. Қолданылған әдебиет
Кіріспе
Дене шынықтыру және спорт жөнiндегi әдiскер (бұдан әрi – әдiскер) – кәсіптік білімі бар, оқу-жаттығу процесін әдiстемелiк қамтамасыз етудi және оған басшылық жасауды, дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шараларды өткізуді жүзеге асыратын жеке адам. Дене шынықтыру және спорт жөніндегі нұсқаушы – кәсіптік білімі бар, оқу-жаттығу процесін практикалық қамтамасыз етуді, дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларын, оның ішінде бейімдік дене шынықтыруды және спортты жүргізуді жүзеге асыратын жеке тұлға. Дене шынықтыру және спорт жүйесi – халыққа дене тәрбиесiн беру және дене шынықтыру мен спортты дамыту мақсатындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың жиынтығы. Дене шынықтыру және спорт саласындағы маман – дене шынықтыру және спорт саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке адам;
Негізгі бөлім
Кәсіби-қолданбалы дене шынықтыру
Спорт ілімі мен дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесі қатар жургізіліп, сабақ құрылымы әртүрлі болғанымен қолданылатын жаттығу, ойын, жарыс түрлері бірдей болып келеді. Дене тәрбиесі пәнінде сабақ құрылымы 45 минуттан тұрса, спорт сабақтарында 90 минуттан тұрады. Құрылымы жағынан ұксас пәндер мектепке дейінгі дене тәрбиесі, мектеп дене тәрбиесі, орта және жоғарғы оқу орын дене тәрбиесі пәндерімен тығыз байланысты. Білім мен тәрбие беру мақсатында спорт медицина, спорт физиологиясы, спорт психологиясы, спорт педагогикасымен тығыз байланысты.
Дене дайындығы түрлері. Қоғамдағы адамзаттың тұлғасын шынықтыруда дене дайындығы 3-ке бөлінеді. Олар: 1.Жалпы дене дайындығы-негізгі бағыты денсаулықты күшейтіп мүмкіндігінше дағдылы қозғалыстарға ие болып, алдағы уақытта арнайы дайындыққа негіз болатын керекті қозғалыс сапаларын дамьпу. Қызметі дене жаттығулары, табиғаттың сыртқы күштері, гигиеналық факторларды пайдалана отырып, мектептегі және бұқаралық дене тәрбиесінің жұмысын үлкен табыстарға жеткізу.
2. Кәсіби-қолданбалы дене дайындығы-бұл адамды белгілі бір еңбек қызметі мен әскери қызметке дайындауға бағытталған дене тәрбиесінің әдістері мен құралдарының жиынтығы. Қызметі кәсіби-дене, әсксеи-қолданбалы, кәсіби еңбектің өнімділігін арттыру, экономикалық, білімдік-колданбалы дене жаттығуларымен айналысу жұмысын ұйымдастыру.
З. Спорттық дайындық - адамның өзі таңдап алған спорттың бір түрінен жоғарғы көрсеткіштеріне жетуіне бағытталады. Денедегі іш-құрылыс жұмысының қабілетін жоғарлату адамдардың спорттық дайыңдығын арттыру. Қьзметі мамандандырылған еңбекті арттыру жаттығу түрлерін игеру өте жоғарғы дәрежелі нәтижеге жету, спорттық дайындығын арттарып дағдыландыру.
Жалпы дамыту жаттығулары элементтерімен қозғалмалы ойындар.
Қозғалмалы ойындар қозғалыс орны айқын сезілетін ойындық іс-әрекеттердің көрінуіне қатысты. Қозғалмалы ойындар үшін өзіндік сюжетпен мотивацияланған белсенді шығармашылық қозғалыс әрекеттері сипатты. Бұл әрекеттер қойылған мақсатқа қол жеткізу жолында әртүрлі қиындықтарды жоюға бағытталған ережелермен бөлшекті шектелуі мүмкін. Қозғалмалы ойындардағы қозғалыс әрекеттері алуан түрлі. Олар болуы мүмкін, мысалы, еліктеуші, бейнелі – шығармашылық, ритмикалық , ептілік, шапшаңдық, күш және т.б. дене сапаларының көрінуін талап ететін қозғалыстық тапсырмалар түрінде орындалуы мүмкін. Ойындарда бағыттың аяқ асты өзгеруі және қозғалыс кідірісі бар қысқа жігірулер; қашықтыққа және нысанаға әртүрлі лақтырулар; кедергіні секіріспен, күш қолданумен жеңіл шығу; арнайы дене даярлықтары үрдісінде меңгерілген алуан түрлі қозғалыстардың қолданылу білігін талап ететін әрекеттер кездеседі. Осы барлық әрекеттер әртүрлі комбинациялар мен үйлесімдер орындалады. Ойынды өткізу үрдісінің өзі өте күрделі, бұл жұмыс шарттары, балалар сүйектерінің жас ерекшеліктеріне ғана емес, сонымен бірге баллардың ұжымдық ойындарға даярлық деңгейлеріне, олардың көңіл-күйлеріне, ойын жетекшісінің шеберлігіне тәуелді. Ойынды өткізу – әрқашанда болжануға жатпайтын педагогикалық үрдісі.
Қолданылған әдебиеттер
works.doklad
https://melimde.com/
ru.wikipedia.or
Достарыңызбен бөлісу: |