. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру Жоспары



Дата19.12.2023
өлшемі17,26 Kb.
#197657
Байланысты:
13 -дәріс


13-дәріс (3.1). Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру


Жоспары:
1. Студенттерді оқу-зерттеу әрекетіне баулу және оның мәні мен түрлері.
2. Студенттердің ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің мәні мен оны ұйымдастыру жолдары.
3. Студенттердің ортаға бейімделу проблемалары

Студенттердің ғылыми–зерттеу жұмыстары ЖОО-ның маман даярлаудың ажырамас бөлігі болып табылады және оқу, ғылыми үдерістер бірлігінде шешілетін университеттің негізгі мақсаттарының бірі саналады..


Ғылым мен техниканың қарқынды өсу деңгейінің әлемдік үдерістерге әсер ету, экономиканың ауқымдану шарттары Қазақстанда оның ғылыми әлеуетін күшейту жөнінде проблемалар туғызды. Қазіргі кезеңде мемлекеттің басты міндеттерінің бірі ғылымды қолдау және дамыту болып табылады.
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары теориялық және қолданбалы проблемаларды қалыптастыруға қызмет етеді. ЖОО-да оқу үдерісі оқу, тәрбие, өндірістік іс-тәжірибе және ғылыми-зерттеу жұмыстарының болып табылады. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары ЖОО әлемдік стандарттар талаптарына жауап бере алатын, ғылым мен білімді интеграциялауда көп жылдық отандық және шетелдік тәжірибелерге арқа сүйетін жаңа шарттарға сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жүйесін ұйымдастыру және дамытудың негізгі мақсаты жоғары кәсіби білім беруде маман даярлаудың ғылыми деңгейін көтеру және оқуын ары қарай жалғастыру үшін талантты жастарды іріктеу, ғылыми- техникалық прогрестің жаңа жетістіктеріне, экономикалық ойлау мен мәдени дамуға қол жеткізу негізінде жоғары оқу орнында педагогикалық және ғылыми кадрлармен толықтыру.
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары жүйесін ұйымдастырудың негізгі міндеттері:
студенттердің сабақтары мен ғылыми-зерттеу жұмыстарының интеграциясын қамтамасыз ету;
студенттерді шығармашылық, ғылыми және кәсіби еңбекке баулу мен даярлаудың органикалық бірлігін жүзеге асыру;
студент жастардың жеке шығармашылық қабілеттерін ашу және оны жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау;
студенттерді ғылыми жұмысқа тарту және нәтижелілігін арттыру;
ғылыми жұмыстарға деген қабілеті бар талантты жастарды іріктеу;
студентті ғылыми қызметкер ретінде қалыптастыру және дайындау;
болашақ мамандарда өндіріс орындары мен мекемелерде ғылыми негізделген кәсіптік жұмыстарды алып кете алу шеберлігін, тез бейімделе алу қабілетін, алған білімін қолдана алу;
жоспарлаудың методологиясы мен практикасын меңгеру, нарықтық қатынас жағдайларында маңызды шешім қабылдай білу;
біліктілігін көтеруге және қайта даярлануға дайындығы мен қабілетін қалыптастыру және дамыту;
конструкторлық- жобалау жұмыстарына икемі бар, өндірісте өзін-өзі басқару дағдысы қалыптасқан, нақты ғылыми-практикалық іс-шараларды сауатты жасай алатын және жүзеге асыратын жоғары білікті маман, жетекшілер даярлау;
қоғам мен мемлекеттің қазіргі қателіктеріне байланысты ғылымның басым бағыттарына студенттерді тартуда ғылыми-зерттеу жұмыстарының тиімділігін арттыру;
қаржыландыруды жоғары оқу орнының инновациялық жұмыстарына байланысты басқа арналардан іздеу және жүзеге асыру;
елімізде, сондай-ақ жақын және алыс шет елдерде жоғарғы оқу орындарымен ғылыми байланыстарды дамыту.
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі бағыттары:
түрлі ғылыми-зерттеу жұмыстарды орындауда студенттер мен оқытушылардың бірлесе жұмылуының арқасында оқу үдерісі сапасын көтеру;
студенттердің қолданбалы, әдістемелік, ізденушілік және іргелі ғылыми зерттеулер жүргізуге қатысуы; жоғары оқу орындарының ғылыми мектептерінде ұрпақ ізбасарлығын қолдау және дамыту;
студенттерде өз бетінше тұжырымдар мен қорытындылар жасай білу қабілетін дамыту;
студенттерге оқу үдерісінде қазіргі ғылымның түрлі бағыттарында өз күштерін сынай білуге мүмкіндік беру;
студенттерді өнертапқыштық, шығармашылық жұмыстарға тарту; студенттердің оқу жоспарынан тыс жүзеге асырылатын ғылыми-зерттеу жұмыстарына кеңінен қатысуы;
студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының ғылыми-техникалық іс-шаралар нәтижелілігін арттыру;
студенттердің түрлі ұйымдастыру-құқықтық формаларының ғылыми-шығармашылық бірлестіктерінде білім мен кәсіпкерлікті ұштастыру;
студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мен жетекшілік етуде ЖОО оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлердің қатысуын жандандыру.
Негізгі түрлері: Оқу үрдісіндегі арнайы ғылыми-зерттеу жұмысы. Оқу үрдісін толықтырушы ғылыми-зерттеу жұмысы. Оқу үрдісімен қатар жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмысы. СҒЗЖ негізгі ұйымдастырылып жүргізілетін тиімді түрлері: Оқу жоспары негізіндегі оқу-зерттеу жұмысы. ҒЗЖ кейбір мәселелерін (элементтерін) жүргізілетін дәрістерге қосу. Ғылыми бөліктерден немесе толықтай ғылыми зерттеуден тұратын дипломдық жұмыстар. Профессор-оқытушылардың жетекшілігімен белгілі бір ауқымды мәселелерді шешудегі студенттердің өзіндік зерттеу жұмыстары. ҒЗЖ іс-тәжірибелерге енгізу. Берілген тақырыпқа байланысты орындалатын ғылыми реферат жұмыстар. Студенттердің ғылыми үйірмелері. Студенттік құрылыс бөлімдері. Студенттік ғылыми-техникалық бөлімдері.
Студенттік конструкциялық орталығы. Белгілі бір мәселе төңірегінде жинақталған студенттік ғылыми топтары немесе лабораториялық не басқа да шығармашылық бірлестіктер. Әр түрлі көздерден (грант, келісім шарт) қаржыландырылатын ғылыми-зерттеу жұмыс жоспарларының орындалуына студенттерді қатыстыру.
Студенттердің әр түрлі деңгейлерде өткізілетін іс-шараларға қатыстырылуы (кафедрадағы, факультеттегі, облыстық, аймақтық, республикалық, халықаралық). Мұндай іс-шаралар СҒЗЖ жүйесін тұрақты дамытуға, сондай-ақ әрбір студенттің шығармашылық деңгейін арттыруға септігін тигізеді. Оларға қатыстылар: ғылыми семинарлар, конференциялар, синпозиумдар, фестивальдар, ғылыми және оқу үрдісіндегі студенттердің зерттеу жұмыстары жөніндегі түрлі жарыстар, әр сала немесе мамандық бойынша өткізілетін жарыстар.
Ғылыми зеттеу жұмыстарына қабілеті бар студенттерден жинақталған топтарға арнайы өткізілетін дәрістер. Барлық оқу жоспарларына «Ғылыми зерттеулердің негізі» атты курстарды ендіре отырып, студенттердің өзіндік ғылыми жұмыстарының өз қабілеті шеңберінде орындалуын, жаңаша ғылыми жұмыстарының, ғылыми зерттеу жұмыстарының зерттеу әдіс-тәсілдерімен танысу. Түрлі ақпарат көздері негізінде студенттерді ғылыми-техникалық мәліметтермен қамтамасыз ету. Студенттердің түрлі жаңашыл ғылыми ізденістерге қатысуын қамтамасыз ету.
СҒЗЖ орындалуының негізгі формасы – жетекші жинақтап бір қалыпқа түсірген тапсырмаларды жеке-жеке орындау болып табылады. СҒЗЖ орындаудың алғашқы кезеңінде студенттерді зерттеудің әдістері мен тәсілдеріне үйрету үшін топтасып орындау әдісін қолданады. ҒЗЖ-ына арналған тапсырмаларды келешегі бар тақырыптар бойынша алған жөн. Берілетін тапсырмалардың көлемі мен мәнін студенттердің жеткен жетістіктері мен бейімділіктеріне қарай бөлу керек. Тапсырмаларда алға қойған мәселерді шешу үшін қажетті барлық жұмыстар көрінуі қажет. Студенттерді ҒЗЖ айналысуын барлық оқу кезеңінде үздіксіз қамтамасыз етуге міндетті. СҒЗЖ негізгі маңызды қағидасы айналысу тәсілі мен түрінің курстан курсқа, кафедрадан кафедраға, бір оқу саласынан келесі біріне, бір оқу түрі мен тапсырмасынан екінші бір түріне негізделеді. Мұнда негізгі зерттеу жұмысының қиындығы студенттердің оқу үрдісінде зерттеу қиындықтарын біртіндеп жоғарылатып отыру. Мысалы, студент бірінші және екінші курстарда бүтін және негізгі жұмыстардың жиынтығы мен жалпы ғылыми дайындық жасаудағы жаңашылдықпен, ғылыми жұмысты орындау қабілеті мен қарапайымдылығымен, өз қабілеті мен ғылыми жұмысты орындалуға негізделуі тиіс.
Оқу үрдісін ұйымдастыру ғылымның қазіргі жетістіктерін, мәдениет, экономика, ғылым, техника мен технология салаларындағы өзгерістерді көрсететін білім берудің барлық қырларының жүйелі жаңаруын ескере отырып жүргізілуі керек. Бұл салада нақты нәтижелер алу үшін автордың жасына сәйкес түзетілген тәжірибеден өткізілген технологиялар, өзіндік ғылыми жұмыстар мен мақалаларына енгізілген теориялық және практикалық жағына ерекше назар аудару керек.Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы міндетті есеп берумен, конференция, үйірме отырысында баяндаумен, курстық жұмыс және т.б жазумен аяқталады.


Әдебиеттер
1. Ахметова Г.К., Исаева З.А. Педагогика: Учебник для магистратуры университетов. – Алматы: Қазақ университеті, 2006, -328 с.
2. Андреев Г.И., Смирнов С.А., Тихомиров В.А. Основы научной работы и оформление результатов научной деятельности. Учеб. пособие. - Финансы и статистика, М.,2004. 272 с.
3. Коджаспирова Г.М. Педагогика : учебник. - М. : КНОРУС, 2010. -744 с.
4. Меретукова З.К. Методология научного исследования и образования: Учебное пособие для студентов занимающихся НИР и аспирантов. - Майкоп, изд-во АГУ, 2003. - 244 с
5. Методы научного исследования: учебное пособие. Томск:Изд-во ТПУ, 2007. – 160 с.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет