БІЛІМ БЕРУ БІРІЗДІЛІГІ
МЕТАПӘНДІК НӘТИЖЕЛЕРМЕН ЖІКТЕЛГЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжісінің
математика пәні оқытушысы Жекебай Дилдаш
«Естігенімді – ұмытамын, көргенімді – есте
сақтаймын, өз істегенімді – меңгеремін».
Конфуций
Дүниежүзілік қоғамдастықтың 50 елдің қатарына енуге жақын тұрғанда біздің мемлекетте жоғары білікті, жан-жақы дамыған маман иелері болу керек.
Болашақ маман иелерін акмеологиялық,, креативті тұрғыда, бәсекелестікке қабілетті тұлға ретінде даярлауға жол ашылды.
Еліміздегі оқу орындарында, заманауи технологиялардың көптеген түрлерін қолдану, кез-келген салада инновциялық іс-әрекетті қалыптастыру талабы туындады. Сонымен қатар орта арнайы және кәсіптік білім беру мекемелерінде, оқу орындарында, бұндай талаптар орындалып, жүзеге асырылып жатыр.
Осы тұрғыда біз мынадай сұрақтарға жауап іздейміз:
Технология дегеніміз не?
-Технология-қандай да болмасын бір істі бастап, аяқтағанға дейін жеткізетін бірізділік әрекеттер жүйесі.
-Технология-әлдебір істе, өнерде, қолданылатын әдістер жиынтығы.
-Технология-нәтижесінде алға қойған мақсатқа қол жеткізетін іс-әрекет.
Қазіргі уақытта 50-ден астам технологиялар бар екенін ғалымдар айтып отыр.Олар білім беру саласында қолданылуда.
Білім беру технологиялары дегеніміз не?
-Оқытудың жоспарланған нәтижесіне жету, процесін суреттеу (Болков. М. В.)
-Өнер, шеберлік, біліктілік жағыдайды өзгерту, қайта өңдеу әдістерінің жиынтығы (Шпель. В. М.)
Білім беру технологиясының мақсаты?
Оқушылардың білім, білік, дағдыларын қалыптастыру, ақыл-ойын дамыту.
Білім беру технологиясы-оқыту мақсатына жетудің тиімді, нақты жолдарын көрсетеді.
Кез-келген білім беру технологиясы мынадай әрекеттерден тұрады:
Мақсатқа бағытталған;
Ғылыми идеяларға сүйенетін;
Мұғалім мен оқушы іс-әрекетінің жүйесі;
Нәтижені бағалау өлшемдері;
Нәтижелер;
Қолдану барысындағы шектеулер.
Білім берудің түрлі нәтижесін қамтамасыз етуіне байланысты технологияларды шартты түрде былайша жіктеуге болады:
Оқушылардың әлеуметтенуі мен бағдарлар жүйесі түріндегі тұлғалық нәтижелер;
Метапәндік нәтижелер – іс-әрекеттің әмбебап тәсілдері түріндегі негізгі құзіреттіліктердің қалыптасуы;
Оқытудың пәндік нәтижелері – білім беру салалары бойынша алған білім, білік, дағдылар және құзіреттіліктер
Әрбір технология нәтежесін анықтай отырып, төмендегідей топтастыру жүргізуге болады:
Нәтиже
|
Технологиялар
|
Әлеуметтенуі
|
Кредиттік технологиясы;
Қашықтықтан оқыту технологиясы;
|
Метапәндік нәтижелер
|
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы;
Жобалау технологиясы;
|
Оқытудың пәндік нәтижелері
|
Модульдық оқыту технологиясы;
Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі технологиясы (деңгейлеп оқыту технологиясы).
|
Технологияларды білім саласында қолдану ерекшеліктері.
Білім берудің әрбір сатысы жоғарлаған сайын олардың білімді қабылдауы өзгеріп, өтілетін пәндер жүйесі күрделене түседі. Сондықтан да оқушының жас ерекшеліктерін, әр сатыдағы қабылдау мүмкіндіктерін ескере отырып, заманауи оқытудың жаңа технологияларын тиімді пайдалану ең маңызды болып отыр.
Білім беру төменгі, орта және жоғарғы саты болып бөлінеді.
Колледж және оқу орындары жоғарғы сатыға тоқталады. Яғни орта кәсіптік және жоғары білім сатысы-өз бетімен оқу дағдыларын игере алатындықтан, белгілі мәселе төңірегінде ой қозғай алатын, жеке пәндерге деген талғамы, талабы бар саналы адам ретінде танимыз.
Осынау ерекшеліктерді ескере отырып бұл сатыда: сын тұрғысынан ойлауды дамыту, деңгейлеп саралап оқыту, өздігінен дамыту, жобалау, компьютерлік технологиясы, дамыта оқыту технологияларын пайдалану тиімді.
Дегенмен де оқу-тәрбие үрдісінде жаңа технологияларды ендіру шарттарының бірі-білім берушінің инновациялық іс-әрекетін қалыптастыру. Технологияларды жақсы меңгерген әрбір оқытушы өз сабағында жақсы нәтижені көре алады.
Оқытушы алғашында, жаңа педагогикалық технологияларды өзі оқып үйренеді, екіншіден, меңгереді, үшіншіден, оны тәжірибеде қолданап, төртіншіден, дамытып нәтижесін байқайды.
Сын тұрғысынан ойлауға баулу.
Математика пәні-оқушылардың абстрактілі ойлауын, ой-өрісін дамытатын нақты ғылым. Қай салада болса да оқушының интеллектуалды қабілетін, дарындылығын дамытуда математиканың үлесі үлкен.
Математика сабақтарын жоспарлауда оқу бағдарламасындағы ақпараттар (түсініктер, ұғымдар, ережелер, т.б.) ағымын коммуникативті жоспарлап, сыни ойлаудың жобаларын пайдаланған жөн.
Пәнді оқытуда оқытушы басшылыққа алатын сыни ойлау әдісі мына жағыдайларда тиімді.
Оқушылардың ойлау жүйесі дамуының байқалмайтын моделдерін бақылауына мүмкіндік береді.
Оқушылар сын көзбен қарап ойланады немесе іс-әрекетті терең ойлануына жағыдай жасайды.
Талқылау және шешім табу кезінде оқушылар өз-өзімен шектеліп қалмай, басқалармен де ашық пікірлесуіне, ой түйіндеуіне мүмкіндік алады.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы.
Мақсат пен міндеттердің орындалуы мынадай стратегиялар арқылы іске асады: ассоциация, кооперативтік қызмет, көзқарасын талдау мен дәлелдеу түрінде қорғау.
Технология енгізу қорытындысы:
- оқу үрдісіне деген қызығушылықтың артуы;
- оқушының өз бетімен білім алуына мүмкіндік береді;
- топта «қайырымды білім» атмосферасы қалыптасады.
Осы технологиямен байланысты, метапәндік нәтижелер топтаструына жүгіне отырып, жобалау технологиясына тоқталалық..
Оқушылардың зерттеу жұмысын ұйымдастыру және жоба жұмысын жасауға мақсатты, әрі жүйелі түрде бағыттау керек екені – бүгінгі күн талабы.
Сондықтан да жобалау технологиясының тиімділігі күннен күнге артуда.
Жобалау технологиясын қолданудағы негізгі мақсат – оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы оқушыны болашақта әр түрлі жағдаяттарда, әр түрлі қоғамдық ортада өзін-өзі көрсете білуге бейімдеу.
Сабақты проектілік әрекет арқылы ұйымдастыру
Бұл технология әлемдік педагогикада жаңалық емес. Ағылшын тілінен аударғанда «cooperative learning» – бірге үйрену деген мағынаны білдіреді.
Түсіндірме сөздікте оған төмендегідей анықтама беріледі: «Жобалау технологиясы – оқушылардың жоспарлау және күрделене беретін тапсырмаларды орындау арқылы меңгеретін білімі.»
Жобалау технологиясы XIX ғасырдың 2-ші жартысында АҚШ ауылшаруашылығы мектептерінде пайда болған. Оның негізін қалаған – Джон Дьюи атты психолог және педагог, философ Дьюидің ілімін жалғастырушы, Колумбия университетінің жанындағы мұғалімдер колледжінің профессоры Уильям Херд Килпатриктің ойынша, балаларды өз жұмысының жемісін көруге ынталандыру арқылы үлкен өмірге дайындау – бұл технологияның негізі. «Өзіне көйлек тігіп киген бойжеткенді мысалға алайық. Егер ол кейін өзі киетін көйлегі үшін жанын аямай, ерінбей, аса қызығушылықпен көйлек үлгісін өзі ойлап тауып, өз бетімен өлшеп, пішіп, тігіп кисе, бұл мысал жобалау технологиясының нағыз типтік үлгісі.» - деген екен Хилпатрик.
Білімдендіру проектісінің негізіне оқушының өзіндік мақсаты зерттеу, шығармашылық, іздену әрекеті алынған. Зерттеу оқу сипатында болғанымен, оны ұйымдастыруда ғылымның жалпы танымдық әдістері қолданылады. Жалпы ғылымдық әдістерге: анология, бақылау, анализ, синтез, нақтылау, жүйелеу, индукция, дедукция, абстрактылау, қорытындылау, негізгісін бөліп алу, классификациялау, дәлелдеу, негіздеу т.б. жатады.
Осы танымдық әдістерді қолдану арқылы бір сабақ немесе сабақтың фрагменті көлемінде білім мазмұнынын ашуға болады.
Проекті (жобалау) әдісімен іске асқан сабақ жаңа материалды меңгеру түрінде, немесе бекіту және оқу міндеттерін шеше алу дағдыларын жетілдіру түрінде болуы да мүмкін. Оқу зертеуінде қолданылатын ғылыми-танымдық әдістерді таңдау сабақтың нақты мазмұнына тәуелді. Ұйымдастыру формасы негізінен топтық болады, егер әр топ бір міндетті шешетін болса ( бір обьектіні зерттеп жатса), онда түрлі деңгейдегі топтарды ұйымдастыруға болады.
Проектілік (жобалау) сабақ барысында барлық кезеңдер қамтылады.
Жобалау (проект) дегеніміз-нақты нәтижеге немесе бөлімге бағытталған оқушылардың жүйелі әрекеті. Бір мәселе бойынша ұсынылған зерттеушілік, тәжірибелік, шығармашылық, ақпараттық жұмыстары.
Жобалаумен оқытуда педагогикалық іс-әрекет мынадай бағыттарға негізделген: Теориялық білімді меңгеруге, теорияны практикада қолдануға, сөйлеу тілінде және шығармашылық қабілетті көрсетуге.
Кешендік жағынан жобалар мынадай болады:
Халықаралық
Регеналдық
Мектепішілік, мекемеішілік
Сыныпішілік
4. Ұзақтығына қарай:
Шағын, 1 сағатқа;
қысқа мерзімді, 4-6 сағатқа;
апталық, 30-40 сағатқа;
ұзақ мерзімді, жылдық.
5.Проектінің өнімін мынадай формада ресімдеуге болады?
1) практикалық-анықтағыш, тестер, кестелер т.б.
2) ақпараттық – интервьюдің жобасын салу, дөңгелек үстел, сауалнама т.б.
3) шығармашылық-сценарий құру, буклет, мамандыққа байланысты өлең жазу, эссе, сурет т.б.
6. Проектілердің мазмұны жағынан 5 түрге бөлуге болады:
1) Практикалық бағыттағы шағын проект
2) Ғылыми бағыттағы
3) Ақпараттық бағыттағы
4) Шығармашылық бағыттағы
5) Рольдік, ойындық.
Егер «білімдендіру» жүйесінің мақсаты күтілген нәтиже ретінде құзыреттілік түрінде төмендегі мәселелерді:
проблемаларды шешу (өзіндік менежімент) құзіреттілігі;
ақпараттық құзіреттілік;
коммуникативті құзіреттілік;
деп атап көрсетсе, проектілік әрекет осылардың іске асуына толық мүмкіндік тудырады.
Білім беру жүйесіндегі проект әдісі не үшін қажет дейтін болсақ:
оқушыларда өзіндік, сыни ойларды қалыптастыру, ақпаратпен жұмыс істей білуге;
ғылымның заңдылықтарына, фактілерге сүйене отырып, пайымдауға, негіздемелі қорытындылар жасауға;
өзіндік, аргументті шешімдер қабылдауға;
түрлі әлеуметтік рөл орындауға, бір командада жұмыс істей білуге үйрету жүзеге асырылады.
Әдебиеттер:
«Бастауыш мектеп»-№2, 2007
Байжанова З. Т. Жалпы педагогика: Оқу құралы: «Таймас», 2008.
Мынбаева А.К., Садвакасова З.М. Инновационные методы обучение, или Как интересно преподавать.- Алматы, 2007
Достарыңызбен бөлісу: |