Білім беру бағдарламасы Түсіндірме жазба «Мектепалды даярлық білім беру бағдарламасы»



бет1/7
Дата27.12.2016
өлшемі1,39 Mb.
#5427
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7
Қазқстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2016 жылғы «___» _________№ ___

бұйрығына 2-қосымша


Қазақстан Республикасы

Мектепалды даярлық білім беру бағдарламасы
Түсіндірме жазба
«Мектепалды даярлық білім беру бағдарламасы» (бұдан әрі – Бағдарлама) баланың мектепте білім алу даярлығын (әлеуметтік-психологиялық, тұлғалық, ерік-жігерлік, физикалық және зияткерлік даярлығы) қамти отырып, баланың коммуникативтік дағдыларының қалыптасуына, танымдық және әлеуметтік мотивтерінің көрінуіне, қызығушылығы мен білім алуға деген құштарлығының дамуына ықпал етеді.

Бағдарлама құрылымы мен мазмұны педагогикалық қағидаттар негізінде құрылған: мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың тәрбиелік, дамытушылық, оқытушы міндеттерінің бірлігі мен кіріктірілуі, бірізділігі, жүйелілігі, сабақтастығы.

Бұл бағдарламаның негізін құрайтын идеялар:


  • балалардың мектепке психологиялық даярлығын қалыптастыруды көздейтін бағыт;

  • бағдарламаның мақсатына жетуде барлық субъектілердің ынтымақтастығы мен бірлескен шығармашылығы болып табылады.

Барлық іс-шаралар мен сабақтар болашақ бірінші сынып оқушыларын оқытуға емес, олардың белсенділігін, дербестігін, шығармашылық қабілеттерін, танымдық қызығушылығын, құрдастарымен және ересек балалармен қарым-қатынасқа түсе білу біліктерін дамытуға ерекше мән береді.

Бағдарлама келесі білім беру салалары арқылы жүзеге асады: «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта».

Әр саладағы күтілетін нәтижелер сабақтардағы оқу мақсаттарының жүйесі арқылы беріледі.

Бағдарлама:



  • оқытуды ұйымдастырудағы тұлғаға бағдарланған және жүйелі-әрекеттік тәсіл арқылы жүзеге асырылады;

  • мектепке дейінгі және бастауыш білім беру сабақтастығын қамтамасыз етеді;

  • балаларда басты жалпы адамзаттық құндылықтардың қалыптасуына көмектеседі;

  • 6–7 жастағы балалардың зияткерлік және дене дамуы үшін жағдай жасайды;

  • күнделікті өмірде қажетті ақпаратты алуға, іріктеуге, өңдеуге, жеткізуге және коммуникативтік міндеттерді шешуде балалардың оларды қолдануы мақсатында сөйлеу әрекетінің түрлері ретінде төрт тілдік дағдылардың: тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылымның қалыптасуына және дамуына көмектеседі;

  • балалардың толықтай эмоционалды, когнитивтік және әрекеттік қызыға қатысуы арқылы, топтағы тұлғааралық өзара әрекеттің ұйымдастырылған кеңістігіне баланың табиғи бейімділігін ынталандырады және дамытады;

  • ата-аналармен ынтымақтастық орнатуға, сондай-ақ басқа да мамандармен және қоғамдастықтармен өзара тығыз әрекеттестігіне көмектеседі.

«ДЕНСАУЛЫҚ» білім беру саласы



Мақсаты: белсенді қимыл әрекет дағдылары мен денелік өзін-өзі жетілдіру қажеттілігін қалыптастыру және дамыту, балаларды салауатты өмір салты негіздеріне баулу.

«Денсаулық» білім беру саласында келесі сабақ түрлері ұсынылады:



  1. Дене шынықтыру;

  2. Қауіпсіз мінез-құлық негіздері.

«Денсаулық» білім беру саласындағы оқу жүктемесі:


«Денсаулық» білім беру саласы

Апталық оқу жүктемесі

Дене шынықтыру

2

Қауіпсіз мінез-құлық негіздері

1



«Дене шынықтыру»


Мақсаты: қимыл-қозғалыс дағдылары мен ептілігін дамыту, қимыл-қозғалыс мәдениетін меңгеру, өзінің қауіпсіз тіршілік әрекетінің дағдыларын қалыптастыру; салауатты өмір-салтына баулу.

Міндеттері:

- балалар денсаулығын нығайту, ағзаларын шынықтыру;

- балалардың денелік сапа көрсеткіштерін дамыту;

- күнделікті қимыл іс- әрекетіне деген қажеттілікті қалыптастыра отырып, дербес қимыл белсенділігін дамыту;

- балалардың қимыл-қозғалыс дағдылары арқылы шығармашылық қабілеттері мен сыни ойлауын дамытуға мүмкіндік беру;

-тұрмыста, көшеде, табиғат жағдайларында өзін-өзі ұстай білудің қауіпсіз дағдылары мен қиындық туған жағдаяттарда ересектерден көмек сұрау біліктерін қалыптастыру.



«Дене шынықтыру» сабағының мазмұны
«Дене шынықтыру» сабағының мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған. Оқу бөлімдері әрі қарай жинақталған білім, түсінік және дағдыларды қалыптастыру мақсаттарын көздейтін бөлімшелерден тұрады. Әрбір бөлімше ішінде реттілікпен құрылған оқу мақсаттары педагогқа жұмысын жоспарлауға, балалардың жетістіктерін бағалауға және оларға оқудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.


Бөлім

Бөлімше

Денсаулық және дене бітім

1.1 Денсаулықты нығайту

1.2 Дене бітімін жетілдіру

Қозғала білу және сенімділік

    1. Қозғалыс

2.2 Дене қуаты қасиеті

Ынтымақтастық және басқару

3.1 Командада жұмыс жасау

3.2 Дене шынықтырудағы техника мен тактика

Шығармашылық қабілеттер және ойлау

4.1 Ойындардағы шығармашылық қабілеттер


2. Оқыту мақсаттарының жүйесі

1-бөлім. Денсаулық және дене бітім

Бөлімше

Оқу мақсаттары

1.1 Денсаулықты нығайту

0.1.1.1 Заттармен және заттарсыз жалпы дамытушы жаттығуларды орындау

1.2 Дене бітімді жетілдіру

0.1.2.1 Ағзаның төзімділігі мен жаттыққандығын жетілдіру үшін түрлі жүктемелерді біртіндеп үдетумен дене жаттығуларын орындау

1.1 .Денсаулықты нығайту

Заттармен және заттарсыз жалпы дамытушы жаттығулар: қолдарын тұлғасымен және аяқтарымен бірдей және кезектестіріп әртүрлі қарқында көтеру, жазу, бүгу, айналдыру; әртүрлі қалыптан тұлғасын айналдыру; қолын бірге қозғалтып (жоғары, жанына, арқасына) отыру; екпетінен жатып қолын жанына созу, жоғары көтеру; шалқасынан жатып аяқтарын бірге (кезектестіріп) , тартылып көтеру, айқастыру; арқасынан екпетіне және кері аунап түсу; бүгілу; әртүрлі қалыптан оңға - солға бұрылу, жанына, алға, артқа қисаю; қолдарын әртүрлі қалыпта ұстап алға, артқа, жанына қарай ұмтылу; орнында тұрып, аяқтарының ұшымен, өкшесімен, жылжыған қадаммен аттау;аяқтарының башпайларымен ұсақ заттарды қармау және оларды бір орыннан екінші орынға ауыстыру.

1.2 Дене бітімді жетілдіру

Дене бітімін жетілдіру бойынша жұмыстар дене шынықтырудың алуан түріне балалардың қатысуы арқылы жүзеге асырылады:



таңғы жаттығулар олардың негізгі міндеті – күні бойына сергек және қуанышты көңіл-күйді орнату. Мөлшері 8-10 жаттығу, күрделілігіне қарай (6-10 рет), таңғы жаттығулар кешенін екі аптада өзгерту, таңғы жаттығулардың құрылымы: кіріспе (жүру мен жүгірудің алуан түрі; сап түзеу және сапқа қайта тұру); ЖДЖ (қолға, иық белдеуіне және аяққа арналған жаттығулар), мөлшері 8-10 рет; қорытынды бөлім (тыныс алуды қалпына келтіруге арналған баяу жүріс);

сергіту сәті сабақтағы (күнделікті) шаршағанды басу үшін сергіту сәті өткізіледі, мұнда

бұлшық еттердің әртүрлі топтарына арналған ұзақтығы 2-3 минуттан аспайтын 3-4 жаттығу ұсынылады;



денешынықтыру сабақтары аптасына 2 рет өткізіледі, денешынықтыру сабақтарының құрылымы үш бөлімнен тұрады: кіріспе (жүру мен жүгірудің алуан түрі; сап түзеу және сапқа қайта тұру, мөлшері 8-10 рет ); негізгі (қимыл-қозғалыстың негізгі түрлері: 1 жаңа элемент және 3-4 бекітуге арналған); қорытынды (төменгі қарқындағы ойындар мен ойын жаттығулары);

қимылдық ойындар сабақтардың аралығындағы 10 минут үзілісте ғимараттың ішінде және ауада өткізіледі;

денсаулық күні жылына 1 рет; дене шынықтыру мерекелері 1 сағат ұзақтығымен, жылына 2 рет қыста және жазда өткізіледі. Дене шынықтыру сауықтары айына 1 рет өткізіледі.
2-бөлім. Қозғала білу және сенімділік


Бөлімше

Оқу мақсаттары

2.1 Қозғалыс

2.1.1 Бір орында тұрып және қозғалыс барысында сапқа тұру түрлерін, сапта түзу жүру түрлерін орындау

2.1.2 Жүру мен жүгірудің негізгі түрлерін орындау, оларды алмастыру, қарапайым дене жаттығуларымен алмастыру

2.1.3 Секірудің әр түрлі түрлерін орындау, өзгермелі жағдайлардағы секірулер

2.1.4 Өрмелеу, өрмелеп шығу, астымен еңбектеу, еңбектеп өту түрлерін орындау

2.1.5 Қашықтыққа, көлденең және тік нысанға лақтыру

2.1.6 Допты домалату, лақтыру және қағып алу, допты жерге оң қолмен және сол қолмен соғу, екі қолымен басынан асыра лақтыру және бір қолмен кедергіден лақтыру

2.2 Дене қуаты қасиеті

2.2.1 Дене қуаты қасиеттерін көрсету: әр түрлі дене әрекеті түрлеріндегі ептілік, тепе-теңдік, үйлесімділік, күш, жылдамдық пен реакция

2.2.2 Құрдастарының шағын тобымен таныс ойындарды ұйымдастыруда дербестік пен бастамашылдықты дамыту

2.2.3 Кеңістікте, уақытта бағдарлануды, орындық/бөрене арқылы жоғары және төмен жүру барысында және берілген қалыпта тепе-теңдікті сақтау ептілігін дамыту

2.1.Қозғалыс

Күнделікті қимыл әрекеттерінің қажеттілігін қалыптастыру.

Әрекеттердің алуан түрінде дұрыс қаңқаны сақтай білуге үйрету.

Сап түзеу, қайта құру. Өзбетімен бір-біреуден, шеңбермен, қатармен өздігінен сапқа тұру. Қайта сап түзеу – бір саптан екіншіге ауысу. Екеуден, үшеуден, төртеуден, біреуден бернеше шеңберге (2-3) қайта құрылу.

Жүру: қолдарын әртүрлі гимнастикалық қалыпта ұстап тұрып, аяқтың ұшымен, айқастырып, әдеттегідей, кең, тар, сүйеу адыммен алға және артқа, өкшеден аяқтың ұшына алмасып, жүрелей отырып; шектелген жазықтықпен; белгілі бір қалыпта (аяқтың ұшымен тұрған, жартылай отырған күйде) тоқтай қалып, көзін жауып; бұрын жүрілген жерлермен жүру.

Жүгіру. Аяқтың ұшымен, тізені жоғары көтеріп, аяқты артқа қарай бүгіп, аяқты алға қарай лақтырып, тар және кең адыммен жүгіру. Әртүрлі қалыппен жүгіру, сапта біреуден, екеуден, әртүрлі бағытта, әртүрлі тапсырмаларды орындай отырып, кедергілерден өту; айналып тұрған секіртпенің астынан; 80-120 м үздіксіз 2-3 минутта, орташа жылдамдықпен (2-4 рет жүрумен алмастырып) жүгіріп өту; бұрын жүрілген 400 м дейінгі жерде баяу; 20 м үзіліспен (2-3 рет) шапшаң жүгіріп өту; шоқырақтап, жарыса жүгіру.

Секіру. Орнынан, шеңбер жасап бұрылу, 5-6 м алға жылжып, аяқтар арасына допты қыса отырып (салмағы 1 кг) секіру; орнығып отырған қалыптан жоғары қарай; бала қолын көтерген қалпында тұрған орнынан және жүгіріп келіп 25-30 см биікте ілінген затты алу мақсатында; орнынан ұзындыққа; жүгіріп келіп биіктікке; секіртпе арқылы; шеңбер арқылы; бір аяғымен сызықтан, арқаннан (алға, артқа, жанына қарай ұмтыла) секіру.

Еңбектеу, өрмелеу. Гимнастикалық орындықта еңбектеу: төрт тағандап, екпетімен және шалқасынан, қолымен тартыла отырып және аяғымен серпіліп, жыланша өрмелеу. Заттың астына, аралығына әртүрлі әдістермен (заттардың биіктігі 35-50 см) кіру.

Лақтыру, қағып алу, көздеп лақтыру. Заттардың арасымен допты домалату. Допты бір-біріне төменнен, отырған қалпында аяқтың әртүрлі жағдайында; тордан асыра беру. Допты жоғарыға, жерге лақтыру, қос қолмен (15-20 реттен кем емес), бір қолымен (8-10 реттен кем емес), басынан асыра, әртүрлі қимыл жасай отырып, әртүрлі қалыптан қағып алу. Допты заттардың арасымен домалату. Бір-біріне допты төменнен, аяқтарын әртүрлі қалыпта қойып отырған жағдайда, тор арқылы беру. 5-15 м кем емес қашыққа дәлдеп лақтыру.

Тепе-теңдік. Басына зат қойып, қолдарын әртүрлі қалыпта Арнайы сызықтың бойымен жүргенде тепе-теңдік сақтау; гимнастикалық орындықтың бойымен жанына қарай қадамдап жүру; отырып тұруды орындау; шыр айналу және гимнастикалық орындықтың бойымен жүруді жалғастыру; аяқтарын жоғары көтере отырып, және оның астынан шалалақ ұрып жүру; қолдарын түрлі қалыпқа қойып еңіс тақтаның (ені 10-15 см, биіктігі 40 см) бойымен тура және қырындап жүру; жіптің бойымен жүру; көздерін жауып 1 аяқта тұру; бір аяқпен алға ұмтыла секіру; құм салынған қапшықты ұстап тұру және отыру.

2.2. Дене қуаты қасиеті

Шыдамдылық, ептілік, жылдамдық, күш, тепе-теңдік, көз мөлшерді қажет ететін дене жаттығуларын орындауға мүмкіндік беретін тек дағдыларды қалыптастырумен емес, сондай-ақ сапалық ерекшеліктерді дамытумен байланысты қозғалыстық қимылдарды меңгеру.



Ептілікті дамытуға арналған жаттығулар әртүрлі пішіндегі, құрамдағы, салмақтағы заттармен жаттығу; қимыл қарқыны мен ырғағын өзгерту; бірнеше қатысушылармен үйлескен бірдей қимылдар орындау.

Күш қасиеттерін дамытуға жаттығулар Қолдарды орындыққа сүйеп, аяқтарды созып, қолдарды жазып-бүгу, яғни кеудені жоғары көтеріп, төмен сығу (5-6 рет); қолмен 5 м жүру (екінші бала қолмен жүретін баланы аяқтарына ұстайды); гантельдермен жаттығулар; арқан тарту; керме мен дөңелектерге тартылу; үрленген шарлармен жүгіру және басқалар.

Икемділікті дамытуға арналған жаттығулар:еңкею, тербелу, айналмалы қимылдар, акробатикалық жаттығулар («қарылғаша», «себет», «көпір» және т.с.с.).

Шыдамдылықты дамытуға жаттығулар Шеңбер бойымен бағытты өзгерте отырып, 5 минут жүгіру; заттармен эстафета; ойлы-қырлы жерлермен жүгіру; 20 сек 60 сек дейін секірпемен секіру; велосипедпен жүру; түрлі тәсілдермен шаңғымен көтерілу; 15-25 минут бойы кез-келген қимыл-қозғалыс ойындары.

Мергендікті дамыту жаттығулары «Нысанаға тигізу», «Асықтар» және басқалар. Эстафеталар мен атракциондар ынтымақтастыққа үйретеді, командалық рухтың көңіл-күйін көтереді, салауатты спортқа құмарлықты дағдыландырады, күш береді, белгілі дағдыларға үйретеді, денсаулықты нығайтады сондай-ақ балалардың психологиялық көңіл-күйін жақсартады.
3-бөлім. Ынтымақтастық және басқару

Бөлімше

Оқу мақсаттары

3.1 Командада жұмыс жасау

3.1.1. Алуан түрлі ойын түрлерінде әр түрлі дене жаттығуларын орындау барысында басқа қатысушыларға тактикалық көмек көрсету

3.1.2 Командалық ойындар рөлдері мен тәсілдерін қолдану

3.1.3 Әділетті ойын мен әділетті төрелік белгілерін анықтау

3.2.4 Түрлі спорттық сабақтарға қажетті ресурстарды анықтап, оларды қауіпсіздік техникасына сәйкес қолдану

3.2. Дене шынықтырудағы техника мен тактика

3.2.1 Әртүрлі спорттық сабақтарға қажетті ресурстарды анықтау және оларды техника қауіпсіздігін ескере отырып қолдану

3.1 Командада жұмыс жасау

Командалық ойындар – бұл балаларды жылдам және тиімді ойындарға баулитын серпінді командалық сайыстар. Балаларды командада жұмыс істеуге, команда бойынша достарға көмектесу мен қолдау көрсетуге және ойын ережелерін әділ сақтауға , әділ төрелік етуге үйрету керек. Сонда бала бекініп қана қоймайды, сондай-ақ эмоциясын баса біледі. Ол үшін балалардың әлеуметтік өзара әрекеттесу тәжірибесінің жоқтығына, өздерінің сәтсіздікке ұшырауынан көңіл-күйі түспеуі үшін, олардың қимылдарын айтып және түзетіп отырған дұрыс.



Командалық ойындарды ұйымдастырғанда мына ережелерді сақтаған маңызды:

-қатысушылар саны тең болуы қажет;

-ойын тапсырмаларын брлық қатысушылар орындайды;

-бірінші тапсырманы орындаған команда жеңеді;

-ойын педагогтың белгісі бойынша аяқталады.

Спорттық ойындар

Баскетбол: баскетболшының тұру қалпын қабылдау; тұрған қалыптан және қозғалыс кезінде допты бір-біріне беруі; жүріп және жүгіріп допты оң және сол қолмен алып жүру, допты себетке салу. Допты себетке ең көп салған команда жеңімпаз болады.

Футбол. Футбол добын оң және сол аяқпен домалату; жұптасып тұрып, допты аяқпен бір-біріне орыннан және қозғалыс кезінде беру; доппен затты айналдыра жүру; допты тоқтату; көтеріп тебу; қақпаға домалату.

Хоккей: Берілген бағытқа, затты айналдыра, заттардың аралығымен доптаяқпен шайбаны алып жүру; жұптасып бір-біріне орыннан және қозғалыс кезінде шайбаны беру; шайбаны затты айналдыра жүру; шайбаны тоқтату; қақпаға доптаяқпен шайбаны оң жақтан, сол жақтан, тұрған орыннан және енгізгеннен кейін сырғанату.

Бадминтон: ракетканың воланын қағып лақтыру, алаңда орын ауыстыру, тоқтау, бұрылулар; жұптасып ( тормен, торсыз) ойнау. Егер бала қателік (воланды жанына құлатып алса, тордан лақтыра алмаса) жіберсе , екінші бала ұпай алады. Көп ұпай алған бала ұтады.

Үстел теннисі. Үстел теннисі ұзындығы 2,7 м, биіктігі 0,7м., үстел үстінде ойналады, үстелдің үстіне көлденеңінен аласа тор керіледі. Ойынға екі арнайы ракетка мен кішкентай целлулоид доп қажет.Балалар үстелдің қарама қарсы екі шетіне тұрады. Бір бала сол қолымен допты лақтырады және доп үстелге соғылғаннан кейін, оны ракеткамен тордан асыра, екінші баланың жағындағы үстелге соғуға тырысады.Бір ойыншының әрбір қателігі қарсыласына бір ұпай әкеледі. Жеңімпаз ойыннан шығады.

Спорттық жаттығулар

Шанамен сырғанау. Шанамен төбешікке көтерілу. Төмен сырғанауда шананы тежеу. Бір-бірін сырғанату. Мұз жолымен жеке-дара жүгіріп келіп сырғанау.

Шаңғымен жүру. Бір-бірінің соңынан тұрып, оң және сол аяқпен кезектескен адыммен алға жылжу. Бұрын көп жүрілмеген жерлермен жүру. Бір орнында тұрып айналып оңға, солға аттау, екі жаққа шеңбер жасау.

Конькимен сырғанау. Өз бетінше бәтеңкені конькимен бірге кию. Конькимен (қарда, мұзда) тепе-теңдік сақтау. Екі аяпен жүгіріп келіп сырғанау. Сырғанау барысында оңға, солға бұрылу. Конькимен түзу бағытта, шеңбер бойымен сырғанау.

Велосипед және самокат тебу. Шеңбер бойымен және тура жолмен қос дөңгелекті велосипедпен жүру. Оңға және солға бұрылыс жасау. Оң және сол аяқпен итеріп, самокатпен жүру.

Жүзу. Судың таяз жерінде отырып және жатып, аяқпен қимыл жасау (жоғары, төмен). Судың ішінде қолымен алға, артқа жүру (аяғы көлденеңінен созылған). Иек, көз деңгейіне дейін суға отыру, суға бетін батыру, суға үрлеу. Суға басын батырып отыру. Хауыздың қабырғасынан екі аяқтап күшпен алға ұмтылу жаттығуын жасау. Шалқасынан және кеудесімен сырғанау, суға дем шығару.

Судағы аэробика. Бұрылыстар жасай отырып, суда қимылдар жасау.

3.2. Дене шынықтырудағы техника мен тактика Бағдарлама материалдарына сәйкес техника мен тактика элементтерін білу және орындау. Түрлі ойындарды, дене жаттығуларын орындаған кезде балаларға тактикалық көмек көрсету. Қозғалыстарды үйрету 3 кезеңнен тұрады: бастапқы жаттықтыру (жаңа қимылдық әрекеттерді таныстыру және оларды жалпылама орындау); тереңдетіп жаттықтыру (орындау техникасының дұрыстығы нақтыланады, оларды құрамдастырып орындау білігі қалыптасады); техниканы жетілдірудің қимылдық дағдыларын бекіту (қимылдарды дербес орындауға балаларды ынталандыру).
4-бөлім. Шығармашылық қабілеттер


Бөлімше

Оқу мақсаттары

4.1 Ойындағы шығармашылық қабілеттер

0.4.1.1 Ойындағы шығармашылық қабілеттерді дамыту (ойынның түрлі нұсқаларын ойлап табу, қимылдарды құрастыру)

0.4.1.2 Дербес түрде таныс қимыл-қозғалыс ойындарды және жаттығуларды өткізу

Шығармашылық қабілеттер

Қимыл-қозғалыс ойындарында балалар шығармашылық қабілеттерін белсенді танытады. Қимыл-қозғалыс ойындарында шығармашылық танытуды балалардың игеруі үшін, келесі жағдайлар болуы керек:

- ересектің баламен мүдделі серіктесі ретінде «теңдік» ұстанымындағы бірлескен ойын;

- қимыл-қозғалыс тәжірибесін біртіндеп байыту;

- кеңістіктік-заттық дамытушы ортаны ұйымдастыру.

Қимыл белсенділігі мен шығармашылық қабілеттерін жандандыру үшін алуан түрлер: денсаулық жене спорт күндері дене шынықтыру мерекелері мен ойын-сауықтар жаяу серуендер, қимылдық және спорттық ойындар, шаңғымен, шанамен, конькимен және т.б. сырғанау қолданылады. Аталған шараларға дайындық пен оны өткізу барысында, педагог балалардың бастамашылдығы пайда болатын жағдайлар жасайды. Оның мазмұны құрамында балаларға таныс жаттығулар, ойын-эстафеталар, аттракциондар болады.



Қимылдық ойындар

Балалардың жасына, денсаулық жағдайына, дайындығына қарай ойындар, сондай-ақ жыл мезгілі, күн тәрібіндегі ойынның орны және басқа жағдайлар таңдалып алынады. Педагог ойын тәртібін түсіндіреді , балаларға ролдерді бөледі және орналастырады. Жоғары қозғалыстағы ойындар 3-4 рет, неғұрлым тыныш ойындар -4-6 рет қайталанады. Қайталаулар арасындағы үзіліс 0,3- 0,5 минут. Қимылдық ойындардың жалпы ұзақтығы 15 минут.




«Қауіпсіз мінез-құлық негіздері»
Мақсаты: қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын және салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру.

Міндеттері:

- денсаулық сақтау дағдыларын қалыптастыру;

- өзіне-өзі қызмет ету және өзара көмек көрсету дағдыларын дамыту;

- тұрмыстағы, көшедегі және табиғат аясындағы қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамыту;

- салауатты өмір салтын ұстанудың маңызын түсінуді қалыптастыру.


«Қауіпсіз мінез-құлық негіздері» сабағының мазмұны
«Қауіпсіз мінез-құлық негіздері, валеология» сабағының мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған. Оқу бөлімдері әрі қарай жинақталған білім, түсінік және дағдыларды қалыптастыру мақсаттарын көздейтін бөлімшелерден тұрады. Әрбір бөлімше ішінде реттілікпен құрылған оқу мақсаттары педагогқа жұмысын жоспарлауға, балалардың жетістіктерін бағалауға және оларға оқудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.


Бөлім


Бөлімше

Жеке бас гигиенасы

1.1 Адамның дене құрылысы

1.2 Дене гигиенасы

1.3 Күн тәртібі

1.4 Шынығу

Дұрыс тамақтану


2.1 Дұрыс тамақтану ережесі

2.2 Дәрумендердің пайдалы қасиеттері

Қауіпсіздік ережесі

3.1 Үйдегі қауіпсіздік

3.2 Көшедегі қауіпсіздік

3.3 Табиғат аясында


Оқу мақсаттарының жүйесі

1-бөлім. Жеке бас гигиенасы

Бөлімше

Оқу мақсаттары

1.1 Адамның дене құрылысы

1.1.1 Адам денесінің құрылысын білу

1.1.2 Келбетті сақтаудың негізгі ережелерін біліп, қолдану

1.2 Дене гигиенасы

1.2.1 Ауыз қуысы мен денеге күтім жасаудың гигиеналық ережелерін түсіндіру

1.3 Күн тәртібі

1.3.1 Тамақтану, ұйқы, демалыс, күн тәртібін сақтаудың қажеттілігін түсіну

1.4 Шынығу

1.4.1 Денсаулықты нығайтудың тәсілдері мен шынығу түрлерін біліп, дене жаттығуларын орындау

1.1. Адамның дене құрылысы. Адам денесінің бөліктері мен сезім мүшелері. Мүшелер: өкпе, бүйрек, жүрек, асқазан, тіл. Мүсінді сақтаудың негізгі ережелерін білу және қолдану. Сезім мүшелері. Олардың жұмысы. Сезім мүшелеріне ұқыпты қарау және оларға күтім жасау. Түрлі дене мүшелеріне көңіл қоя білу. Не сезінеді? Қандай ықылас пайда болады? Әр уақытта біз әр түрлі жағдайда боламыз: мейірімді, ашулы, көңілді, мұңлы. Көңілді, мейірімді болған кезде, біз өзімізді жақсы сезінеміз.

1.2. Дене гигиенасы. Тәрбие бағыттарының бірі – бұл өз ағзасына деген құнды қатынасты қалыптастыру, өз тәніне қамқорлық жасай білу. Ауыз қуысы мен тәнге күтім жасаудың гигиеналық ережелерін түсіндіру. Балалардың гигиеналық және сауықтыру шараларын дұрыс және бірізді орындап қана қоймай, сондай-ақ көңіл-күйді жақсарту үшін, олардың мән-мағынасын түсінуі, ауруларды ескеруі және қанағаттану әсерін сезінуі ерекше маңызға ие.

1.3.Күн тәртібі. Дене, психикалық және үйлесімді дамуға қажетті деңгейлерді қамтамасыз ететін жағдайлардың бірі күн тәртібін ұйымдастыру болып табылады. Дұрыс күн тәртібі дегеніміз – бұл күні бойы әртүрлі әрекет түрлерін іске асыру, балалардың тынығуы, тамақтануы, гигеналық және сауықтыру іс-шаралары, тікелей білім беру әрекеті мен балалардың дербес әрекетінің орынды ауысуы және үйлесімді жалғасуы.

Дұрыс құрылған күн тәртібі балаларды тәртіпке жетелейді, жұмысқа қабілеттілін арттырады, тәбетін ашады, олардың дұрыс психофизикалық дамуына және денсаулығын нығайтуына мүмкіндік береді.

Бірлескен әрекетте балалар түрлі ойындар мен жаттығулар арқылы денсаулықты нығайтудың практикалық біліктерін меңгереді, ал арнайы сабақтарда өз ағзасы, оның қызметі, денсаулықты сақтау мен қорғау тәсілдері туралы білімге ие болады.

1.4. Шынықтыру. Шынықтыру шарасы – бұл бір-бірін толықтыратын, бір-бірімен өзара байланысты шаралардың тұтас кешені. Шынықтыру қағидалары: біртіндеу, жүйелілік және жеке ерекшеліктерді ескеру. Шынықтырудың негізгі құралдары – табиғаттың табиғи күштері: күн, ауа (ұйқыдан, таңғы жаттығудан кейінгі ауа ванналары, дене шынықтыру сабақтары) және су (сүрту, құю, шомылу).
2-бөлім. Дұрыс тамақтану

Бөлімше

Оқу мақсаттары

2.1 Дұрыс тамақтану ережесі

1.1 Дұрыс тамақтану ережесін біліп, қолдану

1.2 Дұрыс тамақтану мәдениетінің маңызын түсіну арқылы тамақтану мәдениетін сақтау

1.3 Пайдалы және зиянды азық-түліктерді ажырату

2.2 Дәрумендердің пайдалы қасиеттері

2.1 Дәрумендердің пайдасын біле отырып, түсіндіру

2.2 Дәрумендер неде кездесетінін білу

1.1. Дұрыс тамақтану ережесі. Мәдениетті тамақтану ережесі. Түсі, иісі, пішіні бойынша сапалы өнімдерді білу және ажырата алу.

Тамақтану мәдениеті. Ашығудың белгісі. Ашығу сезімін, шөлді қалай жеңуге болады? Жеңіл тамақтануға болады (алма, мейіз, жаңғақтар). Тәттіні көп жеуге болмайды, бұл зиян. Дәрумендер – табиғи қорғаушылар. Су. Суды пайдалану қауіпсіздігі. Жемістер, жидектер, тәттілер, жаңғақтар, шекілдеуік, ет және балық. Олардың пайдасы мен зияны. Азық-түліктерді қолдануға дайындау ережелері: жуу, қайнату, тазалау.



2.1 Дәрумендердің пайдалы қасиеттері. Дұрыс зат алмасуға, тіндердің өсуі және жаңаруы, ағзаның барлық қызметін биохимиялық қамтамасыз етуге қажетті дәрумендер. Ағзаға дәрумендердің жетерліктей түспеуі ферментативті әсерлерге және дәрумен жетіспеушілікке соқтырады. Дәрумендердің табиғи қорғаушылары. Денсаулықты қорғау үшін, балаларға негізгі дәрумендер мен микроэлементтерді қосымша қабылдаудың қажеттілігін түсіндіру.
3-бөлім. Қауіпсіздік ережесі

Бөлімше

Оқу мақсаттары

3.1 Үйдегі қауіпсіздік

0.3.1.1 Үйдегі қауіпсіздікті сақтаудың қарапайым ережесін білу

0.3.1.2 Шұғыл жәрдем, өрт сөндіру және полиция қызметтерінің телефон нөмірін атау

3.2 Көшедегі қауіпсіздік

0.3.2.1 Бағдаршам белгілерін, «жаяу жүргінші» белгісін түсіну

0.3.2.2 Бейтаныс ортада өзін-өзі ұстау ережесін түсіну

3.3 Табиғат аясындағы қауіпсіздік

0.3.3.1 Ауа райы жағдайының өзгерістеріне сәйкес қауіпсіздік ережелерді білу

0.3.3.2 Жануарлармен, жәндіктермен қарым-қатынас кезінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау

0.3.3.3 Бейтаныс өсімдіктер мен жидектерге көңіл бөлуде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау

3.1. Үйдегі қауіпсіздік.. Ауырған, шаршаған кезде, жедел түрде ересектерге хабарлау;

- денесінің ауырғанын жеңілдете білу: соғып алған жерін сипау (уқалау), суық зат басу (дымқыл орамал), қорқынышын жеңу үшін зейінін қызықты жағдайға аудару;

- қажет болған жағдайда, шұғыл қызмет телефонына (101, 102, 103) хабараласа алу;

- үйдің есігі қағылған сәтте, есікті ашпастан бұрын кішкене тесігіне қарау, егер есіктің тесігі сыртынан жабық болса, есікті ашпау;

- пәтердің есігін ашып, танымайтын адамға шықпау, есікті тек құлыппен жауып қана қоймай, сондай-ақ ысырма және шынжырмен жабу;

- бейтаныс адамның көлігіне отырмау және т.б..



3.2 Көшедегі қауіпсіздік. Қоғамдық орындардағы өзін дұрыс, қауіпсіз және мәдени ұстау. Жедел қызмет телефондары. Жалпыға ортақ құрал-саймандарды ұқыпты және дұрыс қолдана білу (жеделсатылар, телефон-автоматтар). Қиын жағдайда өзін-өзі ұстау ережесі. Шұғыл жағдайда өзін-өзі ұстау ережесін білу:

- егер адасып қалсаң немесе бейтаныс жерге тап болсаң, полиция қызметкерлерінен, кассирден, сатушыдан және басқа да қызметкерлерден көмек сұрау;

- полиция көлігін ажырата алу;

- жедел сатыға (лифт) танымайтын адаммен бірге кірмеу;

- жүріп бара жатқан кез-келген көліктің адамға қауіп төндіретінін білу.

3.3 Табиғат аясындағы қауіпсіздік. Жабайы аңдар. Жәндіктер. Жәндіктердің келтіретін зиянын білу (шыбын, маса, тарақандар). Олардан қалай сақтану қажеттілігін білу. Көшеде және бөтен үйде жануарлармен қарым-қатынас жасағанда, қауіпсіздік ережелерін сақтау. Үй жануарлары. Жануарларды күтіп-бағу кезіндегі қауіпсіздік шараларын білу. Ауа-райы. Ауа-райы өзгерген жағдайда (қар, жаңбыр жауғанда, ыстықта, суықта), өзін-өзі қалай ұстау керектігін білу.

Саңырауқұлақтар. Улы өсімдіктер. Саңырауқұлақ тергеннен кейін қолды тазалап жуу. Қураған ағаштар мен бұталардың қаупі. Дәрілік шөптер. Жеміс-жидектер және олардың пайдасы.

«КОММУНИКАЦИЯ» білім беру саласы
Мақсаты: айналасындағы адамдармен бірлесе әрекет ету және байланысқа түсу біліктерін қалыптастыру, қарым-қатынас жағдаяттарын ажырату, өз мінез-құлқын дұрыс және сәйкесінше ұстау. «Коммуникация» білім беру саласында келесі сабақ түрлері ұсынылады:


  1. Сөйлеуді дамыту

  2. Көркем әдебиет;

  3. Сауат ашу негіздері;

  4. орыс тілі (қазақ тілінде оқытылатын топтарда);

  5. Шет тілі (ағылшын тілі);

  6. Драма

«Коммуникация» білім беру саласындағы сабақтардың оқу жүктемесі:



«Коммуникация» білім беру саласы

Апталық оқу жүктемесі

Сөйлеуді дамыту

1

Көркем әдебиет

0,5

Сауат ашу негіздері

1,5

Орыс тілі (қазақ тілінде оқытылатын топтарда)

2

Шет тілі (ағылшын тілі)

1

Драма

0,5


Сөйлеуді дамыту
Мақсаты: сөйлеу мәдениеті мен қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.

Міндеттері:

- балалар іс-әрекетінің алуан түрлі нысандары мен түрлерінде балалардың ауызша сөйлеу тілі компоненттерін дамыту;

- әдеби шығармалардың түрлі жанрларымен таныстыру;

- тілге оның байлығы мен көркемдігіне деген қызығушылық пен сүйіспеншілікті тәрбиелеу.


«Сөйлеуді дамыту» сабағының мазмұны
«Сөйлеуді дамыту» сабағының мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған, олар күтілетін нәтижелер түрінде берілген оқу мақсаттарын көздейтін бөлімшелерден тұрады. Әрбір бөлімше ішінде жүйелілікпен құрылған оқу мақсаттары педагогқа жұмысын жоспарлауға, балалардың жетістіктерін бағалауға және оларға оқудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.

Бөлім

Бөлімше

Сөйлеуді дамыту



1.1 Дыбыстарды дұрыс айтуды қалыптастыру

1.2 Тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну

1.3 Әдеби шығарманың жанрын анықтау

1.4 Тыңдалған материалды мазмұндау

    1. Оқиғаны болжау

1.6 Тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі қарым-қатынас жағдаяттарына қатысу

1.7 Тыңдаушының назарын аудару

    1. Берілген тақырып бойынша әңгіме құру

1.9 Тыңдаған материал бойынша өз көзқарасын білдіру

1.10 Драма элементтерін қолдану

Көркем әдебиет

2.1 Сұрақтар қоя білу және жауап беру

2.2 Түрлі дереккөздерден қажетті ақпарат алу

Сауат ашу


3.1 Ақпаратты түрлі формада ұсыну


2. Оқу мақсаттарының жүйесі

1-бөлім. « Сөйлеуді дамыту»

Бөлімше

Оқу мақсаттары

1.1 Дыбыстарды дұрыс айтуды қалыптастыру

1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау

1.2 Шағын фольклор жанрларын, өлеңдерді мәнерлеп жатқа айту

1.2 Тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі қарым-қатынас жағдаяттарына қатысу

2.1 Қарым-қатынастағы түрлі жағдаяттарда әдептілік сөздерін қолдана білу

2.2 Берілген тақырып аясында диалогке қатысу

1.3 Берілген тақырып бойынша әңгіме құру

3.1 Берілген сюжетті иллюстрация, бірнеше сурет, сызбанұсқа бойынша әңгіме құрып айту




3.2 Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрып айту


1-бөлім. «Сөйлеуді дамыту»

1.1. Дыбыстарды дұрыс айтуды қалыптастыру Тілдің дыбыстық мәдениетінің міндеттерін шешуде, кешенді жұмыс түрлері жетекші болып табылады. «Сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет» сабақтарында балалардың тілін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Тілдегі жан-жақты байланыс (сөйлеудің дыбыстық мәдениетіне тәрбиелеу, грамматикалық құрылымын қалыптастыру, сөздікпен жұмыс) сөздерді байланыстырып сөйлеудің алғышарты болып табылады.

1.2 Тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі қарым-қатынас жағдаяттарына қатысу Педагог ауызша өтініштің үлгісін береді де, осы сөз тіркестерін есінде сақтағанын тексеру үшін, кейде балаға қайталап айтуды ұсынады. Бұл тапсырма сыпайы сөйлеудің формаларын бекітуге ықпал етеді. Тілдік әдеп формаларын қолдана білуге үйрету.

1.3 Берілген тақырып бойынша әңгіме құру Ересектердің көмегімен берілген тақырып бойынша шығармашылық әрекет дағдыларын: әңгіменің жалғасын және соңын ойластыра білуді қалыптастыру. Әңгіме құрастыруға үйретуде педагог өзіндік әңгіме үлгісінің нұсқасын ұсынуы мүмкін. Аталған жас кезеңіндегі балалар әңгіме жоспарын құруы мүмкін, сөйлегенде жай сөйлемді, салалас құрмалас, сабақтас құрмалас сөйлемді қолдану арқылы осы жоспарды ұстанады.

Әртүрлі тәсілдер, мысалы: көркем сөз, ой қорытуға түрткі болатын сұрақтар, музыка тыңдау және т.б. қолданылуы мүмкін. Мысалы, күз тақырыбындағы картинаны қарастыру алдында, балалар күз туралы музыкалық шығарма тыңдайды.

Негізгі ойды дұрыс жеткізе білу, монологтық ойларды дұрыс, бірізділікпен құру және дәл қайталап айта білу, қысқаша логикалық сипаттамалық және хабарламалық әңгімелер құра білу.
2-бөлім: «Жазылым»

Бөлімше

Оқу мақсаттары

1 Ақпаратты түрлі формада ұсыну

1.1 Тыңдалған мәтіндердегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу

2.1. Ақпаратты түрлі формада ұсыну. Абстрактілік түсініктерді (дыбыс, сөз, мәтін, сөйлем, кейіпкер) балаға түсіндіру баланың тілдік белсенділігін арттыруға мүмкіндік беру, онымен тәжірибеде әрекет жасауға үйрету. Көрнекі түрде үлгілеу мынадай кезеңдерден тұрады:

- ақпараттарды графикалық тәсілдер арқылы ұсынумен таныстыру;

- үлгідегі таңбаларды оқу дағдысын қалыптастыру;

- өз бетінше үлгілеу дағыларын қалыптастыру.

Шартты түрде әртүрлі сипаттағы таңбалармен (геометриялық пішіндер; заттардың символдық бейнелерімен (шартты белгілер, силуэттер, контурлар, пиктограммалар); сұлбалық және заттық суреттермен алмастыруға болады.
«Көркем әдебиет»
Мақсаты:тілге, көркем сөзге деген қызығушылық пен сүйіспеншілікті қалыптастыру.

Міндеттері:

- әдеби шығармалардың түрлі жанрларымен таныстыру;

- әдеби шығармалардың кейіпкерлеріне қатынасын, өз ойларын жеткізу үшін тілдің вербальді және вербальді емес құралдарын саналы түрде қолдана білуді қалыптастыру;

-кітапқа деген танымдық қызығушылық пен ұқыпты қатынасты тәрбиелеу;

тілге оның байлығы мен көркемдігіне деген қызығушылық пен сүйіспеншілікті тәрбиелеу;

- әдептілік білімдерін және адамгершілік сезімдерін қалыптастыру.


«Көркем әдебиет» сабағының мазмұны

«Көркем әдебиет» сабағының мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған, олар күтілетін нәтижелер түрінде берілген оқу мақсаттарын көздейтін бөлімшелерден тұрады. Әрбір бөлімше ішінде жүйелілікпен құрылған оқу мақсаттары педагогқа жұмысын жоспарлауға, балалардың жетістіктерін бағалауға және оларға оқудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.



1-бөлім: «Көркем әдебиет»

Бөлімше

Оқу мақсаттары

1.1 Тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну

1.1 Шағын мәтін, ертегі, әңгіме, балаларға арналған өлеңдердің және т.б. мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру

1.2 Мәтіндердің жанрларын анықтау

2.1 Жанрларды олардың ерекшеліктері бойынша ажырату (жұмбақ, ертегі, өлең және т.б.)

1.3 Тыңдалған материалды мазмұндау


3.1 Тыңдалған материалды иллюстрациялар бойынша оқиға жүйесін сақтап баяндау

1.4 Оқиғаны болжау

4.1 Әңгіменің мазмұнын иллюстрация/ әңгіменің бастамасы бойынша болжау

1.5 Тыңдаушының назарын аудару

5.1 Сөйлеу барысында дауыс ырғағын, қарқынын, сөз арасындағы кідірісті және вербалды емес қарым-қатынас құралдарын (мимика, ым-ишара, қимыл т.б.) қолдану

1.6 Тыңдаған материал бойынша өз көзқарасын білдіру

6.1 Кейіпкердің іс-әрекетіне байланысты өз көзқарасын білдіру (ұнайды/ ұнамайды, себебі)

1.7 Драма элементтерін қолдану

7.1 Кейіпкерлерге тән ерекшеліктерді жеткізу

1.1 Тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну.
Айналасы туралы білім мен түсініктерді қалыптастыру барысында, балалардың сөздік қорын дамыту. Тілді зат есімдермен, етістіктермен, қосымша сөздермен, шылау және одағайлармен байыту. Жалпы есімдерді қолдану (бас киімдер, бұталар, көліктер, электр құралдары, музыкалық аспаптар, жидектер, жәндіктер және т.б

1.2 Мәтіндердің жанрын анықтау. Балалардың диалогтық және монологтық тілін дамытуға ықпал ететін тілдік орта құру: балаларға әңгімелеп беру және оқу; мәнерлеп оқу; қайталап айту.

1.3 Тыңдалған материалды мазмұндау. Қайталап айту – бала тілін дамыту құралы. Әдеби мәтінді қайталап айтуға қойылатын талаптар:

- толыққанды және түсінікті мазмұн. Балаларға тән жағдайға ие, олардың қиялын ұштайтын және сезіміне әсер ететін мәтіндерді таңдаған тиімді;

-жанрлардың алуан түрлілігі. Мазмұнын қайталап айтып беру үшін бірнеше жанрларды: әңгіме, сипаттама, халық ертегілерін ойластырып қолдану қажет;

-анық композиция. Шығарманың негізгі түйінін түсінуге кедергі болмайтын жайттар, оның бөлімдері арасындағы логикалық байланысты қадағаланау, осының негізінде балаларға әңгімені жеңіл түрде тұжырымдауға мүмкіндік беру;

-қарапайым, сонымен қатар тілі бай болуы қажет.Бір сабақта қайталап айтып беруге қатысушылардың саны шығарманың көлеміне және толық қайталауына (шамамен 5-7 бала) байланысты. Сабақта қайталап айтуда әр бала қалаған нәтижеге қол жеткізе алуы тиіс.

1.4 Оқиғаны болжау. Ірі мазмұндағы картиналар бойынша, сондай ақ, кейіпкерлері бірдей картиналар сериясы бойынша балалар хабарламалық әңгімелер құрастыру. Балаға заттың (ойыншық) атауы мен белгілерін дұрыс айту, затқа сипаттама беру кезінде, жіберілген қателіктерді анықтауға үйрету.

Педагог балаларды белгілі бір тақырыпта, олар автобуста нені байқады, үйге бара жатқан жолда көрген қызықтары және т.б. туралы әңгімелеуге тартады. Бұл әңгімелер балалардың есіне осыған ұқсас жайттарды түсіреді және олардың тұжырымдары мен бағалауын белсендіреді.



1.5 Тыңдаушының назарын аудару Балаларды шығарманы тыңдай білуге үйретуде олардың жеке тәжірибесінен мысалдар келтіру: сүйікті ойыншықтары, отбасы мүшелері, жануарлар, демалыс күндері, балалар мен олардың жақындарының өміріндегі қызықты оқиғалар, ертегінің соңын ойластыру.

1.6 Тыңдаған материал бойынша өз көзқарасын білдіру

Педагогтың міндеті - басқа балалардың жауаптарымен келісетіндігін немесе келіспейтіндігін білдіру, балалардың шығармашылық бастамаларын ынталандыру. Шығарма туралы балалардың пікірін ескеру, қажет болған жағдайда, оған түзету жасау, баланың адамгершілік әлеуетін қалыптастыру.



1.7 Драма элементтерін қолдану

Көпшіліктің алдында (мерекеде, ересектердің және басқа топтардың қатысуымен) сөз сөйлей білуін жетілдіру (мерекеде, ересектердің алдында, басқа топта); ойын жеткізе білу, рөлдерді үлестіру және рөл бойынша әрекет ету; өзара әрекеттің тілдік құралдарын меңгеру, сомдалатын кейіпкердің мінезін белгілі бір жағдайлардағы әрекеттер мен мәнерлі құралдардың (дауыс ырғағы, ым-ишара және т.б.) көмегімен бере білу.


2-бөлім: «Оқылым»

Бөлімше

Оқу мақсаттары

2.1 Сұрақтар қоя білу және жауап беру

1.1 Иллюстрациялар бойынша сұрақтар қоя білу және оларға жауап беру

2.2 Түрлі дереккөздерден қажетті ақпарат алу

2.1 Иллюстрацияларды ертегі үзіндісімен сәйкестендіру

2.1. Сұрақтар қоя білу және жауап беру. Балаларға шығарманың басты идеясын түсінуге, басты кейіпкерлерді дәлірек сипаттауға көмектеседі. Педагог балаларға сәйкесті эпизодтарды еске түсіруді, кейіпкердің әрекетін, сөздері мен сөз тіркестеріне назар аудартады.

Педагогтың әңгімесі сипаттамалық жауаптарды (нысандар, әрекеттер, пейзаждар) талап ететін сұрақтарды қамтуы қажет. Ойластырылған-жауаптарды, дәлелдеулерді талап ететін сұрақтар ең үлкен топты құрайды. Шығарма бойынша сұрақтар саны 5-7 аспауы қажет.



2.2 Түрлі дереккөздерден қажетті ақпарат алу (суреттер, иллюстрациялар, Интернет, мультфильмдер, ертегілер, ойыншықтар және т.б.)

Өнердің бір түрі ретінде балалардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын қалыптастыру, сауатты оқырман тәрбиелеу. Заманауи әдеби шығармаларды енгізу есебінен, қазақстандық авторлардың шығармаларымен таныстыру арқылы балалардың оқу аясын кеңейту. Әдетте, оқулар әртүрлі көрнекі материалдар: ертегі иллюстрацияларын, фотосуреттер мен мазмұндық суреттерді көрсетумен сүйемелденеді.

Үлестірмелі материалдармен: таныс мәтіндері бар бірдей кітаптарды тарата отырып, бірнеше сабақ өткізу ұсынылады. Педагогтың басшылығымен кітаптар қарастырылады. Сонымен қатар бірнеше сөздерді (бет, парақ, мұқаба, автор, атауы, иллюстрация, жол, оң жақ және сол жақ беті) белсендіруге болады. Кітаппен қарым-қатынас ережелері бекітіледі.
«Сауат ашу негіздері»
Мақсаты: балаларды мектепте оқуға дайындау.

Міндеттері:

- фонематикалық есту мен қабылдауды дамыту;

- қолдың ұсақ моторикасын дамыту;

- балаларды талдау, салыстыру, жалпылау, ақпаратты жүйелеудің қарапайым тәсілдерімен таныстыру.


«Сауат ашу негіздері» сабағының мазмұны

«Сауат ашу негіздері» сабағының мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған, олар күтілетін нәтижелер түрінде берілген оқу мақсаттарын көздейтін бөлімшелерден тұрады. Әрбір бөлімше ішінде жүйелілікпен құрылған оқу мақсаттары педагогқа жұмысын жоспарлауға, балалардың жетістіктерін бағалауға және оларға оқудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.




Бөлім

Бөлімше

Тыңдалым және айтылым

1.1 Сөздің дыбысталу формасын ажырату

1.2 Тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну

1.3 Тыңдалған материалды мазмұндау

1.4 Тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі қарым-қатынас жағдаяттарына қатысу

1.5 Тыңдаушының назарын аудару

Оқылым

2.1 Оқу түрлерін қолдану

2.2 Түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты алу


Жазылым


3.1 Сөйлем құрастыру

3.2 Пунктуациялық нормаларды сақтау

3.3 Графикалық және каллиграфикалық нормаларды сақтау


2. Оқу мақсаттарының жүйесі

1-бөлім. Тыңдалым және айтылым

Бөлімше

Оқу мақсаттары

1.1 Сөздердің дыбысталу формаларын ажырату

1.1 Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажыратып, дұрыс дыбыстау

1.2 Сөзді буынға бөлу, сөздегі буын санын және орналасу ретін анықтау

1.2 Тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну

2.1 Сөз бен сөйлемді ажыратып, сөздің, сөйлемнің мағынасын түсіну

2.2 Тыңдалған материал негізінде қарапайым сұрақтарға жауап қайтару

2.3 Сөйлемдерді интонация бойынша ажырата отырып (хабарлы, сұраулы, лепті), сөйлеу барысында қолдану

1.3 Тыңдалған материалды мазмұндау

3.1 Тыңдалған мәлімет/хабарламаны тірек сызба, иллюстрация көмегімен мазмұндау

1.4 Тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі қарым-қатынас жағдаяттарына қатысу

4.1 Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысу

1.5 Тыңдаушының назарын аудару

5.1 Сөйлеу барысында дауыс ырғағын сақтап, вербалды емес қарым-қатынас құралдарын (ым-ишара, қимыл), сөздерді (Кешіріңіз, Тыңдаңызшы! және т.б.) қолдану

Сөздікті байыту және нақтылау жұмыстарын жалғастыру: сөздің мағынасын түсіндіру, сөздердің мағынасын нақтылауға арналған жаттығулар.

1.1 Сөздердің дыбысталу формаларын ажырату. Педагог сабақта тілдегі дыбыстарды және олардың әріппен белгілену әдістерін практикалық тұрғыда үйретуге көп көңіл бөледі. Балалар әріптердің бейнесін біртіндеп еске сақтайды, олардың әрқайсысын белгілі бір дыбыспен жалғастыра отырып, сөз құрауға үйренеді, жазба тілдегі сөз бен сөйлемді ауызша тілдегі сәйкес сөздер және фразалармен салыстырады. Балаларды сауаттылық негіздеріне оқыту тіл дамытумен, сөздің мағынасын нақтылаумен және тілдің дыбыстық-буындық құрылымымен тығыз байланысты.

1.2 Тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну. Балаларды сөйлеммен және сөзбен таныстыру арқылы баланың «сөйлем», «сөз» терминдерінің мәнін практикалық тұрғыда меңгертуді қарастырады, алайда, педагог бұл терминдерге грамматикалық анықтама бермейді. Сөздердің, негізінен, өзіндік орналасу тәртібі болады (Көбелек пырылдайды). Мұнда бастауыш баяндауыштың алдында тұр. Сөздері кері ретпен орналасқан сөйлемдер арқылы да беруге болады. (Жақында күз түседі. Шөптер солады.). Талдау жасау үшін бірте-бірте сұраулы (Қоян қайда қашты?) және қозғалысқа келтіретін (Ұш, менің ұшағым.) сөйлемдерді енгізуге болады.

1.3 Тыңдалған материалды мазмұндау. Балалардың диалогтық және монологтық тілін дамытуға ықпал ететін тілдік орта құру: балаларға әңгімелеп беру және оқу; мәнерлеп оқу; қайталап айту.

1.4 Тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі қарым-қатынас жағдаяттарына қатысу. Шығармашылық әрекет дағдыларын қалыптастыру: ересектердің көмегімен әңгімені жалғастыру және аяқтау.

Балалардың бір-бірімен тілдесуіне түрткі болу. Диалогті тілді дамытуға ықпал ететін әртүрлі тәсілдер мен әдістерді қолдану. «Сөз», «дыбыс», «дауысты» және «дауыссыз» ұғымдары туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру. Сөздегі дыбыстардың ретін үйрету. Қатаң және ұяң дауыссыз дыбыстарды ажырата білуге арналған жаттығулар. Үш, төрт дыбысты сөздердердің дыбыстық құрылымына дыбыстық талдау жасауға, айтылым ерекшеліктеріне және дыбыстың дыбысталуын талдауға (еріннің, тілдің, тістің жағдайына, дауыстың қатысуына, ауа ағынының өтуіне) үйрету. «Сөйлем» ұғымымен таныстыру. Сөйлем туралы бастапқы түсінік қалыптастыру.



1.5. Тыңдаушының назарын аудару Негізгі ойды дұрыс жеткізе білуге, монологтік ойларын дұрыс құруға, бірізділікпен және дәл қайталауға, қысқаша сипаттық және хабарлы әңгімелер құруға үйрету. Тілдік әдеп түрлерін қолдану, бейтаныс аудиторияның алдында сөз сөйлеу, тыңдаушының назарын аудару дағдыларын қалыптастыру. Үш және одан да көп әртүрлі дыбыстық құрылымы бар дыбыстық сөздерге талдау жасау, дыбыстық құрылымы әртүрлі бес, алты сөздерге дыбыстық талдау жасау, оларды текшелермен белгілеу.
2-бөлім. Оқылым

Бөлімше

Оқу мақсаттары

2.1 Оқу түрлерін қолдану

1.1 Сөз/сөйлем сызбасын оқу

2.2 Түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты алу

2.1 Суретті кітаптардан ақпаратты табу (сурет арқылы)

Көркем әдебиетке қызығушылығы дамытылады, шығарманың идеясын түсінуге, кейіпкерлердің әрекеттерін бағалауға және мәнерлеп сөйлеуге үйрету. Бала әдеби жанрларды: ертегі, әңгіме, тақпақты ажырата білуі қажет.

2.1 Оқу түрлерін қолдану. Таныс жазушының әрбір жаңа шығармасын оның шығармашылығының бір бөлігі ретінде балалардың қабылдауы, басқа шығармаларының атауы мен мазмұнын еске түсіруі, өзіне ерекше ұнайтын шығарманың атын атауы маңызды.

2.2 Түрлі дереккөздерден қажетті ақпарат алу Жазушының кітаптарын іріктеу, балаларға оларды қарастыруды ұсыну. Қарастыру барысында балалар бұрын оқылған шығармаларды еске түсіреді, суреттері бойынша өз әсерлерімен алмасады. Таныс емес кітап кездескен жағдайда, бала оның иллюстрациясына, бетіндегі мәтіндердің орналасуына мән беріп, шығарманың жанрын, не туралы екендігін анықтауға тырысады, өз пікірін тұжырымдайды. Балалар қабылдайтын күнделікті ақпараттар ағыны өте көп. Сондықтан, олар шығарма атауын, автор мен көркемдеуші-суретшінің аты-жөнін тез ұмытып қалады. Осы жағдайларды ескере отырып, педагог өтілген материалдарды қайталаудан бастауы қажет.
3-бөлім. Жазылым

Бөлімше

Оқу мақсаттары

2.1 Сөйлем құрастыру

1.1 Сөз, сөйлем сызбасын құру

2.2 Пунктуациялық нормаларды сақтау

2.1 Сөйлем сызбасының соңына тиісті тыныс белгілерін қою: нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі

2.3 Графикалық және каллиграфикалық

нормаларды сақтау



3.1 Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін жазу

3.2 Қарапайым жиектерді штрихтап салу



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет