Білім беру бағдарламасы Түсіндірме жазба «Мектепалды даярлық білім беру бағдарламасы»


«Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру» сабағының мазмұны



бет3/7
Дата27.12.2016
өлшемі1,39 Mb.
#5427
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7

«Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру» сабағының мазмұны

«Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру» сабағының мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған. Оқу бөлімдері әрі қарай жинақталған білім, түсінік және дағдыларды қалыптастыру мақсаттарын көздейтін бөлімшелерден тұрады. Әрбір бөлімше ішінде реттілікпен құрылған оқу мақсаттары педагогқа жұмысын жоспарлауға, балалардың жетістіктерін бағалауға және оларға оқудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.




Бөлім

Бөлімше

Кеңістікте бағдарлау

1.1Заттардың кеңістікте орналасуы

Саны және санау

2.1 Заттарды санау

2.2 Жиын және логика элементтері

2.3 Тізбектер

2.4 Шамалар

Геометриялық фигуралар

3.1 Фигуралар мен денелер

3.2 Фигуралардың өзара орналасуы

Математикалық модельдеу

4.1 Математикалық тіл және математикалық модель



2. Оқу мақсаттарының жүйесі

1-бөлім. Кеңістікте бағдарлау

Бөлімше

Оқу мақсаттары

1.1 Заттардың кеңістікте орналасуы

1.1.1 Қағаз бетінде кеңістікті бағдарлай алу арқылы карточкалардағы геометриялық фигуралардың орналасуын сипаттау

1.1.2 Кеңістікте бағдарлану: сол жақ, оң жақ, үстінде, астында, алдында (алды), артында, (да), жақын, арасында, қасында

1.1.3 Заттарды ені, биіктігі, жуандығы бойынша салыстырып, көлемдерінің арақатынасы көрсетілген заттарды табу, оларды өлшемдерінің өсу (кему) ретімен орналастыру

1.1.Заттардың кеңістікте орналасуы. Педагогтың жетекшілігімен балалар көрсетілген бағытта заттардың белгілі бір санын орналастыра білуді меңгеру: парақтың жоғары, төменгі бөлігінде, сол жағында, оң жағында. Заттардың қағаз парақта, үстелде, едендегі орнын белгілейтін сөздерді мағынасы бойынша дұрыс қолдануға үйрету. Балаларға кеңістіктік қатынастағы қозғалыс бағыттарына еркін бейімделуді, заттардың арасындағы қозғалыс бағыттарын еркін бағдарлауды үйрету. Жазықтықта бағдарлауға үйрету. Барлық жұмыстар қарама –қайшылықты көрсететін түсініктер негізінде құрылуы тиіс: «солға-оңға», «алға-артқа». Кеңістікте бағдарлауды балалардың әрекеттері арқылы қамтамасыз ету. Айқындалған кеңістіктік байланыстар мен қатынастар келесі қосымша сөздер және сөйлемдер арқылы баланың сөйлегенде тілінен көрініс табуы тиіс: да, де, астында, үстінде, алдында, артында, алды, арты, жоғарыда, төменде, жоғары, төмен, қасында, бірінен соң бірі, арасында, қарсысында, сол жағында, оң жағында.
2-бөлім. Саны және санау

Бөлімше

Оқу мақсаттары

2.1 Заттарды санау

2.1.1 10 көлеміндегі санды тура және кері санау

2.1.2 Заттарды саны бойынша салыстырып, оладың реттік нөмірін атау

2.1.3 Топтардағы заттарды алып тастап немесе қоса отырып санын салыстыру /теңдік пен теңсіздікті анықтау, топтарды салыстыру және санау негізінде сандық мәнін жалпылау

2.1.4 Кез келген санды бір санға арттырса одан кейінгі сан шығатынын түсіну

2.1.5 Кез келген саннан бір санды кемітсе одан бұрынғы (алдындағы) сан шығатынын түсіну

2.2 Жиын және логика элементтері

2.2.1 Заттарды белгілі бір қасиеті бойынша жиынға біріктіру

2.2.2 Жиын элементтерін атау

2.3 Тізбектер

0.2.3.1Түрлі жағдаяттардың/ фигуралардың /уақыттың (күн, апта, ай, жыл) тізбегін орнатып, жалғастыру

2.3.2 1-ден 10-ға дейінгі сандар тізбегінде қалып қойған санды атау

2.3.4 Заңдылықты талдап, бұзылысты мұғалімнің көмегімен табу

2.4 Шамалар

2.4.1 Уақыт туралы түсінікті білу: бүгін, кеше, ертең, бүрсүгіні; тәулік бөліктері

2.4.2 Аптадағы күндер мен жыл айларының санын білу

2.4.3 Шартты өлшемнің көмегімен заттарды ұзындығы/салмағы бойынша салыстыру

Балаларды санауға үйретуді жалғастыру, 20 көлеміндегі сандық және реттік сан есімдерді қолдану білігін бекіту. Заттарды санау, әртүрлі заттарды салыстыру және санын анықтау, қайсысы көп (аз) немесе тең екенін салыстыру, сондай-ақ заттардың көлемі мен ауданына назар аудармай-ақ жиынтықты санау, бір-бірімен салыстыру, көзбен анықтау немесе санын салыстыру тәсілдерін қолдану.

2.1 Заттарды санау. Сандар арасындағы байланысты қалыптастыруды жалғастыру: әрбір келесі сан алдыңғысынан артық, ал алдыңғысы келесісінен кем болатынын түсіндіру. Бір түрге жататын заттар тобын шағын топтарға (шағын жиынтыққа) бөлу және бір-бірімен салыстыру.

2.2 Жиын және логика элементтері. Санау және өлшеу дағдыларын бекіту барысында балаларға жекелеген заттарды санаумен қатар, сондай-ақ бірыңғай заттардан тұратын топтарды санауға да жаттықтыру. Алдымен көрнекі түрдегі сандық қатынастарды айқындау, санның мәндерін көрсету және олардың арасындағы байланысы мен қатынасын ашу. Соңынан сандық қатынасты белгілеу құралдары («тең», «артық», «кем») санау және сандарды салыстыру көбейген кезде, практикалық тұрғыда салыстыру тәсілдерін тексеру, дәлелдеу құралдары ретінде қолданылады. Аралас сандардың өзара байланысы туралы өз тұжырымдарын дәлелдей отырып, заттар тобын практикалық салыстыру тәсілдерін өз бетінше қолдана білуді үйрету. Қисынды ойлауды, құбылыстардың себептері мен олардың салдарының арасындағы баланыстарды орната білуді қалыптастыру.

2.3 Тізбектер. Балалардың жыл мазгілдерінің, апта күндерінің реті туралы түсінігін бекітуді жалғастыру. Жылдағы айларды, аптадағы күндердің санын білу. Уақыт эталондары туралы білімді, уақыт қатынастары туралы біліктерін, балалардың өтіп жатқан оқиғалардың бірізділігін, олардың арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды сезінуін бекіту.

1-ден 20-ға дейін тура және кері қарай шапшаң және сенімді түрде санай білуге үйрету. Балалардың киінуге немесе шешінуге, сурет салуға, ойнауға қанша уақыт жұмсайтынын, сабақ соңына дейін қанша минут қалғанына назарын аудару. Қанша уақыт қалғанын үнемі көрсетіп отыру, уақытында орындағандарын мадақтау.



2.4 Шамалар. Балаларды шартты өлшемдер арқылы заттың ұзындығын, енін, биіктігін өлшеуге және салыстыруға үйрету. Шартты өлшемдер арқылы затты ұзындығы мен салмағы бойынша салыстыру. Дүкенде қолданылатын таразы туралы түсінік қалыптастыру. Өлшемдерді салыстыру, дербес түрде емес, заттардың басқа қасиеттерімен (олардың қолданылуы, бөліктері, түсі, материалы) қарастыру. Өлшеу нәтижесінде алынған сан бөлшектің бүтінге қатынасын көрсетеді. Балалар өлшеу арқылы санның салыстырмалылығы таңдалған шамаға тәуелділігін түсінеді.
3-бөлім. Геометриялық фигуралар

Бөлімше

Оқу мақсаттары

3.1 Фигуралар мен денелер

3.1.1 Геометриялық фигуралар (дөңгелек, сопақша, үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш) мен денелерді (шар, текше, цилиндр) дұрыс атап, ажырату

3.1.2 Фигураларды қасиеттері (2 қасиеті) бойынша топтастыру (шаршы, тікбұрыш)

3.1.3 Затты бірнеше тең бөліктерге бөлу, бүтін мен бөліктерді салыстыру

3.2 Фигуралардың өзара орналасуы

3.2.1 Үлгі бойынша геометриялық фигураларды құрастыру

3.2.3 Бірнеше белгілерге бағдарлана отырып, үлгі бойынша нысандарды іріктей алу

3.1 Фигуралар мен денелер. Геометриялық фигуралар туралы балалардың түсініктерін тереңдету және кеңейту жалғастыру. Балаларға пішіндер фигуралар мен денелерді ажыратуды ғана емес, сондай-ақ оларды жасай білуді де үйрету.

3.2 Фигуралардың өзара орналасуы. Геометриялық фигуралар мен денелерді ажырата білу мен атап көрсетуге жаттықтыру; геометриялық фигураларды құрастыру.

Қағаздан жазық фигуралар қию, көлемді фигураларды ермексаздан мүсіндеу, қайтадан өзгертіп, басқасын шығару.


4-бөлім. Математикалық модельдеу

Бөлімше

Оқу мақсаттары

    1. Математикалық тіл және математикалық модель

4.1.1 «+» таңбасын заттар тобының бірігуі және «-» таңбасын заттар тобынан азайту ұғымы арқылы түсініп, қолдану

4.1.2 Таңбаларды танып білу ( =, >, <)

4.1.3 Көрнекілік негізінде қарапайым мысалдар мен тапсырмаларды шешу

6-7 жастағы балалар заттардың саны, пішіні және көлемі туралы кең көлемді білімді игеруі, кеңістік (2- және 3 өлшемде) және уақыт бойынша бағдарлай білуді үйренуі қажет.

1.1 Математикалық тіл және математикалық модель. Балалардың математикалық білімге тұрақты қызығушылығына, оны қолдана білуге және оларға өз бетімен қол жеткізуге тәрбиелеу. Өз бетінше ойлауын, кеңістіктік елесетете білуін дамыту. «+» таңбасын заттар тобының бірігуі және «-» таңбасын заттар тобынан азайту ұғымы арқылы түсіну және қолдану.

Алдымен қосу есептеріне үйретуден бастау және содан кейін азайту есептеріне көшу. Балалар қосуға берілген есептерде «+» белгісімен, азайтуға берілген есептерде – «-» белгісімен (карточкаларды қолдан арқылы) таныстыру.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет