Білім беру бағдарламасы Түсіндірме жазба «Мектепалды даярлық білім беру бағдарламасы»



бет4/7
Дата27.12.2016
өлшемі1,39 Mb.
#5427
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7

«Құрастыру»


Мақсаты: құрастыру дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық қиял мен логикалық ойлауды дамыту.

Міндеттері:

- балалардың құрастырудың түрлі өнімдеріне деген қызығушылықтарын қалыптастыру;

- қарапайым конструктивтік шешімдер таба алу, командада жұмыс жасау біліктерін дамыту;

- балаларды еңбек мәдениетіне тәрбиелеу.


«Құрастыру» сабағының мазмұны
«Құрастыру» сабағының мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған. Оқу бөлімдері әрі қарай жинақталған білім, түсінік және дағдыларды қалыптастыру мақсаттарын көздейтін бөлімшелерден тұрады. Әрбір бөлімше ішінде реттілікпен құрылған оқу мақсаттары педагогқа жұмысын жоспарлауға, балалардың жетістіктерін бағалауға және оларға оқудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.


Бөлім

Бөлімше

Материалдар және қауіпсіздік

1.1Материалдарды зерделеу

1.2 Қауіпсіздік және еңбек мәдениеті

Жасау және дайындау

2.1 Құрастыру техникалары мен тәсілдері

2.2 Жұмыс кезеңдерін жоспарлау

Шығармашылық және презентация

3.1 Шығармашылық

3.2 Презентация және жұмысты бағалау


Оқу мақсаттарының жүйесі

1-Бөлім. Материалдар және қауіпсіздік

Бөлімше

Оқу мақсаттары

1.1 Материалдарды зерделеу

1.1.1 Табиғи және жасанды материалдарды ажырату

1.1.2 Табиғи және жасанды материалдардың қасиеттерін атау

1.1.3 Заттарды ортақ белгілері бойынша топтау, геометриялық фигураларды сипаттау және салыстыру

1.1.4 Заттардың қолданылу аясы мен құрылуы арасындағы байланысты орнату

1.2 Қауіпсіздік және еңбек мәдениеті

1.2.1 Материалдармен және құралдармен жұмыс жасау кезінде техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау

1.2.2 Еңбек пен шығармашылыққа арналған құралдарды дұрыс қолдану, үшкір және өткір заттар

1.2.3 Жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіру

1.2.4 Жобаны командада жасау, команда үшін маңызы мен өз орнын білу

1. 1. Материалдарды зерделеу

Табиғи және жасанды материалдарды ажырату. Құрылыс материалдарынан құрастыру әрекетін ұйымдастыруда педагог адамдарды, жануарларды, өсімдіктер мен көлікті бейнелейтін түрлі ұсақ ойыншықтарды қолдану.

Табиғи және жасанды материалдардың қасиетін атау: қағаз ( тығыз, жазу, жылтыр, жартылай ватман, жұқа картон) табиғи және (бүршік, жаңғақ, бұтақ, тұқым, шөп) қалдық материалдар (жұмыртқаның қорабы, сырты, тығындар, сүттің, айранның сыртындағы қабы, плсатик бөтелкелер және т.б.). Бұйымдарды жасауда қосымша материалдар: қағаз, картон, ермексаз, сым, сіріңке, желім және пышақ, қайшы, біз, ине қолданылады.

1. 2. Қауіпсіздік және еңбек мәдениеті

Материалдармен және құралдармен жұмыс барысында техника қауіпсіздігі ережелерін орындау. Құрылыс материалдарын олардың әрбір бөлшегіне арналған бөліктері бар арнайы шкафта сақтау, сондай-ақ онда материалды балалар кез-келгенін жылдам тауып алу үшін пішіндері бойынша орналастыру. Еңбек пен шығармашылыққа арналған қадалатын және кесетін құралдарды дұрыс қолдану. Жұмыс барысында құралдарды, жұмыс орнын ретке келтіру. Балаларды құрылыс бөлшектерімен, бөлшектердің қозғалатын және қозғалмайтын бірігуімен таныстыру, құралдармен қалай жұмыс істеуді көрсету және еңбек қауіпсіздігі ережелері туралы айту, суреттерден бөлшекті табуды, бұрандалар мен сомындардың көмегімен бекітуді үйрету. Конструктор әр балаға беріледі. Педагог оған не үшін қамқорлықпен қарауды түсіндіреді.


2-Бөлім. Жасау және дайындау

Бөлімше

Оқу мақсаттары

2.1 Құрастыру техникалары мен тәсілдері

2.1.1 Құрастыру түрлеріне сәйкес түрлі техникалар мен тәсілдерді қолдану

2.1.2 Құрылыстың қарапайым сызбаларына бағдарлану

2.2 Жұмыс кезеңдерін жоспарлау

2.2.1 Жұмыс алгоритіміне сәйкес құрастыру

2. 1. Құрастыру техникалары мен тәсілдері

Моделдеуді, құрастыруды және құрастыру бөлшектерін ажырата білуге, берілген тақырып, жағдай, сурет, фотосуреттер бойынша сөзбен сипаттама беріп, оларды құрастыруға үйрету.

Жаңа құрылымдық шеберліктерді үйрету: шағын жалпақ бөліктерді бір үлкеніне қосу, құрылыстарды мықты, биік етіп жасау. Бір құрылымның түрлі көлемдегі нұсқаларын және ұжымдық құрылыстарды (қала көшелері, зообақ, теңіз порты) жасау дағдыларын қалыптастыру.

2.2. Жұмыс кезеңдерін жоспарлау. Бұл жас кезеңінде балалар өз жұмысын жоспарлай білуге тартылады. Оны орындамас бұрын құрылыс қандай болатын елестетуі қажет; қажетті материалды ойластырады және таңдайды.


3-Бөлім. Шығармашылық және презентация

Бөлімше

Оқу мақсаттары

3.1 Шығармашылық

3.1.1 Өз ойы бойынша түрлі материалдардан құрастырып шығу

3.2 Презентация және жұмысты бағалау

3.2.2 Өзінің шығармашылық жұмысының нәтижесін сипаттау және бағалау

3. 1. Шығармашылық. Дайын үлгі, қарапайым сызба бойынша жұмыс жасай білу, контур бойынша ою мен тілуге қайшыны қолдану дағдыларын қалыптастыру.

Мазмұн бойынша ұжымдық құрастыруға баулу. Шығармашылық ойлауы мен қиялын дамыту. Қағаздан құрастыру әдістерін қолдана отырып, жазық материалдарды көлемді пішінге (жартылай конусты конусқа шиыршықтау, тік төртбұрышты цилиндрге, шаршыны текшеге айналдыру, өру) айналдыру.

Табиғи және қалдық материалдардың түрлерін ажырата білуге үйрету.

Сіріңке қораптарынан түрліше үйлестіріп, бұйымдар құрастыруды қалыптастыру. Табиғи материалдардан әртүлі ұсақ бұйымдар жасау.

Балалар дайын жұмыстарды талдау барысында, өзінің қандай зат жасағаны туралы (бұл педагогтың ұсынған шартына сәйкес келеді ме, не үшін басқа бөлшектерді емес, осы бөлшектерді қолданды, неге ғимарат осылайша безендіргенін) айтуы қажет.

Табиғи және қалдық материалдармен жұмыс дағдыларын жетілдіру: шығармашылық қиялын көрсетуі, бұйымды көрнекілікке, өзіндік елетестуіне қарай жасай білуі.



3.2 Презентация және жұмысты бағалау. Өзбетімен құрастыру әрекеттері балаларға өзінің және құрдастарының тәжірибелерін шығармашылықпен пайдалануға, өз әрекеттеріне талдау жасау білігін меңгеруге мүмкіндік береді. Бірлескен жұмыс барысында бір-бірінің жетістіктері мен сәтсіздіктерін байқауға үйренеді, көмекке келеді. Егерде құрылыс материалдарын шашып тастаса немесе құрастыру бөлшектерін жоғалтатын болса, қанша сәтті шықсада, жолдасының жұмыстарын оң бағалауға болмайтынын игеруі қажет; егер ол сонша тырысқан болса, ұялшақ, жайбасар құрдасының құрылыстарын көп сынауға болмайтынын түсінуі қажет.


«Жаратылыстану»

Мақсаты: заттар мен құбылыстар туралы алғашқы табиғаттану түсініктерін қалыптастыру, өзін табиғаттың бір бөлігі ретінде сезіну және қоршаған ортаға дұрыс қатынас жасау

Міндеттері:

- табиғат нысандарын бақылау дағдыларын дамыту, олардың кейбір ерекшеліктерін көру және ажырату: сыртқы кейпі, мінез-құлық әрекеті (жануарлар), өсіп-өну жағдайдары (өсімдік), оларға күтім жасау, табиғаттың жеке өзара байланысын көру;

- тұрмыстағы, табиғаттағы экологиялық салауатты мінез-құлықты қалыптастыру және жағымсыз қылықтардың неге әкелетінін алдын ала білу;

- балалардың сөйлеу тілін, зейінін, ойлауы мен бақылау жүргізіп, қарапайым қорытынды шығару білігін дамыту.


«Жаратылыстану» сабағының мазмұны
«Жаратылыстану» сабағының мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған. Оқу бөлімдері әрі қарай жинақталған білім, түсінік және дағдыларды қалыптастыру мақсаттарын көздейтін бөлімшелерден тұрады. Әрбір бөлімше ішінде реттілікпен құрылған оқу мақсаттары педагогқа жұмысын жоспарлауға, балалардың жетістіктерін бағалауға және оларға оқудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.


Бөлім

Бөлімше

Тірі табиғат

1.1 Табиғат әлемін танудың қарапайым әдістері

1.2 Өсімдіктер әлемі

1.3 Жануарлар әлемі

1.4 Адам

Өлі табиғат

2.1 Өлі табиғат денелері мен заттары

2.2 Табиғат құбылыстары

Физикалық құбылыстар

3.1 Қозғалыс және күш

3.2 Жарық

3.3 Дыбыс

3.4 Жылу

3.5 Электрлік және магниттілік

Табиғатты қорғау

4.1 Табиғатқа қамқорлық


2. Оқу мақсаттарының жүйесі

1 бөлім. Тірі табиғат

Бөлімше

Оқу мақсаттары

1.1 Табиғат әлемін танудың қарапайым әдістері

1.1.1 «Бақылау» ұғымын түсіну

1.1.2 Табиғат нысандары мен құбылыстарына қысқа уақыт аралығында бақылау жүргізу

1.1.3 Бақылау барысында туындаған заңдылықтар мен қорытындыларды қалыптастыру

1.1.4 Мұғалімнің көмегімен жаңа міндеттерді қою және оларды өздігінен/топта шешу.

1.1.5 Күнделікті өмірдегі табиғат туралы білімнің маңыздылығын түсіндіру

1.2 Өсімдіктер әлемі

1.2.1 Өсімдіктің тірі табиғат бөлігі екендігін анықтай отырып, өсімдік тіршілігіне қажетті жағдайдарды анықтау

1.2.2 Өсімдіктерді ағаштар, бұталар, шөптер тобына ажырату

1.2.3 Бөлме және жабайы өсетін өсімдіктерді салыстыру

1.2.4 Пиязшық арқылы көбейетін өсімдік түрлерінің өніп-өсуін бақылау

1.3 Жануарлар әлемі

1.3.1 Жануардың тірі табиғат бөлігі екендігін анықтау

1.3.2 Үй жануарлары мен жабайы жануарларды атап, сипаттау

1.3.3 Қыстап қалатын және жыл құстарды атау

1.4 Адам

1.4.1 Адамның дене мүшелерін атап, олардың қызметін білу

1.4.2 Сезім мүшелерін атап, олардың қызметін білу

1.4.3 Адамның өмір сүруіне қажетті жағдайларды білу

Балалардың бойында табиғатқа деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, олардың табиғатты қорғау туралы білімдерін кеңейту.

1.1.Табиғат әлемін танудың қарапайым әдістері. Табиғаттағы маусымдық өзгерістерді атауға, ажыратуға және бақылауға үйрету. Мысалы: педагогтың күзде мынадай ойындарды өткізуіне болады. «Әртүрлі бес ағаштан бес жапырақ алып, олардың қай ағаштың жапырағы екенін атау». «Ең әдемі жапырақтарды жинау», «Ең үлкен жапырақты табу» және «Сипаттамасына қарай ағаш пен бұтаны табу», «Қандай ағаштың жапырағы екендігін сипап білу».

1.2.Өсімдіктер әлемі. Табиғаттағы маусымдық өзгерістер туралы білім; тірі және өлі табиғат нысандарын бақылау. Бақылау барысында анықталған заңдылықтар мен қорытындыларды тұжырымдау (мысалы, күн сәулесінің және жылудың жеткіліксіздігінен және суық түсуінен өзгерістердің болуы). Халық ырымдарымен таныстыру. Жұмбақ, жаңылпаш және мәтелдерге орай, балалар қоршаған табиғатқа ерекше ықылас-ынтамен қарауға баулу. Жақын аймақта орналасқан ағаштар, бұталар, жапырақтар туралы түсініктерін бекіту, өздеріне тән белгілері бойынша ағаштар мен бұталардың бірнеше түрлерін ажырату.

Өсімдіктерді тірі табиғаттың бөлшегі ретінде өсімдіктер тіршілігіне қажетті жағдайларды анықтау. Барлық тіршілік сияқты барлық өсімдіктердің өсуі үшін белгілі бір жағдайлар (топырақ, жарық, жылу, су) қажет екенін үйрету. Адам өмірі үшін өсімдіктердің маңызын көрсету. Өсімдіктерді топтастыру: ағаштар, бұталар, шөптер. Көкөністер мен жемістерді атауға, ажыратуға және жалпылауға үйрету.

Өсімдіктердің дамуы мен өсуі (тұқым, өскін, жапырақты сабақтар, гүлдер, тұқым) туралы, оларды өсіру және оларға күтім жасау тәсілдерін (жерге отырғызу, суару, топырақты қопсыту, арам шөпті жұлу, қоректендіру) үйрету. Бөлме өсімдіктерін күтіп бағу, олардың вегетативті (бұтақтан, жапырақтан, мұртшалардан) көбеюі, өсімдіктердің жағдайы мен қоршаған ортаның жағдайлары арасында байланыс орнату білігін үйрету.

1.3.Жануарлар әлемі. Жануарларға бақылау жасау кезінде, әсіресе, олардың сыртқы пішіндеріне, мінез-құлық ерекшеліктеріне назар аудару. Табиғат бұрышындағы жануарлар тіршілігімен, ондағы тірі объектілерге күтім жасайтын қажетті құралдармен таныстыру. Балалармен бірге табиғатты бақылау күнделігін жүргізу. Кейбір жәндіктердің түрлері мен тіршілігі, олардың мекендейтін жерлері туралы түсініктерін қалыптастыру.

Жабайы аңдардың тіршілігі туралы түсініктерін кеңейту. Күз кезеңінде аңдардың сыртқы келбеті мен тіршілік ерекшеліктерін сипаттай білуге (мекендейтін жері, түсі, азығы, қысқа дайындығы) үйрету. Көктемгі-жаздық мезгілдегі жануарлардың тіршілігі туралы ұғымдарын кеңейту (кейбір жануарлардың қысқы ұйқыларынан оянуы, түлеуі, ұя салу, төлдеу). Қазақстанда мекендейтін жабайы жануарлармен (кірпі, сарытышқан, қарсақ, дала тасбақасы, қосаяқ, құлан), олардың сыртқы келбетімен, мекендейтін жерлерімен таныстыру.

Қыстап қалатын және жыл құстары туралы ұғымдарын қалыптастыру.

1.4.Адам. Балалардың өскелең танымдық қызығушылықтары қоршаған шындық өмір құбылыстарын, олардың байланысы мен тәуелділігін терең ұғынуына мүмкіндік береді.

Адам ағзасының атқаратын қызметін білу және сезім мүшелерін атау. Алты-жеті жастағы балалардың ақылы мен сезімін байыту үшін табиғаттың, сәулеттің, өнер туындыларының әсемдігін көруге қабілетті. Адам өміріне қажетті жағдайларды білу.


2 бөлім. Өлі табиғат

Бөлімше

Оқу мақсаттары

2.1 Өлі табиғат денелері мен заттары

2.1.1 Өлі табиғатқа жататын денелер мен заттарды анықтау

2.1.2 Су мен ауаның қасиеттерін сипаттау

2.1.3 Күнделікті өмірдегі өлі табиғат денелері мен заттарының қолданылу аясын атау

2.2 Табиғат құбылыстары

2.2.1 Табиғат құбылыстарын сипаттау (жел, тұман, найзағай, жаңбыр және т.б.)

2.2.2 Маусымдық өзгерістердің тірі табиғатқа тигізер ықпалын анықтау

2.1 Өлі табиғат денелері мен заттары. Өлі табиғатта маусымдық өзгерістер туралы ұғымдарды қалыптастыруды жалғастыру. Түсі, көлемі, пішіні мен маңызы бойынша заттарды салыстыру және оларды жіктеуді білу. Кез-келген зат адам еңбегімен жасалғаны туралы түсінік беру. Адам қолынан жасалған заттарға ұқыптылықпен қарау.

Телефон, компьютер, теледидар, радио және оларды қолданудың кейбір қарапайым ережелері туралы білімдерін кеңейту.



2.2 Табиғат құбылыстары Адам қолымен жасалған заттарды өлі табиғат заттарынан ажырата білуге үйрету. Судың үш жағдайы туралы білімдерін бекіту. Өлі табиғат нысандарымен, олардың қасиеттерімен және белгілерімен таныстыру: көмір, құм, сазбалшық, мұнай, гранит. Атап, оларды ажырата білуге үйрету.

Заттар, олардың нышандары мен белгілері туралы ұғымдарды бекіту. Табиғат құбылыстары туралы білімдерін кеңейту: тұман, шық, найзағай, қырау, бұршақ, сүңгі, тамшы, жылымық.


3 бөлім. Физикалық құбылыс

Бөлімше

Оқу мақсаттары

3.1 Қозғалыс және күш

3.1.1 Қозғалмалы және қозғалыссыз денелерді ажырату

3.2 Жарық

3.2.1 Жарық шашатын нысандарды атау: от, Күн, шам

3.3 Дыбыс

3.3.1 Табиғаттағы дыбыс көздерін анықтау

3.4 Жылу

3.4.1 Жылу көздерін атау

3.5 Электрлік және магниттілік

3.5.1 Электр тогының табиғи көздерін атау

3.5.2 Магниттерді қолдану жолдарын пайымдау

Балалардың дене құбылысы туралы білімдерін дамыту: жарық (жарық беретін нысандарды атау – от, күн, шырақ), дыбыс (табиғаттағы дыбыстың дерек көзін анықтау), жылу (жылудың дерек көзін атау), электр және магниттілік (электр тоғының табиғи дерек көзін атау, магнитты қолдану жолдарын атау).

3.1. Қозғалыс және күш Қардың тез ерігенін (көлеңкеде неме күн астында), қандай қар тез еритінін (таза немесе лас) бақылау тапсырмасын беру. Көктемде күш жинап алу үшін қыста ағаштар мен бұталар демалатынын түсіндіру керек. Күннің көрінетін қозғалысына бақылау жасау, балаларға желтоқсан айында күн жоғары көтерілмейтіні, күндер өте қысқа болатыны, ал қаңтар айында, әсіресе, ақпанда күн шамалы ұзара бастайтынын, алайда, аяз әлі де болса қатты болатыны туралы түсінік беру; ақпан айында тек қана аяз емес, сонымен қатар боран мен бұрқасын да болатынын айту.

3.2. Жарық Балаларды көктемде тіршіліктің жандануы қуантады, оларды болып жатқан өзгерістер қуантады. Бұл қызығушылықты қолдау қажет. Жарық беретін нысандарды атап көрсету: от, күн, шырақ.

3.3. Дыбыс Құстардың ұялайтын орнына серуен ұйымдастыру. Құстардың ән салғанын тыңдау, көкекті, бұлбұлды, қараторғайды дауыстары бойынша анықтауға үйрету. Табиғаттағы дыбыстың шығу көзін анықтау.

3.4. Жылу Серуенде балалардың назарын күннің күнделікті жоғары көтеріліп, ауа райының жыли бастағанына аудару керек. Жылудың дерек көзін атап көрсету. Педагог қардың қорғаныштық (жерді және өсімдіктерді аяздан қорғап жабады, қар жабындысы көктемде өсімдіктер үшін ылғал көзі болып табылады, сондықтан егістіктерде қар тоқтату жүргізіледі) қасиеттері туралы атау қажет.

3.5. Электрлік және магниттілік

Электрдің табиғи дереккөздерін атау. Салыстыру тәсілі тиімді әдіс болып табылады. Балалар заттарды салыстыра отырып, олардың ұқсастық белгілерін айқындайды, айырмашылығын анықтайды. Магнитті қолдану жолдары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет