Сәлеметсіз бе! Қайырлы күн! Қонысбек Алишершарип дт-ф-16



Дата05.06.2020
өлшемі19,35 Kb.
#72445
түріСабақ
Байланысты:
батп 22


Сәлеметсіз бе! Қайырлы күн!

Қонысбек Алишершарип ДТ-Ф-16

Сұрақ:


  1. Суда жүзуге үйретуді ұйымдастыру

Оқушыларды суда жүзуге үйрету өз мақсат-мүмкіндігіне орай жасанды су
қоймаларында, су станцияларында және табиғи су қоймаларында өткізіледі.
Негіінен бағдарлама бойынша суда жүзуді үйрету 4-сыныптан басталады. Әр сабақтың ұзақтығы 45 минут, соның ішінде 15 минутында оқушылар демалып, 30 минут суда жүзулері керек. Бассейнде өткізілген сабаққа қосымша душ қабылдау үшін уақыт қосылады. Мұғалім сабақта жаттықтырушымен бірге өткізеді. Сонымен қатар дене шынықтыру мұғалімі балалардың сабақ кезіндегі тәртібін қатты қадағалайды. Ал кіші мектеп оқушыларымен сабақ өткізген кезде ата-аналармен тығыз байланыста болу керек. Сол сияқты мұғалімге жақсы жүзе алатын жоғары сынып оқушылары да көмекші бола алады. Мұғалім алғашқы сабағында жасанды су қоймасында суға жүзу және үйрену ережелерімен таныстырады. Бірінші сабақта сынып тек дайындық жасайды. Бұл кезде мұғалім қай оқушының суда жүзуді білетінін және қайсының білмейтінін анықтауы керек. Тексеріс кезінде суда екі адамнан артық болмауы керек. Сондай-ақ оқушы судан қатты қорықса оны міндетті түрде суда жүзуге үйретудің қажеті жоқ. Суға түсу және судан шығу міндетті түрде мұғалімнің бұйрығымен орындалады. Әдетте мұғалім балаларды тәртіпке шақырған кезде ысқырықты пайдаланады. Мысалы, мұғалім екі рет ысқырса-ол Назар аударыңдар!,ал үздіксіз ысқырса-Тоқтатыңдар! деген мағынаны білдіреді.
Сабақ кезінде балалар суда ойнағанды жақсы көреді. Сондықтан дене шынықтыру мұғалімі Құтқарыңдар,суға батып барамын! деген жалған дабыл қағатын оқушыларды алғашқы сабақтан бастап жазалауы тиіс.
Әдетте суда жүзу сабағы топтық түрде өтеді. Мұғалім суда жүзу
қабілеттеріне қарай сыныпты бірнеше топқа бөледі. Мұғалімнің міндетті түрде көмекшілері болуы керек.

Сынып үш топқа бөлінеді:


1. суда нашар жүзетін балалар тобы-бұл топпен мұғалімнің
көмекшісі жұмыс істейді;
2. негізгі топ-бұл топпен мұғалім өзі жұмыс істейді;
3. суда жақсы жүзетін балалар тобы-бұл топпен мұғалімнің екінші
көмекшісі жұмыс істейді.
Әр топтағы балалар саны 10-12-ден аспау керек. Қыз балалар мен ер
балалар суға жүзуді бірге үйрене береді. Қорыта айтқанда суда жүзуді
үйрету сабағына дене шынықтыру мұғалімі өте үлкен жауапкершілікпен
дайындалуы керек. Дене шынықтыру сабақтарын бастамас бұрын 1-1,5 ай бойы оқушыларды дайындау жұмыстары жүргізіледі. Оқушылар міндетті түрде үйде жаттығуларды жалғастырып, таңертеңгі жаттығуды үзбеулері керек.



  1. Суда жүзуге үйретудің түрлері

Сабақ негізінен үш бөлікке бөлінеді:
1. Дайындық бөлімі
2. Негізгі бөлім
3. Қорытынды.
Сабақтың бірінші және үшінші бөлімдері құрғақ жерде, ал негізгі бөлімі
суда өткізіледі. Сабақтың ұйымдастыру кезеңі 10-15 минутқа созылады. Бұл
кезде мұғалімге рапорт беріліп, суда жасалынатын жаттығулар ауада
көрсетіледі. Ұйымдастыру кезеңінде оқушылар сабақтың мақсатымен толық танысады. Егер сабақ табиғи су қоймасында өткізілетін болса, оның түрі ауа-райына байланысты өзгеріп тұрады.
Сабақтың негізгі бөлімінің мақсаты-суда жүзу техникасын үйрену. Негізгі
бөлімнің ұзақтығы оқушылардың дайындығы мен судың температурасына
байланысты болады.
Сабақтың қорытынды бөлімінде оқушыларға берілетін тапсырманың көлемі
біртіндеп азайтыла береді. Бұл бөлімде әр түрлі ойындар жүргізіледі.
Қорытынды бөлімнің ұзақтығы 5-10 минут болады. Сабақ аяқталғаннан кейні оқушылар киінбес бұрын міндетті түрде құрғатылып сүртілуі керек.
Мүмкіндігі бар мектептерде дене шынықтыру сабағын суда өткізудің басқа да формалары болады. Олардың бірі-суда жақсы жүзетін оқушылардан құралған топ-секция. Секция құрамынан арнайы мектеп белсенділері құрылады. Суда жүзу секциясында теориялық және практикалық сабақтар жүргізіледі. Практикалық сабақтарда оқушылар суда жүзу техникасын жетілдіріп, суда жүзуге дайындықтарын жақсартады. Арнайы топтың жұмысы оқушыларды үнемі сабаққа қатыстырып, суда жүзу спорты түріне оқушылардың қызығушылығын оятып, суда жүзудың қосымша түрлеріне үйрету болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет