Сабақ тақырыбы: «Өркениет»



бет1/2
Дата15.11.2022
өлшемі264,5 Kb.
#158347
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
doc1575787040
психолинг лк3

Қысқа мерзімді жоспар

Қысқа мерзімді жоспар

Мектеп: №39 Л.Жолдасов жоббм кмм

Күні:



Мұғалімнің аты-жөні: Ермекбаева Гулайна

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

«Өркениет» түсінігі




Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.1.1.1 - тарихи оқиғаларды, процестер мен құбылыстарды түсіндіру үшін «өркениет», «өркениет типі» терминдерін қолдану;
10.1.1.2 - «Өркениет» түсінігін зерттеудің негізгі әдістерін түсіндіру

Бағалау критерийлері

  • «Өркениет» және «өркениет типтері» түсініктерін біледі.

  • Түрлі өркениеттердің байланыстарын тарихи үдерістердің заңдылықтарына сәйкес қарастырады.

  • Талқылау барысында қоғамның өркениеттік дамуының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды (кем дегенде 3 мысал).

  • Өркениеттің өзара байланысы мен өзара әсері жайында қорытынды шығарады.

Тілдік мақсаттар

Маңызды терминдерге анықтамалар беретін глоссарий құрастыру.

Құндылықтарды дарыту

Ұлттық салт-дәстүрді құрметтеуге үйрету, толеранттылыққа тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Сабақ тақырыбы философия, дінтану, әлеуметтану, саясаттану, Қазақстан тарихымен байланысты.

АКТ қолдану дағдылары

Интернет-ресурстар, планшеттер, ноутбуктерді пайдалану.

Бастапқы білім

Берілген тақырып «Дүние жүзі тарихы» және «Қазақстан тарихы» пәндері бойынша көне заман дәуірінен бүгінгі күнге дейінгі алған білімге негізделген. Ол оқушыларға адам дамуының жолдары мен заманауи әлемнің түрлі модельдері арасында ұқсастықтар жасауға көмектеседі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы
5 мин

  • Сыныпқа сұрақ:

Суреттерге қарап бүгінгі сабақтың тақырыбын болжап көріңіздер.

Тақырыпты анықтағаннан кейін оқу мақсатымен, бағалау критерийлерімен таныстыру.



  • Терминдермен жұмыс. Терминдермен таныса отырып, өз түсініктерімен бөлісу.

Өркениет – тарихи дамудың белгілі бір кезеңіндегі белгілі бір ұлтқа тән материалды, рухани және әлеуметтік өмірдің сапалық ерекшеліктері.
Өркениет типтері – дамудың ортақ қырлары, элементтері және заңдылықтары белгілі бір мәдени-тарихи кезеңдерге бөлінген процесс

Слайд №1-5




Сабақтың ортасы
30 мин

  • Топпен жұмыс (20 мин)

1 тапсырма.
Оқушылар топқа бөлінгеннен кейін үлестірме материалдар таратылады. Осы мәліметтер көмегімен оқушылар «Өркениет түсінігі. Өркениеттік дамудың негізгі типтері» тақырыбында кластер құрастырады.


Дискрипторлар
Тарихи процестер заңдылықтарына сәйкес түрлі өркениеттердің байланысын көрсету.
Өркениеттің адамзаттың тарихи дамуына әсер етуі туралы қорытынды жасау


  • Пікірталас (10 мин)

2 тапсырма.
Адамзат өркениетін қандай болашақ күтеді: жеке немесе жеке өркениеттер жиынтығы?
Бұл мәселе бойынша қандай пікіріңіз бар?
Қазіргі Қазақстан қай өркениетке жатады (Батыс, Шығыс)?

Слайд №6
Қосымша

Слайд №7


Сабақтың соңы
5 мин

  • Рефлексия

Тақырыпты толық түсіне алмадым
Тақырып ашылды, барлығы түсінікті
Сұрақтар туындады


Слайд №8



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет