Көрсетуге арналған көмекші құрал Құрастырушылар: Каримова С. Е, Бикеева Б. М, Ертышпаева Ж. Ж



Дата25.12.2016
өлшемі53,34 Kb.
#5052
Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің

24 «А» бастауыш қазақ мектебі» ММ




Ойнайық та, ойлайық
Ана тілінен мәтінді меңгертудің тиімді жолдарын

көрсетуге арналған көмекші құрал


Құрастырушылар: Каримова С.Е, Бикеева Б.М, Ертышпаева Ж. Ж.




Қостанай қаласы

Кіріспе

Бастауыш сыныпта оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнын жаңарту, оны жаңа деңгейге көтеру мұғалімдерге үлкен жауапкершілік жүктейді. Оқушылар мұғалімнің көмегімен сөйлеу, жазу, ойлау дағдыларын игере бастайды.

Оқушыға терең де тиянақты білім, жан – жақты тәрбие беруде ана тілінің алатын орны ерекше.

Ана тілі сабағында оқушы мәтіннің мазмұнын терең түсініп, көркемдік мәнін ұғады, әдебиеттану түсініктері қалыптасады. Бұл әдістемелік құралдың басты мақсаты – бастауыш сынып мұғалімдеріне ана тілін оқытудың

әдіс – тәсілдерін ұсыну, жұмыстарын жеңілдету. Оқушының жас ерекшеліктері, сауаттылық деңгейлері, танымдық, логикалық ой – өрістерінің дамуы ескерілді.

Ұсынылып отырған көмекші құрал 1 – 4 сынып оқушыларына арналған. Берілген тапсырмалар оқулықтағы мәтінмен жұмыс жасау, түсініп оқу, дұрыс оқу, шапшаң оқу дағдыларын қалыптастыруға байланысты жаттығулар, мұғалімнің көрсеткен үлгісі бойынша мәтінді мәнерлеп оқу, көркем сөздерді табу т.б. жұмыс түрлері жатады.

Оқушыларды іздендіретін өзбетінше өлең немесе әңгіме құрастыру, шығарма жазу, мәтінді толықтырып айтып беру, мәтінді сөйлесу (диалог) арқылы әңгімелеу, көлемді шығармаларды жинақтап, қысқартып әңгімелеу, оқыған шығарманың мазмұнын толық өзгертіп әңгімелеу, оқылған мәтіннің мазмұны бойынша сурет салу, сурет бойынша әңгіме құрастыру т.б. жұмыс түрлері жатады.

Ана тілі пәнінің алдына қойған мақсатынан мынадай міндеттер туындайды:



  • Оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру және жетілдіру;

  • Көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығын ояту;

  • Шығарманың түпкі мазмұн – мәнін түсінуіне, сезімталдықпен қабылдануына (кейіпкерлердің көңіл күйіне ортақтасу, күйіну- сүйіну т.б.) қол жеткізу;

  • Мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін, сөйлем мен сөйлеу үлгілерін үйрете отырып, ана тіліміздегі сөз мағыналарының түрленуіне көңіл аударту;

  • Шығармадағы көркем бейненің ерекшеліктерін аша білуге бағыттау;

  • Ауызша және жазбаша байланыстырып сөйлеуін (ойын еркін жеткізу, сауатты да, мәнді, түсінікті жазабілу) дамыту;

  • Өзіндік ой – пікірін айта білуге баулу;

  • Оқушылардың бойына ізгілік пен имандылық, адалдық пен мейірімділік сияқты адамгершілік қасиеттерді дарыту

Бұл көмекші құрал мынандай тақырыптар бойынша топтастырылған:

І. Оқу дағдысын жетілдіру жолдары.

ІІ. Мұғалімге арналған әдістемелік негіздері

ІІІ. Оқылатын мәтінге байланысты мұғалімнің өз дайындығы.

ІV. Мәтінді түсініп қабылдау үшін оқушылармен жүргізілетін жұмыстар.

V. Жаңа материалдарды түсініп қабылдау үшін сабақ үстінде жүргізілетін жұмыстар.

VІ. М.И. Оморокованың іс тәжірибесінен алынған тренажерлардың үлгісі

VІІ. Дидактикалық ойындар

VІІІ. Көмекші сызбалар мен кестелер

ІХ. Мәтінмен жұмыс істеу түрлері

Х.Көркем шығармалардың кейбір түрлерін оқыту

ХІ. Мазмұндама мен шығарма жұмыстары.

І. Оқу дағдысын жетілдіру жолдары.
Оқу сабақтарында білім мен тәрбие алу үшін қажетті әр түрлі оқу дағдылары қалыптасады. Оқу дағдысын қалыптастыру әдеби жазба тілі және сөйлеу тілімен байланысып жатады. Оқушылармен жүргізілетін түрлі жаттығулар, тілдің заңдылықтарды, ережелері меңгертілгенде ғана оқу дағдысын қалыптастыруға болады.

-Бастауыш сынып оқушылары оқулықтағы қысқа мәтіндерді ғана оқып жаттығатын болса, кейін 7 – 8 сыныптарға барғанда жаңа пәндер көбейіп қана қоймай, ондағы тапсырмалар көлемі де ұлғаяды, әдебиет, география, тарих, физика мен биология пәндеріне кіреді.

Егер бастауыш сынып оқушысы минутына 38 сөз оқитын дәрежемен орта буынға шықса, ол 6 – 7 сыныптарда 8 беттен тұратын 6500 сөзді 170 минут, яғни 3 сағатта оқып шығуына тура келеді. Ал баяу оқитын бала мәтін мазмұнын 1 рет оқығанынан түсінуі мүмкін емес, сондықтан оған 2 – 3 рет қайталап оқу керек. Сонда оған тапсырманы оқып шығу үшін 9 сағат уақыт қажет болады. Оған мектепте өткізетін 6 сағат уақытын қоссақ, 15 сағат шығады. Ал үйге тек оқу ғана емес, жазба жұмыстары да беріледі. Сондықтан балаға 24 сағат уақыт та жетпеуі мүмкін. Мұндай ұзақ уақыт жұмыс істеу мүмкін емес.Сол себептен балалар үлгірмеушілер қатарына қосылады. Осыдан жоғары сыныпта оқу сапасы күрт төмендеп, үлгірмеушілер қатары көбейеді. Бұл, әрине, оқушының психологиясының бұзылуына әкеліп соғады. Оның оқуға деген қызығушылығы болмайды.

Болашақта осындай жағдайларды болдырмау үшін бастауыш сыныпты бітіріп шыққан оқушы минутына кем дегенде 120 -130 сөз оқитын болуы керек. Осы мәселеге байланысты біздің көрсетіп жатқан жұмыстарымыздың бір түрі – « Көру диктанттары». Жүргізу уақыты 5 – 8 минут.



18 жинақтан тұрады. Әрбір жинақ 6 сөйлемнен құрылған. Әрбір сөйлемдегі әріптер саны мен есте сақтау уақыты берілген. 8 әріптен тұратын сөйлемді 4 секунд есте сақтап жазу керек. Келесі жинақтарда әріптер саны көбейіп күрделене түседі. 18 – жинақта 46 әріптен тұратын сөйлемді 8 секунд есте сақтап жазып беру керек. Бұл жұмысты үздіксіз, күнде – күнде қайталап, 54 күн қатарымен жүргізу керек. Бұл, біріншіден, оқушының оқу шеңберін кеңейтеді және оның зейінін, есте сақтау қабілетін дамытуға көмектеседі. Грамматикалық қателерді азайтуға әсер етеді.
Каталог: images
images -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
images -> Абай Құнанбайұлы (1845—1904)
images -> Автобиография кандидата в депутаты районного маслихата по избирательному округу №5
images -> «Қазақстан тарихы» пәнінен «6М020300-тарих» мамандығына арналған жазбаша емтихан сұрақтары 1 блок
images -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет
images -> Үлгілік оқу жоспары
images -> Сембі Жансая Хасанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет