Топ : ИС-011б, В-011б Сабақтың тақырыбы: Тақырып 19. Кәсіпорындардың басқару құрылымын ұйымдастыру, оның сипаттамасы Жұмыс барысы 1. 19 тақырып бойынша тапсырманы орындайсыздар
2. Видео сабақты көресіздер
3. Презентацияны қарап тапсырманы орындаймыз
Тақырып 19. Кәсіпорындардың басқару құрылымын ұйымдастыру, оның сипаттамасы
1. Кәсіпорын құрылымы Басқарудың ұйымдастыру құрылымы – бір-бірмен белгелі қарым-қатынаста және тәуелділікте болатын және коммуникациялық каналдармен қосылған, басқарудың дербес буындарының (бөлімшелерінің және қызметтерінің) реттелген жиынтығы.
Құрылымда келесіні бөліп айтуға болады:
1) жалпы басқару буындары (дирекция);
2) сызықтық басқару буындары (негізгі қызметтің бөлімшелерін басқару органдары);
3) функционалдық басқару буындары (жоспарлау бөлімі және т.б.).
Бір деңгейдің буындардың жиынтығы басқарушылық сатыны құрайды.
Басқарудың ұйымдастырушы құрылымымен байланысты негізгі түсініктер:
1) элементтер (буындар);
2) деңгейлер;
3) байланыстар;
4) өкілеттіліктер.