1. БАСҚАРУ ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1 Басқару психологиясының пәні, басқару эволюциясы
2 Басқару психологиясының теориялық-әдіснамалық негіздері
3. Басқару психологиясы туралы түсінік, оның мазмұны
1.1 Басқару психологиясының пәні, басқару эволюциясы Басқару эволюциясына келетін болсақ,басқару өте ежелгі тәжірибе болып саналады. Адамдар топтар мен ұйымдарға бірігіп, өмір сүре бастаған кезден басқару қажеттілігі пайда болды. Ерте кездегі Вавилонды, Египет пирамидаларын, Македонияны, Римді еске алатын болсақ, соның барлығы да үлкен үйлестіру, ұйымдастыру қызметтері арқылы жүзеге асырылып келді. Дегенмен, басқару-қызмет пен тәжірибе ретінде өте ежелгі сипатқа ие болғанымен, ғылым мен зерттеу саласы түрінде салыстырмалы түрде алғанда жаңа болып табылады. Өйткені, көптеген басқару қызметін орындайтын орта буын басшыларының болмауы, басқару қызметтерінің нақты және деректі түрде бөлінбеуі, басшылықтың мұрагерлік және тартып алу арқылы берілу әдісі осыған түрткі болды. Қорыта айтқанда, ХХ ғасырға дейінгі кезеңде жүйелі, жан жақты түрде басқару ғылымы жайлы ешкім терең ойлана қоймады. Мәселен, ХХ ғасырдың басындағы Нью-Ланердегі Роберт Оуэннің батыл да тамаша әлеуметтік сипаттағы тәжірибесін ешбір басшы өз тәжірибесінде қолдаған емес. Басқаша айтқанда, соңғы ғасырға дейінгі басқарудың ғылыми әдістемелік маңызы айтарлықтай дамымай келді.
Өндірісті шоғырландыру мен жаратылыстану-техникалық білімдері жетістіктері нәтижесінде басқаруға ғылыми жүйе ретінде қызығып көңіл бөлу ХХ ғасырдың басынан орын алады. 1991 жылы жарияланған Фредерик У.Тэйлордың «Ғылыми басқару қағидалары» атты еңбегі осы үлкен ғылыми бастаманың ұйытқысы еді. Тэйлордың пікірінше, тиімді ғылыми басқару ұдайы бақылау, тәжірибе жасау және ой – саналық, топшылау арқылы анықталған көрсеткіштер көмегімен бизнесті жандандыратын қызмет саласы болып саналады. Тэйлор өз теориясын тұжырымдай отырып мынадай тоқтамға келді: «дәстүрлі әдістің орнына ғылым, қарама-қарсылықтың орнына - үйлесімділік, дербес жұмыстың орнына ынтымақтастық, еңбек өнімділігін арттыру, өте қажетті барынша қолайлы жағдай жасау ...» Басқару жүйесінің жалпы тұжырымдамалары, қазіргі кездегі басқару теориясының дамуы - ғылыми басқару мектебінің өкілдері Ф. Тейлор және Х. Гильберт, Г. Гант, Г. Эмерсон және Г. Фордтың еңбектерімен тығыз байланыстырылады. Ф. Тэйлор ғылыми басқаруды көрсеткіштер уақыт пен міндетті зерттеу, ұдайы сұрыптау және баулу, ақшалай ынталандыру салаларын да дамытты. Ф. Тэйлордың ғылыми басқару жүйесіндегі қағидалары мынадай: