Басқару психологиясының пәні, басқару эволюциясы


Басқарудың әдіснамасында: жүйелілік, жағдайға байланысты және процестік келістер бар. Басқарудағы басты әдіснамалық келіс жүйелілік



бет6/7
Дата08.02.2022
өлшемі38,38 Kb.
#123059
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Басқ псих -1-лек

Басқарудың әдіснамасында: жүйелілік, жағдайға байланысты және процестік келістер бар. Басқарудағы басты әдіснамалық келіс жүйелілік. Жүйелілік келіс бір - бірімен күрделі байланысы мен қатынастарын, сондай-ақ оның барлық бөлімдерінің қызметін келістіру арқылы ұйымды біртұтас етіп көрсетеді. Жүйелілік келіс тұтас ұйым мен оның бөлімдерінің арасында кері байланыс ұстанымының болуын талап етеді.
Ұйымдағы кері байланыс оның тұтас және қоршаған ортамен, сондай - ақ, қоршаған ортаның бөліктерімен байланысы. Бұл ұстаным түрлі сапалардың диалектикасын көрсетеді. Ұйымның қалтқысыз қызметі көптеген факторларға әсер етеді, олардың мәнділері психологиялық және әлеуметтік-психологиялық феномен.Жүйе (system) - бір - бірімен байланысты, әрқайсысы тұтас құрылымның ерекше сипатына нақты үлес қосатын бөліктердің бірлігі.
Сыртқы ортамен динамикалық қарым-қатынаста болатындықтан ұйым ашық жүйе болып табылады. Басқару мәселесіне қатысты жүйелілік келістегі басты орындалуы тиіс әрекеттерге жататындар:зерттеу объектісін анықтап, бөліп қарау; жүйенің мақсаттарының иерархиясын және оның бөліктерінің мақсаттарында бейнеленуін анықтау; әрбір бөліктерінің жүйеге әсерін және олардың жұмысына жүйенің кері әсерін сипаттау; зерттелетін бөлімдердің қызметін жетілдірудің мүмкін жолдарын анықтау.
Жағдайга байланысты келіс оны басқаша «нақты келіс» деп те атайды. Басшының мүмкін болатын әдісті колдануына негіз болатын - нақты жағдай және ол тиімді болып табылады. Жағдайға байланысты келіс тұжырымдамасы ұйымның өзінің ішкі ауыспалы және сыртқы ортадағы өзгеріп тұратын факторларға сәйкес тиімді шешім қабылдау қызметі. Бұл келісте танымал басқару мектептерінің қағидаларының шоғырлануы негізінде белгілі тәсілдер аралас қолданылады. Ұйымның мақсатқа қол жеткізуінде бұл тұжырым барынша тиімді деп есептелінеді.
Процестік келістер басқару бір-бірімен байланысты әрекеттердің нәтижесінде орындалатын қызметтердің үздіксіз байланысы екенін көрсетеді.
Өндірістің даму қарқыны мен психологиядағы, әлеуметтік психологиядағы, әлеуметтік ұйымдастыру салаларындағы ғылыми зерттеулер басқару саласының дамуына ықпал етті. Басқаруды адамның ерекше іс-әрекеті ретінде бағалау басқару теориясына «басқару мектебі» түсінігін енгізді.
Негізінен басқару теориясының тарихында мынадай басқару мектептерін атап өту қажет:
1.1885-1920 жылдары қарқынды дамыған ғылыми басқару мектебінің басты ұстанымы:
Мақсатқа қол жеткізу тәсілдерін ғылыми талдау арқылы аныктау;
Мақсатқа қол жеткізуге мүмкіндігі бар жұмысшыларды іріктеп және олардың білім алуын қамтамасыз ету;
Жұмысшыларды мақсатқа тиімді қол жеткізуге қажет ресурстармен қамтамасыз ету;
Өнімділікті арттыру үшін материалдық ынталандыруды жүйелі және дұрыс пайдалану:
Жоспарлауды жұмыстың басқа түрлерінен бөлу.
2. Классикалық басқару мектебінің (1920-1950 жылдары) ұстанымы:
Басқару ұстанымын жетілдіру;
Басқару қызметін сипаттау.
Тұтас ұйымды басқарудағы жүйеленген келіс.
3. Басқару ғылымы мектебі 1930 жылдан осы уақытқа дейін басты ұстанымы:
Моделдерді жасап, қолдану арқылы күрделі баскару мәселелерін терең түсіну;
Басшыларға көмек ретінде күрделі жағдайларда шешім қабылдау үшін сандық әдістерді жетілдіру.
4. Басқару мектебі немесе сандық келіс (1950 жылдан осы уақытқа дейін) деп аталады, басты ұстанымы:
Басқаруда математиканың, статистиканың инженерлік ғылымның жетістіктерін пайдалану;
Басқаруда эканомикалық-статистикалық әдістерді қалыптастыру.
5. Адамдар қарым-қатынасының мектебі, мәні жағынан психологиялық мектеп болып табылады.
Мұнда жауапкершілік, қарым-қатынас, кіші топтағы жағымды психологиялық ахуал сияқты психологиялык құралдар қолданылды. Мұнда ең бастысы әлеуметтік араласу, мотивация, биліктің беделі, қарым-қатынас, көшбасшылық т.б., құбылыстарға баса назар аударылды. Жиырмасыншы ғасырдың алпысыншы жылдарынан бастап, ұйымды басқаруда толығынан психологиялық бағыт кеңінен қолданыла бастады. Психологиялық мектептің басты мақсаты адами факторды жандандыру, адамдардың белсенділігін арттыру арқылы ұйым қызметінің тиімділігін арттыру болды. Басқару саласында басты назар әлеуметтік-психологиялық, яғни өзара қарым-қатынасты, топтағы мінез - құлықты бақылап, оны реттеуге бағытталды. Америка, ағылшын, неміс ғалымдары: Г.Минцберг, Ч.Барнард, П.Дукер, Г.Саймон, С.Арджирис, П.Питерс, В.Зигерт, Л.Ланг, М.Вудкок, Д.Фрэнсис т.б.еңбектерінде басқару, менеджмент мәселелері терең қарастырыла бастады.
Басқару қызметі адамзат қоғамымен бірге жасап келе жатқан іс-әрекеттің түрі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет