Табиғи географиялық факторларға қарай мемлекеттердің шаруашылық мамандандырылуы



Дата04.01.2022
өлшемі275,94 Kb.
#109446
Байланысты:
54 лекция
Документ, Документ, Документ

Табиғи географиялық факторларға қарай мемлекеттердің шаруашылық мамандандырылуы

МК20-1 Мұстафа Мағжан

Табиғи- географиялық орта

  • Табиғи-географиялық орта деген адамзат қоғамының өмір сүруі мен өндірістік қызметіне қажетті жағдайлар туғызатын табиғи жағдай. Ол қоғамның өмір сүру ауданы, ресурс көзі болып, адамдардың рухани әлеміне, денсаулығы мен көңіл күйіне, сонымен қатар қалыптасуы мен әлемдік шаруашылық жүйесінің дамуына әсер етеді.
  • Адамзат өркениетінің алғашқы сатыларында дамудың жоғары жетістіктеріне аса ыңғайлы климаттық жағдайы бар елдер жеткен. Ал кейінірек өндіргіш күштер пайда болып, қатал табиғи-климаттық жағдайдағы аудандарды бірте-бірте игеру арқылы жоғары даму деңгейіне жеткен жаңа орталықтар қалыптаса бастады.

Ресурстық факторлар

  • әлемдік қор болып табылады табиғи ресурстар геологияны, топырақты, ауаны, суды және барлық тірі организмдерді қамтиды. Кейбір табиғи капиталдар адамдарға ақысыз тауарлар мен қызметтерді ұсынады, оларды жиі атайды экожүйелік қызметтер. Оның екеуі (таза су және құнарлы топырақ) біздің экономикамыз бен қоғамымызға негіз болады және осылайша адам өмірін мүмкін етеді.
  • Бұл экономикалық ұғымның жалғасы капитал табиғи ресурстар ұсынатын тауарлар мен қызметтерге (көбірек ресурстар өндіруге мүмкіндік беретін ресурстар). Мысалы, абаттандырылған орман немесе өзен жаңа ағаштардың немесе балықтардың шексіз тұрақты ағындарын қамтамасыз етуі мүмкін, ал бұл ресурстарды шамадан тыс пайдалану ағаштың немесе балық қорының тұрақты төмендеуіне әкелуі мүмкін. 

Халықаралық еңбек бөлінісі

  • Халықаралық географиялық еңбек бөлінісі — қоғамдық еңбек бөлінісі дамуының жоғары сатысы; әлемдік өндірістің даму сатысы.
  • Ол бір ел шеңберінде ғана емес, сонымен бірге мемлекетаралық, аумақтық еңбек бөлінісіне негізделеді. Еңбек бөлінісінің бұл сатысында мемлекеттер шикізаттың, тауарлардың жекелеген түрлерін өндіруге, қызметтердің жекелеген түрлерін көрсетуге, яғни жекелеген елдер өнімнің осы елдер айырбастайтын белгілі бір түрлерін өндіруге маманданады. Халықаралық еңбек бөлінісі халықарлық сауда мен әлемдік нарықтың белсенді түрі және тұрақты дамуының аса маңызды факторы болып табылады. Халықаралық еңбек бөлінісінің даму дәрежесі әлемдік қоғамдастықтың жекелеген елдерінің өндіргіш күштерінің дамуымен айқындалады. Жекелеген елдердің табиғат және климат жағдайларындағы айырмашылық, олардың аумақтарында түрлі пайдалы қазбалардың, өсімдіктер дүниесі мен жануарлар дүниесінің болуы, тауарлардың белгілі бір түрлерін жергілікті шикізатты пайдалану негізінде өндіру Халықаралық еңбек бөлінісінің пайда болып, дамуы үшін объективті негіз болып табылады.

Табиғи- географиялық факторларға қарай мемлекеттердің шаруашыылық мамандандырылуы

  • Швейцария — жоғары дамыған өнеркәсібі мен өнімді ауыл шаруашылығы бар мемлекет. Швейцария дүние жүзінде капиталды шеттен тартудан алғашқы орындардың бірін иемденеді, дүние жүзіндегі ең ірі қаржы орталықтарының бірі саналады. Щвейцария банкілерінің сейфтерінде дүние жүзіндегі ең дамыған елдердің, барлық құнды қағаздарының жартысы жатыр. өнеркәсібі жоғары сапалы, қымбат және ғылым жетістіктерін қажет ететін өнімдер шығаруға маманданған. Ел экономикасында ірі трансұлттық монополиялар үстемдік жағдайға ие. Щвейцария туризм мен өз аумағы арқылы өткізілетін транзиттік жүктерден көп пайда табады. Өнеркәсібі сырттан әкелінетін шикізаттарға тәуелді және дайын өнімдерді экспорттауға бейімделген. Жетекші салалары — машина жасау мен металл өңдеу, химия, тамақ өнеркәсіптері. Машина жасауда ұсталық-престеу жабдықтарын, дәлдігі жоғары металл өңдеу станоктарын (оларды шығару мен экспорттау бойынша Щвейцария дүние жүзіндегі жетекші орындардың бірін иемденеді, өнімнің 80%-ына жуығы сыртқа шығарылады), дәл өлшеу аспаптарын (күрделі медициналық аппараттар, дәл таразылар, оптик. аспаптар, т.б.), сағаттар (дүниежүз. өндірістің жартысынан көбі, өнімнің 95%-ы экспортталады) шығару неғұрлым жоғары дамыған. 


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет