Тема курса Сабақ тақырыбы Өндіріс пен өнім өндіруге жұмсалған шығындарды жоспарлау Тема урока Оқыту стандарттары Стандарты обучения



Дата19.02.2017
өлшемі141,32 Kb.
#10646
түріСабақ



Сабақ жоспары № 33

Поурочный план
Пән Ұйым қаржысы

Предмет

Курс тақырыбы «Өндіріс пен өнім өндіруге жұмсалған шығындар»

Тема курса

Сабақ тақырыбы Өндіріс пен өнім өндіруге жұмсалған шығындарды жоспарлау

Тема урока

Оқыту стандарттары

Стандарты обучения

Білім алушылар білу керек Өндіріс пен өнім өндіруге жұмсалған шығындарды жоспарлау

Учащиеся должны знать туралы жалпы білуі керек

Білім алушылар жасай білу керек Бүгінгі сабақ тақырыбы бойынша берілген сұрақтарға

Учащиеся должны уметь жауап бере білу. Тақырып төңірегінде өз ойларын еркін

жеткізе білу.



  • оқытушылық Білім алушыларға өндіріс пен өнім өндіруге жұмсалған

  • обучающая шығындарды жоспарлау туралы айту

  • дамытушылық Білім алушыларға өндіріс шығындарын анықтау әдістерін, шығындар құнын анықтаудың, шығындарға қатысты материалдарды бағалау әдістерін үйретіп, ой өрістерін кеңейту

развивающая Пәнге деген қызығушылығын арттыру.
тәрбиелік Болашақ қаржыгер бойына адамгершілік, адалдық, ұқыптылық

воспитательная сезімдерін тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жалпылау

Тип урока:

Сабақтың түрі: тәжірибе

Вид урока:

Сабақта пайдаланатын әдістер: сұрақ-жауап.

Методы, используемые на уроке: wi – fi сымсыз желі технологиясын қолдану

Сабақтың жабдықталуы:

Оборудование урока:

  • көрнекілік құралдар

наглядные пособия

  • үлестірмелі материалдар

раздаточный материал

  • оқытудың техникалық құралдары тақта

технические средства обучения

Пәнаралық байланыстар (межпредметные связи):

  • қамтамасыз ететін Экономистерге арналған математика, статистика

обеспечивающие

Обеспечиваемы

Әдебиет Т.Т.Тусупбеков «Кәсіпорын экономикасы», Оразалин К.Ж. «Кәсіпорын экономикасы»


Сабақтың мазмұны (содержание урока):

Элемент №

№ элемента



Сабақтың элементтері, оқу мәселелері, оқыту әдістері мен формалары

Элементы урока, учебные вопросы, формы и методы обучения



1.

2.
3.

4

5

6





Ұйымдастырушылық кезең: (3 мин)

- аудитория мен білім алушыларды сабаққа әзірлеу,

- білім алушыларды түгендеп, журнал толтыру;

- сабақ мақсатымен және мазмұнымен таныстыру.



Үй тапсырмасын тексеру (25 мин)

2.1.тест тапсырмаларын орында



3. Жаңа тақырыпты игеру (10 мин)

Жоспар:

1.Өнімнің өзіндік құнын есептеу

2.Калькуляциялық баптары бойынша жіктеу

Кез-келген кәсіпорын өзінің өнімін өндірмес бұрын қандай табыс және пайда алатындығын анықтайды. Кәсіпорынның пайдасы екі көрсеткішке байланысты: өнім бағасы және оның өндірісінің шығындары.. Өнім өндірісі шығындары - өндіріс шығындары. Олар тұтынылатын еңбек және материалдық ресурстар, техника деңгейі, өндірісті ұйымдастыру және басқа да факторларға байланысты артуы немесе кемуі мүмкін. Экономикалық элементтері бойынша өндіріс шығындарын жіктеу оның негізінде барлық шығындар элементтері бойынша топтастырылған өндіріс шығындары сметасы құрылатындақтан үлкен тәжірибелік қызығушылық тудырады.

Тауардың өзіндік құнын тауар құнының бір бөлігі деуге болады. Ол құн төмендегідей үш бөлімнен тұрады: баға = C+Y+M, мұнда: С – өндірісте тұтынған, еңбек ақылы өндіріс факторларының өнімге айналған түрінің құны; Ү – өнімнің қажетті еңбек арқылы (өзіміз үшін) келген бөлігінің құны; М – өнімнің үстеме еңбек арқылы (үшін) келген бөлімнің құны.

Өнім өндіруге жұмсалған шығынды сол өнімнің әрбір бірлігіне бөлу арқылы өнімнің өзіндік құнын анықтайды. Өнеркәсіпте өзіндік құн динамикасы көп ретте өнделетін шикізаттың сапасына, өндіріс технологиясының қазіргі талапқа сай деңгейіне байланысты.

Өнімнің өзіндік құнын есептеуді калькуляция дейді. Жоспарлы және нақты өзіндік құнды ажыратады. Өнімнің жоспарлы өзіндік құны мөлшерлі, есептеу және жоспарлы көрсеткіштің негізінде анықталады. Ал нақты өзіндік құнды бухгалтерлік есеп беру мәліметтері бойынша нақты шығын арқылы анықтайды. Өнімге жұмсалған шығындардың қалыптасу кезеңдеріне байланысты өзіндік құнды үш түрге бөлуге болады:


  • технологиялық өзіндік құн;

  • өндірістік өзіндік құн;

  • коммерциялық (немесе толық) өзіндік құн.

Технологиялық (цехтық шығындар) өзіндік құнға – өнімнің технологиялық үрдісінде пайда болған шығындар, сонымен бірге оның құрамына өндірісті ұйымдастыру мен басқаруға кеткен шығындар кіреді.

Өндірістік (жалпы зауыттық шығындар) өзіндік құнға – өнім өндіруге байланысты жұмсалған барлық шығын және өнімді цехтар арасында тасымалдауға жұмсалған шығынның бәрі кіреді.

Коммерциялық (толық) өзіндік құнға өндірістік өзіндік құн, оған қосымша транспорт шығындары және өнімді сатуға байланысты басқа да шығындар кіреді.

Өнімнің өзіндік құнына кіретін барлық өндіріс шығындары өзінің әр түрлі белгісімен жіктеледі.

Негізгі белгісі бойынша жіктелу екіге ажыратылады:

а) шығынның бастапқы элементтері бойынша (экономикалық маңызда);

б) шығынның пайда болу түріне және мақсатына қарай (калькуляция баптары бойынша)

Өнімнің өзіндік құны өздерінің құрамы мен экономикалық міндеті, сонымен қатар өнімді өндіру мен өткізуде алатын рөлі бойынша әртектес шығындардан құралған. Сондықтан өндірістік өзіндік құнын жоспарлау мен есептеу негізінде шығындарды олардың әр түрлі белгілері бойынша жіктеп, біртектес топтарға біріктіру қажет. Мысалы: шығындарды пайда болу жеріне байланысты (өндіріс, цех, участок).

Өндіріс үрдісі негізгі және көмекші болып бөлінетіндіктен, көмекші өндіріс шығындары өздерінің негізгі өндірістегі атқаратын рөлі бойынша топтастырылады.

Өндірістің барлық шығындары өнімнің жеке түрлерінің (соның ішінде жеке тапсырыстар бойынша дайындалатын жеке бұйымдардың) немесе біртектес өнімдер топтарының өзіндік құнына жатқызу тәсілдеріне байланысты тікелей және жанама болып бөлінді.

2. Өнімнің өзіндік құны шығындарының экономикалық элементтері және калькуляция баптары бойына құрылымы

Өнімнің өзіндік құнына кіретін барлық шығындарды талдау, есепке алу және жоспарлау мақсатымен, сонымен қатар әр түрлі кәсіпорындарда өндірілетін өнімнің өзіндік құнын салыстыру үшін бірін – бірі толықтырушы екі жіктеу тәсілі қолданылады: элементтер және калькуляциялық баптары бойынша.

Өнімнің өзіндік құнын құрайтын шығындар өздерінің экономикалық мазмұны бойынша келесі элементтерге топтастырылады:

1. Негізгі шикізат және материалдар;

2. Көмекші материалдар;

3. Отын (сырттан әкелінетін);

4. Энергия (сырттан әкелінетін);

5. Өндірістік персонал жалақысының шығындары;

6. Әлеуметтік мұқтаждықтарға аударымдар;

7. Амортизациялық аударымдар;

8. Т.б. шығындар;

Шығындарды қалыптасу орындары бойынша бақылау және нақты бір өнім түрінің бірлігіне кеткен шығындарды анықтау мақсатымен оларды калькуляциялық баптары бойынша жіктеу қолданылады. Жоспарлы, мөлшерлік және есептік калькуляция түрлері ажратылады.



Жоспарлы калькуляция фирманың экономикалық бөлімімен белгілі бір мерзімге (жыл, тоқсан, ай) жасалынып, жұмыс уақыты,материалдар, электроэнергия және т.б. шығындар мөлшері негізінде құрастырылады. Жоспарлы калькуляция мынадай мақсатпене пайдаланылады:

- өнімнің нақты түрлеріне шығару бағаларын белгілеу, фирманың материалдық, еңбек және қаржы ресурстарына қажеттіліктерін анықтау үшін;

- жоспарлы калькуляцияның мәліметтерін есептік калькуляцияның мәліметтерімен салыстыру жолымен өндірісті басқарудың сапасын бақылау үшін.

Мөлшерлік калькуляция фирманың қызмет ету жағдайында нақтылы қол жеткен анағұрлым үдемелі нормалары мен нормативтеріне қарай отыпып есептеледі. Өндірісті басқару тәжірбиесінде мөлшерлік калькуляция өзгеше эталон ретінде қолданылады.

Есептік калькуляция фирманың бухгалтерлік бөлімімен құрастырылады және ол жоспарлы мәліметтермен салыстырудан басқа, ресурстардың әр түрлерінің тиімді пайдалануын бақылау құралы болып табылады.

Өзіндік құнды калькуляциялаудың бірнеше әдістері бар:

- шығындарды толық бөлу арқылы өзіндік құнды калькуляциялау;

- өзгермелі шығындар бойынша өзіндік құнды калькуляциялау;

- өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың тапсырыстық әдісі;

- өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қайта бөліс әдісі;

- дамыған нарықтық қатынастары бар елдерде қолданылатын өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістері.

Шығындарды толық бөлу кезінде өнімнің өзіндік құны барлық өндірістік факторлар шығындарымен анықталады: оларға материалдар, еңбек, энергия, амортизация, сақтандыру және т.б. жатады.

Өнеркәсіпте өнімнің өзіндік құнына баға беруде келесі көрсеткіштер қолданылады:


  • Өзіндік құнның элементтері бойынша шығындар;

  • Тауарлы өнімнің толық өзіндік құны;

  • Өнім бірлігінің толық өзіндік құн (калькуляция баптары бойынша)

  • Тауарлы өнімнің 1 теңгесіне шаққан шығына.

Өнімнің толық өзіндік құн өндіруге және сатуға кеткен шығыннығ табиғи өнім бірлігін көрсетеді. Бұл көрсеткіш өнімге баға белгілеуге және әртүрлі кәсіпорындары мен мекемелерде өнімнің өзіндік құнын салыстырып және әртүрлі мерзімдегі динамикасын анықтауда қолданылады.

Әрбір өнімнің өзіндік құнының өнімнің жалпы көлеміндегі шығынға қатынасын өнімнің өзіндік құнының құрамы дейді. Өзіндік құнның құрамы әртүрлі салада әртүрлі. Ол ондағы өндірістің бағытына, мамандануына, техникалық деңгейіне, шығынның көлеміне және т.б байланысты. Өнімнің өзіндік құнының құрамын калькуляция баптары бойынша да анықтауға болады. Мұндай есепті бір өндіріс саласында өндірілген әртірлі бұымдар бойынша шығарылады. Өнімнің өзіндік құнының құрамы ереже бойынша пайыз есебімен белгіленеді.



Сабақты бекіту.(35 мин)

4.1.Кестені толтыр

Шығындардың басқару функциялары бойынша жіктемесі





Жіктемелік белгілері бойынша

Басқару функцияларына байланысты шығындардың түрлері

1

Басқару шешімдерін қабылдау үрдісі бойынша



2

Болжау үрдісі



3

Жоспарлау үрдісі



4

Мөлшерлеу үрдісі



5

Ұйымдастыру үрдісі



6



Есептеу үрдісі



7

Бақылау үрдісі



8

Реттеу үрдісі



9

Ынталандыру үрдісі



10

Талдау үрдісі




4.2. «Сергіту сәті»

Ең тиімді жолын таңдаңдар:

1. Бухгалтерге үйін бояу керек. Ол осы мақсаттар үшін малярды жалдап ала алады.

Маляр өз жұмысын 30 жұмыс сағаты ішінде бояп бере

алады және жұмысы үшін 12000 теңге сұрайды.

Ал бухгалтердің әйелі оны үйді өзі бояп шығуын сұрайды.

Бухгалтер өз үйін 20 жұмыс сағаты ішінде бояп шыға алады. Ал бухгалтер болсы өте жұмысы көп және ол әдетте 1 сағатта 1000 теңге алады.

Жұмысбастылығы үшін ол үйін бояудан бас тартады. Қайсысына шығын көп кетеді?
2.Сізге конкурс арқылы хатшы қабылдау керек.Бірінші референт-хатшы 2 сағатта 12 бет басады. Ал екінші референт-хатшы 3 сағатты 21 бет басып шығарса, үшінші референт-хатшы 5 сағатты 25 бет басып шығарды. Оладың ішінде кім жеңді?

4.3 Есептерді шығар

4.3.1.Келесі кестедегі мәлімет бойынша үш тоқсандағы өнім тиімділіктерін салыстыру керек.



Көрсеткіштер



Өлшем

бірлігі


Жылдық тоқсаны

I

II

III

Шығарылған бұйым саны

дана

1500

2000

1800

Бір бұйымның бағасы

теңге

60

60

60

Бір бұйымның өзіндік құны

теңге

50

52

48


4.3.2. Кәсіпорын ұзақ мерзімге жыл сайын 1,5 млн тонна болат кесегін жеткізіп тұруға келісім – шарт жасады. Келісім – шарт міндеттемесі бойынша екі түрдің бірі қамтамасыз етілуі тиіс:

1. Жылдық өнімділігі 2 млн тонна болат кесегін жеткізу үшін 300 тонналық конвертер қондырғысын орнату.

2. Жылдық өнімділігі 0,8 млн тонна болат кесегін жеткізу үшін екі 100 тонналық конвертер қондырғысын 1,6 млн тонна. Бір тонна болаттың жабдықтарға тиеу цехтық өзіндік құны әр вариант бойынша төмендегі кестеде келтірілген.




Шығын баптары

Конвертер

300 - тонналық

100 - тонналық

1.

Шикізат және материалдар

950

950

2.

Отын, энергия

80

85

3.

Еңбекақы есептелуімен

65

75

4.

Амортизация

130

140

5.

Басқалай шығындар

105

110

6.

Цехтық өзіндік құн

1330

1360

Цехтық өзіндік құнының төмендегі критериі бойынша екеуінің қай түрі тиімді екенін анықтау керек.



Үйге тапсырма: (2 мин)

Тақырып бойынша өзге де ақпараттармен танысып келу

Т.Т.Түсіпбеков, 130-140 бет, қосымша оқу

Сабақты қорыту: (5 мин)

Білім алушыларды бағалау






Оқытушы қолы: _______________ Тушкенова Э.З.

аты-жөні

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет