«Сандар нумерациясы» мазмұндық әдістемелік желі материалдарын оқыту технологиясын зерттеу



Дата14.12.2021
өлшемі25,51 Kb.
#126928
Байланысты:
мат 7 апта



«Сандар нумерациясы» мазмұндық - әдістемелік желі материалдарын оқыту технологиясын зерттеу

Жоспар

1.«Сандар нумерациясы» мазмұндық-әдістемелік желі материалдарын оқыту технологиясы.

2.Желінің негізгі нысандары: сан және цифр; санның есептік және реттік сипаттамасы, ондық санау жүйесі, бір таңбалы сандар, ондықтар, екі таңбалы сандар

 

1.10 көлеміндегі сандарды нөмірлеуді оқытуда сандарды шығарып алу және оларды цифрдың көмегімен жазу, қосу және азайту амалдарымен таныстыру теріс емес бүтін сандар нумерациясын оқытудығы алғашқы кезеңі болып табылады. Сандар нумерациясын оқыту әдістемесінің өзіндік ерекшелігі тақырып біртіндеп кеңейеді және төмендегідей ретпен даму арқылы қарастырылады: он көлеміндегі-нөл саны-жүз көлеміндегі сандар, мың көлеміндегі сандар-миллион көлеміндегі сандар.



Алғашқы ондық сандарын оқыту. Сан және цифр ұғымын анықтау. Оқытудың міндеттері:

1. Сан және цифр туралы түсінік қалыптастыру: санды әртүрлі тәсілмен шығарып алу, 10 көлеміндегі сандардың атауын және сол сандарды цифрлармен белгілеу, меңгерту, цифрларды жазу біліктерін қалыптастыру.

2.1-ден 10-ға дейінгі (және керісінше) сандар ретін еркін меңгеру, игеру. Сандар қатарындағы 0 санының орнын білу.

3. Сандарды салыстыру және оның нәтижелерін >,<, = таңбаларымен белгілей алу біліктерін қалыптастыру және теңдік пен теңсіздік ұғымдарын қалыптастыру.

4. 10 көлеміндегі сандар құрамының барлық жағдайларын берік игеру.

5. «Бір және екі таңбалы сан» ұғымдарын ,бірдің және нөлдің қасиеттерін меңгерту.

Санды шығарып алудың әр түрлі тәсілдерін (олар үшеу) қарастыру барысында:

а) кез келген санды заттарды (дыбысты, қозғалысты) санау арқылы шығарып алуға болады

ә) Санды шамамен өлшеудің нәтижесінде шығарып алу: кесіндінің ұзындығын сантиметрдің немесе уақытты сағаттың көмегімен өлшеу арқылы;

 

б) Қосу және азайту амалдарын орындау нәтижесінде санды шығарып алуға болады:



 




 



 

 




4 + 1 = 5

 




 



 

 




5 – 1 = 4

Демек, сан арифметикалық амалдың нәтиесін сипаттайды.

в) Сандардың атауларын игеру жүзеге асырылады: оқушылар санды істиді және айтады (дыбыс сияқты), сонымен бірге санды таңбалардың, яғни цифрлардың (әріп сияқты) көмегімен жазумен таныстыру; оқушылар санды белгілейтін таңба ретінде цифрды көрсетеді және жазады, демек, ауызша және жазбаша нумерация бір уақытта енгізіледі.

г) Цифрларды жазу біліктері төмендегідей жоспар бойынша қалыптастырылады:

цифрдың баспа және жазба түрімен таныстыру: оларды ажырата алуға басқалардың ішінен тани білуге үйрету;

«Цифр неге ұқсайды?», «Цифрды қайдан көрдіңдер?», «Нешеу, көрсет?» (сан – зат және керісінше) балалар ойындарын қолдану:

 




 



 




цифрды жазу үлгісін талдау: цифр қандай элементтерден тұрады (кесте, оқулықта, тақтада, дәптерде);

қол қозғалысының бағыт игеруі: ауада жазу, тақтада біртіндеп жазу, дәптердегі үлгіні бастыру;

цифрды өз бетімен жазу: әлдеқайда әдемі жазылғанын (бір сызықпен сызады) және сәтсіз жазылғанын (екі сызықпен сызады) таңдату.

2. Бір таңбалы сандар ретін анықтауға және натурал сандар қатары құруға үйрету.

а) Натурал сандар қатарын құру принциптерімен таныстыру жүзеге асырылады: санға 1-ді қосу арқылы келесі сан шығады, ал саннан 1-ді азайту барысында оның тікелей алдында келетін сан шығады, яғни сандар қатарындағы санға 1-ді қосып, келесі санды, саннан 1-ді азайтып, алдыңғы санды шығарып алуға болады.

ә) Оқушылар тура және кері бағытта санауға үйренеді, яғни кез келген саннан бастап, өсу және кему ретімен санайды.

б) Сандар қатарындағы сандардың орнын анықтау оларды салыстыру арқылы іске асырылады: 5>4, демек, ол сандар қатарында 4-тен кейін тұрады, ал 4<5, яғни ол сандар қатарында 5-тің алдында тұрады, демек, 5 саны 4 және 6 сандардың арасында тұрады.

Алдыңғы санды, кейінгі санды, берілген сандар арасындағы санды, берілген санның көршілерін атау;

ең кіші таңбалы, ең үлкен бір таңбалы санды атау;

әр жаңа санды белгілі сандармен салыстыру;

«Жалғастыра санау», «Эстафета», «Доп лақтыру», «Көршісін ата», және т.б. ойындарды қолдану.

в) 0 (нөл) санымен таныстыру 1 және 2 сандарын оқытып үйреткеннен кейін іске асырылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет