1.Оқушылардың зейінін шоғырландыру;
2.Оқушылармен бірге ОМ анықтап алу
(Ұ) Сабаққа 1-ден 100-ге дейінгі сандардың көрнекі кестесін дайындау. Оны интерактивті тақтадан көрсету. Сабақты 1-ден 100-ге дейін тура және кері бағытта санаудан бастау. Санау техникасының түрлі нұсқаларын қолдану: «хормен», «тізбектей», «бәсең дауыспен», «тез», «баяу». Оқушылардан 1-ден 100-ге дейін санауды, әр ондықты дауысымен ерекшелеп айтуды, сонымен бірге алақандарын соғуды сұрау. Олардан шапалақтауымен ерекшеленген сандардың қайсысын есте сақтап қалғанын сұрау.Оқушыларға ойша санауды, бірақ тек 10-ға еселік сандарды ғана дауыстап айтуды ұсыну. Оқушылар 100 санына жеткенде, қай сандарды дауыстап айтқанын сұрау.
Сергіту сәті https://www.youtube.com/watch?v=wAKpGwfZdk4 1-ден 100-ге дейінгі сандардың көрнекі кестесі;
кеспеқағаздар
Сабақтың ортасы
Оқушыларға ондықтармен санауды кез келген саннан бастауға болатынын хабарлау. Мысал келтіру: 5,15, 25, 35, 45, 55, 65, 75, 85, 95. Демонстрациялау кезінде 1-100 сан кестесін қолдану.
«Өз орныңды тап» ойынын ойнауға шақыру. Тақтаға 10 оқушы шақыру. 1 ,11, 21, 31, 41, 51, 61, 71, 81, 91 сандары жазылған кеспеқағаздарды тарату. Оқушылардың кіші саннан бастап үлкен санға қарай өсу ретімен тұруын сұрау. Сыныптағы басқа оқушыларға осы сандарды санауды ұсыну. Тақтаға тағы 10 оқушы шақырып, оларға да осындай кеспеқағаздарды тарату. Оқушылардың үлкен саннан бастап кіші санға қарай кему ретімен тұруын сұрау. Сыныптағы басқа оқушыларға осы сандарды санауды ұсыну. Содан соң оқушыларға кестеге қарауды ұсыну.
10
20
30
40
60
80
70
80
90
Қай қатар артық екенін және жауабын негіздеуді сұрау.
Кестені пайдаланып, «Мен бір сан ойладым» ойынын ойнату.
Мысалы, «Мен бір сан ойладым. Ол екінші қатарда және үшінші бағанда. Мен қандай санда ойладым?». Осылай, оқушыларға бір санды ойлап, оны сипаттауға, сөйлеуге мүмкіндік беру.