Мазмұны
|
Кіріспе
|
3
|
1
|
Илемдеу өндірісінің технологиялық сұлбалары
|
4
|
1.1
|
Сортты илемдеудің технологолиялық сипаттамасы
|
7
|
1.2
|
Илемдік орнақтардың жіктелуі
|
12
|
1.3
|
Илемдеу кезіндегі үйкеліс коэффициенті
|
15
|
2
|
Сортты илемдерді термиялық өңдеуге арналған жабдықтар
|
19
|
|
Қорытынды
|
23
|
|
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
|
24
|
Kipicпe
Илем конструкциялық материалдардын ен көп тараған түрі және машинажасауда, метал өндеуде, құрылыста, көлікте және халық шаруашылығының басқада салаларында кенінен қолданылады. Одан басқа, илемді металургиялық өндірістін өзінде де жөндеу-эксплуатациялық мұқтаждықтарға және келесі де құбырлар, метиздер, қаналтырлар және т.б. өндіру үшін қолданылады.
Илемдеу орнақтарында алынатын илем түрлері, көлденен қима пішіндерімен және өлемдерінің сан алуан түрлерімен ерекшеленеді. Дәл осылай, қазіргі кезде тек сортты илемдеу орнақтарында ғана, илемнің 4500 жуық сорттық пішіндері алынады.
Илем өндірісі – күрделі үрдіс, ол заманауй технологиялар мен жабдықтарға, механизацияның, автоматтандырудың және өндірісті үйымдастырудың жоғары дәрежесіне, технологиялық үрдістер мен илем сапасының бақлауына, илемдеу орнақтарының жоғары технико-экономикалық көрсеткіштеріне және т.б. негізделеді.
Осы шақта біздің елімізде әр түрлі тағайындалуы бар илемдеу орнақтары жұмыс істейді; олар қыспақты, сортты, парақты ыстық және суық илемдеу және т.б.
Илемдеу өндірісінің бұдан әрі дамуы, жеке қуаттылығы жоғары орнақтарды қолдануға, сапасы жоғары илемді алуға және орнақтарда эффективті қоржинақтаушы технологияларды пайдалануға негізделген. Илемдеу орнақтарының қуаттылығын арттырудың басты бағыттары деп, бастапқы металдың массасы мен металды илемдеу және қыспақтау жылдамдығын ұлғайту ды айтуға болады. Дайын илем сапасын арттыру, жетілдірілген негізгі және қосалқы жабдықтарды қолдану, илемдеу үрдісіне металдын механикалық сипаттамаларын арттыруға, илем беткейінің күйін жақсартуға, оның керекті геометриялық өлшемдерін алуға мүмкіндік беретін өндеу операцияларын қосу арқылы болады. Илем өндірісінде қоржинақтаушы технологияларды пайдалану, металл, қуат және басқа қорлардың үнемдеуімен және илемнің өз құнының төмендеуімен сипатталатын илем өндірісінің тиімділігін артттырады.
Бүгінгі күні илемдеу өндірісіне оның мүмкіндіктерін түбегейлі өзгертетін жаңа технологиялық үрдістер мен машиналар енгізілуде. Оларға илемдеу орнақтары мен дайындамаларды үздіксіз құю машиналарының және қарқынды деформациялау торының бірлесуін айтуға болады.
1 Илемдеу өндірісінің технологиялық сұлбалары
Қара металлргия өндірісінде балқытылатын болаттың негізгі бөлігі илемдеп өңделеді. Сондықтан металлургиялық өңдеуде илемдеу өндірісінің маңызы зор.
Қара металлургия өндірісін қарастыратын болсақ негізгі цехтарының құрамына байланысты металлургия зауыттары толық металлургиялық циклды (домна, болат балқыту және илемдеу цехтары бар болса) және толық емес металлургиялық циклды (болат балқыту мен илемдеу цехтары ғана болса) болып бөлінеді. Сонымен қатар құрамында тек қана илемдеу цехтары бар қайта өңдеу деп аталатын зауыттар да болады.
Илемдеу орнағының құрамына және илемдік өнімнің сортаментіне байланысты барлық металлургия зауыттары өндірілетін өнім түріне (табақ, сорт немесе басқа пішінді илем) арналған илемдік орнақ түріне қарай табақты, сортты немесе аралас пішінді болып бөлінеді. Табақты зауыттарға бұрынғы КСРО-да Ильич атындағы Липецк (Мариуполь қаласы) және Қарағанды комбинатын, сортты зауыттарға - Батыссібірлік, Криворожск және Серов зауыттарын, аралас зауыттарға – Магнитогорск, Кузнецк, Орско-Халиловск, Череповецк және т.б. жатқызуға болады.
Бірқатар металлургиялық зауыттарда ыстықтай илемдеу цехтарының өнімдерін халық шаруашылығының металл тұтынушы салалары ғана емес, сонымен қатар құбыртарту, суықтай илемдеу, майыстырылған пішін және т.б. қайта өңдеу цехтары да кеңінен пайдаланады. Мысалы, құбыр өндіру Никопольск, Первоуральск, Челябинск және басқа құбыр шығару зауыттарында (кәсіпорындарында) ұйымдастырылған.
Толық металлургиялық циклды металлургия кәсіпорындарында төрт түрлі қайта өңдеу жұмысы орын алған:
- бірінш қайта өңдеу – домна пештерінде шойын өндіру; шойынның негізгі бөлігі болат балқыту үшін болат балқыту цехтарына жіберіледі (қайта өңделген шойын), қалған бөлігі машинажасау өндірісіне жіберіледі;
- екінші қайта өңдеу – болат балқыту цехтарында (мартен, конвертер, электрлі болат балқыту агрегаты) болат өндіру, онда болат құймакесек немесе ДҮҚМ (МНЛЗ) агрегатында дайындама болып құйылады, олар илемдеу цехтары үшін бастапқы шикізат болып табылады.
Аса перспективті металлургиялық зауыттар құрылымына бірінші қайта өңдеусіз, яғни болатты домна өндірісісіз электрпештерінде балқытып, тікелей тотықсыздандырып алатын кәсіпорындарды дамыту болып табылады (Осколь электрметаллургия комбинаты);
- үшінші қайта өңдеу – ыстықтай өңделетін илемдер өндірісі; олар металлургия өндірісінің дайын өнімі ретінде тұтынушыға жөнелтіледі немесе ары қарай өңдейтін цехтарға жіберіледі (төртінші қайта өңдеу цехтарына);
- төртінші қайта өңдеу – бұл ыстықтай илемделген сортты және табақты болаттарды, оларға қосымша арнайы қасиеттер беру және сапасын жақсарту мақсатында ары қарай өңдеу.
Төртінші қайта өңдеу цехтарына жататындар:
а) мөлшерлегіш цехтар, мұнда шыбық және дода күйінде мөлшерленген болаттар шығарылады; олар ыстықтай илемделген сортты болаттардан өлшемдерінің шақтамалары төмен болуымен, отқабыршақтарының жоқтығымен және өңделген беттерінің жоғары сапасымен еркешеленеді;
ә) болатты суықтай илемдеу цехтары, мұнда суықтай илемделген болаттар өндіріледі; олар ыстықтай илемделген табақты болаттардан өлшемдерінің жоғары дәлдігімен, қалыңдығының жұқалығымен (қазіргі заманғы ыстықтай илмедеу орнақтарында табақты илемнің минимальды қалыңдығы 1,2 мм), беттерінің өңделу дәрежесінің жоғарылығымен және қосымша физика-механикалық қасиеттері бар табақты және таспалы илмедер шығаруымен ерекшеленеді;
б) қаптау цехтары, мұнда суықтай илемделген болаттарға қалайы (қаңылтыр), мырыш (мырышталған болат), қорғасын (қорғасындалған болат), алюминиймен (алюминделген болат), хроммен (хромдалған болат) және басқа да металдар қаптамасы жалатылады;
в) майыстырылған пішіндер цехы, мұнда табақты илемдерден әртүрлі сортаменттегі майыстырылған пішіндер дайындалады; олардың пішіндері мен пішін элементтерінің қалыңдықтары алуан түрлі болып келеді; ондай пішіндерді ыстықтай илемдеу арқылы алу мүмкін емес (ыстықтай илемдеу орнақтарында қалыңдығы 1,3 мм төмен сөре дайындау температуралық жағдай бойынша мүмкін емес;
г) термиялық және таза өңдеу цехтары, мұнда ыстықтай илемделген металдың беріктіктік пен созылымдылық қасиеттерін арттыру және беттерінің өңделушілік дәрежесін жақсарту мақсатында қосымша өңдеуге ұшыратылады;
д) металлургия өндірісінің құрамына кіретін құбыр цехтары.
Қазіргі кезде ыстықтай илемдеу өндірісінде металдар қозғалысының үш сұлбасы орын алған.
Бірінші сұлба бойынша болат балқыту цехтарынан ыстық күйінде (көбінесе) келіп түсетін құймакесектер блюмингтер мен слябингтердің қыздырушы құдықтарына беріледі. Құймакесектер қыздырылғаннан кейін сортты илемдеу және табақ илемдеу цехтарына арналған жартылай өнімге (дайындама немесе сляб) илемделеді.
Екінші сұлба біріншіден балқыту цехтарында ДҮҚМ (МНЛЗ) болуымен ерекшеленеді. Бұл жағдайда үздіксіз құйылған дайындамалар (квадрат) мен слябтер аралық жаншығыш орнақтарсыз, тікелей сортты және табақты орнақтарда илемделеді.
Илемдеу цехтарында блюмдер мен слябдтерден алуан сортты илемдік өнімдер өндіреді:
- ыстықтай немесе суықтай күйде илемделген қалыңдығы мен ені әртүрлі табақты илемдер;
- қималары мен өлшемдері әртүрлі қарапайым пішінді (дөңгелек, квадрат, тілкем) және фасонды пішінді (рельс, балкалар, швеллер, бұрыштамалар, кезеңді қималы пішіндер, алтықырлы пішіндер) сортты илемдер;
- мөлшерленген сымдар мен әртүрлі қималы додалар, жоғары дәлдікті фасонды пішіндер мен майыстырылған илемдер.
Қара металлургиямен салыстырғанда түсті металдарды өніретін зауыттардың бірқатар ерекшеліктері болады, оларды қысыммен өңдеу жабдықтарының құрамына қарап білуге болады. Бұл ерекшеліктер мыналар:
1) түсті металдар өндіруге арналған зауыттар ондағы өндірілетін түсті металдың әртүрлілігімен ерекшеленеді. Мысалы қорғасын, мыс, никель, молибден, вольфрам, алтын, платина, алюминий және т.б. металдарды өңдеу технологиясы, физикалық және механикалық қасиеттері әр түрлі болып келеді;
2) жоғарыда аталған және басқа түсті металдар әр жақта өндіріледі және олар таза күйінде илемдеу өндірісі үшін кеңінен қолданыс таппайды. Илемдеу өндірісі үшін бұл металдар қорытпа күйінде қолданылады;
3) түсті металдардан қорытпалар өндіру үшін таза металл өндіретін зауыттар мен комбинаттардан бөлек жеке зауыттар салады;
4) түсті металдар өңдеу зауыттарының өндіріс көлемі аз болып келеді және алуан түрлі қорытпалармен жұмыс істейді, бұл қорытпалардың физикалық және механикалық қасиеттері бір-бірлеріне мүлде ұқсамайды. Мысалы, мыс және алюминий негізіндегі қорытпалар, арнайы қорытпалар және т.б.
Түсті металлургияның осындай ерекшелігіне байланысты оның бастапқы кезде (революцияға дейін) қара металлургияға қарағанда кенжелеу дамығанын атап өтуге болады. Қазан революциясына дейінгі уақытта аса ірі зауыттар болып Кольчугинск, Выборжск (Петербург қаласы), Мәскеу металл илемдеу зауыты, Тула және т.б. зауыттар азғантай көлемде ғана өнім өндіре алды. Бірнеше қолөнер зауыттары (шеберханалар) аздаған көлемде қалайы, қорғасын, алюминий илемдеп шығарды. Илемдеу өндірісі өте тұрпайы түрде болды; пішінбіліктер жетегі ретінде бу машиналары және су диірменді дөңгелектер қолданылды.
Революциядан кейін ескі зауыттар дамытылып және жетілдіріліп қана қоймай Ступинск (Мәскеу маңында), УкрКабель (Киев) және т.б. аса ірі зауыттар салынды.
Әсіресе түсті металлургия саласы Ұлы отан соғысы кезінде және одан кейінгі жылдары жоғары қарқынмен дамыды. Қуаттылығы жоғары илемдеу жабдықтарымен жабдықталған зауыттар Кировта, Орскіде, Балқашта, Ревдеде, Артемовскіде, Ташкентте және т.б. қалаларда бой көтерді.
Соңғы уақыттарда түсті металлургия зауыттарында илемдеу жабдықтарын түбегейлі өзгерту және жетілдіру шаралары іске асырылып жатыр. Соның бір айғағы ретінде Балқаш түсті металдар мен қорытпаларды өңдеу зауытында соғылған мыс қорытпаларын ыстықтай және суықтай илемдеу цехтарын айтуға болады.
Илемдеу өндірісіндегі аса ерекше жаңалықтардың бірі дайындамаларды үздіксіз құю агрегаттарының пайда болуы. Мұндай агрегаттар арқылы алынған дайындамалар ыстықтай илемдеусіз тікелей суықтай илемдеуге жіберіле алады.
Соңғы жылдары престеу жабдықтарының қуаты артып келеді, бұл түсті металдардан престеу әдісі арқылы алынатын өнім түрлерінің номенклатурасын кеңейтуге мүмкіндік беріп отыр.
Сонымен, металлургия зауыттары жабдықтарының құрамын қарастыру барысында белгілі илемдік жабдықтармен ған шектеліп қалмай, сонымен бірге алуан түрлі көмекші тазартып өңдеу жабдықтарын да қарастырған жөн.
Илем өндірудің технологиялық үрдісінің басты мақсаты, сапалы илемдеу өнімін берілген пішіндерде, өлшемде және керекті мөлшерде, мүмкінше ен аз шығындармен және ен үлкен өнімділікпен өндіру. Мұны тек, технологиялық үрдісті және нормативті-техникалық құжаттама талаптарын дәл сақтау және орындау арқылы орындауға болады.
Дайын илемнің кез келген түрін өндіруінің технологиялық үрдісіне, метал өндеуіне барлық керекті тізбекті операциялары кіреді. Бастапқы металды өндіру әдісі және технологиялық операциялардың тізбектілігі, илем өндірісінің технологиялық сұлбасын анықтайды.
Металлургиялық циклы толық металлургиялық өнеркәсіптерінде илем өндірісі үшін қолданылатын технологиялық сұлба, бұл құйма кесек – жартылай өнім (дайындама) – дайын өнім сұлбасы. Бұл сұлбаға сәйкес, металлургиялық өнеркәсіптің илемдеу өндірісі, блюмдер, слябтер және массасы 7÷10 т немесе одан көп болатын құйма кесектерден жасалатын дайындамалар түріндегі, жартылай өнімдерді алуға мүмкіндік беретін орнақтар жүйесінен және сортты илем, суық және ыстық илемделген парақтар түріндегі және т.б. дайын илемдерді жасап шығаратын орнақтар жүйесінен тұрады, бұл дегеніміз қазіргі заманауй илемдеу өндірісінің технологиялық үрдісі екі кезеннен тұрады: жартылай өнімді алу (дайындама) және дайын өнімді (дайын илем) алу.
Бұл жерде, кез келген дайын илемнді өндірудің технологиялық сұлбасы, құйма кесекті немесе дайындаманы қыздыруға дайындаудан бастап, соңғы өндеу мен илемнің сапасын анықтауға дейін барлық керекті тізбекті өндеу операцияларын ескереді.
Құрамында қыспақтаушы (блюмингтер, блюминг-слябингтер, слябингтер) және дайындама жасау орнақтары бар илемдеу цехтары, болат балқыту және дайын илемді шығаратын орнақтардың арасында байланыстырушы тізбек болып табылады. Металлургиялық циклы толық емес өнеркәсіптер үшін илемді өндірудің технологиялық циклы құйма кесек – дайын илем, немесе жартылай өнім – дайын илем болып табылады.
1.1 Сортты илемдеудің технологолиялық сипаттамасы
Илемдеуді қаңылтырлы және сортты деп екі бөледі. Сортты илемдеген кезде пішінбіліктің бөшкесінде жылға бар болады. Осы жылғалар екі және одан да көп пішінбіліктерді құрастырғанда пішіні және өлшемі бойынша жасалатын жартылай өнімге сәйкес келетін мөлшерлегішті құрады. Қаңылтырлы илемдеу кезінде пішінбіліктің тегіс бөшкесі қолданылады. Ең көп таралған болып «дуо» және «трио» орнақтарында илемдеу саналады. Осы орнақтардың қапастарында сәйкесті екі және үш жұмысшы пішінбіліктер бар. Жұқа қаңылтырлы илемді және фольганы өндірген кезде көппішінбілікті илемдеуді қолданады. Бұндай жағдайда илемдеу төрт (кварто), алты, он екі және жирма пішінбілігі бар қапастарда іске асырылады.
Қағида бойынша әмбебапты қапастарда екі тік және екі көлбеу пішібіліктер орнатылған. Осы пішінбіліктер дайын илемнің пішіні мен өлшеміне сәйкес келетін жабық мөлшерлегішті құрады. Илемдеу өндірісінің өнімі. Илемдеу өндірісінің өнімі халық шаруашылығының барлық саласында өте кең қолдануды тапты. Осы өнім әр түрлі пішіні бар дайындама ретінде машинаның, білдектің, трактордың, автомобильдің, вагондардың, теміржолдың және т.б. жабдықтардың тетіктерін жасау үшін қолданылады. Илемделетін пішіннің түржиыны. Илемдеудің профилі деп оның көлденең қимасының пішінін айтады, ал түржиіні деп бір орнақта немесе орнақтар тобында илемдеумен алынатын әр түрлі өлшемі бар бір қатар профилдерді айтады.
Илемденетін профилдердің түржиыны өте көп. Осы түржиынды мынандай бес топқа бөледі;
1) сортты илем;
2) қаңылтырлы илем;
3) құбырлар;
4) илемнің арнайы түрлері (дөңгелектер, құрсаулар, сақиналар және т.б.);
5) периодты илем.
Сортты металдың профилін мынандай екі топқа бөледі:
- қарапайым геометриялық пішінді (квадратты, дөңгелек пішінді және жолақты болат) және күрделі-фасанды пішінді (екітаврлы арқалықтар, швеллерлер, рельстер және т.б.).
Қаңылтырлы илемді (болатты) мынандай түрлерге бөледі:
- қалыңқа-ңылтырлы болат (қалыңдығы 4 мм үлкен), жұқақаңылтырлы болат (қалыңдығы 4 мм кіші) және кеңжолақты немесе әмбебапты болат. Қалыңдығы 3–8 мм болатын қаңылтырды жиі отраша қалыңдығы бар қаңылтыр деп атайды. Қалыңқаңылтырлы болатың қалыңдығы 4-тен 160 мм дейін және ұзындығы 4-тен 12 м дейін өзгерген кезде, олар 600-ден 5000 мм дейін өзгеретін енге иемденеді. Бронялы тақта ені бойынша 4500 мм-ге дейін және қалыңдығы бойынша 550 мм дейін жасалады.
Жұқа қаңылтырлы болаттың ені 500-ден 2500 мм дейін, қалыңдығы 0,2-ден 3,75 мм дейін, ал ұзындығы 700-ден 4000 мм дейін өзгереді. Қалыңдығы 0,2 мм-ден кіші болатын қаңылтырларды фольга деп айтады. Қаңылтырлардың жиегі кесілу қажет. Қаңылтырлар жиегі бойынша кесілген болуы қажет.
Электр-техникалық және трансформаторлы болатарда 750 және 1000 мм тең болатын ен және 0,35-тен 1,0 мм-ге тең болатын қалыңдық бар болуы қажет. Кеңжолақты немесе әмбебапты болаттар 200-ден 1500 мм-ге дейін өзгеретін енге және 4-тен 60 мм-ге дейін өзгертін қалыңдыққа иемденген. Болаттан жасалған таспалар қалыңдықтарына байланысты 20-дан 2500 мм-ге дейін ені өзгеретін етіп және ұзындығы 300 мм-ге жететін етіп жасалады. Болаттан жасалған құбырлар мынандай екі топқа бөлінеді: диаметрлері 25-тен 600 мм-ге дейін өзгеретін жіксіз құбырлар; диаметрлері 10-нан 1400 мм-ге дейін өзгеретін пісірілген (түйістіріп пісірілген, айқастырып пісірілген, суықтайпрофилденген). Периодты илем көлденең қимасының пішіні мен ауданы бойынша бірдей болып қалмайтын, ал периодты өзгеретін дайындама болып саналады.
Түсті металдар мен қорытпалар басымырақ мынандай қарапайым профилдерге илемденеді: пішіні кваратты, қаңылтырға ұқсайтын түрі бар жолақтар (тікбұрышты), әр түрлі өлшемі бар таспалар (қалыңдықтары 0,2-ден 25–30 мм-ге дейін өзгереді; қаңылтырдың ені 3000 мм-ге, ал таспаныкі 600 мм-ге жететін етіп жасалады; қалыңдыққа байланысты қаңылтырлар 6 м жететін ұзындықпен, ал таспалар 300 м және одан көп ұзындықпен жасалады).
Илемдеудің технологолиялық сипаттамасы ретінде мынандай көрсеткіштерді қолданады:
- өнімділік;
- илемдеу жылдамдығы;
- бір өтімдегі деформация дәрежесі (жаншу);
- кермелеу.
Жалпы жағдайда илемдеген кезде деформация дәрежесінің жалпы көрсеткіші болып мынандай формуламен есептелетін кермелеу саналады:
(1)
Осы көрсеткішті дайындаманың көлденең қимасының ауданын F0 дайын бұйымның көлденең қимасының ауданына F1 бөліп табады.
Мынандай мөлшерді: ΔH = H0 − H1 абсолюттік жаншу деп атайды, ал мынандай мөлшерді: εh = (ΔH/H0)⋅100 % салыстырмалы жаншу деп атайды (мұндағы H0 және H1 – жартылай өнімнің, сәйкесті, деформацияға дейінгі және кейінгі биіктігі). Қаңылтырлы илемді (қаңылтыр, жолақ, таспа) өндіруді ыстықтай (қалыңқаңылтырлы материал) және суықтай (жұқақаңылтырлы материал, фольга) илемдеу тәсілдерімен іске асырады. Ыстықтай илемдеуді екі, үш және төрт пішінбілікті қаңылтыр илемдеу орнағында жүргізеді. Бастапқы материал болып әдістемелік пеште қыздырылатын массасы 7,5 тоннадан 45 тоннаға жететін слябтар саналады.
Минимальды қалыңдығы 0,15 мм жететін болатты суықтай илемдеуді төрт-алты қапасты үздіксіз орнақта немесе орауышпен қамтамасыз етілген «кварто» орнағында жүргізеді.
Алюминилік фольганы өндіру үшін үздіксіз құйылған дайындаманы қолданады. Осы дайындаманы 6 мм қалыңдықтан микрондық өлшемге дейін «кварто» орнағында илемдейді.
Қаңылтырлы және сортты илемдерді өндіру үшін илемдеу цехторында әр түрлі типтері және белгілеулері бар орнақтарды орнатады.
Шартты мынандай бірнеше топты бөліп көрсетеді:
Дайындаушы орнақтар: блюмингтер, слябингтер, үздіксіз дайындаушы орнақтар. Блюмингтер мен слябингтер – бұл пішінбіліктерінің диаметрі 850–1500 мм тең болатын ірі жаншушы жабдықтар. Осы жабдықтарда илемдеуді 11–15 өтімде кері қайтымды режіммен жүргізеді. Қағида бойынша, бұл тікбұрышты (сляб) және квадратты (блюм) дайындамалар түрінде ірі өлшемді дайындамаларды өндіру үшін қолданылатын бірқапасты орнақтар. Үздіксіз дайындаушы орнақтарды тікелей блюмингтен немесе слябингтен кейін орналастырады.
Осы орнақ әрбіреуінде алты қапас бар екі үздіксіз топтан тұрады.
Сортты орнақтарға мыналар жатады:
- ірі сортты;
- рельсар қалықты;
- орташа сортты;
- кіші сортты.
Қаңылтырлы орнақтарға мыналар жатады:
- қалың қаңылтырды илемдейтін орнақтар;
- жұқа қаңылтырды (орамды) илемдейтін орнақтар.
Құбыр илемдейтін орнақтарға мыналарды жатқызады:
- тесетін, жаймалайтын орнақтар;
- құбырды суықтай илемдейтін орнақтар, ал тағы пісірілген құбырды алу үшін қолданылатын орнақтар.
Арнайы орнақтарға периодты, иілген профилдерді, шарды, дөңгелекті илемдейтін және басқа да орнақтарды жатқызады.
Сортты илем орнақтарында негізгі параметр ретінде жұмысшы пішінбіліктердің диаметрін қабылдайды.
Мысалы, «Кварто 400» орнағы белгілеуі мынаны білдіреді:
- орнақта 4 пішінбілік бар;
- осы пішінбіліктердің 2 тіреуші, ал 2 жұмысшы; жұмысшы пішінбіліктің диаметрі 400 мм. Қаңылтыр өндіретін орнақтарда негізі параметр ретінде пішінбіліктің бөшкесінің ұзындығы қабылданған. Сондықтан «Орнақ 2000» белгілеуі, осы орнақ пішінбілігінің бөшкесінің ұзындығы 2000 мм тең екендігін білдіреді. Жұмысшы қапастардың орналасуы бойынша илемдеу орнақтарын келесі түрлерге бөледі: бірқапасты; тізбекті; көпқапасты; бір ізді, жартылайүздіксіз және үздіксіз.
Пішін біліктерді мөлшерлеу деп илемдеу орнағының пішінбіліктерінде орналасып, берілген өлшемі бар профилді алуды қамтамасыз ететін мөлшерлегіштің тізбегін айтады. Орнақтың типіне байланысты әрбір мөлшерлегіште металды бір немесе бірнеші өтіммен илемдейді. Нәтижесінде дайындама керекті қимасы бар илемге айналады. Мөлшерлеу түсінігі мыналарды өзіне тағы да қосады: мөлшерлегіштің пішіні мен өлшемін анықтау; осы мөлшерлегіштерді илемдеу орнағының пішінбіліктерінде орналастыру (яғни пішінбіліктердің мөлшерлегішін жобалау процесі). Мөлшерлегіштерді екіпішінбілікті үшін және көппішінбілікті үшін деп екіге бөледі. Сонымен бірге кейбір пішіндері бірдей мөлшерлегіштер екі және одан да көп пішінбіліктермен құрылуы мүмкін.
Сортты орнақтарда қаралай өңдейтін мөлшерлегіштер жаншушы мөлшерлегіштерден кейін орналасады. Карапайым сортты профилдерді (дөңгелек, кварат, алтықыры бар) илемдеген кезде қаралай өңдейтін мөлшерлегішерге қарапайым пішіні бар мөлшерлегіштерді жатқызады. Осы соңғы мөлшерлегіштерде өңделіп жатқан дайындаманың көлденең қимасының ауданы ары қарай азайады. Осындай да бұл мөлшерлегіштерді ең үлкен кермелеуді қамтамасыз ететіндей ретпен орналастырады, яғни олар кермелеуші ретінде қолданылады.
Қаралай өңдейтін мөлшерлегіштер орнақтың қаралай өңдейтін және аралық топтарында қолданылады.
Бастапқы материалдардан әр түрлі түрде металл шығаратын толық металлургиялық циклі бар металлургиялық завод құрамына келесі цехтар кіреді:
- доменді цех (шойын өндіру); мартендік, конверторлы, электрбалқыту цехтары (болатты және басқа материалдарды өндіру);
- ыстықтай илемдеу цехтары (ыстықтай илемделген илем және құбырлар);
- суықтай илемдеу цехтары (қалыңдығы бойынша өлшемдердің дәлдігімен, бет жағы жақсы тазалай өңделумен, ал тағы да қосымша физика-механикалық қасиетпен айрмашылықта болатын суықтай илемделген қаңылтырды, жолақты және құбырды өндретін);
- мөлшерлейтін цехтар (бетінің сапасы жоғары және өлшемі бойынша шақтамасы жақсы болатын шыбықты және додалы мөлшерленген металды өңдіретін);
- антижегіделі және басқа түрлі қаптама цехторы (қалайлылау, мырыштау, алюминдеу, хромдау және т.б.);
- иілген профилді шығаратын цехтар (қаңылтырлы илемнен кең түржиынды жұқақабырғалы иілген профилдерді шығаратын);
- термиялық цехтар және металды әр түрлі тазалай өңдейтін цехтар.
Осы себептен доменді, болат балқытатын, илемдейтін және металдарды өндіруге қатысатын басқа цехтар металлургиялық заводтың негізгі цехторы болып саналады. Егер толық циклі бар металлургиялық заводқа әдетте кіретін кокстық өндіріс кәсіпорынға кіретін болса, онда цехтардың осынлай үйлесуі ең ұтымды болып саналады.
Себебі кокстық және домендік пештерден шығатын газдарды, шойынды домендік цехтан болат балқыту цехына берген кезде сұйық шойынның жылуын және болат балқыту цехынан илемдеу цехына құймакесекті берген кезде осы құймакесектің жылуын пайдалануға болады. Ұзақ уақыт дайын илемді жасау құймакесек – дайын илем технологиялық сұлбасы бойынша орындады. Мұндай жағдайда массасы көп емес құймакесектер алынды. Осы құймакесектің массасы, одан бір ғана қыздырумен керекті бұйымды жасау есебімен таңдалады. Бірақта машинажасау мен металлургияның дамуына байланысты (әсіресе болатты балқытудың жоғары өнімді тәсілдерінің пайда болуына байланысты) едәуір массасы бар (6–10 т және одан да көп) құймакесектерді құю керектігі пайда болды.
Осындай құйма кесектен дайын илемді бір ғана қыздырумен алу көптеген жағдайда мүмкін емес болып есептелді. Осы себептен жаншу орнақтарын қолдана бастады. Осы орнақта өңдеудің мақсаты болып құймакесекті дайындамаға өңдеу саналады. Осындай жағдайлар мынандай жаңа технологиялық сұлбаны қолдануға алып келді: құймакесек – жартылай өнім (дайындама) – дайын илем. Сондықтан қағида бойынша илемдеу цехтораның құрамына жаншитын (блюмингтер мен слябингтер) және дайындайтын цехтар кіреді. Осы цехтар болат балқытатын және илемдейтін цехтарды байланыстыратын негізгі агрегаттар болып саналады.
Соңғы айтылған илемдеу цехтарында дайын илем шығаратын мынандай жабдықтар орнатылған:
- сорты орнақтар (рельс-арқалық, ірі, орташа және ұсақсортты орнақтар);
- қаңылтыр илемдейтін орнақтар;
- құбыр илемдейтін орнақтары және т.б.
Осындай кең таралған технологиялық сұлбамен қатар, қазіргі уақытта құйылған дайындама – дайын илем сұлбасына көшу байқалады. Осыған квадратты және тікбұрышты көлденең қимасы бар дайындамаға болатты құюуды жақсы меңгеру мүмкіндік берді. Айтылған дайындамаға болатты құю алдымен тек түсті металлургияда кең таралған. Болаттан үздіксіз дайындаманы құю құюдың өзінің технологиялық процесін орындау едәуір қиын болғандықтан ұзақ уақыт қолданылмай келді. Бірақта бұл процесс химиялық едәуір біркелкі тығыз дайындаманы алуға мүмкіндік береді. Осы жарамдының шығуын өте үлкен етіп жоғарлатады. Мысалы, тыныш көміртекті болатты сауытқорамға құюмен салыстырғанда слябты үздіксіз құюмен алу жарамдының шығуын 20 % жоғарлатады. Осымен бірге сауытқорам және түп астын дайындау бөлімдерінің керектігі жойылады. Болатты үздіксіз құю тәсілін қолдану металлургиялық қайта өңдеудің өзіндік құнын азайтады. Өйткені осындай кезді жаншу цехтарының қымбат жабдықтарының керектігі, қызмет көрсететін және басқартын қызметкерлерді қамтамасыз ету шығыны жойылады. Осындай жағдайда болаттың механикалық қасиеті және басқа сипаттамалары көптеген жағдайда жақсарып, илемнің өзіндік құны 8–10% азаятындығы анықталған.
Осымен бірге үздіксіз құю болат балқытатын цехтың жұмыс жасау жағдайын едәуір өзгертеді, металлургиялық өндірістің барлығын (шойын мен болатты алу, дайын илем жасау) механикаландыруға және автоматтандыруға мүмкіндік береді. Сондықтан үздіксіз құю көптеген мемлекеттерде едәуір дамуды алды. Құбырды және арнайы профильдерді өндіру үшін жоғарыда жазылғанға ұқсас технологиялық сұлбаны қолданады, тек айырмашылық дайындаманы жасау сатысында және пішінөзгерту процесінің ерекшелігінде болады. Сөйтіп ыстықтай илемдеумен жіксіз құбырларды өндірген кезде дайындаманы тесіп гильзаны алу және көлденең-бұрандалы илемдеу тәсілі көмегімен гильзаны құбырға айналдыру қолданылады. Жіксіз құбырларды суықтай илемдеу үшін қапасының жұмыс істеу режімі периодты болатын құбырды суықтай илемдейтін орнақтар қолданады. Осы орнақта пішінбілігі бар қапас қозғалады, ал дайындама өзгермелі радиусы бар пішінбілікпен жаншылады.
Достарыңызбен бөлісу: |