Емтихан билетi № 1
Сұрақтар:
Инклюзивті білім беру ұғымы
«Инклюзивті білім» ұғымы, біздің өмірімізге 1996 жылдан бастап енді, қазір көп елдерде заң жүзінде бекітілген. Бұл Батыс Европада да, Америкада да, Латын Америкасына да қатысты. Шет мемлекеттерде де табыспен жүзеге асуда. Сонымен, инклюзия бұл-қазіргі кездегі қажеттілік. Әр баланың жеке тұлғасы қымбат бола тұра, біздер сенімдіміз, ерекше қажеттілігі бар балаларға әлеуметтік ортаға кіру үшін отбасынан басқа орта керек, басқа балалармен араласу керек, ата-анадан басқа мұғалім қажет.
Инклюзивті білім берудің негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жою, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру мақсаты жатыр.
Достарыңызбен бөлісу: |