«№2 Қашар орта мектебі» кмм «Отан отбасынан басталады»



бет1/2
Дата25.08.2017
өлшемі456,77 Kb.
түріСабақ
  1   2
«№2 Қашар орта мектебі» КММ

«Отан отбасынан басталады»

(Ашық тәрбиелік сағат)



Сынып: 2 «Ә»

Мұғалім: Ганиева Г.Ж.

2016-2016 оқу жылы
Күні: 02.12.2016

Сынып: 2 «Ә»

Пән: Ашық тәрбиелік сағат

Тақырып: «Отан - отбасынан басталады»

Сабақтың мақсаты:

А) Білімділік: «Атадан - өсиет, анадан – қасиет» дегендей отбасынан алған тәрбиеден баланың мінезі қалыптасатынын айту. 
Ә) Дамытушылық: «Ұл тәрбиелей отырып, халықты тәрбиелейміз, 
қыз тәрбиелей отырып, ұлт тәрбиелейміз» деп М. Әуезов сөзінде айтқандай жанұяда ата-ана өз парызын, бала өз міндетін әр сәт терең сезінуіне бағыттау. 
Б) Тәрбиелік: Баланы сүйе білуге, балаларға өмірдегі ең маңызды нәрсені отбасы екенін үйрету; Отанға , ата-анаға деген сүйіспеншіліктерін арттыру

Сабақтың түрі:Сайыс сабақ. 
Қолданылатын әдіс: Топтастыру, әңгімелеу,сұрақ-жауап 
Көрнекілігі: слайд. бала тәрбиесі жөніндегі және отбасы туралы даналық сөздер. 
Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі



  1. іріспе сөз



  1. Қорытынды

Армысыздар, ардақты ата-аналар, ұстаздар, әділ-қазы алқалары, оқушылар! Бүгінгі тәрбие сағатымыз тәрбие отбасынан басталатындықтан шынайы өмірде бала тәрбиесінің қыр-сырын меңгерген ата-аналарды қатыстырып отырмыз.Отан-отбасынан басталады,сондықтан әр отбасы бала тәрбиесіне жете көңіл бөлуі керек.Сабақты Қ.Р. білім беру ісінің үздігі Жақсыгүл Шәріпханқызының «Тәрбиенің тірегісің аналар» деген өлеңімен бастағым келіп тұр: 
Ұмытпаған ұлтын, асыл анасын 
Жалғай бергін ағайынның арасын 
Сәбиіне мейірім шашып шуақты, 
Сезімменен сусындатқан санасын. 
Ақылды еді аналарым таза еді 
Пейіліне айтар ойы саз еді 
Иман жүзді мейірімді болған соң, 
Намыссыз ұл, әдепсіз қыз аз еді. 
Ұсақталып кете ме деп ұрпағым, 
Осы күнгі кей анадан қорқамын. 
Арақ қатқан сүтпен бала емізіп, 
Түтін сорған орынына сорпаның. 
Кіндік ашқан ,ұят қашқан қыз өссе
Бозбаласы нашақор боп ер жетсе, 
Аналардың әлсіздігі білінер, 
Перзенттері көргенсіздік көрсетсе. 
Отбасының берекесі саналар, 
Тәрбиенің тірегісің – аналар. 
Имандылық жүрегіңе кіргізіп, 
Кезің келді ой-сананы жаңалар

Жою үшін жұқпалы ауру індетін, 


Таза ниет ту тіксінші күнбе-күн. 
Мәдениетті,білімді, ұлтжанды ұрпақты 
Тәрбиелеу аналық парыз міндетің, - деп міндетін, парызын өте жақсы білетін ата-аналар мен оқушыларға кезек бермес бұрын сайыс шарттарымен таныстырып өтейін: 
I. Таныстыру.

II. Балам және мен.

III. Үй тапсырмасы

IY. «Бала – адам жанының бағбаны».

Y. Мақал-сөздің мәйегі

YI. Туысың сенің - ырысың 

YII. Адам болып қал балам.

YIII. Ситуациялық сұрақ.

Сайысымызға сақадай сай келген қатысушыларымызды таныстырып өтейін:

1.Айболова Торгын және анасы Муратова Дидар Абдреуковна

2.Жанзахов Жасулан және анасы Жарылкасынова Маржан Кудабаевна

3.Молдабаева Арай және анасы Тышканбаева Динара Сырлыбаевна

4.Сарсенбаева Айдана және әкесі Баймагамбетов Бауржан Сарсенбайұлы

5.Советова Ақерке және әкесі Тилеулиев Куттыбек Советович

(Сайыс қатысушылары тақтадағы магниттерді алып, өздерінің реттік санын анықтайды)

I. Таныстыру. Ата-ана өзінің аты- жөнін, жұмыс орнын толық айтып, неше бала тәрбиелеп жатқаны жөнінде қысқаша тоқталады. 
II. Балам және мен. (Барлық ата-анаға ортақ сұрақ қойылады) 
Отбасыңызда балаңыз кіммен көп сырласады. Жалпы баланың ата-анасына сырларын айтуына сіздің көзқарасыңыз қандай? 
III. Үй тапсырмасы: ( Би,ән,өлең,сурет салып әкелу, қолөнер бұйымы.) 
IY. «Бала – адам жанының бағбаны». Сіз балаңыз туралы қаншалықты білесіз ?
(Мұғалім балалардан төмендгі сұрақтарға жазбаша жауап алып қояды. Ана мен бала жауабын әділ-қазы алқасы салыстырып тексереді.)

Сұрақтар: 
1.Балаңыз партада кіммен отырады? 

2. Балаңыздың сүйікті пәні қандай?

3.Балаңыз қандай пәннен қиналады?
4.Балаңыз қандай тағамды ұнатады? 
5.Балаңыздың ең жақсы көретін түсі қандай? 
6.Балаңыздың досы кім? 
7.Балаңыздың сүйікті мультфильмін атаңыз.

8.Балаңыздың сүйікті телесериалын атаңыз.


9.Балаңыздың ұнатпай істейтін үй шаруасын атаңыз.

10.Балаңыздың ұнатып істейтін үй шаруасын атаңыз.



Y.Мақал – сөздің мәйегі. Мақал-мәтелдің бір сөзі жасырылып, сұрақ болып қойылады, жауабын балаңыз екеуіңіз бірлесе отырып табыңыздар. 
1.Жақсы адам елдің ырысы,

Жақсы сөз жанның ............... ( тынысы) 


2.Тозар елдің жаңжалы бітпес, 
Озар елдің ............... бітпес. (арманы) 
3.Елдің ерлігі ерінен танылар, 
Елдің байлығы ............... танылар. (жерінен) 
4.Ел қалаған ұл-қыздар – 
Ел көгіндегі ............... ( жұлдыздар) 
5.Ынтымақты елге ешкім жетпес
Ынтымақсыз елдің ............... бітпес. (өкініші) 
6.Анаңа ауыр сөз айтпа, 
Атаңа ауыр ............... артпа. (жүк) 
7.Адам болатын бала ............... (ағайыншыл) 
Бай болатын бала айырбасшыл. 
8.Қатты ............... көрсе бала күнінде (тәртіп) 
Өнерімен қуантады түбінде. 
9.Қарағайға қарап тал өсер, 
............... қарап бала өсер. (қатарына) 
10.Кішіпейіл болғаннан 
Кішірейіп кетпейсің. 
Өркөкірек болғанмен, 
............... жетпейсің (Ұлылыққа) 
11.Мейірімділікті анадан үйрен, 
Әдептілікті ............... үйрен (данадан) 
12. ............... бала аяққа басылған шала (әдепсіз) 
13.Ұл-қыздан да жаман мінез шығады, 
Қырсыз қылық тек ............... жұғады. (ата-анадан) 
14.Берекені көктен тілеме, 
Бірлігі мол ............... тіле. (көптен) 
15.Отанға опасыздық еткенің 
...............түбіне жеткенің. (өз) 

YI. Туысың сенің-ырысың. Төмендегі логикалық сұрақтардан туыстық атауды табыңыз. 
1.Оның шешесі сенің шешеңнің қайын енесі.Ол сіздің кіміңіз болады? (әкесі) 
2.Оның әкесі менің күйеу балам. Ол менің кімім ? (жиен) 
3.Менің шешем оның қызы. Ол менің кімім ? (нағашы ата) 
4.Ол менің күйеубаламның жары.Ол маған кім? (сіңілі) 
5.Оның апайы сенің ағаңның жары. Ол саған кім? (құдаша) 


YII. Адам болып қал балам.(Өлеңнің бір сөзі жасырылады, табу керек 
1. Қиындықтан қаймықпай, 
........ қадам бас, балам? (алға) 
Дұрыс жасап таңдауды, 
Адам болып қал,балам. 
2. Жақсылық пен ........ (жамандық) 
Қатар жүрер біл,балам, 
Жақсылардың шын сөзін, 
Құлағыңа іл,балам. 
3. Сақ болмасаң ісіңе, 
Жұғып қалар кір,балам. 
Таза ұстап .......... (арыңды) 
Жарқын өмір сүр, балам. 
4. «Ашу - дұшпан, ақыл - дос
Ақылыңа ақыл қос». 
Деген халық нақылы 
......... өмір болар бос. (зердесіз) 
5. Атаң менен анаңа, 
Далаң менен қалаңа. 
Тілің менен ......., (дініңе) 
Адал болып қал, балам! 
YIII. Ситуациялық сұрақ.

1. Қызы мектептен келіп анасына: «Сізге маңызды бір нәрсе айтқым келеді»- десе, анасы: «Сенсіз де басым ауырып тұр, мазамды алма»- депті. Сіз қалай жауап берер едіңіз?
2.Сіз балаңызға дүкенге барып келуін өтіндіңіз. Ол: «Ән тыңдап отырмын» - деп барудан бас тартты. Сіздің әрекетіңіз?

3. Балаңызға үй шаруасымен айналысуды тапсырдыңыз. Бірақ ол оқитын сабағы көп екенін айтып жасағысы келмеді. Сіздің әрекетіңіңіз?

4. Бала мектептен қатты ашуланып келді. Себебін сұрадыңыз, бала сынып жетекшісіне ренжіп келгенін айтып шағымданды. Сіздің әрекетіңіз?

5. Сіз балаңыздың кез келген ортада көп өтірік айтатынын байқадыңыз. Қандай әрекет қыласыз?
Әділ қазы алқаларына,өз еркімен пікірін білдірущілерге сөз беріледі. 
Мұғалімнің қорытынды сөзі: Тәрбиенің мақсаты-балаларымызды бізсіз де күн көре алатындай етіп оқытуымыз керек.Халық даналығы: «Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп бере алмайды» дегендей ата-аналардың көмегінсіз жеке тұлға тәрбиелеуіміз қиын,сондықтан мектеппен тығыз байланыста болыңыздар деп, - сөзімді қорытамын




Ашық тәрбилік сабаққа өзіндік талдау

Күні: 02.12.2016

Сынып: 2 «Ә»

Пән: Ашық тәрбиелік сағат

Мұғалім: Ганиева Г.Ж.

Тақырып: «Отан - отбасынан басталады»

Түрі: Сайыс сабақ

Мақсат: «Атадан - өсиет, анадан – қасиет» дегендей отбасынан алған тәрбиеден баланың мінезі қалыптасатынын айту.«Ұл тәрбиелей отырып, халықты тәрбиелейміз, 
қыз тәрбиелей отырып, ұлт тәрбиелейміз» деп М. Әуезов сөзінде айтқандай жанұяда ата-ана өз парызын, бала өз міндетін әр сәт терең сезінуіне бағыттау.Баланы сүйе білуге, балаларға өмірдегі ең маңызды нәрсені отбасы екенін үйрету. Отанға , ата-анаға деген сүйіспеншіліктерін арттыру

Көрнекі құралдар: слайд, бала тәрбиесі жөніндегі және отбасы туралы даналық сөздер. 



+

-

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, көңіл күйлерін сұрау, зейіндерін дөңгелек үстелдің тақырыбына аударту.


Сабаққа кіріспе

Сабақты Қ.Р. білім беру ісінің үздігі Жақсыгүл Шәріпханқызының «Тәрбиенің тірегісің аналар» деген өлеңімен басталды



Жаңа сабақ

Қорытынды

Бүгінгі мерекенің маңызын түсіндіріп, өз еліне арнап тілектерін жеткізу.







 




Каталог: uploads -> doc -> 0f89
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0f89 -> Сабақ жоспары Курс: 1 Топ: Сабақ нөмірі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет