Тақырыбы: Әбілхан Қастеев туындылары Сілтеме



Дата26.06.2018
өлшемі28,34 Kb.
#45003
түріСабақ

Тақырыбы:

Әбілхан Қастеев туындылары




Сілтеме

Өнер оқулығы, интернет ресурстар




Мақсаты

Қазақтың саңлақ суретшісі Әбілхан Қастеев туралы білу және білім толықтыру.




Міндеттері

Тілдік, сөздік қорларын молайту, танымдық ойлау қабілеттерін арттыру.
Ұлттық өнерге деген сүйіспеншілік арқылы эстетикалық тәрбие беру.






Күтілетін нәтиже

Әбілхан Қастеев туралы толық ақпараттарды меңгерген және сұрақтарға жауап бере алады.

Өзгелердің ойын тыңдауға үйрену

Керекті жабдықтар

Слайдтар, суреттер.Компьютер, Интерактивті тақта





Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Топқа бөлу

Топқа бөлу

Қызығушылығын ояту.



Ұйымшылдық, сабаққа белсенділігі артады

Үй тапсырмасы

Ортасы


«Миға шабуыл» әдісі «Теңге ойыны»

Тұсаукесер арқылы әр түрлі теңге суреттерінің астында сұрақтар жасырылады. Оқушылар өздерінің таңдаған теңгелердің артында жасырылған сұрақтарға жауап береді



    1. Шоқан Шыңғысұлы Уалихановтың шын есімі?

    2. Шоқан Уалихановтың суретшілік өнері қай кезден басталды?

    3. Ш.Уалихановтың белгілі портреттік көркем шығармаларын атаңдар

    4. Ш.Уалиханов қай жерде жерленген, оның мұражайы қай жерде орналасқан?

    5. Ш.Уалихановты сурет өнеріне баулаған кім?

    6. Ш.Уалихановтың Қытай және Қырғыз елдерін бейнелеген көркем шығармаларын атаңдар.

Оқушының дарындылық қабілетімен жұмыс істеу

Қызығушылықтарын

ояту


Жаңа сабақ «Ә.Қастеев туындылары»





Негізгі бөлім

Мағынаны тану сатысы



Ой  қозғау әдісі бойынша Ә.Қастеев салған суреттерге саяхат жасалынады. Суреттер интерактивті тақтадан көрсетіледі және оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында белгілі суретші Ә.Қастеев жайында видео ролик көрсетіледі.

Ә.Қастеев 1902-1973 жылы бұрынғы Талдықорған облысы Жаркент ауданындағы

Алматыда  1976  жылы  музей  ашылды. Ал 1984  жылы  музейге  қазақтың  халық  сурет шісі Әбілхан Қастеевтің есімі берілді. Музей өте бай  қорға  ие. Ендеше Әбілхан  Қастеевтің  салған  суреттеріне  саяхат.

Бұл өнерді қайдан, кіммен үйрендің? деген ұстазының сауалына Әбілхан: «Таудың бұлағынан, қойдың құлағынан.Апамның киізінен , ешкінің мүйізінен- деп жауап берген екен.

Әбілхан Қастеевтің қай туындысын алып қарасаң қазақ халқының тыныс тіршілігі мен болмыс бітімі айқын көрініс табады. Оның шығармасынан табиғаттың аса көркемдігін, керемет шеберлігін көруге болады. 2004 жылы Әбілхан Қастеевтің 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті.

1967 ж. Әбілхан Қастеевке «Қазақстан жерінде» атты акварельдік топтамасы үшін ш.Уәлиханов атындағы Қазақ ССР мемлекеттік сыйлығы берілді.

Топпен жұмыс. Постер қорғау.


  1. Топ Ә. Қастеевтің туындылары.

  2. Топ Ә. Қастеевтің еңбектерінің тақырыбы




Болжам жасау.

Мәтінмен жұмыс жасау



Ой шақыру

Сәйкестендіру тесті

  1. Ә.Қастеев қай жылы дүниеге келді? 1973

  2. Ә.қастеев қай жылы дүниеден өтті? 1904

  3. Ә.Қастеевке «Қазақстан жерінде» атты Акварельдік топтамасы үшін Ш.Уалиханов атындағы Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығы қай жылы берілді? 1967

  4. Суретші Мәскеуге қашан барды?

1937

  1. Қай жылы КСРО суретшілер одағына кірді? 1930

  2. Алматыға келіп, екі жылдай Н.Г.Хлудовтың көркемсурет студиясында білім алған жылы?

1929



Жеке жұмыс

Сабақты қорытындылау

Зымыран сұрақтары арқылы қорытындылау яғни екі топ ұшақты бір –біріне лақтыру әдісі бойынша ұшақ ішіндегі сұрақтарға жауап береді.

Бірінші ұшақтың сұрақтары?

    1. Әбілхан Қастеев деген кім?

-ҚР Халық суретшісі.

Дұрыс айтасың, М.Әуезов, Ш.Уәлиханов, С.Мұқанов сияқты қазақ тарихында оның алатын орны ерекше.



    1. Әбілхан Қастеев қай жылы дүниеге келді?

Ә.Қастеев 1904 ж 1 қаңтарда Талдықорған облысының (Алматы облысы) Жаркент ауданындағы Шежін ауылында дүниеге келген.

Екінші ұшақтың сұрақтары?

    1. Қай жылы Алматыға келіп білім алады?

-1929 ж Алматыға келіп, екі жылдай Н.Г.Хлудовтың көркемсурет студиясында білім алады.

2. Тұңғыш көрмесі қашан өтеді?

-1942 ж Алматыда суретшінің шығармашылық қызметінің 15 жылдығына арналған тұңғыш көрмесі өтеді.





Кері байланыс


Бүгінгі тақырып ұнады ма?

Қадай тапсырманы орындағанда қиындық туындады?



  • Оқушылар сабақ барысында белсенділік танытты.

  • Постер қорғау кезінде берілген тақырыптар бойынша өз ойларын толық жеткізе білді, мысалы 1-топтың оқушылары постерде Қастеевтің туындысынан үзіндіні бейнелесе екінші топ оқушылары Қастеев еңбектерін көрсетіп, қорғай білді.

  • оқушылар ойларын тиянақтап, сәйкестендіру тестін дұрыс, толық және жылдам орындады.

  • Жалпы оқушылар бүгінгі сабақты толық меңгерді деп ойлаймын.

Оқушылар стикер арқылы сабақтан алған әсерлері мен сабақтың қалай өткендігі жайлы жазып береді?

Үй тапсырмасы

Ә. Қастеевтің өмірі мен шығармашылығы бойынша ЭССЕ жазып келу





Өзін-өзі бағалау

Оқушылар Бесбармақ әдісі арқылы бірін-бірі бағалады.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет