Сабақтың тақырыбы: Д. Исабеков



Дата27.12.2016
өлшемі161,27 Kb.
#5361
түріСабақ
ШҚО

Ұлан ауданы, Алмасай ауылы

«Абай атындағы орта мектеп» КММ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Темиргалиева Салтанат Муратбековна

Сабақтың тақырыбы: Д.Исабеков «Ата үміті» әңгімесі

«Дермене» повесінен үзінді

Мақсаты:


  1. Д.Исабеков өмірімен және «Ата үміті» әңгімесімен танысады.

  2. Оқушылар өз бетінше қорытынды жасау және бағалау дағдыларын дамытады.. Өз ойларын еркін, толық жеткізе білу қабілеттерін жетілдіреді.

  3. Әңгіме мазмұны арқылы адамгершілікке, парасаттылыққа үйренеді.

Сабақтың типі: Аралас сабақ.

Әдіс - тәсілі: Эссе, «Топтастыру», «ЖИГСО», «Дербес пікір», «Үш қадамды әрекет», «Концептуалды кесте», «Екі жақты күнделік»

Алғы шарттар: Д.Исабековтің өмірі мен шығармашылық жолы туралы ізденіс жұмыстарын жүргізеді.

Қажетті құралдар: Оқулық, А4 парағы, ватман қағаз. маркерлер.

Көрнекіліктері: Д.Исабеков портреті , Дермене өсімдігінің суреті, постерлер.

Бағалау: «Бағалау парақтарындағы» критерийлер арқылы өзін - өзі бағалау нәтижесінде суммативті бағалау шығару.

І.Қызығушылықты ояту.

Сергіту сәті: «Қара жорға» биі. (2минут)

Топқа бөлу: Әр түрлі күлкілі смайликтер арқылы топқа бөлінеді.. (1минут)

І. Қызығушылықты ояту

А. Үй жұмысын тексеру

Өткен тақырып бойынша жазып келген эсселерін топта оқып, ішінен ең құнды, маңызды дегенін таңдап , әр топтан 1 оқушы оқиды, қорытынды жасалады. Қалған оқушылардың жұмыстары қабырғаға жапсырылады. (4 минут)

Сабақтың мақсатын анықтау: Менің білгім келеді..........................

Менің анықтағым келеді.................

Менің түсінгім келеді.........................

Слайд: Д.Исабековтің портреті

Д. Исабековтің өмірі мен шығармашылығы туралы тауып әкелген мәліметтерімен танысу. (Оқушылар АКТ арқылы дайындап әкелген слайдтарын презентациялап, жазып әкелген рефераттарын топта талқылап, толықтырып, әр топтан 1 оқушы оқиды, қалған топ өздерінің жұмыстарын толықтырып отырады.) (3минут)

Көпірше: Д.Исабеков Қай жылы дүниеге келіпті? (1942ж.)

-Яғни біз бүгін қандай тақырыпты өтеміз?

Кез-келген жазушы өз заманын, өзі өмір сүрген уақыттын, халық жағдайын, тұрмыс – тіршілігін жазады. Сондықтан біз бүгін алдыңғы сабағымызбен тақырыптас Д. Исабековтің «Дермене» повесінен үзіндіні өтеміз.

Б. Жаңа тақырыпты меңгерту

«Топтастыру» стратегиясы. (3минут)



  1. «Дермене» деген сөзді естігенде көздеріңе не елестейді?



Әр топқа Дермене өсімдігі туралы ресурс таратылып, суреті слайд арқылы көрсетіледі.

ІІ. Мағынаны ашу

«ЖИГСО» және «Үш қадамды әрекет» стратегиялары арқылы әңгіме мазмұнын меңгерту. (10минут)

(Мәтін жоспарын құруға, тірек сөздер кестесін жасауға болады).

І топ:- Бара ғой. – Қайда барасың, қашан келесің деп сұраған да жоқ.(259-263-б.)

ІІ топ: Алыстағы қыр астынан бері келе жатқан трактордай Омаштың қорылы қайта басталып келеді . (263-266б.)

ІІІ топ: Қиындықтың көбі кетіп, азы қалды.(266-272б.)

ІV.Соңына дейін оқиды

Әр топ жұпта, топта талқылайды.

Топтағы оқушыларды 1,2,3,4 деп бөліп, 1-лерді бір топқа, 2-лерді бір топқа....бөлу.

Әр топтан жиналған оқушылар үй топтарында айтылғанды сөз және әрекет арқылы ортаға салады, талқылайды. Қайта үй топтарына оралады.

(5минут) Әңгіме мазмұнын топта толық мазмұндай отырып: Слайд: Ітоп – Комп. құр талдау жасайды.

Басталуы

Байланысы

Шиеленісуі

Шарықтау шегі

Шешімі
















ІІтоп. «Концептуалды кестені» толтырады

Кейіпкерлер

Келген мақсаты

Кәсібі

Іс -әрекеті

Мінезі

Тоқсанбай













Еркеш













Омаш













ІІІ топ:. Тілдік ерекшеліктері

Теңеу

Эпитет

Метафора

Гипербола

Литота
















ІV топ – Мәтінде кездесетін түсініксіз сөздерден глоссарий жасайды(Түсініктеме сөздігі арқылы).

Шайла – Күрке

Қада – Күркенің төрт бұрышына қағатын ағаш

Пәтір – Қамырды ашытпай табаға пісіретін нан

Жасымықтай – Ноқаттай

Белесебет – Велосипед

Зорекелдік – Зорлықшылдық, өктемдік

Құлқайыр – Қурай

Сом - теңге

ІІІ.Ой толғаныс.

Деңгейлік тапсырмалар. (6 минут)

А. ВЕНН диаграммасы



Қатыгездік, дүниеқоңыздық

Ортақ

Адалдық, адамгершілік










В. Әңгіменің ұнаған жері бойынша сурет салу (Егер бір топта «в» деңгейін орындайтын 2 оқушы болса, арқа түйістіре отырып «Елес құшағында» стратегиясы бойынша жұбының айтуы бойынша елестете отырып сурет салуға болады).

С. «Дүниеқоңыздық пен қатыгездікті адамгершілік пен адалдық жеңеді»

эссе жазу.

Бағалау: Формативті бағалау негізінде суммативті баға қойылады. (2минут)

Үйге тапсырма: (1минут)

«Адамгершілікті мен қалай түсінемін?» шағын шығарма жазу.

Кері байланыс (2 минут):


  1. Обал, сауап, адал, арам сияқты сөздерді кім қалай түсінеді?

2. Слайд:

Байлық іздеп отқа түспе түбінде,

Аттамағын жаттың ала жібін де.

Кісі жібін аттама да, қан төкпе,

Бұл екеуден қиналады жан текке.

Ж. Баласағұни.

Осы өлең жолдарынан не түюге болады?

Тақырыбы: Ізгілік пен ар- ұят

(Д.Исабековтың «Ата үміті» әңгімесі бойынша 2-сабақ )

Мақсаты


: 1. Мәтін бойынша талдау жұмыстары арқылы шығарманың көтерген негізгі

проблемасын айқындайды.



  1. Кейіпкерлердің іс - әрекеттерін сараптау арқылы ойлау, қорытынды шығара білу қабілеттерін дамытады, өзіндік көзқарас, ұстанымдарын қалыптастырады.

«Ұрлық түбі - қорлық», Қылмыс соңы жауап күтетінін, қолмен істегенді мойынмен көтеру керек екенін түсінеді

3. Жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренеді.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Әдіс – тәсілдері: «Екі жұлдыз, бір пікір», «Топтастыру», «Екі жақты күнделік», «Сұрақтар түймедағы», «Пікірталас», «Эссе» стратегиялары.

Көрнекілгі: Постер, сызбалар, өлең шумақтары, түймедақ.

Қажетті құралдар: Ватман, маркер, желім, қайшы, оқулық,

Бағалау: Бағалау парағындағы критерийлер бойынша жүзеге асады.

І. Қызығушылықты ояту

Бүгінгі сабағымыз адамгершілік дәрісі болғандықтан сөз басы ізгі тілекпен басталсын.

Сергіту сәті: «Шаттық шеңбері» .Оқушылар шеңбер құрып тұрады. 1 минут.

Слайд: Қайырлы таң, саған да, (Оң жағындағы көршісіне айтады)

Қайырлы таң, саған да.(Сол жағында тұрған көршісіне айтады)

Қайырлы таң, достарым,

Әкем, шешем және мен,

Бауыр, достар, туғанмен

Бақыттымын бәріңмен!

Қайырлы болсын атқан таң,

Шуағын бізге төккен таң!

Топқа бөлу: Әңгіме кейіпкерлерінің суретін құрау арқылы. («Тоқсанбай» тобы, «Омаш» тобы, «Еркеш» тобы) 2 минут

Үй тапсырмасын тексеру.

Әр топтағы оқушылар жазып келген шығармаларын топта талқылап , ішінен біреуін таңдап алып, бір оқушы оқиды. Басқа топтар екі жұлдыз, бір пікір айтады.

Сабақтың мақсатын анықтау: Менің білгім келеді..........................

Менің анықтағым келеді.................

Менің түсінгім келеді.........................

Қалай ойлайсыздар, үзінді неге «Ата үміті» деп аталған? Ғұмырының көбінен азы қалған, артындағы бес тұяғының төртеуінен соғыста, соңғысынан қарадай айырылған Тоқсанбай қарт неден үміттенеді, атаның үміті неде?

Көпірше: «Топтастыру» стратегиясы 5 минут.



Ітоп: ІІтоп: ІІІтоп:

ІІ. Мағынаны ашу

Слайд: «Екі жақты күнделік» стратегиясы бойынша кейіпкерлер сөздері арқылы мінездеме береді. 12минут.

Ітоп:


Тоқсанбайдың сөзі

Мінездеме

-Бұл неғылғаның , балам... Мені қойшы, мен талайды көргем, қоңыз жеп, бақа жұтқанды да көргем. Ана баланы аясаңшы.




-Аулақ! Мілисаң өзіңе! Сенейін, сенбейін, болар іс болды. Іздесең өзің іздей берерсің. Тапсаң қайтып келген малдың қайыры бар. Маған бір тиынның да керегі жоқ. Араммен келген мал еді, араммен кеткен екен. Бәрі сонымен бірге кетсін.




- Шырағым, ақша қалай жоғалды деп қазбаламаймын. Саған әу баста сеніп ем, сол сенген күйімде кете берейін.




ІІтоп:

Омаштың сөзі

Мінездеме

«Шал, бұл дүниеде жарымағанда, о дүниеде жаримын деп жүрсің бе?

Неужели мені какой – нибудь торғай үшін ақиретке сотқа тартады?»






-Жылама, иттің күшігі! Сендерге жақсылық жасап түн ұйқымнан безіп жүрсем, оны жамандық деп ұққан екенсіңдер. Мен сендермен басқа тілде сөйлесейін .




Шын! Шын, ойбай! Алдап нем бар! Тонап кетті. Аяқ – қолымды байлап тұрып әкетті – ау! Кешеден бері соның соңында жүрмін...




ІІІтоп:

Еркешбай сөзі

Мінездеме

-Су әкелу дермене орудан ауыр емес.





Ата, біреу жөтеле ме?




- Ата, бұл кісі дермене ұрлап келді ме?




«Сұрақтар түймедағы» стратегиясы бойынша әр топтағы оқушылар түймедақтың жапырақтарында жазылған сұрақтарға жауап беріп, өз түймедақтарын жасайды. 12 минут.

І топ:


  1. Тоқсанбай деген кім?

  2. Ол қандай адам?

  3. Тоқсанбай Омашты неге жазаламады?

  4. Тоқсанбай Омашты жазаласа не болар еді?

  5. Тоқсанбайдың мінез – құлқын Омаштың мінез – құлқымен салыстырыңдар.

  6. Тоқсанбайдың Іс - әрекетін қалай бағалар едіңдер?

ІІтоп:

  1. Омаш деген кім?

  2. Сен Омаштың істерін қолдайсың ба?

  3. Омаш неліктен ондай істерге барды?

  4. Жағдайдан шығудың басқа қандай жолдарын ұсынар едіңдер?

  5. Омаштың іс - әрекетін Тоқсанбайдың іс - әрекетімен салыстырыңдар

  6. Омаштың қылығын жазалау керек деп ойлайсыңдар ма?

.ІІІ топ:

  1. Еркеш деген кім?

  2. Ол қандай бала?

  3. Бала Омашты неге қабылдамады?

  4. Еркештің орнында болсаңдар не істер едіңдер?

  5. Еркештің сезімі мен түйсігін Омаштың сезімі мен түйсігімен салыстырыңдар.

  6. Еркештің адамгершілігі мол, адал бала екеніне келісесіңдер ме?

ІІІ. Ой толғау

Жұптық жұмыс:

А. . Омаш бейнесіне постер жасау

В. «4 сөйлем» стратегиясы арқылы пікірлерін білдіріп, дәлелдеп, мысал келтіріп, қорытындылайды.

Слайд: А. Ж.Молдағалиевтің өлеңінен алынған үзіндіні оқып, мағынасын түсіндіру.

Ұят та - зор парыз, зор сүндет,

Секілді биіктік қиялы.

Бөбегі ғұмырлы болсын деп,

Ата – ана құлаққа құяды.

Өлгендер өлсін тек ажалдан,

Өлмесін тірідей ұяттан.

С. Тест тапсырмасы (ACTIVote пайдалану)



  1. Мені, мені шотпен ұрмақ! Аха-ха-ха... Катюшамен атпаса анау-мынау мылтыққа өле қоймаймын . Кімнің сөзі?

А) Тоқсанбай В) Ергеш С) Омаш

2. «Жасымық» сөзінің мағынасы?



А) ноқат В) шөп атауы С) мылтық

3. «Құдайдың ұрған жері осы болды. Мынау асығатын емес» Кімнің сөзі?



А) Тоқсанбай В) Ергеш С) Омаш

4. ..................... заманынан келе жатқан сары самаурын әндете ызылдады.

А) ерте В) атам С) Николай

5. Тоқсанбай шал үйіне келген соң не істеді?

А) ақша санады В) немересіне велосипед сатып алды С) қонақ шақырып, садақа берді

6. «Ергешжанның атын атап келіп тұрған соң жеті сомын соларға бердім». Кімнің сөзі?

А) Тоқсанбай В) кемпір С) Омаш

7. Ауыл шалдарын ауызашарға шақырғандағы Тоқсанбайдың ойы не еді?



А) жасаған күнәсін құдайы беріп жеңілдету

Б) қуанышымен бөлісу

С) парызым деп есептеді

8. Омаш сол бетімен алдына кеп тізерлеп жығылып, еңкілдеп қоя берді. Омаш неге жылады?

А) кешірім сұрады Б) өз ұрлығын жабу үшін С) шын көңілімен жылады

Д..Қабілетті оқушыларға арналған тапсырма

«Қиюын тап» (Мақалдың жалғасын табыңыз)

1. Құс балапаны үшін торға түседі,

… (Ата баласы үшін азапқа түседі)

2. Үйінде атасы бардың,

… (Берер батасы бар)

3. Қартайдым деп қайғырма,

… (Жас бала бар артыңда)

4. Адамты алдау – … (арыңның алдында күнә)

5. Көз бір уыс … (топыраққа тояды)

Әр топ өздері құраған кейіпкерлерін топтастырған қасиеттерге апарып жапсырады.

Кері байланыс: 1. «Пікірталас» стратегиясы бойынша Омаш қылмыскер ме? деген сұраққа қатысты өз көзқарастарын айқындап, «Пікірталас кестесін» толтырады.

Иә

Мүмкін

Жоқ

Бұл адам – қылмыскер. Қорғансыз қарт пен немересін жәбірледі, қорқытты. Біреудің есегін ұрлады. Омаш қолымен істегенін мойнымен көтерсін.

Мүмкін қылмыскер де шығар. Жазықсыз адамдарға көп жамандық әкелді. Ал екінші жағынан ол өз қылмысын түсініп, мойындап отырғандықтан оны қылмыскер ретінде емес, қиындықты көп көрген адам ретінде қарап, бір жолға түзелуге уақыт берген дұрыс деп ойлаймын.

Бұл адамды басқа жағынан да қарауға болады. Омаш – тағдыр тәлкегіне түскен. Соғыстан кейінгі жағдайды барлығыңыз білесіздер. Жоқшылықты көрген, тұрмыс – жағдайы нашар адам , бұл адамды түсінуге болады.



  1. Омаш сияқты ниеті жаман, пайда үшін ардан аттап кететін адамдарды қалай дұрыс жолға салуға болады деп ойлайсыңдар?

  2. Бұл әңгіменің сендердің өмірлеріңе, болашақтарыңа қажеті бар ма?

Неге олай ойлайсың?

Бағалау: «Бағалау парақтары » арқылы суммативті баға қою.

Үйге тапсырма беру: «Ар тазалығынан артық бақыт жоқ» эссе жазу.

Тақырыбы: Т.Әбдіков «Қонақтар» әңгімесі

Мақсаты:


  1. Т. Әбдіковтің өмірі мен шығармашылығы жайлы түсінік алады, «Қонақтар» әңгімесінің мазмұны арқылы ата – ана мен бала арым – қатынасы жайлы мағлұмат алады.

  2. Әңгіме жайлы түсініктерін кеңейтеді, өмірмен байланыстыра отырып, өзіндік ой қорытындысын жасайды.

  3. Ата – ана алдындағы, туған жер, ел алдындағы парызын түсінеді.

Сабақтың түрі: Аралас

Бағалау: Тақтада көрсетілген критерийлер бойынша бағаланады.

Топқа бөлу: Туыстық атауларға байланысты: 1мин.

І топ- әке, ана, бала,немере.

ІІтоп – аға, әпке, іні, сіңілі

ІІІтоп – ата, апа, құда, құдағи

Сергіту сәті: Әр топ өзімен көрші топқа жақсы тілектер тілейді. 1мин.

І.Миға шабуыл.

А) Үй тапсырмасы бойынша тест жұмысы .2мин.

Бағалау критерийлері: «5»- 5сұраққа , «4» - 4 сұраққа, «3» - 2,3 сұраққа жауап берген оқушы алады.



  1. Әңгіме дегеніміз - ....

  2. Т.Әбдіков..... туған

  3. Т.Әбдіковтің.... деген шығармалары бар.

  4. «Қонақтар» әңгімесінің негізгі тақырыбы - ....

  5. «Қонақтар» әңгімесінің басты кейіпкерлері: ....

Б) Шығарманы комп. құрл қарай талдау.3мин. Бағалау: «5»-толық талдағанда, «4» - 2қатесі бар, «3» - 3 қатесі бар оқушыларға қойылады.

Басталуы

Байланысы

Шиеленісуі

Шарықтау шегі

Шешімі

Ерғабыл қарттың арманы

Ата – ана сағынышы, қонақтарды қарсы алу

Сапабектің әңгімесі

Қонақтарды шығарып салу

Ерғабылдың реніші

Көпір салу. 5мин.Шығарманың мазмұны бойынша әр топ рөлге бөлініп көрініс дайындау.

ІІ. Мағынаны ашу (Топтағы барлық оқушы белсенді қатысқан топқа «5», 1,2 оқушысы баяу қатысқан топқа «4», мүлде баяу топқа «3»)

«Мылқау пікір» стратегиясы арқылы кейіпкерлерге мінездеме беру. 6мин.

І топ – Сапабек(өркөкірек, мақтаншақ, парызын түсінбейді, таяз ойлы) ,

ІІ топ – Ерғабыл(мейірімді, арманшыл, еңбекқор,ақылды, қажырлы),

ІІІ – Тома (өзімшіл, өркөкірек, қалада өскен)

Әңгіме – дебат. Жеке, жұппен, топпен жұмыс. Әр топтан топтың ортақ көзқарасын жариялау. (өз позициясын дәлелдей алған топқа «5», толықтыруларды қажет еткен топқа «4», бақылаушы топтың пікірлеріне, бақылауларына қарай бағаланады.) 6мин.

Ітоп. Сапабек– жағымды кейіпкер. Дәлелде.(Сапабек әлі де болса ауылға бейімделіп, ата – анасына қарайласады, қамқор болады деп ойлаймын. Өз қателігін түсініп, Жеңісбекті ата – әжесінің тәрбиесіне бағыттайды деген сенімдемін. Туған ата – анасына, туған жеріне деген перзенттік сезімі оянуға тиіс. Мен оған сенемін.)

ІІтоп . Сапабек – жағымсыз кейіпкер. Дәлелде.(Сапабек қандай жағдай болса да өзінің ата – анасын ұмытпау керек еді. Ол ата – ана алдындағы перзенттік парызын ұмытып, әйелінің сөзіне еріп кеткенімен қоймай баласын да тастамай алып кетті. Ол ата – анасының жүрегіне үлкен жара салды. Оның бұл қылығын ешқашан ақтап алуға болмайды ).

ІІІтоп. Бақылаушы. Екі топтың қайсысы өз позициясын дәлелдей алды?

ІІІ. Ой толғау. (Ауызекі сөйлеу тілі, диалект, жаргон сөздер қолданылмай, ой толық , жүйелі жеткізілген ой толғау «5», және одан төмен.) 15мин.

«Менің парызым» тақырыбына эссе жазу.



Кері байланыс. 3мин.

  1. Әңгіме неліктен «Қонақтар» деп аталған деп ойлайсыңдар?

  2. Сонымен, әңгімеде қандай мәселе көтерілген?

  3. Осы әңгімеге ұқсас тағы қандай шығармаларды білесіңдер?

  4. Бұрынғы ауыл түлектері, қазіргі қала тұрғындарының басты міндеті не деп ойлайсыңдар?

Үйге тапсырма беру 2мин.

  1. Мұхаммед пайғамбар хадистерінде ата – ана мен бала туралы не айтылған?

  2. Абайдың «Қарасөздерінде» не айтылған?

  3. Қазақстан Республикасының Ата Заңында не айтылған


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет