Сұрақтар: Инклюзивті білім беру ұғымы


Уақытша және жартылай кіріктіру



бет10/11
Дата23.01.2022
өлшемі35,64 Kb.
#113344
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
1-4 билет АНИНА

3. Уақытша және жартылай кіріктіру

Жартылай кіріктіру – кіріктірудің бұл түрінде оқушылар жеке сынып жағдайында оқиды, бірақ қалыпты дамыған оқушылармен бір білім беру ортасында біріктірілген. Олар жалпы мектепішілік барлық оқыту және тәрбие беру шараларына, жалпыға білім беру сыныптарының оқушыларымен қатар, тең құқықта тартылады. Сонымен қатар, бұл түр жеке оқытылатын, бірақ сыныптағы кейбір сабақтарға оқушылармен бірге қатыса алатын балалар үшін де қолданылады. Жартылай кіріктіру қажетті біліктер пен дағдылардың аздаған бөлігін ғана өзінің қалыпты дамып келе жатқан қатарларымен тең игеруге, олармен бірге сабақтан тыс уақытының аз бөлігін ғана өткізуге қабілетті балалар үшін пайдалы болуы мүмкін. Жартылай кіріктіру ‒ мектеп бағдарламасын дендері сау қатарларымен тең меңгеруге қабілетсіз балалар үшін басым түр болып саналады. Жартылай кіріктіру аясында дамуларында 25 кемшіліктері бар балалар уақыттарының бір бөлігін ғана дендері сау қатарларымен бірге өткізеді (мысалы, күннің екінші жартысын).

Жартылай кіріктіру үлгісі мүмкіндіктері шектеулі балаларды тек жалпыға білім беру сыныптарында оқыту мен арнайы білім беру мекемелерінде оқыту арасындағы аралық нұсқаны білдіреді. Жартылай кіріктіру үлгісін жүзеге асыру білім беруді ұйымдастырудағы екі түрдің үйлесуін білдіреді – қалыпты дамып келе жатқан қатарларымен біріктіру жағдайында және арнайы ұйымдастырылған сыныптарда немесе аз топтарда (жалпы мектеп кеңістігіндегі). Сипатталып отырған бұл үлгі аясында білім алу қажеттіліктері ерекше барлық оқушылар толық кіріктіру үлгісіндегіге ұқсас қажетті қосымша психологиялық-педагогикалық көмек алады. Бірқатар елдерде (Германия, Австрия, Польша, АҚШ және басқа) бұл үлгі интеллектуалдық дамуларында ауытқулары бар балаларды оқытудағы басым түр ретінде қарастырылады. Даму деңгейлері қалыпты балалардан бөлек оқытылатын пәндер тізімі, оқушылардың білім алу мүмкіндіктері ескеріле отырып, анықталады: мейлінше қиын пәндер (математика, ана тілі және басқалар) ‒ бөлек оқытылады, аса қиындық тудырмайтын пәндер (мысалы, эстетикалық циклдегі) - біріктіріліп оқытылады. Сонымен бірге, жалпыға білім беру мектептебінде даму мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін сабақтан тыс шараларға (экскурсиялар, мерекелер, мектептегі концерттер мен мерекелер) қатысуға жағдайлар жасалады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет