Сұрақтар: Инклюзивті білім беру ұғымы



бет9/11
Дата23.01.2022
өлшемі35,64 Kb.
#113344
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
1-4 билет АНИНА
Дене тәрбиесі 6-апта, Бағаналы жасушалар ұғымы және олардың қасиеттері
Емтихан билетi № 4

  1. Инклюзивті білім беру үлгілерін ендірудің шетелдік тәжірибесі

Инклюзивтік білім беру идеясын жүзеге асыру үшін инклюзивтік білім беру жүйесін дамытудағы жаңа кезең болып табылмайтын елдердің тәжірибесі өте маңызды болады. Әсіресе инклюзивтік үдерістерді ендірудің көп жылдық тәжірибесі бар АҚШ және еуропалық елдердің практикалары өте пайдалы. Осы күнге дейін инклюзивтік білім беру мәселелерін шешу жолын іздестіру көп жылдық тәжірибесі бар АҚШ, Батыс еуропа және Австралияға ғана емес, сондай-ақ шығыс еуропалық, азия, африка және латын америкалық мемлекеттерге де тән. Сонымен бірге, Уганда, Лесото, Вьетнам, Лаос, Иордания, Палестина, Марокко, Египт және Йемен сияқты дүниежүзіндегі ең кедей елдерінде де батыл және жылдам өзгерістердің болып жатқанын да айтып өту керек. Сондайақ Уганда мен араб елдерінде мүмкіндіктері шектеулі балалар мен бірге қыз балаларды да жалпы білім беру мектептеріне кіріктіру үдерісі қарқынды жүріп жатыр.

Бүкіл әлем инклюзивтік білім беру идеясы мен тәжірибесіне назар аударуда. Білім беру жүйесі барлық санаттағы азаматтарды тиімді білім берумен қамтамасыз етуге байланысты әр түрлі мәселелерге кездесуде. ... Зерттеушілердің инклюзивті білім беру ортасының орталық компоненттерінің ерекшелеген мәліметтерін тірек ете отырып, біз тәжірибелік ендірудің педагогикалық мақсаттылық жағынан бірқатар жағымды сәттерді құрайтынын байқадық. 

Қазіргі таңда дүниежүзінің назарын аударып отырған мәселе ол — балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның және отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру болып табылады.Яғни, инклюзивті білім беру-ол баршаның сапалы білімге қол жетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған білім беру жүйесін тарату процестерінің бірі болып табылады. Инклюзивті білім беру балалардың әр түрлі дене, психикалық, зияткерлік, мәдени- этникалық, тілдік және өзге де ерекшеліктеріне қарамастан, сапалы білім беру ортасына айрықша білім алу қажеттіліктері бар балаларды қосуды, барлық кедергілерді жоюды, олардың сапалы білім алуы үшін және олардың әлеуметтік бейімделуін, социумге кірігуін көздейтін оқыту түрі.
2. Зияты зақымдалған балалар ұғымына жалпы түсінік

Зияты зақымдалған балалардың зейіні ырықсыз болып келеді. Баланың зейінінің құрамы оның кемістік құрылымына байланысты әсіресе, зейін көлемінің аздығы және оның қысқа мерзімділігі қозғыш оқушыларға тән. Бұл балалар импульсивті және тұрақсыз болып келеді.

Л.С. Выготский көптеген зерттеушілерге қосылып, зияты зақымдалған балалардың ырықты зейінін қарастырған. Ол зейіннің 2 түрі бар деген зерттеушілерге қосыла отырып, ырықты зейіннің әлсіздігінің себептерін анықтауға тырысқан. Л. С. Выготский ырықты зейіннің жетілмеуін сөйлеу тілі бұзылуымен байланыстырған, ал соңында өзін - өзі басқару, яғни өз тәртібін зерттеумен болған.

Жалпы зияты зақымдалған балаларға сигналды тану үшін, көбірек уақыт керек, ал танудың өзі тұрақты болмайтындығы белгілі. Зерттеуші-ғалымдардың барлығы, зейіннің оның ішінде ырықты зейіннің жеткіліксіздігі туралы туралы айтады. Зияты зақымдалған балалардың ырықты зейініне енжарлық тән, көңілдері бөлінгіш. Кейбір балаларда, 10-15 минут жұмыс істегеннен кейін, қимыл-қозғалыс, мазасыздық басталады. Ал енді біреулері селқос, енжар күйге ауысады.

Зиятында ауытқуы бар балалар

Мүмкіндіктері шектеулі балалар қатарында жиі кездесетін ақыл-ойы кемтар балалар. Ақыл ойы кемтар балалардың ми қыртысының органикалық түрде зақымдалу салдарынан танымдык әрекеттегі ауытқулары бар.

Зиятында ауытқулықтары бар адамдар бойындағы кемістіктің ерекшелігі жоғаргы психикалық функцияның мінез бен іс-әрекетті бейнелеу және реттеудің бұзылуы. Бұл танымдық процестердің бұзылуында (сезу, қабылдау, есте сақтау, ойлау, елес, сөйлеу тілі, зейін), сезімдік - еріктік сфера, моторикасында және тұлгалық дамуындағы жетіспеушіліктер мен сипатталады.

Зият ауытқуларының себептері: тұқым қуалаушылық аурулар (микроцефалия, фенилкетонурия, т.б.), хромосомалық құрылымы және санындағы бұзылыстар (Даун синдромы, Кляйнфельтер, Шерешевский -Тернер синдромы ) т.б. Сонымен бірге ұрықтың жатыр ішіндегі даму кезінде әсер ететін әр түрлі патогендік факторлар тудырады.

Біріншіден, жатыр ішіндегі инфекциялар жатады: хроникалық -токсоплазмоз, листериоз, мерез, цитомегалия және вирустық қызылша, тұмау және т.б. Жүктіліктін соңғы айларында ананың ауыр жұқпалы аурулары ұрықтың жатырішінде бұзылуына және онда жатырішілік энцефалит және менингоэнцефалиттің пайда болуына алып келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет