Э.Мэйоның «адамдардың қарым-қатынасы» менеджмент практикасына мынадай түзетулерді: 1. Адамның әлеуметтік қажеттіліктеріне көбірек көңіл аударуды; 2. Еңбекті шексіз мамандандырудан бастартуды; 3. Ұйым ішіндегі билік иерархиясынан бастартудың қажеттілігін; 4. Өндіріс ішіндегі адамдар қарым-қатынасының формальды емес түрін барынша қалыптастыруды; 5. Ұйым ішіндегі формальды және формальды емес топтарды зерттеу әдістерін жетілдіруді енгізді. Америка құрама штаттарының белгілі оқымыстыларыЭ. Мэйо және Ч.Барнадр 1938 жылы бірлесіп «экономикалық адам» түсінігінің орнына «әлеуметтік адам» түсінігін ұсынуының басты себебі өзі тікелей басқару жұмысымен айналысқан Ч.Барнадрды ұйым туралы қалыптасқан түсініктің қанағаттандырмауы болды. Ол ұйымдағы топтарға назар аударылмағанын байқап, сол топтарыдың құрылымын талдау қажеттігін түсінді. Сонымен қатар зерттеуінің тағы бір жағымды жағы оның адамды ұйымның стратегиялық факторы деп бағалауы болды.
Ч.Барнадр ұйым жұмысында басқарушының орнын ерекше атап, оның қызметіне:шешім қабылдау өнері;келешекті көре білу негізінде мақсат қоя білу;ұйымның сызбасы мен персоналды басқару құрылымындағы қарым-қатынас жүйесі туралы нақты түсінігінің болуын;ұйымдастыру моралін жасап, қалыптастырудағы рөлін көрсетіп, осы сапаларды басқарушының басты міндетіне жатқызды. Сондай - ақ ол көшбасшылыққа ерекше назар аударды. Ч.Барнадр стимул мақсатқа байланысты, мақсат үнемі өзгеріп отыратын ортада адамның табандылығын жеке сенімін жандандырып, кооперацияны біріктіретін күш деп таныды.
Э.Мэйо және Ч.Барнадр ұсынған «Адамдар қарым-қатынасы» тұжырымдамасын Мичиган университетінен Д.Лайкерт, Массачусет университетінің профессоры Дуглас Марк Грегор, Иель университетінен К.Арджирис те қолдаған. Бұл ғалымдардың айтқанындай ұйымдағы қарым-қатынасты жақсартудан басқарушы да, бағыныштылар да ұтатындықтан бұл оқымыстыларды көбіне «адам ресурсы» тобы деп атаған.