2. Менеджмент кәсіби қызметтің ерекше түрі ретінде.
3. Басқару туралы ғылымның дамуы, басқару ой-пікірінің эволюциясы: менеджменттің шетелдік теориялары мен тұжырымдамалары
4.Қазіргі менеджменттің мәні мен өзіне тән сипаты
5.Менеджменттің американдық, жапондық және батыс еуропалық типтеріне ортақ және өзідік ерекше белгілері
«Білім берудегі менеджмент» курсы 5В010000 бакалавриаттың «Білім беру» мамандықтарына жүргізелетін міндетті оқу компоненті болып табылады.
«Білім берудегі менеджмент» курсы 5В010000 бакалавриаттың «Білім беру» мамандықтарына жүргізелетін міндетті оқу компоненті болып табылады.
Пәннің мақсаты: болашақ мұғалімнің мектептің тұтас педагогикалық үдерісін және білім беру мекемесіндегі тәжірибелік іс-әрекетің жүзеге асыра отырып басқарудағы кәсіптік құзіреттілігін қалыптастыру.
Сабақтың міндеттері:
1. Білім берудегі менеджменттің теориялық-әдіснамалық негіздері мен тұтас педагогикалық үдеріс және мектептің педагогикалық ұжымын басқарудың ерекшеліктері жөніндегі болашақ мұғалімдердің білімін қамтамасыздандыру.
2. Болашақ мұғалімдерді білім берудегі менеджменттің мәні мен негізгі міндеттерімен таныстыру.
3. Айрықша кәсіптік қызмет түріндегі педагогикалық менеджмент туралы айқын әрі саналы көзқарасты қалыптастыру.
4. Менеджер қызметінің нысаны ретіндегі тұтас педагогикалық үдеріс тұрғысынан білім беру мекемесін басқару қабілет-дағдыларын қалыптастыру.
Менеджмент (ағылшыншамanage – басқару, меңгеру, ұйымдастыру) – ұйымда немесе кәсіпорында жұмыс істейтін адамдардың еңбегін басқара отырып, алға қойған мақсатқа жетуді ұйымдастыра білу, әлеуметтік, оның ішінде білім беру үрдістерін басқару принциптері, әдістері, құралдары мен нысандарының жиынтығы. “Менеджмент” ұғымының мәні мен мазмұны “басқару” түсінігіне ұқсас.