Еңбек өнімділігін арттырудың тәсілдері:
- кәсіпорын әкімшілігі мен жұмысшылардың өзара мүдделерін есепке алуға негізделген паритеттік басқару (тең);
- жаңа техника мен технологияларды енгізумен, еңбекті жағымды жағдайын жасаумен қамтамасыз етілетін еңбекті ізгілендіру;
- ұжымдық шешімдерді қабылдау, кәсіпорынды басқарудың демократиялық стилі;
- жұмысшыларды кәсіптік оқытуға және олардың кәсіптік біліктілігін арттыруға жағдай жасау.
Сандық әдістер мектебі.
Нақты ғылымдардың дамуының салдары ретінде пайда болды, ол өндірістегі үдерістердің, қызметкерлердің еңбек қызметінің күрделенуінің әсерінен пайда болды. Статистикалық әдістер кәсіпорынды басқарудың нақты, сандық деректерін пайдалауға, өнім сапасына әсер ететін мәнді, маңызы бар және мәні жоқ, маңызды емес себептерді айыруға мүмкіндік береді.
Уолтер Эндрю Шухарт (1891-1967) – атақты американ ғалымы, сапаны басқару теориясы туралы кеңесші.
Ол «Өндірілетін өнім сапасын экономикалық бақылау» атты еңбегі статистикалық әдістерді енгізу және жария ету саласына негіз болды.
Уи́льям Э́двардс Де́минг (1900-1993)
ол, Э́двард Де́минг ретінде танымал. — американ ғалымы, менеджмент бойынша статистик және кеңесші.
Ол Шухарттың циклін дамытты, оның циклін әлемге әйгілі «Шухарт-Деминг циклі» ( PDSA или PDCA: жоспар, жүзеге асыру, тексеру, әрекет) деп атайды. Сондай –ақ сапаны арттыру, басқару мәселелері, сапа менеджменті Демингтің ұстанымдарында (14) көрсетілген.
Демингтің 14 ұстанымдары
1. өнім мен қызмет көрсету сапасына бағытталған мақсат тұрақтылығы;
2. жаңа философия. Жапонияда басталған жаңа эконономикалық дәуірдің философиясы;
3. сапаға қол жеткізудегі жаппай бақылауға тәуелділікті тоқтату;
4. ең төмен бағамен сатып алу тәжірибесімен қоштасыңыз;
5. сапаны арттыру, өнімділікті арттыру, шығындарды азайту үшін әр үдерісті жақсартыңыз;
6. тәжірибеге кадрларды даярлау және қайта даярлауды енгізіңіз;
7. көшбасшылықты жариялаңыз;
8. кәсіпорын үшін барлығы жұмыс істеулері үшін қорқыныш, үрейлерді жойыңыз;
9. кедергілерді жойыңыз;
10. бос ұрандардан, жаңа тапсырмалардан бас тартыңыз;
11. еркін белгіленген тапсырма мен сандық нормаларды жойыңыз;
12. жұмысшыларға өз еңбегін мақтан тұту мүмкіндігін беріңіз;
13. білім алу мен өзін-өзі жетілдіру деген ынтаны мадақтаңыз;
14. сапаны арттыру ісіне берілгендік пен жоғары басшылықтың әрекеттілігі қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |