Фредерик Уинслоу Тэйлор (1856-1915)
Басқару мәселелерін ғылыми тұрғыдан қарастырудың маңызын ашқан алғашқы мамандардың бірі - Фредерик Уинслоу Тэйлор (1856-1915) (американ инженері, менеджмент теориясы негізін салушы) болды.
Ол ғылыми басқару мектебін (1885-1920 жж.) құрды.
Оның басты еңбектері – «Фабриканы басқару» (1903), «Ғылыми менеджмент принциптері» (1911), «Конгресстердің арнайы комиссия алдында көрсету» (1912). Филадельфиядағы оның зиратының басына
«Ғылыми менеджмент атасы» деп жазылған.
Ғылыми басқару мектебінде (1885-1920 жж.)
басқару көзқарастарының негізі – оның өз заңдары, ғылыми әдістері, формулалары, қағидаттары болуы тиіс, ол өлшеулерге, оңтайландыруға, жүйелі есепке алуға негізделуі керек.
Ол өндірістегі жұмысшылардың сапасыз еңбегінің себептерін:
– жұмысшылардың жоғары нәтижелерге жетуге ынталандырудың жоқтығы;
- басқаруды нашар ұйымдастыру;
- жұмысшылардың еңбектің тиімді әдістерімен қаруланбағандықтарын анықтаған.
Фредерик Тэйлор өндіріс сапасын арттыру үшін төрт негізгі ұстанымды ұсынды:
- өндірістің ғылыми негіздерін анықтау;
- қабілеттеріне сәйкес атқарушыларды дұрыс іріктеу;
- еңбек үдерісінің анықталған операцияларының негізінде атқарушыларды оқыту және жаттықтыру;
- әкімшілік пен атқарушылардың арасындағы тығыз ынтымақтастық.
1.Еңбек үдерісін жеке операцияларға бөлу, олардың әрқайсысын, бүкіл жұмыс күнін хронометраждау арқылы еңбек үдерісіндегі жұмысшылардың қозғалыстарын зерттеу.
2. Бүкіл жұмыс уақытын қатаң регламенттеу арқылы еңбек әрекетін тиімді жүзеге асыру
3. әкімшілік ғылыми белгіленген нышандардың көмегімен (күш, ептілік, ұғымталдық т.б.) жұмысшыларды мұқият іріктейді.
4. Оларды жаттықтырады, оқытады, өзінің негізгі міндеттері деп есептеп, дамытады.
5. Еңбек ақы төлеу – нақты орындалған жұмысты бағалау қажет
Өндірісте осы ғылыми ұстанымдарды жүзеге асыруға
Достарыңызбен бөлісу: |