«Ағылшын мерекелері»



Дата06.02.2022
өлшемі33,67 Kb.
#32407
түріСабақ

«Ағылшын мерекелері»


Исаева Г.А.
№5 Жаңатас колледжінің ағылшын пәні мұғалімі

Бұл сабақ ағылшындардың салт-дәстүрімен таныстыру, оқушыларды өз бетімен жұмыстануға , ізденуге дағдыландыру, тіл байлығын дамыту және ұлттық салт-дәстүрімізді сақтауға, мейірімді болуға тәрбиелеу мақсатында өткізілді.


Тарих, қазақ әдебиеті , орыс әдебиеті пәндерімен байланыстырыла жүргізілген сабақта интерактивті тақта, плакат, дидактикалық материалдарды көрнекі құрал ретінде пайдаландым.
Қандай мереке жақында атап өтілді? Алда қандай мереке келе жатыр? Сабақты ұйымдастыру кезеңінде осылар жайында әңгіме қозғалады.
Бұдан кейін магнитофоннан жаңа сөздерді тыңдап қайталаттым.
Holiday, customs, traditions, turkey-cock, easter –egg, celebrations, Easter, Dean, Leant, Vicar, Church ,to be kind, To shrive, to forbidden, to be honest, muffin ,pancake, pray-book
«Миға шабуыл тенденциясы» бойынша әрбір оқушы өздері ,не ата-аналарының көмегімен газет-журналдардан , әдеби кітаптардан тапқан материалдары бойынша әр түрлі мерекелер туралы қазақша-ағылшынша айтады. Мәселен, «Аналар күні», «Әкелер күні», «Ғашықтар күні», «Алдау күні», «Банк күні», «Шелпек күні», «Жәшік күні», т.б. мерекелер туралы әңгімелейді.
«Әулие күні» мерекесіне орай оқушылар «Шелпек күні», «Шелпек жарысы», «Жарапазан» айтудан көрініс көрсетеді. Магнитофоннан ағылшын тілінде жарапазан тыңдап, қазақшаға аударылады.
Қазақтардың шелпегі мен ағылшындардың құймақ шелпегінен ауыз тиіп, сабаққа қатысып отырған жасы үлкен мұғалім ас қайыру рәсімін жасайды.
Келесі оқушы «Шелпек жарысы « туралы айта келе , бұл мерекенің 1445 жылдан бері аталып, шіркеуге , ең алдымен жеткен жеңімпаз әйелге жүлде ретінде құран кітабы сыйға тартылатындығын айтып, көрсетеді. Ал, «Жәшік күні» мерекесі ( Boxing Day) Қайырымдылық күніне сәйкес келетіндігін айтады, жәшікке түскен ақшалардың жетім балаларға , жесірлерге , мүсәпірлерге бөлініп берлетіндігін түсіндіреді.
«Кешірім сұрау» күні (Shrove Day) қазақтарды 3 күн ішінде қол алысып, бір-бірінің күнәсін кешіріп, қайырымды, мейірімді болуын тілейтінін білдірсе, ағылшындардың осы Лент айы 40 күн ішінде бір-бірінен кешірім сұрауға болатындығын, оң қолын төсіне қойып, басын иетінін айтып, екі елдің де рәсімдерін білімгерлер бір-біріне көрсетеді.
«Әзіл немесе сыйлық» ойынында ағылщындардың балаларға сыйлық дайындау әдісі бойынша бір оқушы Treat or treak ойынын көрсетеді.Ал жауап бере алмаған оқушы тал бұтағына ілінген «несібе сабағасын» алып жауап береді., ол мынадай тапсырма болуы мүмкін.

  1. АҚШ-тың жер көлемі, халқы туралы айтып бер.

  2. АҚШ-тың негізгі өзен-көлдерін, үлкен қалаларын картадан көрсетіп бер.

  3. АҚШ-тың мал шаруашылығы , индустриясы туралы айтып бер.

  4. Анаңды, әкеңді , досыңды мерекелерімен ағылшынша құттықта

  5. Ағылшындардың шелпегінің қазақтардың шелпегінен айырмашылығы қандай екендігін айтып бер.

  6. Рамазан айына байланысты жаңа сөздерді ағылшынша жаз.

  7. Қазақша ағылшынша Жарапазан айтып бер.

«Мерекелер» сөзжұмбағын шешу барысында мерекелерге байланысты сөздер шығады.


Сабақ қорытындылау тұста мұғалім ағылшын мерекелерінің қазақ мерекелеріне ұқсастығы бар екендігін және олардың тәрбиелік маңызы туралы айта келіп, «Әр елдің салты басқа» деген мақалды үш тілде плакаттан көрсетеді. Ал оқушылар үш тілде жазылған мақалды, жаңа сөздер мен мерекелердің аттарын дәптерлеріне жазып алады. Оны оқушылар жазып жатқан кезде әрбір оқушыға жетістігі мен кемшілігі туралы айтылып, бағалары қойылады.
Ал үйге 1-топ оқушыларына қазақтардың, 2-топ оқушыларына ағылшындардың, 3-топ оқушыларына орыстардың ,4-топ оқушыларына басқа ұлттардың Жаңа Жыл мерекесін қалай тойлайтындықтары туралы газет-журналдардан қарап, не ата-аналарынан сұрап, дайындалып келуі тапсыралады.
Жамбыл облысы
Жаңатас қаласы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет