Ағылшын тілі пәні бойынша 1-курс студенттеріне арналған



бет3/5
Дата15.12.2016
өлшемі0,97 Mb.
#3863
1   2   3   4   5

Сұрақтар мен тапсырмалар:

Әдебиеттер:

Рогова Г.В., Верещагина М. «Методика обучения английскому языку» М.,



«Просвещение» 2000


Дәріс № 6

Тақырыбы: Тыңдауға және сөйлеуге үйрету. Жазуға және оқуға үйрету.

Мақсаты:

  • Тіл – қарым-қатынас құралы

  • Тыңдау мен сөйлеуге негізгі қиындықтар

  • Сөйлеу және ауызша жаттығулар

  • Ауызша сөйлеуге қалай үйретуге болады?

  • Сөйлеуге үйрету әдістері

Негізгі сұрақтар мен тапсырмалар:

Сөйлеу әрекетінің түрлерін оқыту





Тіл – қарым-қатынас құралы. Тіл сөйлеу арқылы жүзеге асады, сөйлеу арқылы ғана дамып, өмір сүреді. Біз шет тілін оқыту туралы айтқанда, оны ең алдымен қатынас қралы ретінде оқимыз.

Сөйлеу екі жақты үрдіс. Ол біріншіден таңдап түсінуден, екіншіден сөйлеуден тұрады.

Сөйлеудің екі түрі бар. Олар:



  1. Диалогтық

  2. Монологтық

Бағдарламада ауызша сөйлеуге мынадай талаптар қойылған:

  1. Сөйлеу тілін түсіну

  2. Бағдарлама алынған мөлшерде шет тілінде әңгіме жүргізе білу, сөйлей білу. Бұл - сойлеудің тжирибелік мақсаты. Ауызша сөйлеу шет тілін үйретудің маңызды құралы. Ол лингвистикалық материалды таныстыру құралы: дыбыстар, сөздер, грамматикалық құрылымдар. Және бұл сөздік үлгілер мен сөздікті меңгеру құралы, әрине, ол айту дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Сөйлеу – сабақтың маңызды бөлігі. Ауызша сөйлеу - оқұшылардың мәтінді тыңдау мен оқу кезіндегі оқылған материалды тексеру құралы.

Тыңдау мен сөйлеудегі негізгі қиындықтар

Тыңдау, түсіну, меңгеру оқушылар үшін қиынға соғады, себебі олар дыбыстарды жылдам айырып, ойында сақтап түсіну керек. Оқушылар бұл процесті өзінің туған тілінде өте жөңіл орындайды, ал шет тілінде қатты қиналады. Сондықтан, таңдағанда өте зерек болуы керек және ойлай білуі керек. Ерік- зейінін, еске сақтауға көмектеседі.

Ол үшін негізгі факторды еске сақтау керек:


  1. Лингвистикалық материал

  2. Материалдың мамұны

  3. Материалды беру жағдайы

Оқушыларға шет тілін үйретуде негізгі 3 қиыншылық бар: фонетикалық, лексикалық және грамматикалық.

  1. Фонетикалық қиыншылықтар ағылшын тілі мен қазақ тілінің дыбыстық құрамының айырмашылығында кездеседі. Ағылшын тілінің дыбыстарын өз тілінің дыбыстарына ұқсатып айтады

Мына сөздерді қиындықпен айтады:

Worked-walked, first-fast-forced, lion-line, tired-tide, bought-boat-board.

Дауыс ырғағындағы айырмашылықтар да түсінуді қиындатады.

Мысалы: Good morning!

Сондықтан тыңджау дағдыларының, дыбыстар мен дауыс ырғағының жаттығулары өте қажет.


  1. Лексикалық қиындықтар – ағылшын тілінің аналитикалық құрылысымен және инфинитив, көсемше құрылымдарының өте көп қолданылуына байланысты,

Мысалы:

The horse is slipping. The horse is sleeping.

They worked till night. They walked till night.

Міне, осындай сөйлемдерді түсіну өте қиын, сөздерді шатыстырады.

Мысалы:

East-west take- put ask-answer

Әсіресе, логтан кейін қолданылатың етістіктер.

Put on: put off-put down

Take off: see off-going for: etc.

Ағылшын тілінде грамматикалық омонимдер де қиындық туғызады.

Мысалы: to work-work6 to answer-answer. – ed Past Ind. Participle 2

Бұлардың бәрін тыңдап айыру қиын.



  1. Тыңдауға берілген материалдың мазмұны да түсіндеуге әсер етеді. Тыңдауға арналған материалды дайындау үшін маныларды ескеру қажет:

А) материал тақырыбы түсінуге жеңіл ме? Қандай қиын сөздер бар?

Ә) материал түрі: суреттеу ме, әңгіме ме?

Б) материалды үзінді ме, әлде толық па?

В) материалды тыңдауға әзірлік.

Г) материал диалог түрінде ме, әлде монолог па? Монологтық сөйлеу оңай, сондықтан тыңдауға тиімді.

4. Матеиялды тыңдау жағдайы өте маңызды.

1. Сөйлеу дылдамдығы

2. Сөйлеу қарқыны: басында жай басталуы қажет.

Сөз топтарының арасында пауза болуы қажет. Тыңдаудың соңында қарқыны қалыпты деңгейге 1 минут – 150 сөзге жетуі керек. Орташа қарқын 120 сөз: жай қарқын – 95 сөз.

3.Қайталау жиілігі 1 немесе 2 рет.

4. Сөйлеп тұрған адамның барлығы, егер таза тілде сөйлеуші адам өзі тұрса өте жақсы. Ал ең қиын диалогты тыңдау керек.

5. «Көру» құралдары заттар немесе қимыл тектес болуы мүнкін. Олар көруге, естуге, тыңдауға көмектесуі қажет.

6. Сөйлешінің дауысы да тыңдаушыға әсер етеді. Мұғалінің дауысына үйреген оқушылар басқа адамның сөйлегеніне түсінбеуі мүнкін. Сондықтан мұғалім дауыс ырғағын барынша өзгертіп отыруы керек. Ағылшын тілінде сөйлеу – тілді игерудің ең қиын түрі, бір екі сөзден тұратын сөйлем құрастыру үшін сөйлеу дағдысын қалыптастырып, машықтану керек.

Бұл көп дайындықты қажет етеді, ал мектепте оқушы өз ойын айтып түсіндіруі қиын. Мұғалімнің бұл үшін қолданатын әдістері өте аз. Оқушы жай ғана естігенін қайталайды, үлгі бойынша берілген сөздердіжазады. Әрине, бұл механикалық жаттығулар өте қажет, бірақ жылдан жылға оларды сөйлеу мағынасыз қолдану ешқандай пайда бермейді. Оқушы бір нәрсе туралы айтқысы, түсіндіргісі немесес сұрағысы келсе тілдік қоры пайдалануы қажет және оған мұғалім көмектесіп отыру керек, Осы психологиялық фактор үнемі есте болуы керек.

Басқа фактор- психолингвистикалық фактор. Оқушы өз есінде қалған сөздерді, сөз тіркестерін сөйлеу үлгілерін грамматикалық формаларды, құрылымдарды тақырыпты, жағдайды пайдаланып, сөздерді, граматиканы үйрете отырып сөйлеуге ынталландыру қажет. Мұғалім оқушыларды әзірленген сөйлеуден әзірленбеген сөйлеуге біртіндеп әкелуі керек.

Сөйлеу және ауызша жаттығулар

Біз сөйлеу және ауызша жаттығуларды айыра алуымыз керек.

Сөйлеу – ол тілдің сөйлеу мүшелері арқылы жүргізілетін процесс.

Мысалы:


  1. Оқушы сыныпта өзінің басынан өткен оөиға туралы баяндайды.

  2. Үйге берілген тақырып бойынша мұғалім сұрақ қояды.

  3. Әңгіме оқып, мәтіннен жаңа мағлұмат алады.

Сөздерді үйрету үшін ауызша жаттығулар фонетиканы, грамматиканы қолданылады. Көбіне олар жаттығулар болады. Мысалы: тақпақты жатқа айту, айту және сөйлеу дағдысы жақсы қалыптасады. Ал берілген сөздер мен мәтіндерді пайдаланып сөйлем құрастыру да өте пайдалы жаттығу. Ауызша жаттығулар сөйлеуді дамытады. Бірақ, олар тек сөйлеуге әзірлейді және сөйлеу жаттығуары болып есептелмейді.Біздің мектептерде огқушылардың стандартты ауызша ағылшын тіліне үйретеміз, ол жазбаша сөйлеу стандартына, соның ішінде монологтық сөйлеуге өте жақын. Сөйлеуде қысқа сөйлемдерді пайдаланған орынды.Сөйлеу жасанды болмауы үшін сөйлеу тілінің ерекшеліктерімен таныстыру қажет.

Диалогтан бастайық:



  1. Қысқа жауапты пайдалану.

How many books do you have? – One.

Әрине, бұл толық жауап беруге үйретпеу керек деген мағынада емес.



  1. Қысқартылған формаларды пайдалануға үйрету.

Doesn’t isn’t

Won’t ets.

Can’t


  1. Кейбір қысқартылған сөздерді пайдалану.

Lab – laboratory p.m. – post meridiem

Maths – mathematics



  1. Әңгімелесу тіркестерін қолдану.

Well look here believe I think

You know I say I hope as far as know

Of course you see right

In fact


To tell the truth

  1. Диалогтық құрылмдар әртүрлі. Олардың төрт негізгі түрін қарастырайық.

  1. Сұрақ – жауап

  2. Сұрақ – сұрақ

  3. хабарлама – хабарлама

  4. хабарлама -сұрақ

Диалогтық сөйлеуге үйретуде осы 4 түрін де қолдану қажет.

Ауызша сөйлеуге қалай үйретуге болады?

Ауызша сөйлеуге, яғни шет тілінің әңгімелесу түрін түсінуге және сөйлесуге үйрету үшін әрбір сабақта мұғалім ағылшын тілінде сөйлеуге тиіс.

1.Бұл үшін ағылшын тілінде:


  1. сыныпқа жаңа материал берілу

  2. жаңа материлды түсіну

  3. түсінгенін тексеру

  4. түсінгенін бекіту керек.

  1. Мұғалім тыңдап түсінуді дамыту үшін ауызекі сөйлеу және дағдылық жаттығуларды қолданады.

Дағды жаттығулары:

  1. лингвистикалық қиындықтарды жеңуге арналған

  2. психологиялық қиындықтарды жеңуге арналған

Бірінші топқа:

  1. Фонетикалық жаттығулар: Мысалы:Listen to the following words and raise your hands when you hear the words with (the teacher says: desk, pen, ten, bag,ets.)

  • Listen to the following pairs of words and say in what sound they differ:

pen – pin

bed – bad

eyes – ice

white – wide

2. Лексикалық жаттығулар: сөздерді тануға арналған.

Listen to the words and recognize the word “boy” among other words: a baby; a toy; a boat; a boy. Listen to the following words and raise your hands when you hear the words referring to plants; street; tree; grass; class; flower.

- Listen to the sentences and say whether the word “country” has the same meaning in both sentences:

I spend my holidays in the country . Kazakhstan is a large country.

C) Грамматикалдық жаттығулар:

- listen to the words and raise your hands when you hear words in plural: desk, book, pens, boxes.

- listen to the sentens and say in which one the word “help” is used as a noun.

1) He can help you

2) I need his help

Екінші топқа мынадай жаттығулар жатады:

а) Есту жадын дамытатын жаттығулар.

- Listen to the following words and try to memorize them ( Мұғалім суреттермен бірге бірнеше сөздерді айтады. Мысалы: a carrot, a potato, a a cucumber, a tomato, оқушылар суреттерді атап береді ).

- Listen to the sentences and repeat them (Мұғалім айтады. He evening we have tea. I like it very much).

ә) Назарды аударуға арналған жаттығулар:

- to the following text. I have a sister.

Her name is Ann.

Mike have no sister.

He has a brother.

Now say which sentence was omitted (added) after you have listened to it a second time.

б) Көру жадын дамыту жаттығулары.

-listen to the following and give it a name:

We write with it on the blackboard.

We take it when it rains.

-listen and say which seasons it is:

It is cold. If often snows. Children can skate and sky.

в) Сөйлемді дұрыс құрылуына арналған жаттығулар.

-listen to the sentences and say whether they are logically arranged.

He name is Mary. This is a girl.



Сөйлеуге үйрету әдістері

Материал дайындау



Мақсаттары мен міндеттері








Сөйлеудің екі түрі бар: монолог және диалог.

Монологты үш кезеңнен тұрады:


  1. Хабарлау

  2. Айту

  3. Талдау

Ағылшын тілінде дұрыс сөйлем құруды үйренбей тұрып, сөйлеуді үйрену мүнкін емес.

Мынадй жаттығуларды жасауға болады:

Оқушыларды жағдайға байланысты үлгі беріледі.

Үлгі-сөйлем әртүрлі сөздермен толықтырылады.

Мысалы: 1. I can see a Ә.

2. I can see a Ә.



  1. I am fond of Ә.

  2. I am fond of Ә.

Мынадай жаттығуларды орындауға болады.

  1. Ауыстыру – I have a pen (a book..)

  2. Толықтыру- I have an interesting book.

  3. Өзгерту- He has a book. He has no book.

  4. Толықтыру, дамыту- I have an interesting book at home.

  5. Аяқтау- If I have time I’ll…..

Улгіні әбден дағдыланғанша үйрету қажет.

Мұғалі оқиғалық жұмыс.



  1. Give it a name.

T: We write with it.

P: It is a pen.

T: мысықтың суретін үнсіз көрсетеді.

P: This is a cat.

Make a negative statement.

T: I live in Gorky Street.

P: I do not live in Gorky Street.

T: He likes to play hockey.

P: I don’t like to play hockey.

Ағылшын тілінде хабарлама жасап, сөйлеп үйренгеннен кейін оқушылар сөйлеуге және талдауға үйренеді.

Жазуға үйретуде кедесетін қиындықтар


  • Жазуға үйретудің жолдары

  • Жазу жұмыстарының түрлері

  • Оқу – сөйлеу әрекетінің негізгі түрлерінің бірі

  • Дауыстап оқуға үйрету

  • Іштей оқуға үйрету

  • Оқуға үйрету әдістері

  • Оқуға қойылатын негізгі талаптар



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет