Математика пәнін оқытуда компьютер қҰралдарын қолдану әдістемесі computer technologies education mathematics



Дата26.08.2017
өлшемі133,19 Kb.
#28819
ӘОЖ:1997.2002.2004.2008.2010.2013.

UDC:1997.2002.2004.2008.2010.2013.


МАТЕМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДА КОМПЬЮТЕР ҚҰРАЛДАРЫН

ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
COMPUTER TECHNOLOGIES EDUCATION MATHEMATICS
Қаратаев Ж., Бүркіт Ә.Қ., Сұлтанбек Т.С., Думчебаева Г.Р., Дайырбеков С.С.

Karataev J., Burkit A.K., Sultanbek T.S., Dumshebaeva G.R., Dairbekov S.S.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, «Отырар» университеті, Жетісай қаласының «Сырдария» университеті, Шымкент қаласының білім бөлімі, Шымкент, Қазақстан

M.Auezov Sout Kazakhstan State University, University Otirar, UniversitySirdaria,Jetisai, Shimkent, Kazakhstan

Burkit71@mail.ru


Түйін

Бұл мақалада компьютерлік технологияны қолдана отырып, сабақта жұмыс нәтижелерін кесте немесе сызба түрінде дисплей экранына, қағазға шығарып беруге мүмкіндік туғызады. Оның мәтіндік және графикалық редакторлары арқылы әр түрлі алфавиттік – цифрлық мәліметтерді даярлауға, мәтіндерді жазуға, суреттерді, кесте түрінде берілген сандарды, диаграммаларды, графиктерді салуға ыңғайлы. Компьютерді оқыту құралы ретінде үйретуші – оқытушы бағдарламалар арқылы білім беру үдерісінде қолданыла бастауы мектеп практикасында шәкірттердің өз бетінше жұмыс істеуіне мол мүмкіндік береді.

Оқу үдерісінде мұғалім компьютерлік технология арқылы интебелсенді тақтадағы сызбалар, иллюстрациялар салып, әртүрлі іс-әрекеттер орындап, жас шәкірттерге сапалы білім беруде ақпараттық дәуір заманында оқушыларды өмірге, нарық заманына бейімдейді.

Әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінде оқушы – оқулық – мұғалім жүйесі қалыптасқан. Жоғарыда аталған өзекті мәселені шешудің бірден-бір жолы қазіргі компьютерлік технологияның соңғы жетістіктерін сабақтарда орнымен, әрі тиімді пайдаланып, оқытудың жаңа формалары мен әдістерін қолдана аламыз. Есептеуіш техниканың білім саласына кең көлемде енгізілуі қолданбалы бағдарламалардың, әсіресе “компьютерлік технология”, “компьютермен оқыту” т.б. терминдердің шығуына алып келді. Компьютерлік технологияның пайда болуы орта мектептегі кез келген пән үшін оқытуды компьютерлік технологияны қолданып жетілдіру мүмкіндігін қарастыруға әкелуде. Орта мектептерде компьютерлік технологияны қолданып, мұғалімдер мыналарды орындайды: Сабақ кестесі; сурет салу; күнтізбелік-күнделік; оқу материалдарының конспектісі; оқушылар жайлы мәліметтік қор құру; оқу үлгерімі жиынтығына арналған кесте, диаграмма тұрғызу; кеспе, үлестірме қағаздарын дайындау; графикалық редакторлар көмегімен геометриялық фигуралар салу; шаблон бойынша сурет құру; презентацияда объект анимациясын баптау, дыбыс қосу; электрондық оқулықтарды қолдану; компьютерлік оқытушы бағдарламалармен жұмыс істеу; жаттықтырушы бағдарламаларды қолдану; күнтізбелік-тақырыптық жоспар түзу; плакат материалдарын ЭЕМ-де әзірлеу; компьютердің есептеу мүмкіндіктерін пайдалану; тест әзірлеу; бүкіл әлемдік интернет желісін, компьютерлік желі қызметтерін пайдалану; реферат жасау; ғылыми баяндамалар жазу; электрондық почтамен жұмыс және т.б. жұмыстар.




Abstract

One of the most important tasks of the issuance of State of the Development of Education in the Republic of Kazakhstan till the year 2020 is integration of science in the conditions of heavy growth of resources of information technologies.

Information technologies began appearance and became possibility to use their strong resources in aim of teaching. Therefore in work contemplate realization of principle of use visual methods in teaching of resource ofinformation technologies on the basis school in the Republic of Kazakhstan.
Кілттік сөздер: педагогика, мектеп, ақпараттық технология, әдіс, әдістеме, оқыту, үлес

Keywords:pedagogica, school, Information technologies, method, method’s, education, role
Әдіскер-математик В.Г.Болтянскийдің редакциясымен жазылған «Комплексы учебного оборудования по математике» атты ғылыми-әдістемелік еңбегінде оқу құрал-жабдықтар кешенін пайдалануға әдістемелік нұсқаулар жеткілікті дәрежеде берілген десек те, бүгінгі нарықтық экономика заманында, ақпарат ғасырында бұл мәселені жетілдіру қажеттігі туындап отыр. Қазіргі уақытта дәстүрлі оқытудың техникалық құралдарымен бірге дербес компьютер мен интербелсенді тақта құралдарын қолдану әдістемесі де қолға алынып, бірқатар әдістемелік зерттеулер жүргізілуде. Дегенмен, компьютерді оқу құрал-жабдықтар кешендік жүйесінің бір буыны ретінде немесе, оқытудың техникалық құралдарының орнына олардың орнын алмастырып қолдануға арналған әдістемелік ғылыми зерттелген жұмыстар жоқтың қасы. Қазіргі кезде математиканы оқытуда оқу құрал жабдықтар кешенін қолдануға орай, әдіскерлердің алдында оқытудың көрнекілік принципін жүзеге асыруда компьютерлік технологияны тиімді пайдалану мәселесі тұр. Себебі, компьютерді біріншіден, техникалық құрал – яғни, оқу құрал-жабдықтарының бір буыны ретінде пайдалана отырып, екіншіден, осы компьютер арқылы оқытудың техникалық құралдарының атқаратын мүмкіндіктерін алмастырып пайдалансақ, онда біз жедел түрде компьютерлік технологиялық оқыту мәселесін шешуіміз керек. Жоғарыда келтірілген ғалымдардың еңбектерінің көптігіне қарамай, бұл мәселе күні бүгін маңызы артпаса оны жоғалтқан жоқ, себебі, компьютерлік технология арқылы көрнекілік принципті жүзеге асыруға болады. Қазіргі уақытта ғылым мен техниканың қарыштап дамуына байланысты және де білім беру жүйелерінің компьютерленуіне орай Қазақстандық ғалымдар да бұл үдерістен шеткері қалмай, әдіскерлер мен мектеп мұғалімдері жаңа талаптарға сай қыруар істер атқаруда. Міне, мұғалім алдында тұрған күрделі міндеттің бірі – математикадағы дерексіздікті оқу құрал-жабдықтар кешені көмегімен жүйелі түрде жеткізе білуі, оқу материалын түсінуде оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, қажетті білімді, ебдейлік пен дағдыны қалыптастыру, сондай-ақ қолданбалыққа үйрету күн тәртібінен түспеуі тиіс. Өйткені жалпы білім беретін орта мектепте компьютерлік технология және заманауи оқытудың техникалық құралдары, көрнекі құралдар, яғни оқу құрал-жабдықтар кешені көмегімен жаңа сабақ өткен кезде оқушылар «құлақ-ми» жүйесі бойынша секундына 50 бит ақпарат қабылдайды екен.

В.П.Молочковтың «Наглядность как принцип обучения» атты ғылыми зерттеуінде былай делінген: оқу арқылы – 10 %, есту арқылы – 20 %, көру арқылы (визуалды ақпарат) – 30 %, есту және көру арқылы – 50 %, есту және көру, талқылау арқылы – 70 % ақпаратты бес сезім мүшесі арқылы қабылдаймыз.

Сонымен баланың қабылдауын мұқият зерттеген физиологтардың еңбектеріне сүйенген психолог-педагог мамандар адамның жоғары жүйке жүйесі қызметінің негізінде оқу үдерісінде қолданылатын компьютерлік технология көмегімен мұғалім сөзін сабақтастырған жағдайда өтілген материалдарды меңгеру жоғары дәрежеге жетеді деп есептейді.

Қазіргі заман талабына орай, оқытуда интернетті пайдаланып, төмендегі іс-әрекеттерді жүзеге асыруды ұсынамыз:

1. Мультимедиялық түрдегі кітап, лекция, әдістемелік құралдар, ғылыми газет-журналдарды оқу;

2.Педагогикаға қатысты компьютерлік оқытушы бағдарламаларды қолдану;

3.Электрондық кітапхананы қолдану;

4.Берілгендер қорын пайдалану;

5.Ақпараттық-анықтамалық жүйені пайдалану;

6. Электрондық почтаны қолдану;

7.Электрондық телеконференция өткізу;

8.IRC (Internet Relay Chat);

9.Каталог іздеу;

10.Іздеу жүйесін қолдану;

11.Мета іздеу жүйесін пайдалану және т.б.

Жоғарыда айтылғандарды баяндай келе, негізгі мектепте мұғалімдер, электрондық оқулықтармен жұмыс істеуді меңгертуіміз керек. Сонымен бірге, олар сабағында интернетті де тиімді пайдалана алатындай болуы қажет. Компьютерлік технология оқу үдерісін дәстүрлі оқыту әдістерімен қатар инновациялық оқыту әдістерін қалыптастыруда және жаңа ақпараттық технология білім беруді жетілдіру ісінде төмендегі мәселелерді шешуге мүмкіндік береді: 1) әрбір жеке тұлға үшін ашық білім беру жүйесін жасау; 2) білім беру саласын ақпараттық-әдістемелік жағынан жабдықтау; 3) оқу үдерісін автоматтандыру; 4) даралап оқыту; 5) тест жүйесі арқылы білімді бағалау; 6) қашықтан оқытуды ұйымдастыру, т.б. Сондай-ақ оқытуда компьютерлік технология арқылы суреттерді, көрнекілік принципінің жүзеге асырылуы болып табылады. Көрнекілік принципінің жаңаны тануда, бейнені елестетуде, материалды ұзақ есте сақтауда тиімділігі жоғары. Компьютерде оқушылар графикалық бейнелерді түрлендіріп, ондағы обьектілерді өзгерте алады. Ал оқу киносы мен теледидарда мұндай мүмкіндіктер жоқ. Сонымен бірге, жаңа өтілген материал оқушыға компьютер көмегімен тез, жылдам түсіндіріледі. Осының нәтижесінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артып, шығармашылықпен жұмыс жасауына кең мүмкіндік ашылады. Сондай-ақ, оқытушылар да өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан алады. Уақыт талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде компьютерлік технологияны тиімді пайдалану – білім берудің жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады.

Көрнекі құралдарды тиңмдң қолдану мұғалімдерден аса педагогикалық шеберлікпен әдістемелік нұсқауды талап етеді. Оқытудың мақсаты – жаңа сабақты түсіндіруде көрнекі құралдарды ерекше талдау, таңдау қажет. Дидактикалық талаптарды баяндасақ:


  • Көрнекі құрал материалды бейнелі түрде ашып көрсетуі қажет. Қарастырылып отырған түсініктің барлық белгілерін өте дәлдікпен түсіндіруі тиіс. Практика көрсеткендей, көрнекі құрал шын мәнісінде оқытуда едәуір көмек көрсетеді.

  • Көрнекі құралдардың ішіндегі динамикалық құбылыстарды бақылауға арналғандары өте сәтті шыққан деп есептеуге болады. Қозғалмалы модель түсінік немесе құбылысты тез арада қабылдауға мүмкіндік береді.

  • Тек қана иллюстрация құралы ғана емес, практикалық жұмыстарды орындауға арналған құралдың маңызы өте зор. Мұндай жағдайда көрнекі құрал оқушыларды негізгі ережелерімен және фактілермен таныстыруда, эксперимент жұмыстарын жүргізуде тиімді құрал болып табылады.

  • Көрнекі құралдардың сыртқы түрінің, қандай материалдан жасалғандығының, формасы, өлшемі, кейбір бөлшектерінің бояуларының да қабылдауға тигізер әсері мол. Көрнекі құралдардың шектен тыс ашық бояумен, түспен боялуы құралды бақылауда оқушыларға дұрыс әсер етпейді. Сондықтан оны қажетті түспен бояу қажет.

  • Құралдың көлемі үлкен болмауы керек. Оның өлшемін есептегенде сыныпта әрбір оқушы көретіндей, бақылауына ыңғайластырып жасаған жөн.

  • Конструкция қарапайымдылығы – басқару қарапайымдылығы, яғни жинауға, бөлшектеуге ыңғайлы, жеңіл болуы тиіс. Бөлшектерінің аз болуы, олардың ойластырылған орналасуы, қосымша бөлшектерінің жабық болуы техникалық қана емес, ең бастысы бұл құралдың дидактикалық ерекшелігіне лайық болып табылады.

  • Көрнекі құралдардағы жылдам қозғалатын бөлшектер немесе кейбір бөлшектерді (айналу денелерін алуға арналған аспаптарды электрмотор арқылы қозғалысқа келтіру) жасаған уақытта техника қауіпсіздігі ережелері сақталғаны жөн.

Ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерін оқу үдерісінде қолданылатын көрнекі құралдардың тиімділігі арта түсуде.

Осы салада жүргізілген эксперименттік жұмыстар мен бақылау нәтижелері көрсеткеніндей, көрнекіліктің әртүрлі формаларын пайдалану тиімді болады, егерде мұғалім өз жұмысында, яғни күнделікті сабағында кездейсоқ алынған құралды емес, жаңа ұғымды қалыптастыруға, оның мазмұнын ашуға бағытталған (арналған) құралдарды оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкестендіріп, көрнекі құралдар жүйесін пайдаланса ғана сабақтың сапасы арта түседі. Көрнекілік принципті оқу-көрнекі құралдар, компьютерлік технология көмегімен жүзеге асырудың маңызы зор.

Оқыту үдерісі жалпы оқу құрал жабдықтар кешені арқылы іске асырылады. Оларға материалдық және материалдандырылған оқыту объектілері жатады. ”Оқыту құралдары” толық бір жүйені құрай отырып, сабақтың мақсаты мен мазмұнын толық ашуы тиіс. Мұндай жүйені “Оқыту құралдарының”оқу әдістемелік кешені деп қабылдасақ, онда ол құралдардың пайдалану реті, әдістемесі яғни “Оқыту технологиясы” жөнінде сұрақ туатыны сөзсіз. Егерде, оқытудың мақсаты бегілі бір білім, біліктілік пен дағдыны меңгерту болатын болса, онда бұлардың қалыптасуы біріншіден – адамның ой-әрекетінің қалыптасуына байланысты екені сөзсіз.

Білімді меңгеру үдерісінде ой әрекетінің қалыптасуы шартты түрде 6 кезеңнен өтеді.

1.Алдын-ала әрекет мақсатымен таныстыру, яғни оқытушыға мотивизациялық әрекет тудыру.

2.Әрекет мақсатымен, объектісі жөнінде мағлұмат, яғни,әрекеттің бағдарлық сұлбасын түзу.

3.Материалдық немесе материалдандырған әрекетті қалыптастыру, осының арқасында әрекет мазмұнын ұғыну.

4.Ойдан тысқары әрекет қалыптастыру.

5.Әрекеттің қысқартуы және автоматтандырылуы.

6.Әрекеттің қалыптасқан ой жоспары арқылы істелінуі.

Компьютерлік оқытуға қазіргі уақыттағы көзқараспен қарасақ, мұғалімнің қызмет функциялары компьютерге беріледі (О.Т.Талызина, Т.В.Габай).

Оқытуды компьютерлендіру кезінде оқушылардың қалыптасуға тиісті әрекеті мен операциясын нақты суреттеу керек. Оқу қызметінің операционалдық жағын қалыптастыруда, қандай жағдай болса да, компьютерді пайдалануды орнықтыру қажет. Компьютер бұған орасан зор мүмкіндік береді.

Біріншіден, ол кез келген әрекетті көрнекі түрде елестетуге және оның орындалу жағдайын көрсетуге мүмкіндік береді. Екіншіден, компьютер оқу материалына сүйене отырып, интеллектуалдық әрекетті елеулі түрде өзгертетін құрал.

Компьютерлік оқытушы бағдарламаларды жасағанда білім берудің қызықтылығын ұмытпаған жөн. Оқу үдерісінің сапасын арттыруда музыкалық сүйемелдеудің, яғни дыбыстың мәні де ерекше роль атқарады. Сонымен бірге, түр-түстерді де дұрыс қолдана білу маңызды.

Бүгінгі таңда негізгі мектепте әдістемелік, психологиялық-педагогикалық, бағдарламалық-техникалық және ұйымдастыру құралдарының бір ыңғайға келтірілген кешенін құру үшін оқытудың компьютерлік технологиясы (Қараев Ж.А.) құрылды.

Оқытудың компьютерлік технологиясы (ОКТ) көптеген зерттеушілердің пікіріне сүйенсек оқушылардың өз бетімен жұмыстарын ұйымдастыруға ерекше қолайлы жағдай туғызады екен. Сонымен білім беруді ақпараттандыру оқу үдерісіне компьютерлік технологияны қолданудың біртұтас жүйесін құру арқылы қазіргі педагогикалық ғылымның және оқудың тиімділігін арттыруда өзекті мәселе болып табылады. Өйткені, математиканы оқытуда компьютерлік технология құралдарын қолданып көрнекілік принципті жүзеге асыру олардың танымдық іс-әрекеттерін қалыптастырды, өз бетімен оқу қызметінің мәдениетін арттырады.

Компьютерлік оқытуға қойылатын дидактикалық талаптарды айқындасақ, біздің ойымызша олар әрекет амалы және оқушылардың таным қызметі белсенділігі бағытында қарастырылуы қажет. «Оқыту үдерістері – дидактиканың талас туғызатын мәселелерінің бірі… Сондықтан да дидактикалық принциптерді әр әдіскер-ғалым өзінше қарастырады» деп жазды В.Оконь. Оқыту принциптерінің ішінде ерекше роль атқаратын басты принциптердің біреуі көрнекілік принципі. Өйткені оқытушылық таным нақты фактілер мен құбылыстарды сезімдік қабылдаудан басталады. Бұл таным көзі ретінде заттар мен құбылыстардың өздеріне бет бұрумен байланысты. Ол оқытуды аңғарып қараудан бастауды талап етеді. Осыдан барып көрнекілік принцип шығады. Аталған принцип негізінде оқыту жүйелеріне мынандай талаптар қоюға болады:

- компьютерлік оқытушы бағдардамаларды жасағанда дидактикалық мақсаттарды орындай алатын модельді таңдап алу;

- үдерістерді бейнелегенде түстерді дұрыс таңдай білу;

- дыбысты, дыбыс сигналдарын жазу, оларды бейнелеу және т.б.

Білімнің жақсы меңгерілуі үшін, олар түсінікті, ретке келтірілген болуы тиіс және бұрынғы бар білім жүйесіне біртіндеп енгізілуі керек. Біздің зерттеулерімізде оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін қалыптастыруда ең бастысы – компьютерді қолдануды іске асыру болып табылады. Дербес компьютерді алғаш жасаушылардың бірі Алан Кэй былай деп жазды: «Компьютерді қолдану сауаттылығы - бұл есептеу үдерісінің мәнін жеткілікті түрде терең түсіну арқылы әртүрлі есептерді шығаруда ЭЕМ қолдана білу» [116].

Қазіргі уақытта бағдарламашылар мен әдіскерлер ісбірлікте жұмыс істеп, едәуір нәтижелерге қол жеткізіп, әртүрлі компьютерлік оқытушы бағдарламаларды әзірледі. Алдағы уақыттарда білім беру жүйесіне ақпараттық-коммуникациялық желілерді, интербелсенді тақтаны, мультимедианы тиімді пайдаланудың келелі мәселелерін шешуді жоспарлауда. Шетелдік әдіскер-мұғалімдер оқыту үдерісінде компьютерлік технологияның мүмкіндіктерін толық пайдалана отырып, мына төмендегі әдістемелік жұмыстарды жүзеге асыру әлемдік педагогикалық мәселе деп есептейді:

- компьютерлік оқытушы бағдарламалар жасау;

- «компьютер-мұғалім» көмегімен оқыту;

- компьютерлік моделдеу;

- оқу-әдістемелік, оқу құралдарын, электрондық кітаптарды дайындау, шығару және жетілдіру.

Осылардың ішінде оқытудағы көрнекілік принцип оқыту үдерісін жетілдіруге бағытталған. Өйткені динамикадағы ақпаратты беру кино-және бейне фильмдерден басқа ақпараттық технологиялар, яғни компьютерлік технология толық қамтамасыз етіп, жүзеге асыра алады.

Бағдарлама (компьютерлік бағдарлама) әдістемелік қолданылуына орай төмендегідей жіктеледі:

1) Оқытушы (жаңа материалды компьютер арқылы оқып үйренуге арналған);

2) Жаттығуға арналған (оқушылардың ебдейліктері мен дағдыларын қалыптастыруға арналған);

3) Бақылаушы (материалды меңгеру деңгейін тексеруге арналған);

4) Моделдеуші (нысанның, құбылыстың, үдерістің моделін құру үшін);

5) Демонстрациялық (оқу материалын көрнекі түрде көрсетуге, оқылатын құбылыстың визуалдылығы, нысандардың өзара байланысын арттыру үшін);

6) Ойынға арналған (оқу үдерісі кезінде тиімді шешім қабылдау үшін «ойындар» арқылы);

7) Ақпаратық-анықтамалық (оқушылардың қажетті ақпаратты алуы үшін);

8) Сергіту (өзіндік жұмыстарда оқушылардың ынтасын, зейінін, шығармашылығын, зерттеушілігін, есте сақтау қабілеттерін және т.б. дамыту үшін);



Қорыта айтқанда, жоғарыдағы аталғандар оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқаруға болатынына қол жеткізді. Олардың тәртібі «Оқыту технологиясына», оның ішінде «Компьютерлік технологиямен оқыту» түсінігіне алып келді.
Әдебиеттер

  1. Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары. Жалпы орта білім. –Алматы: РОНД, 2010.-368 б.

  2. Ш.Р.Ерматов. Оқушылардың зерттеушілік жіне шығармашылық белсенділіктерін дамыту. Пед.және псих. ғыл. маг. дисс. ... Шымкент, 2013. -106 б.

  3. Ә.Қ.Бүркіт. Оқу-тәрбие үдерісінде интербелсенді тақта құралдарын қолдану әдістемесі. –Б.225-228. Шымкент, 2016.

  4. Ә.Қ.Бүркіт. Оқу-тәрбие үдерісінде заманауи ақпараттық-телекоммуникациялық технологияларды қолдану әдістемесі. –Б.705-707. Шымкент, 2015

  5. Ә.Қ.Бүркіт, Ж.Қ.Нұрматова. Дарынды балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Алматы, 2015.

  6. Ә.Қ.Бүркіт, Ж.Қ.Нұрматова. Жай тақтадан – интербелсенді тақтаға дейін... –Б.255-256. Астана, 2016.

  7. Ә.Қ.Бүркіт. Оқу-тәрбие үдерісінде заманауи педагогикалық технологияны қолдану әдістемесі. –Б.306-307. Шымкент, 2015.

  8. С.Е.Алдешов, Ә.Қ.Бүркіт. Мультимедиялық технология негіздері. Лекциялар жинағы. Шымкент. 2013. 150-бет.

  9. С.Е.Алдешов, Ә.Қ.Бүркіт. Заманауи педагогикалық технологиялар. Лекциялар жинағы. Шымкент. 2014 ж.

  10. Karpova T.N. Demonstrative education mathematician as efficient process of the shaping the mathematics knowledge of pupils. YAroslavil, 1993 pp.13-14.

  11. Safronova N.V. The Theory and methods of teaching the information science. Moscow ‘High school’ 2004., pp. 99-100.

  12. Burkit A. Using the new technologies in mathematics. Shymkent, Kazakhstan, 2002., pp 158-161.

UDC 378

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет