Байланысты: А ылшын тілі п нінен 1-4 сынып а арнал ан к нтізбелік-та ырыпты
Пәндік бақылау және бағалау бойынша ұсынымдар Шетел тілі сабағында сөйлеу қызметінің барлық түрлері (айтылым, оқылым, тыңдалым, жазылым / жазбаша сөйлеу) және коммуникативтік құзыреттілікті құрайтындар (сөйлеу, тілдік, әлеуметтік-мәдени, компенсаторлық, оқу-танымдық) болуы тиіс.
Сабақта оқу уақыты негізінен ауызша сөйлеу дағдылары мен қабілеттерін дамыту және жетілдіру үшін қолданылады. Жаңа лексикалық және грамматикалық материалды коммуникативтік жағдайларда енгізу және бекіту ұсынылады; сабақта жұппен, топтармен жұмысты ұйымдастыру есебінен әрбір білім алушының сөйлеу белсенділігі уақытын ұлғайту; міндетті түрде мәтін алдындағы, мәтіндік және мәтіннен кейінгі жұмыс кезеңдерін сақтай отырып, оқылым мен тыңдалымға үйрету.
Жазбаша жұмыстардың түрлері көрсетілген оқу бағдарламасының талаптарын сақтауға ерекше назар аудару керек. Жазбаша тапсырмаларды орындау барысында сабақтың коммуникативтік сипаты бұзылады, негізгі оқу тапсырмаларын орындау сапасы нашарлайды. Білім алушылардың оқу жетістіктерінің нәтижелерін тексеру кезінде басымдылық бақылаудың ауызша түрлеріне берілуі тиіс.