Байланысты: А ылшын тілі п нінен 1-4 сынып а арнал ан к нтізбелік-та ырыпты
Ағылшын тілі пәнінен 5-9 сыныпқа арналған күнтізбелік-тақырыптық жоспарға Түсінік хат 2019-2020 оқу жылында 5-9 сыныптар жаңартылған білім беру мазмұнының келесі Үлгілік оқу бағдарламалары бойынша оқиды:
Негізгі орта білім беру деңгейінде шет тілін оқытудың мақсаты:
талдау, бағалау және шығармашылық ойлау дағдыларын дамытуға ықпал ететін әр түрлі тапсырмалар;
кең ауқымды ауызша және жазбаша дереккөздермен жұмыс жасау арқылы білім алушылардың тілдік дағдыларын дамытуға арналған.
ойлау дағдыларына дейін қалыптасады және дамиды(Блум таксономиясы бойынша).
Оқу бағдарламасы, бөлімдері оқу жылында меңгерілетін және мұғалім тоқсанда өтетін тақырыптардың реті мен сағатын еркін бөліп қоя алатын, ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес іске асырылады.
Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Ағылшын тілі» оқу пәні бойынша жаңартылған мазмұндағы Үлгілік оқу бағдарламасыныңтақырыптық мазмұны 2013 жылы бекітілген оқу бағдарламасының тақырыптық мазмұнына сәйкес келеді сонымен қатар, келесі тақырыптар оқытылады:
5-сынып – Creativity (Art, Music, Stories and poems);
6-сынып –Helping and Heroes, Drama and Comedy, Our Neighbourhood;
7-сынып – Communication and Technology, Space and Earth, Natural disasters;
8-сынып – Entertainment and Media;
9-сынып – Charities and Conflict, Science and Technology.
Оқу үдерісін ұйымдастыру бойынша ұсынымдар. 5-сыныпта жаңа лексика мен грамматиканы оқытуға көңіл бөлу ұсынылады. Тыңдалым мен оқылым тапсырмаларында мәтіндердің лексикасы мен грамматикасының білім алушыларға таныстығын алдын ала тексеру ұсынылады, сонымен қатар оқыту процесінде қосымша ресурстар мен ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдануға болады.
6-сыныпта өтілген лексика мен грамматиканы қайталау және білім алушылардың коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыруға бағытталған коммуникативтік оқыту технологиясын қолдану ұсынылады. Оқыту процесінде қосымша ресурстар мен ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдануға болады.
«Ағылшын тілі» оқу пәні бойынша 7-сыныпта грамматикалық тақырыптарды: шақ формаларын және сын есімдердің салыстырмалы шырайын қайталау ұсынылады, себебі жаңартылған білім мазмұнының бағдарламасы бойынша жоғарыда аталған тақырыптар өтілген болып саналады (2013 жылғы оқу бағдарламасы бойынша 7-сыныптар А1 high деңгейі бойынша оқиды, ағылшын тілінің Үлгілік оқу бағдарламасы бойынша 7-сыныптар В1 low деңгейі бойынша оқиды). Оқыту процесінде қосымша ресурстар мен ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдануға болады.
Жаңа тақырып бойынша оқыту және жаңа сабаққа дайындық процесінде мәтіндер мен сөйлемдердің лексикалық және грамматикалық мазмұнын тексеру ұсынылады. Сонымен қатар, жоғарыда аталған себептер бойынша білім алушыларға таныс емес грамматикалық құрылымдарға көңіл бөлген дұрыс. Айтылым және жазылым тапсырмаларында перифраз қолдану ұсынылады.
8-сыныпта жоғары ойлау дағдыларын дамытатын тапсырмаларды таңдау ұсынылады. Сонымен бірге даралап оқыту технологиясын қолданған дұрыс. Білім алушылардың лексикалық қорын жақсарту және айтылым мен жазылым дағдыларын қалыптастыру үшін перифраз қолдану ұсынылады.
9-сыныпта коммуникативтік-мәдениетаралық құзыреттердің барлық компоненттерін одан әрі дамыту жалғасады: грамматикалық және лексикалық минимумдарды кеңейту, тілдік және сөйлеу дағдыларын нығайту, дискурстық және әлеуметтік-мәдени білікті дамыту. Білім алушылардың жоғары ойлау дағдыларын талап ететін оқыту мақсаттарын таңдау ұсынылады.
Шетел тілі бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 5-9-сыныптарда – аптасына 3 сағат, оқу жылында 102 сағатты құрайды.
«Шетел тілі» пәнінен оқу жұмысын ұйымдастыруда келесі ұсынымдар беріледі: 1. Білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамытуға бағытталған «Independent project» юнитына назар аудару қажет. Жоба жұмысы арқылы мұғалім мақсаттар мен сөйлеу дағдыларының түрлеріне бағытталған қалыптастырушы бағалауды жүргізе алады. Жоба жұмысының түрі мен мазмұны (тақырыптық мазмұны, іс-әрекет түрлері, күтілетін нәтижесі, бағалау түрлері және т.б.) мектеп ішіндегі әдістемелік бірлестіктерде талқыланады.
2. «Reading for pleasure» бөлімінде оқу дағдысын дамыту үшін әдістемелік нұсқауларды белсенді қолдану керек. Көркем және оқу әдебиет мәтіндерімен жұмыс жасау ағылшын тіліне оқытудың міндетті элементі болып табылады және білім алушылардың алған дағдыларын бекітуге мүмкіндік береді.
«Шетел тілі/Ағылшын тілі» пәні бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімінің нақты санын және 1 рет тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. Төменде оқу пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны көрсетілген.
Бөлім бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны