АҒылшын тілі сабағында ойын түрлерін пайдаланудың РӨЛІ



Дата12.03.2017
өлшемі66,5 Kb.
#11479
АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ОЙЫН ТҮРЛЕРІН ПАЙДАЛАНУДЫҢ РӨЛІ

Ербота Айнұр Сапарқызы

Ахмет Ясауи атындағы Халықарлық қазақ-түрік университеті оқытушы-магистр

This article is about significance of using games in an English lesson

В этой статье рассматривается роль игры на уроках английского языка
Ойын - төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденіпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білуді, сондай-ақ, басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттердің қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді әдістерінің бipi.

Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар, epiк сезім түрлерін де дамытады. Ойын түрлері көп. Соның ішінде бастауыш және орта буын сыныптарда пайдаланатын: ойын-сабақ, ойын-жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, сөздік ойындар, логикалық ойындар т.б. Осылардың ішінде дидактикалық мақсаттағы ойындардың оқыту үрдісінде оқушылардың коммуникативтік құзіреттіліктерін дамытуда үлесі зор болып табылады.[1]

Ағылшын  тілін  оқытуда ойын  түрлерін  мынадай  мақсатта қолдану  тиімді.

1.Алфавитті  дұрыс  меңгерту

2.Орфографияны  дұрыс   оқыту

3.Дұрыс   оқу  дағдысын қалыптастыру

4.Лексиканы  меңгерту

5. Оқушылардың  ойын  дамыту, дұрыс  жазу, дұрыс  айту,дұрыс  білу дағдысын  қалыптасты.[2]

Сынып ішінде  мынадай  ойындарды ойнауға  болады. What’s  in the  bag?, Around  the  world, Board Race, Order Race, Question race, Bingo, Go fish сияқты ойындарын қолдануға да болады. Бұл ойындар оқушылардың танымын кеңейтіп, білім мен білік шеберліктерінің  жан-жақты дамуына, қалыптасуына, тілдік материалдарды жақсы біліп, сөз іскерліктерін  меңгеруіне  көп көмектеседі.

1.What’s  in the  bag? Сумкада  не бар ойыны.

Мұғалім алдымен  балаларға  бір сумка алып келеді. Балалардан сұрайды. Балалар сумкада  не бар? Балалар  ішінде  дәптер, қалам, кітап бар деп айта бастайды. Мұғалім бұл ойынды сабақ соңында  қолданса  болады. Әсіресе  жаңа  сөздерді  еске түсіру үшін қолдануға  болады. Мұғалім сумканың ішіндегі  заттармен таныстырады. Сумкада не бар? Мұғалім оқушылардан  What’s this? Сұрағы арқылы затты  көрсету арқылы сұрайды. Мысалы:  Pen, copybook, pencil, ruller, rubber  деп көрсетеді. Сосын оқушыларға жеке-жеке  қайталатады.Сөздерді  ұмытпау  керек. Сосын оқушыларға  сумка ішіндегі  заттарды  таратып беріп,оқушылардан осы заттарды мына сұрақ арқылы сұрауға да болады.Мысалы: Who has a  pencil? Who has a ruller? Жауап бергенде оқушылар кімде  екенін табу керек.Оқушылар тапса  Janar  has  a  pencil деп табу керек. Бұл ойын оқушының  абаққа  деген қызығушылығы артып, сөздік қорлары  молайып, есте сақтау  қабілеті артады.

2.Board race.Тақта  сайысы  ойыны.

Бұл ойынның шарты:

Мұғалім  оқушыларды екі  топқа  бөліп, ойынның ережесімен таныстырады.Бұл ойында мұғалім  түстер,сандар,сөздер айтады сол айтылған  сөздерді,сандарды оқушылар қатесіз  жазу керек.Келесі  оқушы әрі қарй жалғасын  жалғастырып отырады.Соңында  оқушылардың жазғанын тексеріп қателерін жөндеп қай топтың жеңгенін анықтайды.Мысалы: 

P-1                                                       P-2

Red                                                      Red

Ten                                                      Ten

Stone                                                   Stone

Winter                                                 Winter

Book                                                    Book

Осылай  рет-ретімен оқушылар жалғастырып болған соң қателерін жөндеп  қай жақтын жеңгенін  айтады. Бұл ойында оқушылар шапшаңдықты, дұрыс жаза білуді, есте сақтау қабілеттері артады.

3. Question Race. Сұрақтар  сайысы

Бұл ойынның шарты:

Мұғалім сол сабаққа  қатысты  сұрақтар қойылады. Осы  сұрақтар  оқушыларға  таратылып беріледі. Оқушылар  сол сұрақтарға  дұрыс жауап  беру  керек. Мысалы  жыл мезгілдерін  өткен  кезде суреттер арқылы да  мынадай  сұрақтар  арқылы  қолдануға  болады.

1. How  many seasons are there in a year?

2. What  are  they?

3. How  many  months  are  there in a  year?

4. What are  they?

5. What season is it  now?

6. What month is it now?

7. How many days are  there in a week?

8. What  are they? [3]

Осы сұрақтар арқылы оқушылардың сөйлеу қабілеттері артып, сөздік  қорлары молайып,сабаққа  деген қызығушылығы  артады.

К.Ушинский сабаққа ойын элементтерін енгізу оқушылардың білім алу үрдісін жеңілдететінін атап көрсетсе, Н.Крупская "бала жас болғандықтан ғана ойнамайды, балалықтың өзі оған ойнау үшін, яғни жаттығу арқылы өмірде қажетті дағдыларды игеру үшін берілген" деген пікір айтады.[4]

Әр алуан ойын түрлері оқытудың төрт дағдыларын қалыптастыруда да маңызды рөл атқаратыны айқын. Сөйлеу әрекетінде қозғаушы күш - ырғақ. Сөйлеу ырғағын құру мұғалімдердің рөлдік ойындарды ұйымдастырудағы ең қиын іс-әрекеті. Оқушылардың қызығуын арттыру мақсатында мұғалім ойынға қатысушының өзіндік сөз ырғағын бейнелеп көрсетіп, тапсырманы дұрыс құра білуі керек. Бұл орайда сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда рөлдік ойындардың маңызы зор. Рольдік ойындарды екі топқа бөлуге болады: сөйлеуге жаттықтыратын және сөйлеу практикасын ұйымдастыратын ойындар. Жаттықтыратын ойын түрлері қарапайым әрі қысқа, қолданылатын тілдік құралдардың ауқымы тар. Ал сөйлеу практикасын қалыптастыратын ойындар әлдеқайда күрделі, көлемді және тілдік құралдардың ауқымы кең.

Рольдік ойындарды ұйымдастырудың мынадай кезеңдерін бөлуге болады:

1) Ойынның мақсаты мен тілдік материалдың мазмұнын анықтау (қандай тілдік материалды қолдануды көздейді? Қандай сөйлеу мақсатын орындауға бағытталады?);

2) ойын сценарийін құру;

3) рольді бөлу;

4) тілді үйренушілерді психологиялық жағынан дайындау.

Ойынды өткізу үшін тіл үйренушілердің (ағылшын тілін) психологиялық дайындығын қалыптастыру маңызды компонент болып табылады. Тіл үйренушілер (ағылшын тілін) ситуацияны толық қабылдап, өзін еркін сезінуі қажет. Кейбір тіл үйренушілер қозғалыс еркіндігіне ие болуы қажет. Рольдік ойынды өткізу кезінде оқытушының да ролі өзгереді. Ол тіл үйренушілермен кейбір рольдерді орындайды.[5]Ойын кезінде қатені түзеуден, аударудан бойды аулақ ұстау қажет.Ойынды ұйымдастыруда өтілетін орынды да өзгерту қажет. Орындық, үстелді тіл үйренушілер бір-бірін көретіндей етіп өзгерткен жөн.Таңдап  алынған  ойындар оқушылардың  сөз  байлығына, тіл  қорына  сай  болу  керек. Мұғалім кез-келген   ойынды  өткізу  үшін  алдын-ала  жоспар құрып  алуы  керек. Сонымен бірге мұғалім ойынға қойылатын төмендегі әдістемелік талаптарын біліп орындауы тиіс.Ол әдістемелік  тұрғыдан  алғанда   мынадай  бөліктерден  тұрады:

1.Ойынның  өтілетін сабақтарының  мазмұны мен  тақырыбына  сай  болуы.

2.Ойынға  берілген уақытты  нақты  белгілеу.

3.Ойынның ойналу  түрі  топ  болып  ойнау.

4.Ойынға  қажетті  материалдардың түгел  дайындалып қойылуы.

5.Қолданылған  сөздер,сөз тіркестері,олең таңдау

6.Ойындардың  өту  барысының  жоспарын  жасау.[6]

Қорыта келгенде, оқу үрдісінде «ойын түрлерін пайдалану біріншіден, оқушылардың білімін  берік меңгерту құралы болса, екіншіден балалардың сабаққа деген қызығушылығын көтеру болып табылады. Ойын түрлерін пайдалану мынадай нәтижеге жеткізеді.

Нәтиже:

1. Әр оқушының шығармашылығы  артады.



2. Жылдам жұмыс істеуге  дағдыланады

3. Оқушының жеке қабілеті  анықталады

4. Оқушы топ жаруға  ұмтылады.

5. Оқушының ойлау қабілеті дамиды

6. Әр оқушы өз деңгейінмен бағаланады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

 1. Қазақстан метебі №7. 2001

2. Бастауыш мектебі №7-8. 2008

3. Мектептегі  шет тілі  №1.2009

4. Бастауыш мектебі №1. 2006

5. Ағылшын  тілі  мектепте №1.2010



6. Бастауыш мектебі №5. 2005
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет