«АҒылшын тілін оқытудың бастапқы сатысында оқушыларды ауызша сөйлеуге үйретудің жолдары»



бет1/5
Дата21.07.2020
өлшемі28,26 Kb.
#63596
  1   2   3   4   5

КММ «Троицк орта мектебі»

Баяндама:

«АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ БАСТАПҚЫ САТЫСЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫ АУЫЗША СӨЙЛЕУГЕ ҮЙРЕТУДІҢ ЖОЛДАРЫ»

Ағылшын тілі мұғалімі:

Жужжанова Салтанат Нурлановна

Қазақстан Республикасының  тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің даму жолына түсуі, ағылшын тілін меңгертуді жолға қою мақсатында ерте жастан оқыту қолға алынып отыр.Бастауыш сынып табалдырығында оқушының оқу дағдысын қалыптастыруды жалпы жазба тілімен ауыз екі сөйлеу тілі тікелей байланысты. Оқушыларды шығармашылықпен ойлауға тәрбиелеу мұғалімнің міндеті. Сондықтан бұл жұмыс түріне ерекше талап қою керек. Мәтінді мазмұндауға үйрету жазбаша сұрақтарға жауап беруге үйрету, жоспар құруға, белгілі бір суретке тақырып қоя білуге, сол суретке қарап сөйлем құрауға мұғалімнің көмегімен өздерінің ойларын, қызықты іс әрекеттерін әңгімелеуге үйрету.

Линвистикалық негізгі  обьектісі – сөйлеу, адамзаттың сөйлеу тілі. Сөйлеу – адамзаттың іс – әрекетінің ерекше формасы. Сөйлеу адамзаттың ойлауымен және басқа да психикалық процестерімен тығыз байланысты. Сондықтан адамзаттың сөйлеу іс – әрекетін тексеру бір ғана тілі білімінің үлесі емес, бұл басқа да ғылымның мәселен, психологияның, физиологияның, логопедияның т.б зерттеп қарастыратын облыстілі.
Сөйлеу екі түрлі формада – ішкі және сыртқы формада жүзеге асырады. Ішкі сөйлеу формасы – ойлау процесі үшін осы қажет нәрсе, ал сыртқы форма арқылы адам өз ойын басқаларға жеткізеді, белгілі бір информатика береді.
Сөйлеудің екі  жағы бар: сөйлеу процесінің  нақ өзі және сол сөйлеу іс – әрекеті процесінде жасалынған нәтиже яғни сөйлемдер, мәтіндер т. б.
Адамның өмірінде сөйлеудің маңызы өте зор. Ол сөйлеу арқылы өз ойын айтып жеткізеді және біреудің ойын ұсынады. Ауызша сөйлеу адам арасындағы қарым – қатынасты атқарады.
Біреудің дыбыстауынан құлағымызға жеткен сөз ауызша сөйлеу деп аталады. Ауызша сөйлеуде кеңістік және уақытқа байланысты біреу шектеулер болады. Әдетте, әңгімелесушілер бірін – бірі көріп тұрады немесе  дауыс жететіндеу алшақтығы  болуы мүмкін. Сөйлеуге үйрету манолог және диалог түрінде іске асырылады. Манолог және диалог түрінде сөйлеу іскерлігі, біліктілігі қарым – қатынас әрекетінің, ақпараттық, регулятивтік, әдептік және сезімдік – бақылау сияқты атқаратын қызметіне байланысты анықталады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет