Тыңдағанәңгімебойыншатөмендегідейжұмыстүрлерінорындауғаболады:
Жазбаша жоспар құру, мәтінге ат қою, сөз тіркестерін жазу.
Ауызша мәтінннің қысқаша мазмұнын беру, толық мазмұнын беру. Жұмыстың мұндай түрі шетел тілін тыңдап түсіне білу мен сөйлеуге үйретеді. Шетел тілін тыңдап түсіне білуге үйрену үшін тек ұнтаспа ғана емес, сонымен бірге видео-фильм және диафильмдердің көмегіне сүйенуге болады. Шетел тілінде тыңдап түсіну қабілеттері дамып жетілгеннен кейін, радиобағдармаларды тыңдауға немесе көркем және деректі фильмдерді көрсету арқылы оқушылардың білімдерін нығайтуға болады.
Түсініп тыңдау жұмысы кезінде естіген хабарды қаншалықты түсінгендігі тексеріледі. Онда шағын мәтін немесе сөйлемдер оқылып, тыңдату, мәтінді қайталап тыңдау арқылы екі-үш сөйлемнен мәтіннің мазмұнын айту, сипаттама беру, жаңа сөйлемдер құрастыра білу сынды жұмыстарды жан – жақты жүргізген туста істің нәтижелі болатынына көз жеткізе аламыз. Түсініп тыңдау деңгейде жан-жақты жүргізіліп, естіген хабарды қаншалықты түсінгендігі тексеріледі. Шағын әңгіме, үзінді, мақала мазмұндары оқылып, түсініп тыңдау мәтінді екі рет тыңдау арқылы екі – үш сөйлеммен мәтіннің мазмұнын айту жұмыстары жүргізіледі. Жұмыс барысында сипаттама беру, мәтін бойынша жоспар құру, сұрақ қол білу сынды жұмыстар тіл дамыту жұмыстарына негіз бола алады.
Шетел тілінде тыңдағанын, естігенін түсіну біліктілігі басқа кісілермен сөйлесуге, тілдік қарым-қатынас жасауға қажетті жағдайлар тудырады. Шәкірттер тыңдап түсінуге арналған аутентті мәтіндермен түрлендіре жұмыс істеуге, сөйлеуге одан ары қарай жаттығады, баяндамалар жасайды.