Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназия. Ашық сабақтың тақырыбы:
Қазақ әдебиеті
8 «А» сынып
С.Сейфуллин «Аққудың айырылуы»
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Базарбаев К.Б.
Атырау 2015 ж.
23 қаңтар 2015 жыл. Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин “Аққудың айырылуы”
Сабақтың эпиграфы:
“Ол өз елін сүйген. Ол нағыз ақын болған, ал нағыз ақынның халқы өмір сүрсе, ол да мәңгілік өмір сүреді ”.
Р. Сейсенбаев.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыға ақын өмірі шығармашылығы жөнінде мағлумат беру. Поэманың тақырыбын, идеясын ұғындыру. Шығарма мазмұны бойынша өз көзқарастарын білдіруге ықпал ету.
Дамытушылығы: Оқушының таным қабілетін, белсенділігін арттыру. Ауызекі сөйлееу мәдениетін дамыту. Логикалық ойлау, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру.
Тәрбиелігі: Табиғаттағы әсемдікті, сұлулықты бағалай білу. Табиғатты қорғау. Адам мен табиғат арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуын ұғындыру. Мейірімділікке, адалдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Пікірсайыс Сабақтың типі: Бекіту Сабақтың әдісі: Ой қозғау, топтастыру, дебат, эссе, автор орындығы Көрнекілігі: Интерактивті тақта Пәнаралық байланыс: Орыс әдебиеті, музыка, шет ел әдебиеті, салт-дәстүр Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру а) сәлемдесу, ә) тексеру, б) зейінін сабаққа аудару. 1) Қызығушылықты ояту. а) Ой қозғау. – Балалар, біз Сәкен Сейфуллин туралы не білеміз? - Оның қандай шығармаларын білесіздер? - Біз танысқан шығармасы қандай еді?
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Оқушылардың өткен сабақта алған білімдерін пысықтау.
а) Біз ХІХ-ХХ ғасырлардың қандай ақын жазушыларымен таныстық?
б) Топтық жұмыс.
(Қысқаша мәліметті сызба бойынша толтыру.)
№
Аты-жөні
Кім болған
Өмір сүрген жылдары
Шығармалары
1
Абай (Ибраһим) Құнанбаев
2
Шәкәрім Құдайбердідіұлы
3
Мағжан Жұмабаев
4
Жамбыл Жабаев
ІІІ. Жаңа сабақ мақсатымен таныстыру.
1.Сәкен Сейфуллин деген кім?
2. Оның шығармашылығымен қашан таныстық?
3. Оның қандай шағармаларын білесің?
“Аққудың айырылуы” поэмасымен танысу
- Поэма деген не?
- Поэма жанрының басқа лирикалық жанрдан айырмашылығы неде?
Поэма - өлеңді повесть, өмірде болған
не болуға тиіс күрделі құбылыстар
мен келелі оқиғаларды, алуан-
алуан адам тағдыры мен заман
шындығын көлемді, желелі, эпика-
лық не лирикалық сипаттағы өлең-
мен суреттелген шығарма
Поэмада үнемі лирикалық кейіпкер болады
маржан құмы, күміс суы – коралловый песок, серебряная вода