|
Сын тұрғысынан ойлау тәсілдерін меңгергеннен кейін білімалушылар
|
бет | 6/7 | Дата | 09.06.2020 | өлшемі | 22,86 Kb. | | #72789 |
| Байланысты: дебат презСын тұрғысынан ойлау тәсілдерін меңгергеннен кейін білімалушылар:
Қарама-қарсы көзқарастың мықты және әлсіз нүктелерін ескере біледі және өзін олардың орнына қоя білетін болады;
Олардың сезімдері қазіргі жағдайға жауабы екенін түсінеді және егер жағдай басқаша қабылданатын болса, сезімдері де өзгеше болатындығын түсінеді;
Өз білім шегін бағалайды және болжам жасаудан алшақ болады;
Танымал емес идеялар мен тұжырымдарды көре біледі және жұмыс жасай алады;
Сенімсіздік пен ел алдында сөйлеу кезіндегі ұяңдықты жеңетін болады;
Концепцияларды түсінеді және аталған жағдайда қандай да бір сөзді немесе сөйлемді пайдалану қажеттілігін дәлелдей алады;
Бағалау мүмкіндігін түсінеді және тұжырымның негізделетін құндылықтарын білетін болады;
Мәселені шешу үшін барлық қол жетімді құралдарды пайдалана алады және өз дегеніне жай ғана жетіп қоймай, ең жақсы шешімді іздейтін болады;
Өз ой барысын дамытуға арналған мүмкіндік ретінде жақсы сұрақтарды қолдайтын болады;
Идеяларды бөліп, оны қайта біріктіре алатын болады;
Бақылауларды тұжырымнан ажырата алады;
Шынайы деректер мен шынайы еместерді ажырата алады;
Қарсылықтарды таба алады;
Іс-әрекет, тұжырымдар мен идеялардың салдарын бағалай алады.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|