Дебат технологиясының қолданылуы
Біздің қоғамымызда сөз күшіне қажетті түрде мән берілмейді. Біздің өз пікірімізді білдіре алу қабілетіміз жиі түрде қалыпты жағдай ретінде қабылданады. Егер адамның сөздік қоры біршама бай болатын болса және грамматика туралы түсінігі болса, онда ол автоматты түрде жақсы сөйлей алады деп есептелінеді.
Оқу мекемелерінің бағдарламасы, әдетте, сөйлеуге саналы түрде оқытуды қарастырмайды. Сондықтан көптеген адамдар кісі алдында сөйлегенде күйзеліске ұшырайды, ал даулы сұрақтарда одан сайын қиналады. Кейбіреулері өз пікірін дәлелдеуден бас тартады, ал кейбіреулері керісінше, өзінің қарсыластарының пікіріне құрметпен қарай алмайды. Ал бұл қабілеттер көшбасшының басты қажеттіліктері болып табылады.
Дебат Көне Грециядан бастау алады, онда ол демократияның маңызды элементі болған. Қазіргі таңда дебат білім мен шеберлік алуға көмектесу үшін, заманауи демократиялық қоғамда жетістікке жету үшін қолданылады.
«Дебат» білім беру технологиясын оқу үдерісінде қолдану оқуға деген тұрақты ынтаны қалыптастыруға себептестіреді, себебі жастар үшін оқу материалының жеке мән-мағынасы қамтамасыз етіледі; жарысу элементінің болуы шығармашылық, ізденіс іскерлігін жандандыра түседі, зерттелініп отырған материалдың мұқият меңгерілуін қамтамасыз етіледі. «Дебат» оқу-тәрбиелік үдерістің бүкіл міндеттер кешенін орындауға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта дебаттың келесі түрлері жүргізіледі:
Топтық Жеке
Карл Поппер Импровизациялық сөйлеу
Парламенттік Авторлық орындау
Линкольн-Дуглас
Белгіленген мақсат пен нәтижеге қол жеткізу үшін дебаттың негізгі үш қағидасын ұстану қажеттілігі туындайды. Бұл қағидалар біздің қалыптастырып отырған көшбасшының негізгі өз алдыңда жауапкершілікті қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |