Агат – агат (ақық) (грек. Achates -минерал), шұбар хальцедонның түр өзгерісі. А. қышқылға, үгуге төзімді асыл тас; әр түрлі аспаптар, әшекей бұйымдар жасау үшін қолданылады. Активированный уголь



Дата07.02.2022
өлшемі17,09 Kb.
#93677
түріҚұрамы
Байланысты:
химиялық терминдер


Агар (агар-агар) - агар (агар-агар); теңіз балдырларынан алынатын зат. А-дың негізгі химиялық құрамы көмірсулар (углеводы). Оның судағы ыстық ерітіндісін суытса, қоймалжыңданып іркілдек болып қатады. Химияда, микробиологияда, медицинада (қоректендіргіш заттар дайындауда) және мармелад жасауда қолданылады.
Агатагат (ақық) (грек. Achates -минерал), шұбар хальцедонның түр өзгерісі. А. қышқылға, үгуге төзімді асыл тас; әр түрлі аспаптар, әшекей бұйымдар жасау үшін қолданылады.
Активированный уголь (активный уголь)активтендірілген көміркеуектігі артып, ішкі беті молайған көмір. Ондай көмір алу үшін ауа қатыстырмай күшті қыздырылған көмірге су буының қуатты ағымы жіберіледі.
Алюминийалюминий, Al (лат. аlumen – ашудас); Менделеевтің пер. системасындағы р. н. 13, атомының электрондық қабығының сыртқы қабаты 3s23p1; таза түрінде 1827ж. неміс дәрігері Ф. Велер алған. Әр түрлі минералдар түрінде көп таралған зат; а. әсіресе алюмосиликат түрінде жиі кездеседі; балқытылған бокситті (Al2O3) электролиздеп өндіреді; а. күміс түстес, жеңіл, берік, иілгіш металл, электр жылу өткізгіштігі, химиялық активтігі күшті; а. көптеген жай және күрделі заттармен тікелей реакцияласады. А. оның оксиді және гидроксиді [Al(OH)3] амфотерлі заттар; алюминий гидроксиді негіз де [Al(OH)3], қышқыл да [Н3AlO3] бола алады. А. мен оның құймалары техникада, халық шаруашылығының көптеген салаларында кең қолданылады.
Английский соль (горькая соль, сульфата магния) – ағылшын тұзы (ащы тұз, магний сульфаты MgSO4*7H2O) теңіз суларында болады; медицинада іш жүргізетін дәрі есебінде қолданылады.
Ацетатыацетаттар; Сірке қышқылының тұздары; оксидке, гидроксидке немесе кейбір тұзға сірке қышқылымен әрекет етіп алынады, а. суда оңай еритін кристалды заттар.
Ацетон (диметилкетон)ацетон (екі метилді кетон) (CH3COCH3); кетондардың қарапайым өкілі; а. иісті, түссіз, жанғыш сұйықтық. А. әр түрлі органикалық заттарды синтездеуде, жасанды жібек, мылтық дәрісін, дәрі-дәрмектер өндіруде, еріткіш ретінде қолданылады.
Борбор, В (лат. Borum), Менделеевтің пер. системасындағы р. н. 5 элемент, атомының электрон қабығының сыртқы қабаты 2s2p1 Б. 1808ж. француз ғалымдары Ж. Гей-Люссак пен Л. Тенар ашқан. Б. қара сұр түсті кристалды зат. Б. қыздырғанда металдармен реакцияласып боридтер, сутегімен реакцияласып гидридтер (борсутектер, борандар) түзеді. Бордың гидридтері (борандар) – оңай тұтанып, көп жылу беретін түссіз газдар немесе сұйықтар; бұлар реактор отындарын, полимерлер өндіруде катализатор ретінде қолданылады.
Вода (оксид водорода)су, (сутегінің окиді) H2O cудың сандық-сапалық, құрамын 1783ж. француз химигі А. Лавуазье тағайындаған. Су табиғаатта ең көп таралған химиялық қосылыс; судың физикалық (агрегаттық) үш күйі бар. Сұйық су, мұз – қатты, су, бу; судың үш күйі 4,6 мм. с. б. қысымында және 0,0100℃-да тепе-теңдік күйде болады. с. қатыспайтын бірде бір химиялық, биохимиялық процесс жоқ.
Глинысазтопырақ, шөгінді тау жыныстарының бір тобы. с. негізгі құрамы минералдар; с. сумен араласса, қоймалжың масса түзеді; с-дан цемент, кірпіш сияқты құрылыс материалдары, керамикалық заттар жасалады.
Железо – темір Fe (лат. Ferrum) Менделеевтің пер. системасындағы р. н. 26 элемент (металл), атомының электрондық қабығының сыртқы қабаты 4s2; адамға ерте заманнан мәлім, табиғатта көп тараған элементтердің бірі; таза металл күйінде де, рудалар түрінде де кездеседі (железняк) сұрғылт түсті қатты зат; әдеттегі жағдайларда химиялық активтігі нашар, ылғалды ауада тез тотығып, бетін өзінің оксидтері қаптап қалады. Тотығу дәрежелері: +2, +3; т. сұйытылған қышқылдарда оңай ериді; қою қышқылдарда ерімейді. Таза темір өзінің оксидтерінен тотықсыздандырылып өндіріледі; өнеркәсіпте (металлургияда) т. әр түрлі құймалар, шойын, болат түрінде өндіріледі; т.-дің химиялық қосылыстары көп, олар әрқилы оксидтер, тұздар түрінде кездеседі; т. гемоглобинннің (қанның қызыл түйіршіктері) құрамна кіреді, демек, темірдің биологиядық маңызы да күшті.
Алмазалмаз (ар. ең қатты) – көміртектің аллотроптық түр өзгерісі, көміртегі қосылыстарына жоғары температура мен күшті қысымда ауа қатыстырмай қатыстыру арқылы өндіріледі. А. қатты заттардың сыртқы қабатын өңдеуге, кен бұрғысын жасауға пайдаланылады; қырланып өңделген а. гаухар деген атпен асыл тас ретінде қолданылады.
Анализ анализ (грек. analysis – айыру, ажырату, ыдырату); әр түрлі әдістермен заттың сапалық, сандық құрамын анықтау; а-дің ғылыми зерттеу жұмыстар мен өндірісте маңызы өте зор.
Асбест – асбест (таскендір); талшықты минералдар тобы;химиялық құрамы жағынан а. гидросиликаттарға (сулы силикаттар) жатады, мыс., магний силикаты [Mg6(Si4O11) (OH)6Н2О]. А-тен сүзгі, шифер, картон және отқа, сілтіге берік, электр тогын, жылуды, дыбысты нашар өткізетін бұйымдар жасалады.
Атоматом (грек. atomos – бөлінбейтін); химиялық элементтің барлық қасиеттерін сақтайтын ең ұсақ бөлшегі. Атом оң зарядты ядродан (атомные ядро), теріс зарядты электроннан құралады; атом электрлік бейтарап бөлшек. Атомдардың химиялық байланысуынан молекула түзіледі (молекула).
Белки (протеины, протеиды) – белоктар (протеиндер, протеиды)

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет