«аграрлық технологиялар» кафедрасы



бет21/26
Дата30.03.2020
өлшемі6,45 Mb.
#61060
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
meliorat. mroz-18-1 zem.na kaz


Қызылорда,2019


7.ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ ТУРАЛЫ

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР.

ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚ №1-2
Тақырыбы: Топырақтың ылғалдылығын анықтау және оны бағалау

Жұмыстың мақсаты: Студенттерді топырақ ылғалдылығын анықтауға, топырақ үлгісін алуды, ылғалдылықты анықтау жолдарымен таныстыру.

Жұмысқа керекті құрал-жабдықтар: бюкс, бұрғы таразы, кептіргіш шкаф, калькулятор.

Жұмысты орындау әдістемесі:

Топырақтың ылғалдылығы көп тәсілдермен анықталады: спирттік, электрлік, радиоактивтік және т.б. Олар көбіне қиын және дәл еместігімен ерекшеленеді, қымбат аппаратура керек етеді.

Топырақтың ылғалдылығын анықтау үшін көп тараған тәсілдер пайдаланылады:

1. Көзбен жобалау әдісі – қолмен ұстағанда қолға жабысу дәрежесі арқылы. Ол үшін топырақты 10-12 см тереңдіктен алады.



2. Инструменталды тәсіл 1-1,5 м тереңдікке дейін әр 10 см қабаттан топырақ бұрғысының (бур) көмегімен топырақ алынып, арналған стакандарға (бюкске) салынады. Алынған топырақ өлшеніп, 1050С температурасында 6-8 сағат (жеңіл), 8-10 сағат (ауыр топырақ) кептіріледі. Құрғақ топырақты қайталап өлшегеннен соң, буланған судың % (пайызына) есеп жүргізіледі:

Р = , %

мұнда: Р – топырақ ылғалдылығы, %;

а – топырақтан буланып кеткен судың салмағы, г;

в – құрғақ топырақтың салмағы (ыдыссыз);

Топырақтың ылғалдылығы декада (10 күндікте) бір рет, әр декаданың 8, 18, 28 күндері анықталады.

1 – тапсырма: Топырақ ылғалдылығын анықтау

Танап ___________ Дақыл _______________ Күн ________________




Топырақ үлгісінің алу тереңдігі

Бюкстің №

салмағы (г)

Топырақ ылғалдылығының және(бюкстің)

Құрғақ топырақтың және (бюкстың)

Бюкс ыдысы-ның

Буланған судың

Үлгідегі құрғақ топырақ-тың (бюкссыз)

Топырақ ылғалды-лығы, %
















































Топырақтағы жалпы (барлық) ылғалды өсімдік пайдалана алмайды.

Өсімдік пайдалана алатын ылғалдылықтың мөлшерін білу үшін топырақтың агрогидрологиялық қасиеттерін білу керек:

1. Көлемдік салмақ (d), г/см3;

2. Солу коэффициенті (К), % немесе мм.

Кмм ═ d ∙ К, %

3. Ең жоғары ылғал тартқыштықты (максималды гигроскопиялық) 1,34 коэффициентіне көбейтіп, солу коэффициентінің мәнін табуға болады.



Әр түрлі топырақтардың жоғары ылғал тартқыштығының мәндері:



Топырақ

Жоғары ылғал тартқыштығы, %

Топырақ

Жоғары ылғал тартқыштығы,

%


1

Құм

0,001-1,5

Орта құмайт

5-6

2

Құмайт

1,5-3

Ауыр құмайт

6-8

3

Жеңіл құмайт

3-5

Ауыр балшық

12-18

4. Топырақтың еркін су сиымдылығы (ЕСС) дегеніміз – топырақтың суды сіңіріп, оны ұстап тұру қаблеттілігі. ЕСС әр түрлі топырақтардағы мәндері:

1. Саздақ топырақтар үшін 0 – 100 см ═ 170-180 мм

2. Құмдауыт топырақтар үшін ═ 150-160 мм

3. Құм топырақтар үшін ═ 80-120 мм

Ылғалдың топырақтағы жалпы қоры (W) мм төмендегі формуламен, әр қабатқа анықталады:



W ═ 0.1 ∙ d ∙ h ∙ P, мм

Мұнда: Р – топырақ ылғалдылығы, %;

d – топырақтың көлемдік салмағы, г/см;

h – топырақ қабаты, 10 см;

0,1 – мм-ге айналдыратын көбейткіш

Өсімдік пайдалана алатын ылғалдылықтың қоры (W1) мына формуламен анықталады:



W1 0.1 ∙ d ∙ h ∙ (P – К), мм
мұнда: К – солу коэффициенті (%).

Бір метр тереңдіктегі топырақ ылғалдылығының қоры сол топырақтың ЕСС 60% төмен болатын болса, ол жерде егілген ауыл шаруашылық дақылдардың өнімі төмен болады, 60-70% аралығында болса – қанағаттандырылған, ал 70-90% аралығында болса – жақсы деген баға беріледі (топыраққа байланысты).



2 тапсырма: W және W1 есеп жүргізу

Пункт ______________ жыл ____________ дақыл ________________

Топырақ _______________________________


Терең


дігі

Тұрақты көрсеткіштер



Орташа ылғалдылық,

% (Р)


Ылғалдылықтың жалпы қоры

(W)


Өсімдік пайдаланатын ылғал, мм (W)

солу ылғалдылы-ғы (К,%)

көлемдік салмақ г/см3 (d)

пайдалын-байтын ылғал, мм (К)

8.06

18.06

28.06

8.06

18.06

28.06

8.06

18.06

28.06

10





































20





































30





































8.06

Топырақ үлгісінің алу тереңдігі


Бюкстің №



Салмағы, г

топырақтың ылғалы және бюкстің

құрғақ топырақтың және бюкстің

бюкс ыдысы-ның

буланған судың

үлгідегі құрғақ топырақтың (бюкссіз)

топырақ ылғалдылығы, %

10

1

51,1

47,1

22,2










20

2

53,9

50,0

22,0










30

3

50,6

45,8

22,1










40

4

58,4

53,4

22,3









18.06

Топырақ үлгісінің алу тереңдігі

Бюкстің №



Салмағы, г

топырақтың ылғалы және бюкстің

құрғақ топырақтың және бюкстің

бюкс ыдысы-ның

буланған судың

үлгідегі құрғақ топырақтың (бюкссіз)

топырақ ылғалдылығы, %

10

1

54,6

51,3

22,4










20

2

51,7

48,3

22,1










30

3

55,6

50,3

22,3









28.06

Топырақ үлгісінің алу тереңдігі

Бюкстің №



Салмағы, г

топырақтың ылғалы және бюкстің

құрғақ топырақтың және бюкстің

бюкс ыдысы-ның

буланған судың

үлгідегі құрғақ топырақтың (бюкссіз)

топырақ ылғалдылығы, %

10

1

56,5

50,9

22,5










20

2

55,1

49,1

22,8










30

3

52,9

44,2

22,9









1 - вариант



Терең


дігі

Тұрақты көрсеткіштер



Орташа ылғалдылық,

% (Р)


Ылғалдылықтың жалпы қоры

(W)


Өсімдік пайдаланатын ылғал, мм (W)

солу ылғалдылы-ғы (К,%)

көлемдік салмақ г/см3 (d)

пайдалын-байтын ылғал, мм (К)

8.06

18.06

28.06

8.06

18.06

28.06

8.06

18.

06


28.

06


10

13,0

1,24































20

13,0

1,16































30

13,0

1,08






























2 - вариант



Терең


дігі

Тұрақты көрсеткіштер



Орташа ылғалдылық,

% (Р)


Ылғалдылықтың жалпы қоры (W)

Өсімдік пайдаланатын ылғал, мм (W)

солу ылғалдылы-ғы (К,%)

көлемдік салмақ г/см3 (d)

пайдалын-байтын ылғал, мм (К)

8.06

18.06

28.06

8.06

18.06

28.06

8.06

18.

06


28.

06


10

13,2

1,14































20

13,2

1,20































30

13,3

1,13
































Жұмыс бойынша қорытынды.

Бақылау сұрақтары:

1. Топырақ ылғалдылығын анықтау тәсілдері

2. Еркін су сиымдылығы дегеніміз не?

3. Топырақтың жалпы ылғалдылық қоры

4. Өсімдік пайдалана алатын ылғалдылық қоры

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Зубаиров О.З., Тлеуқұлов А.Г. Суару мелиорациясы, Алматы, 2010 ж.

2.Әуезов Ә.Ә., Атақұлов Т.А., Сүлейменова Н.Ш., Жаңабаев Қ.Ш. Егіншілік, оқулық, Алматы, 2005 ж.

3.Атақұлов Т.А., Кененбаев Т.С. Ауыл шаруашылық мелиорациялары, Алматы, 2003 ж.



ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚ №3-4
Тақырыбы: Топырақтың еркін су сиымдылығын су құйылған алаң тәсілмен анықтау

Жұмыстың мақсаты: студенттерге топырақтың далалық ылғал сиымдылығы және оның түрлері туралы түсініктер беру.

Жұмыстың міндеті: студенттерге топырақтың ылғал сиымдылығын арттыру тәсілдерін үйрету.

Жұмысқа керекті құрал-жабдықтар

1. Жабдықтар: Топырақ бұрғысы, бюкстер, таразы, кептіргіш шкаф

2. Үлгілер: топырақтың әртүрлі типтері

Жұмысты орындау әдістемесі

Топырақтың еркін су сиымдылығы дегеніміз – топырақты толық суарғаннан соң гравитациялық су еркін ағып кеткеннен кейінгі топырақта сақталынатын ылғал мөлшері.

Топырақтың еркін су сиымдылығы – топырақтың су сақтайтын қабілетін санмен сипаттайтын шама. Ылғалды сақтау жағдайларына қарай жалпы, дала, шекті дала, төменгі капиллярлық, максимум молекулалық, адсорбациялық максимум ылғал сиымдылықтарын ажыратады. Бұлардың ішіндегі негізгілері – төменгі капиллярлық және толық сиымдылық.

Жұмысты орындау барысы

Даладан аумағы 1 м2 немесе радусы 1-1,5 м дөңгелек алаңды таңдап алып, оның сыртқы жағынан биіктігі 35-40 см топырақ үйіндісімен қоршап және тығыздап, алаңға су құяды. Сумен бірге топырақтың құрылымы шайылып кетпеу үшін алаңның біраз бөлігін сабан не шөппен жауып қояды.

Алаңға құйылатын судың мөлшерін былай есептеп шығаруға болады. Егер топырақ бағанасының мөлшерін R = 1 м, Н = 1,5 м деп алсақ, онда V = R2 х Н = 4,71 м3 болады. Орта есеппен алғандағы қабаттың жалпы қуыстылығы барлық көлемнің 45% болғанда, ол 2,11 м3 болады. Егер топырақтың бастапқы орташа көлемдік ылғалдылығы 15% болса, онда қуыстардың 0,70 м3 жуығында су болады, яғни топыраққа 1,14 м3-ге жуық су құю керек.

Топырақтың дымқылдығын уақытша сақтау үшін және алаңнан ағып кететін судың есесін қайтару үшін құйылатын судың мөлшерін 1,5 еседей көбейту керек. Топырақ әбден суға қаныққанына көзіміз жеткен соң, су топырақтың беткі қабатынан буланып ұшып кетпеуі үшін, судың төмен қарай гравитациялық ағуы тоқталғаннан кейін алаңды клеенкамен немесе қара қағазбен, немесе қалыңдығын жарты метр қылып сабанмен жауып қояды. Құмдарда және құмдақ топырақтарда судың фильтрациясы 1 тәуліктен, саздықтарда 2-3 тәулік, ал саз балшықтарда 3-4 тәуліктен кейін тоқталады.



1-кесте Топырақтың ылғалдылығын анықтау

Топырақ-тың аты

Топырақ үлгісі, алынған жер

Топырақ үлгісінің алынған тереңдігі,

см


Бюкстің нөмірі

Қайта-лау

Бос бюкстің салмағы, г


Бюкспен ондағы ылғал топырақтың салмағы,г

(а)

Бюкспен ондағы топырақтың кептірілгеннен кейінгі салмағы, г

(в)

Буланып ұшып кеткен судың салмағы, г

(d)

Абсолюттік құрғақ топырақ салмағы, г,


(с)

Абсолюттік құрғақ топырақтың салмағына байланысты ылғалдылық, %

(Р)






































































































Топырақтың абсолюттік ылғалдылығы мына формула бойынша есептеледі: Р =

Аталған мерзім өткеннен кейін дайындалған алаңның ортасынан 1,2 – 1,5 метр тереңдікке, яғни дақылдардың тамыр жүйелерінің жайылуы тереңдігіне дейін 0-10; 10-20 см; 20-30 см қабаттары бойынша бұрғымен үш қайтара топырақ үлгісін алады. Алынған мәліметтерді кестеге жазып, топырақ ылғалдылығын анықтайтын белгілі әдіспен есептер жүргізеді.

Алынған деректердің дұрыстығына көз жеткізу үшін көрсетілген мерзімдердің екі еселенген уақытынан кейін топырақтың ылғалдылығын анықтауды қайталау керек. Егер ылғалдылық барлық қабаттарда орташа 0,5-0,7% кемісе, онда осымен ылғалдылықты анықтауды тоқтату керек.

Егер алаңды су құйып дайындап болғаннан кейін қатты жаңбыр жауса және оның суы топыраққа түгел сіңіп кетсе, онда жауын басталған күнді алаңға су құюдың алғашқы күні деп есептептейді.

Әрі қарай топырақты кептіру арқылы оның ылғалдылығын анықтап, үлгіге жазады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет