Агрономия кафедрасы



бет5/6
Дата19.02.2017
өлшемі3,66 Mb.
#10870
1   2   3   4   5   6

2.3 АГРОМЕТЕОРОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ Агрометеорология түсінігі.

Агрометеорология - бұл метеорологиялық, климаттық және гидрологиялық жағдайларды, ауыл шаруашылығы өндірісіндегі объектілер мен үрдістердің өзара қатынастарын зерттейтін ілім. Оның негізгі метеорологиялық шамаларына ауаның қысымы, ауаның температурасы}, ауаның ылғалды-лығы, бұлттану, ауаның жауын-шашындары, жел жатады. Бұдан басқа метеорологиялық көрсеткіштерге күн радиациясы, оның спектрлік кұрамы, күннің ұзақтығы біріктіріледі.

Тал осы жер мен сол мезгілде болған ауаның метеорологиялық нақты; шамаларының жағдайы ауа-райы деп аталады.

Жағрапиялық орнына байланысты белтілі бір аймақтың көп жылдық ауарайының ережесін климат деп атайды.

Ауыл шаруашылығы дақылдарының жоғары және сапалы өнімін алу үшін агроклиматтық қорларды дұрыс анықтап тиімді пайдаланудың зор маңызы бар.

Жергілікті аймақтың метеорологиялық жағдайларына қарай бейімделген топырақты өңдеу, тұқымды себу, өсімдіктерді өсіру кезеңінде күтіп-баптау, өнімді жинау жэне тағы басқа агротехникалық шараларды сәйкестендіріп, ең тиімді түрлері қолданылады.



Ауа. Күн радиациясы. Жер планетасының сыртындағы газ қабатын ауа немесе атмосфера деп атайды. Ауадағы газ қоспаларын ауа дейміз. Оның құрамындағы негізгі газдар: азот (78%), оттегі (21%), аргон (0,9%), көмір- қышқыл газы (0,033%). Одан басқа ауада адамның іс-әрекеттерден және табиғи тегіне байланысты қатты және сүйық бөлшектер болады. Оларды аэрозоль деп атайды. Ауаны бес негізгі қабатқа бөледі: тропосфера, стратосфера, мезорфера, термосфера, экзосфера. Әр қабаттардың арасында тропопауза, стратопауза, мезопауза және т.б. қабаттары ажыратылады.

Жер бетіндегі және ауадағы өтетін физикалық үрдістердің негізгі қуат көзі \ күн радиациясы. Ауада радиагцияның 3 түрі байқалады: тікелей, шашыранды, шағылған.

Сәуле қуаты толқындарының ұзындығы бойынша бөлінуін спектр деп атайды. Күн спектрі үш бөлікке бөлінеді: ультракүлгін толқындар (0,40 мкм), көзге көрінетін толқындар (А=0,40-0,76 мкм), инфрақызыл толқындар (>0,76мкм). Фотосинтез үрдісіне спектрдің барлығы емес, тек оның толқындарының ұзындығы 0,38-0,71 мкм болғандары ғана тікелей қатысады. Оны фотосинтетикалық белсенді радиация (ФБР) деп атайды.

Тәуліктің жарық кезеңінің ұзақтығы жылдың уақытына және жағрапиялық белдеулерине байланысты өзгереді. Өсімдіктерді күннің ұзақтығына қоятын талаптарына қарай үш топқа бөледі: қысқа күннің, ұзақ күннің өсімдіктері және бейтарап өсімдіктер.



Топырақ пен ауаның температуралық ережесі. Жер бетіне сіңген күн радиациясы жылуға ауысады. Сол жылудың бір бөлігі жер бетіне жақын ауаның жылуына, судың оулануына жұмсалады, ал басқа бөлігі топырақтың төменгі қабатына сіңеді. Тәулік бойы күн радиациясының жерге түсу мөлшері әр түрлі болатындықтан, топырақтың температурасы өте кең аралықта өзгеріп отырады. Топырақта жылудың ауысуы көбінесе молекулярлық жылу өткізгіштігі арқылы жүреді.

Топырақтың төменгі қабатына қарағанда оның беткі жылуы жоғары болған кезде (күндіз, жазда), жылу ағымы жер бетінен топырақтың төменгі қабаттарына қарай бағытталады. Топырақтағы температураның осындай жайласуы инсоляция типі деп аталады.

Топырақтың үстіңгі қабатының температурасы астыңғы қабаттан төмен болған кезде (түнде, қыста), жылудың ағымы үстіңгі қабатқа қарай бағытталады. Топырақтағы температураның осындай жайласуын сәулелену типі деп атайды.

Топырақтың физикалық жылу көрсеткіштеріне топырақтың жылу сыйымдылығы, жылу өткізгіштігі жатады. Топырақтың физикалық жылу көрсеткіштері көбінесе топырақтың ылғалдылығына, түсіне, тығыздығына және құрылымына байланысты өзгереді.

Өсімдіктердің тіршілігі белгілі бір ауа температуралары аралығында өтеді. Ауыл шаруашылығы өндірісінде температуралық ереженің қолданбалы көрсеткіштері мыналар: орташа, тәуліктік, айлық, жылдық температуралар; ең төменгі (минималды), ең жоғарғы (максимал-ды) температуралар; температураның өзгеру амплитудасы; белсенді температура жиынтығы. Топырақ пен ауаның жылу ережесін сипаттайтын көрсеткіштері сынап, спирт, биметалл, электрлік термометрлердің көмегімен анықталады.

Ауа мен топырақтагы ылгал (су). Өсімдіктердің тіршілігінде ылғал (су) маңызды факторлардың бірі болып табылады. Топырақтағы ылғал мөлшері бірнеше көрсеткіштермен сипатталады: өсімдіктердің солу ылғалдылығы, ең төменгі су сыйымдылығы, өнімді ылғал.

Ауадағы су буының пайыз мөлшерін ауаның ылғалдылығы деп атайды. Ол бірнеше көрсеткіштермен сипатталады: су буының үлес қысымы, қанықтырылған буының қысымы, абсолютті және салыстырмалы ылғалдылық, су буының тапшылығы, шық нүктесі.

Ауа мен топырақтағы ылғал мөлшері ауадағы жауын-шашындарға байланысты. Оларды қатты, сұйық және аралас деп үш түрге бөледі. Сұйық жауын-шашындарға ақ жаңбыр, нөсер жаңбыр жөне сіркіреп жауатын жаңбыр, қаттысыша қар, қар мен мұз жармалары, қар түйірі және басқа, ал аралас жауын-шашынға суланған қар жатады.

Солтүстік Қазақстан аумағында жауын-шашынның мөлшері солтүстікте 350 мм-ден (Солтүстік Қазақстан облысы), орталықта (Қарағанды облысы) 200 мм-ге дейін азаяды. Жылы кезеңде 117-227 мм ылғал түседі. Қыста жер бедеріне байланысты қалыңдығы 20-60 см қар түседі, ал оның тығыздығы 0,01-0,60 г/см аралығында өзгереді.

Солтүстік Қазақстан облыстарында топырақты сыдыра жыртып өндеу игерілген. Бұл тәсіл топырақ бетінде аңыз паясын (жиналғаннан кейін қалған астық сабағы) сақтауға, соның әсерінен қыста қар тоқтауға, ал терең қопсыту қар суын сіңіруге жағдай жасайды. Сүрі жер

танабында екі жылғы жауын- шашынның қоры жинақ-талады.



Жел және басқа метеорологиялық кұбылыстар. Жер бетіне қарай горизонталь бағытта ауанын қозғалуын жел деп атайды. Тұрақты желдердің, яғни бір бағытта соғатын желдердің пайда болуы жер планетасының әр түрлі белдеулердегі ауа қысымының жоғары немесе төмен болғанына байланысты.

Жер бетіндегі желдер ауа қысымы жоғары болған белдеулерінен экваторға қарай соғады. Мұндай желдер пассат деп аталады. Одан басқа жыл бойы бағытьш екі рет өзгертетін (экваторға қарай жөне керісінше) желдер муссондар болады.

Желдің ауыл шаруашылығындағы маңызы өте жоғары: жел мұхиттар мен теңіздерде қалыптасатын ылғалдылығы жоғары ауаны құрылыққа әкеліп, ауыл шаруашылығы егістіктерін жауын-шашынмен қамтамасыз етеді, жел арқылы өсімдіктердің тозандану үрдісі жүреді. Желдің зиянды әсері де болады: топырақ бетінен ылғалдың булануын күшейтеді, топырақ эрозиясын туғызады, күшті желдер үйлерді қиратады, ағаштарды сындырады, егіннің жапырылуына себеп болады, шаң борандарды қалыптастырады. Жекелеген аймақтарда жергілікті самал, таулы-аңгар, фён, боражелдері ажыратылады. Желдің жылдамдығы мен оның бағытын флюгер, қол анемометрлерімен өлшейді.

Кейбір кездерде ауыл шаруашылығына зиян келтіретін метеорологиялық құбылыстар байқалады: жылдың жылы кезеңінде ызғар, бозқыраулар, қуаңшылық аңызақ жел, бұршақ, қара дауыл, нөсер жаңбыр, суық кезеңде күшті аяздар, көктайғақ, т.б.

Солтүстік Қазақстанда жиі кездесетін құбылыстардың бірі - қуаңшылық, аңызақ жел. Қуаңшылықпен күресу шаралары - құрғақшылыққа төзімді дақылдар мен сорт-тарды өсіру, агротехникалық және мелиоративтік шараларды қолдану (орман алқаптарын отырғызу, аңыз паясын сақтау, топырақ қорғау жүйесін қолдану, т.б). Бозқыраулармен күресу шараларына ауыл шаруашылығы егістерін түтіндету, суару және т.б. жатады.

Климат. Жаграпиялық орнына байланысты белгілі бір аймақтың көп жылдық ауа райының ережесін климат деп атайды. Климат түзуші факторлар: күн радиациясы; ауаның айналуы (циркуляциясы) және жердің төсеніш беті. Жер жүзінде академик Л.С.Бергтің жіктеуі бойын-іна 12 климаттық тип бар:


  1. Мәңгі аяз климаты.

  2. Тундра климаты.

  3. Тайгаклиматы.

  4. Жапырақтыорман қоңыржай аймағының климаты.

  5. Муссон климаты.

  6. Дала климаты.

  7. Жерорта теңізі климаты.

  8. Субтропикалық ормандар аймағының климаты.

9. Материк ортасындағы қоңыржай белдеудегі шөл даланың климаты.

  1. Тропикалық шел даланың климаты.

  2. Саванна немесе тропикалық орман дала климаты.

  3. Ылғалды тропик орманының климаты. Жылдың жылы кезеңінде мынадай агрометеорологиялық байқаулар жүргізіледі:




  1. Фенологиялық байқаулар.

  2. Eric жиілігін анықтау.

  3. Өсімдіктердің биіктігін өлшеу.

  4. Егістердің ластануын анықтау.

  5. Қолайсыз метеорологиялық құбылыстар мен өсімдіктердің зақымдануын анықтау.

  6. Өсімдіктердің зиянкестер мен аурулардан зақымдануын анықтау.

7.Егістердің жапырылуын байқау, сабан мен дәннің
ылғалдылығын және оның қолайсыз жағдайда өніп-өсуін байқау.

8. Егістердің жағдайьш көз мөлшері тэсілімен бағалау.

9. Ауыл шаруашылығы даңылдарының өнімдерінің өнімділік элементтері мен құрылымының
қалыптасуын байқау.

10. Танаптық (жерді нашарлатып алмау үшін әр жылы


әр түрлі егіс егіп, егістің түрі қайта айналып егілгенше сол жерді танап деп атайды) жұмыстардың жүргізілуін байқау, оларды бағалау және оларға климаттың әсерін байқау.

  1. Жайылымдардың жағдайына байланысты малдарды жаю.

  2. Ауыспалы егістер танаптарында топырақ ылғалдылығын байқау.

Агротехника тәсілдерінің агроме георол о гиял иң негіздері. Солтүстік Қазақстанның климаты құрғақшылықпен сипатталады және ол жиі (онжылдықта 2-4-ке дейін) қайталанып тұрады. Сондықтан ауыл шаруашылығы дақылдарын жерсіндіргенде олардың құрғақшылыққа төзімділігін ескеру керек. Суға талабы жоғары дақылдарды суармалы жерлерге шоғырландырып сепкен жөн. Ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудегі маңызды агротехникалық шаралардың бірі - топырақты негізгі себу алдындағы өңдеу болып табылады. Бұл ылғал жинақтау мен сақтауға және арамшөптерді жоюға мүмкіндік береді.

Солтүстік Қазақстанда агрометеорологиялық қорларды тиімді пайдалану үшін ауыспалы егістердің маңызы жоғары. Ауыспалы егістегі ең жақсы алғы дақылы - сүрі танап. Ол ылғал жинақтауға, арамшөптермен күресуге мүмкіндік береді. Сүрі танапта тыңайтқыштарды енгізу ауыл шаруашылығы дақылдарының топырақтағы ылғалды тиімді пайдалануға мүмкіндік туғызады. Танаптарда ылғал қорын жинақтайтын арнайы агротехникалық тәсілдерге қар тоқтату, ықтырмалы дақылдарды себу, т.б. жатады.

Топырақтың жылулық ережесін реттеуді кейбір тәсілдермен іске асыруға болады. Мысалы, топырақты терең қопсыту оның жылу ережесін жақсартады. Кейбір жағдайларда топырақ бетін ақшыл (сабанмен) немесе қара (торф) заттарымен жабындайды. Сабан топырақтың сәулеленіп шағылыстыру қабілетін арттырады, судың булануын азайтады, температураны төмендетеді, температураның тәулікті.
Солтүстік Қазақстанда жиі кездесетін құбылыстардың бірі - қуаңшылық, аңызақ жел. Қуаңшылықпен күресу шаралары - қүрғақшылыққа төзімді дақылдар мен сорт-тарды өсіру, агротехникалық жөне мелиоративтік ша-раларды қолдану (орман алқаптарын отырғызу, аңыз паясын сақтау, топырақ қорғау жүйесін қолдану, т.б). Бозқыраулармен күресу шараларына ауыл шаруашылығы егістерін түтіндету, суару және т.б. жатады.

Климат. Жағрапиялық орнына байланысты белгілі бір яймақтың көп жылдық ауа райының ережес климат деп атайды. Климат түзуші факторлар: күн радиациясы; ауаның айналуы (циркуляциясы) жиі жердің төсеніш беті. Жер жүзінде академик Л.С.Бергтің жіктеуі бойынша 12 климаттық тип бар:


  1. Мәңгі аяз климаты.

  2. Тундра климаты.

  3. Тайгаклиматы.

  4. Жапырақтарман қоңыржай аймағының климаты.

  5. Муссон климаты.

  6. Дала климаты.

  7. Жерорта теңізі климаты.

  8. Субтропикалық ормандар аймағының климаты.

9.Материк ортасындағы қоңыржай белдеудегі шөл даланың климаты.

  1. Тропикалық шөл даланың климаты.

  2. Саванна немесе тропикалық орман дала климаты.

  3. Ылғалды тропик орманыньщ климаты. Жылдың жылы кезеңінде мынадай агрометеорологиялық байқаулар жүргізіледі:




  1. Фенологиялық байқаулар.

  2. Eric жиілігін анықтау.

  3. Өсімдіктердің биіктігін өлшеу.

  4. Егістердің ластануын анықтау.

  5. Қолайсыз метеорологиялық құбылыстар мен өсімдіктердің зақымдануын анықтау.

  6. Өсімдіктердің зиянкестер мен аурулардан зақымдануын анықтау.

7. Егістердің жапырылуьш байқау, сабан мен дәні ылғалдылығын және оның қолайсыз жағдайда өніп-өсуін байқау.

8. Егістердің жағдайын көз мөлшері тәсілімен бағалау.

9. Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімдерінің өнімділік элементтері мен құрылымын қалыптасуын байқау.

10. Танаптық (жерді нашарлатьш алмау үшін әр жы эр түрлі егіс егіп, егістің түрі цайта айнальш егілгенше

сол жерді танап деп атайды) жүмыстардың жүргізілуін байқау, оларды бағалау және ола климаттың әсерін байқау.


  1. Жайылымдардың жағдайына байланысты малдарды жаю.

  2. Ауыспалы егістер танаптарында топырақ ылғалдылығын байқау.

Агротехника тесілдерінің агрометеорологиялық негіздері. Солтүстік Қазақстанның клим құрғаңшылықпен сипатталады және ол жиі (онжылдықта 2-4-ке дейін) қайталанып тұрады. Сондықтан ауыл шаруашылығы дақылдарын жерсіндіргенде олардың құрғақшылығна төзімділігін ескеру керек. Суға талабы жоғары дақылдарды суармалы жерлерге шоғырландырып сепкен жөн. Ауыл шаруашылық дақылдарын өсірудегі маңызды агротехникалық шаралардың бірі - топырақты негізгі себу алдында өңдеу болып табылады. Бұл ылғал жинақтау мен сақтауға және арамшөптерді жоюға мүмкіндік береді.

Солтүстік Қазақстанда агрометеорологиялық қорларды тиімді пайдалану үшін ауыспалы егістер маңызы жоғары. Ауыспалы егістегі ең жаңсы алғы дақылы - сүрі танап. Ол ылғал жинақтауға арамшөптермен күресуге мүмкіндік береді. Сүрі танапта тыңайтқыштарды енгізу ауыл шаруашылық дақылдарының топырақтағы ылғалды тиімді пайдалануга мүмкіндік туғызады. Танаптарда ылғал қорын жинақтайтын арнайы агротехникалық тәсілдерге қар тоқтату, ықтырмалы дақылдарды себу, жатады.

Топырақтың жылулық ережесін реттеуді кейбір тәсілдермен іске асыруға болады. Мысалы, топырақты терең қопсыту оның жылу ережесін жақсартады. Кейбір жағ-дайларда топырақ бетін ақшыл (сабанмен) немесе қара (торф) заттарымен жабындайды. Сабан топырақтың сәулеленіп шағылыстыру қабілетін арттырады, судың булануын азайтады, температураны төмендетеді, температураның тәуліктік
2.4 ЕГІНШІЛ1К

ТІРШІЛІК ФАКТОРЛАРЫ.

Қазақстанжерінің көлемі жағынан ТМД-да Ресейден кейінгі ең үлкен республика. Осынау ұланғайыр өлкеде орманды, далалы, шөлейтті және тағы басқа да табиғи жағдайлары әр түрлі болып келетін аймақтар бар. Республика Териториясынан 6000-ға жуық өсімдік түрлерін кездестіруге болады. Олардың түрлерінің көптігі жөнінен Қазақстан Одақ көлемінде бірінші орында тұр.

Жер бетінің өсімдіктерімен жасыл желең жамылмаған көлемі онша көп емес, полюс шеңберінің аржағынан бастап шөл даланың аптапты құмдарына дейін өсімдіктер кездеседі. Өсімдіктердің табиғаттағы маңызы орасан зор.
Әрбір тірі организмнің өмір сүруі үшін олар қажетті энергиямен қамтамасыз етілуге тиіс, ал бұл энергияның қайнар көзі- күн. Әрине тірі организмнің кез-келген күн энергиясын тікелей пайдалануға қаблетті.
Қажетті органикалық заттарды дайындай отырып, жасыл өсімдіктер көмір қышқыл газын тиісті мөлшерде пайдаланып ауаны оттегімен қамтамасыз етеді. Шаруашылықта пайдаланатын тас көмір, мұнай және шымтезектер энергетикалық шикізаттардың негізгі қоры, бұрынғы геологиялық дәуірдегі жасыл өсімдіктер дайындаған органикалық заттар екені мәлім.

Жер бедеріне, ауа райына, жыл маусымындағы жылу, ылғалға байланысты белгілі бір аймақта тарай өскен өсімдіктер арктика шөлі, тундра, қоныржай аймақ орманы (қылқан жапырақты, жалпақ жапырақты), орманды дала, далалық шөлейт, шөл өсімдіктері алқабы деп бөлінеді.Таулы аймақтарда өсімдік алқабы биіктік белбеуге байланысты таралады. Әрбір алқапта өзіне тән өсімдік түрлері өседі. Арктика шөлінде өсімдіктер жоққа тән, тундрада да өсімдік турі аз. Орманды тундрадан бастап ағаш өсімдіктер алқабы көбірек орын алады. Тайгада қылқан жапырақты, орманды далада шоқ-шоқ жалиак жапырақты ағаштар, шалғындық өсімдіктер көбірек болады. Далалық алқапта астық тұқымдас шөптесін өсімдіктер басымырақ жерлерде дала өсімдіктері де, шөл өсімдіктері де, шөл алқапта сортаң өсімдіктер еседі.



Жер бетінде тіршілік ететін қандаіі да болмасын дақылдың өсіп-өнуі оны қоршаған ортамен тығыз байланыста болады. Оған әртүрлі факторлар жатады: жарық, жылу, ауа, су және қоректік заттар.

Жай минералды заттардан күн сәулесінің энергиясы есебінен күрделі органикалық, заттар углеводтар түзелітіні белгілі. Жасыл пигменті бар өсімдіктерде фотосинтез процесі жүреді. Хлорофилдің қатысуымеи өсімдіктер күн энергиясын сіңіріп, оны химиялық қосылыстар энергиясына айналдырады. Күн сәулесін сіңіріп, бос оттегін бөліп шығару арқасында жасыл өсімдіктер жер бетіндегі тіршілік қалыпты дамуына зор үлес қосады. Өсімдік фотосинтез процесі кезінде тіршілік үшін қажет оттегін бөліп шығарады. Өсімдіктің адам өмірінде маңызы зор: олардың 20 мыңға жуық түрлері пайдаланылады. Өсімдіктен азық-түлік (астық, қант, өсімдік майы, т. б.), шикізат (илік заттар, талшық, сүрек. т. б.) алынады, мал азығы, әр түрлі витаминдер, дәрі-дәрмек жасалады, әсемдік үшін өсіріледі.

Климаттық жағдайлар өсімдіктердің өсіп-жетілуіне үнемі қолайы әсер бермейді. Қатаң климат жағдайында өсімдіктердің тіршілігіне қауіп төнеді. Солтүстік және қоңыржай аймақтарда өсімдіктер аяздан, қысқы құрғақшылық пен температураның ауытқуынан зардап шегеді. Мұндай кезеңдерде күздік астық тұқымдастар үсікке шалдығады. Тұзды топырақты жерлердің өсімдіктері тұздар концентрациясының жоғарылығымен күреседі. Алайда өсімдіктер барлық жапырақ, климат жағдайдайларында да қоршаған ортаға бейімделеді.

Өсімдіктердің вегативтік дәуірінде азот тыңайтқышын кеш енгізу және суару сияқты агротехникалық шаралар арқылы өсу мерзімдерін ұзарта отырып, олардың аязға төзімсіздігін кемітуге болады. Өсімдіктердің суыққа, құрғақшылыққа төзімділігін арттыру шаруашылық ғылымының негізгі міндеттерінің бірі. Өсімдіктер өздерінің өсіп-өну қажетті талаптарын қамтамасыз ету үшін қоршаған ортаның әр түрлі жағдаііларына бейімденеді. Өсімдіктер тіршілігін дамытуға күн қуатын толығырақ пайдалау керек. Бұл үшін олар өздері өсіп тұрған танаптан бірнеше есе артық көлемде жапырақ жаяды. 1 гектар егіске өскен көптеген дақылдардың жайған жапырақтарының жалпы көлемі 3—5 гектар келеді. Сол дақылдардың тамырлары топырақ қабатына терең бойлаумен қатар жан-жағына кеңінен жайылады. Егер сол жайылған тамыр тармақтардың бәрін қосып өлшесек, олардың жалпы ұзындығы жүздеген метргс жетеді. Бұған қосымша қорек сіңіретін сыртқы тамыр түктерін қоссақ, мұның өзі одан да бетер ұзара түседі. Өсімдіктер қоршаған ортадан кез-келген элементтерді пайдаланбай, тек қоректік заттарды ғана таңдап алады да, белгілі бір қатынастарға белсене кіріседі. Дақылдардың өсіп дамуына қажетті сыртқы факторлар жарық, жылу , су, ауа, қоректік заттар тиісті мөлшерде қо-лайлы кезеңде қамтамасыз етілсе, онда олардың өнімі де жоғары әрі сапалы болады.

Фотосинтез және өсімдіктің өнімділігі. Жоғары сатыдагы жасыл өсімдіктердің, балдырлардың фотосинтездік пигменттер арқылы күн сәулесі энергиясын сіңіруі нәтижесінде қарапайым қосылыстардан {көмір кышқыл газы, су) оздерінің және басқа организмдордің тіршілігіне қажетті күрделі оргаиикалық заттар түзуін фотосинтез дейміз.

Фотосинтез нәтижесінде жер жүзіндегі өсімдіктер жыл сайын 100 млрд тоннадан астам органикалық заттар түзеді. Мұның жартысынан көбін теңіз, мұхит өсімдіктері береді және бұл кезде олар 200 млрд-тай СОг сіңіреді, қоршаған ортаға 145 млрд-тай бос оттегін бөледі.

Хлорофилдің сіңірген энергиясы бірқатар аралық акцепторлар арқылы су мен көмір кыпіқыл газына жеткізіледі, осының нәтижесінде инертті болып саналатын бұл заттар күрделі органикалық қосылыстар түзе отырып әрекет жасайды.

Фотосинтез теңдеуі:

6С02 + 6Н20 = дс6н,2+ 602



Бұл теңдеу СОг және Н20 сияқты жай минералдық заттардан күн сәулесінің (Q) энергиясы есебінен органикалық заттар-углеводтар түзілетінін көрсетеді.

Өсімдік өнімін арттырудың бір жолы өсімдіктің фотосинтездік әрекетін күшейту. Бұл үшін жапырақ көлемін ұлғайту, жапырақ тіршілігін ұзарту, егістіктегі өсімдік жиілігін реттеу керек.

Жапырақ өзіне түсетін энергияны қаншалықты тиімді пайдалатыны, оның қанша бөлігін химиялық энергияға айналдыратыны жөніндегі мәселені анықтаудың зор маңызы бар. Бүкіл сіңірілген энергияның 90 проценті транспирацияға және топырақ қыздыруға жұмсалады. Сіңірілген энергияның не бары 1-5 проценті, кей жағдайда ғана 10 проценті фотосинтезге пайдаланылады. Мәселен, үйеңкі жанырағы өзіне жеткен энергияның 2,7 процентіп, қарақұмық жапырағы 7,7 процентке дейінгі, күнбағыс жапырағы 4,5 проценттей мөлшерін ғана фотосинтезге пайдаланған. Жүгері өсімдігінің жапырақтары бір-біріне жақын түйісе өскенде олар егістікке түскен кун сәулесі энергиясының 2,3 процентін пайдаланады. Өсімдіктердің энергияны аз пайдалануы жалпы редакцияның құрамына инфрақызыл және ультракүлгін сәулелердің кіретіндігімен түсіндіріледі. Бұл сәулелер фотосинтезге қатыспайтын радиацияның 40 процентін құрайды. Хлорофилл сіңіретін қызыл және күлгін-көк сәулелер фотосинтезге пайдаланылады. Бұл сәулелер физиологиялық активті ра­диация деп аталады, ал қысқартып алғанда осы сөздердің алғашқы әріптерімен ФАР деп белгіленеді. Тікелей түскен күн жарығында 35-процент ФАР болады. Күндізгі уақытта күн сәулесіндегі ФАР үлесі өзгермейді, бірақ күн батарда ол күрт кемиді.

Күн сәулесінің орасан мол болуына қарамастан, табиғатта фотосинтез көбінесе жарық фактормен шектеледі. Бұл өсімдіктердің өзін-өзі көлеңкелеуіне байланысты болатын құбылыс. Сонымен фотосинтез процесіне энергияның аз пайдаланылуы бірқатар себептергс байланысты:

- фотосинтез процесінде белсенділігі жоқ радиацияны шағылыстыру және өткізу, өсімдіктердің өзін-өзі көлеңкелеуі, жапырақ аумағының жеткіліксіздігі.

Суықта өсуге бейімделген өсімдіктер гүл жару үшін, сондай-ақ екінші факторды, яғни күннің ұзақтығын керек етеді, бұл құбылысты фотопериодизм деп атайды.

Солтүстік ендіктерден шыққан өсімдіктер гүлдеуге көшу үшін 12 сағаттан артық болатын ұзақ күнді қажет етеді. Бұлар ұзақ күн өсімдіктері болып табылады және оларға қара бидай, арпа, бидайы, зығыр және т. б. жатады.

Оңтүстік ендіктердің өсімдіктері ұзақтығы 12 сағаттан кем болатын қысқа күнді қажет ететіндігін байқатады. Бұл қысқа күн өсімдіктеріне — соя, тары, темекі, жүгері, сора жатады.

Фотосинтез процесі негізінен жапырақтарда өтетіндіктен, құрғақ. заттың тәуліктік өсімі өсімдіктер жапырақтарының аумағымен анықталады. Жапырақтар аумағының жалпы жиынтығы қаншама үлкен болса, олар органикалық заттарды соншама көп түзе алады. Белгілі бір уақыт аралығындағы фотосинтездің таза өнімділігі (Ф. т. ө.) осімдіктің құргақ массасын ( С2—С1) жапырақтардың орташа аумағына бөлу жолымен анықталады:
C2 – C1

Ф.т.ө.=


1/2 (Ж1 – Ж2)
Мұндағы С1және С2— вегетациялық кезеңнің басындағы және соңындағы түсімнің салмағы; Ж1 жэне Ж2 осы кезеңнің басындағы және соңындағы күн ішіндегі жапырақтардың ауданы. Негізінен түсімге жапырақтардың аумағы әсер етеді. Қоректену жағдайларын жақсартқанда өсімдіктер ең алдымен жапырақ көлемін арттырады. Астық тұқымдас өсімдіктер мен картоп жапырағы аумағының тиімді мөлшері әр гектарда 40—50 мың шаршы метр болатынын жүргізілген бақылаулар көрсетті. Жапырақ аумағының мұндай мөлшері жақсы жағдайлар туғызған кезде өсімдік өніп шыққаннан кейін 50—60 күннен соң барып қалыптасады. Жапырақтардыд мүндай аумағын бұдан ерте мерзімде егіске өсімдіктерді жиі себу жолымен қамтамасыз етуге болады, бірақ бұл жағдайда олардың гулдену мен өсуі нашар болады. Өсімдіктердің сирек себілуі де қолайсыз келеді. мұнда тұтасымен алғанда гектарға келетін жапырақ аумағы аз, ал жапырақтардың бір-біріне тиісіп, қаулап өсуі кешігеді. Сондықтан ең көлемді жапырақ бетін түзуі үшін әрбір дақылды себудің тиімді нормасын анықтай білу керек.

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ДАҚЫЛДАРЫНЫҢ СУҒА, АУАҒА, ЖЫЛУҒА, ҚОРЕКТІК ЗАТТАРҒА ҚОЯТЫН ТАЛАПТАРЫ

Ауылшаруашылық дақылдарыпап тұрақты жоғары өнім алу үшін, оларды мезгілінде қажетті мөлшерде, барлық тіршілік факторларымен қамтамасыз ету керек. Дақылдардың тіршілік жағдайларын білу олардың өсуі мен өнуін басқару, негізгі және қолайлы жағдай жасау егіншіліктің маңызды міндеті. Бұл факторларға жататындар жарық, жылу, су, ауа және қоректік заттар.

Өсімдік тұқымының уақытында бөртуі мен бүрін жаруына, көктеуіне, өсімдіктің су мен қоректік заттарды сіңіруіне, органикалық заттардыц пайда болуыпа, өсімдіктің түрлі мүшелерініп қалыптасуына және олардың әрбір өсу кезеңінен ойдағыдай өтуіне жылу өте қажет.

Өсімдік пен қоршаған айналадағы ортаның өзара қарым-қатынасы, әсіресе өсімдіктің өніп, өсуінің мәні мен олардың тіршілік ету факторларын егіншілік пәні арқылы оқып, білуге болады. Өсімдіктердің бірқалыпты өсіп, тіршілік етуі үшін қажетті факторлардың маңызы зор.

Жарыққа койылатын талаптар. Күн сәулесінің өсімдікке түсу дәрежесі аса маңызды роль атқарады. Хлорофилдің қатысуымен өсімдік күн энергиясын бойына сіңіріп, оны химиялық қосылыстар энергиясын айналдырады. Сонымен, күн сәулесін сіңіріп, бос оттегін бөліп шығару арқасында жасыл өсімдіктер жер бетіндегі тіршіліктің қалыпты дамуына зор үлес қосады. Жарық күші көмір қышқыл газының ыдырауына, судың улануына жұмсалады. Пайда бол­ған бос оттегі ауаға бөлінеді, ал сутегінің көмір қышқыл газының көміртегіне қосылуынан (углеводтар) көмірсутегілер, белоктар, қышқылдар, витаминдер және басқа органикалық заттар пайда болады.

Жарық өсімдіктің өсу және даму кезеңдеріне әртүрлі әсер етеді.

Өсімдіктің түптену кезеңінде жарық жақсы түссе, алғашқы сабағындағы буын аралығы қысқа әрі берік болады. Әлсіз және күн жарығы кем, үнемі көлеңкеде өскен өсімдіктердің бірінші буын аралықтары тым ұзарып кетеді де, кейін өсе келе жатын қалады. Өсімдікке жарықтың толық түсуіне арнайы тәсілдер қолданылады. Дақыл тұқымын бөлгілі бір жиілікте себу, жүйектерді солтүстіктен оңтүстік беткейге қарай орналастыру арқылы өсімдіктерге түсетін жарық шамасы өзгереді. Бойы аласа және жапырақтары көлбей өсетін өсімдіктерді құрылымы тиімсіз өсімдіктер деп атайды салат, қыша,' үрме бұршақ солардың катарына жатады. Жапырақтары тік, өзі биік болып өсетін күн сәулесін жақсы қабылдайтын өсімдіктер тобына жүгері, басқа дәнді дақылдар мен қант қызылшасы кіреді.

Сонымен фотосинтез процесінің барысында СО2 сіңіріліп, С2 бө- лініп шығады, ал тыныс алу процесінің нәтижесінде ( тегі сіңіріліп, көмір қышқыл газы бөлініп шығады. Тыныс алу Кезінде өсімдік жы- лу бөліп отырады.

Жылуға қойылатын талаптар. Өсімдіктердө фотосинтез басталуы үшін ауаның жылулығы 0ºС-ден жоғары болуы қажет. Өсімдік жылулықтың белгілі бір мөлшерімен қамтамасыз етілгенде ғана ойдағыдай өсіп, дамиды. Өсімдіктің өсуіне қажетті температураны ми­нимум, оптимум және максимум деп бөледі. Мұның ішінде өсімдіктерге барынша қолайлысы — оптимум температурасы —25—35°С шегінде болады. Өсімдіктердің жер бетіндегі және топырақ қабатындағы мүшелерінің өсуіне қажетті оптимум температураның едәуір айырмашылығы болады. Мысалы, зығыр, қара құмық, бидай, арпа, сұлы, шалғам және пияздың жер бетіндегі (органдары) мүшелері 20—25°С температурада қалыпты өседі, ал олардың тамырының жақсы өсуіне бұдан 8—10°С төмен температура қажет. Өсімдікке қажетті температураны білудің екпе дақылдардың қолайлы себу мерзімін белгілеуге, тұқым себердің алдында арамшөптермен күрес жүргізуге пайдасы тиеді. Егер өсімдіктерге қолайлы (оптималды) температура 20—30°С аралығында фотосинтездің түзілу қарқыны жоғары болса, ал температурасы 40—45°С болған кезінде бұл процесс мүлдем тоқтады.

Өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктеріне қарай тыныс алуы жағымсыз температурада да жүреді, оның төменгі шегі -10º С, ал қыстайтын өсімдіктердің, мәселен, ағаш бүршіктерінің тыныс алуы —20°,—30°С шамасында да байқалады.

Орталық бойлықтағы ауа райы жағдайында бұрыннан қальштасқан өсімдіктер, айталық, бидай, қара бидай, арпа, сұлы, қыша, бұршақ, зығыр және басқалары жылудың төменгі шегі), яғни 1-ден 5°С кезінде де өсе береді, орташа температурасы 10- С шегінде де гүлдеп, піседі. Суыққа төзімділігі сондай —6—10°Сдейінгі суыққа шыдайды. Күздік дақылдар мұнан да төзімді келеді. Суыққа төзімді өсімдіктердің көпшілігі солтүстікке жақындаған сайын дамуын жылдамдата түседі, оларды ұзақ күнді өсімдіктер дейміз .

Жылу сүйгіш өсімдіктерге күріш, жүгері, лобия, рк, қарбыз, қауын, мақта сияқты дақылдары жатады, олардың өсіп-өнуіне 8-15°С, ал гүлденуіне 15-20сС температура керек. Мұндай дақылдар суықка төзімсіз де, ыстыққа төзімді болады.

Сондықтан да еліміздегі егіншілікте сол аймаққа қалыптасқан өсімдіктерді, сорттарды егіп өсіру қажет, әрине, бұл реттерде олардағы маусымның ұзақтығы мен жылуды қажетсінуі жөнінен алуан түрлі екендігі есте болуы шарт. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы суармалы аймақтарда жүргізілген көп жылдық зерттеулердің нәтижесінде_5°С-дан жоғары жылы күндер саны 204— 247-ге дейін, ал осы кездегі жылылық температура қосындысы 3438—4616° жетеді. Бұл көрсеткіштер Қызылорда облысында-207-212 күн_3798—3876° жылылық, Оңтүстік Қазақстан облысын­да—244—247 күн, 4385—4616° жылылық, Жамбыл облысында— 207—222 күн, 3760—3770° жылылық, Талдықорған облысында — 204—223 күн, 3438—3879° жылылық, Алматы облысында —212—223 күн, 3674—3867° жылылық. Күн көзінің жылылығын өсімдіктер толық пандалану үшін оларды жан-жақты ойластырып іріктеп алу қажет.

Суға қойылатып талаптар. Су табиғатта ең көп таралған, сонымен бірге нағыз ерекше зат. Өсімдік нен топырақ арасында үздіксіз су байланысы болады. Судың өсімдік тіршілігінде әсері сан алуан. Су дегеніміз өсімдікті қоректі ортамен жалғастыратын буын. Өсімдік организміндегі заттардың түзілуіне, ыдырауына әсерін тигізеді. Судың жеткілікті мөлшерде болуы — клеткалардың тарамдары мен тұтас мүшенің тіршілік әрекетінің ең негізгі маңызды шарты. Организмнің құрамында кездесетін мөлшері жөнінен су бірінші орын алады, барлық тірі организмдердің жалпы салмағының 50—90 процентке дейінгі мөлшерін су құрайды. Өсімдіктердің көбінің жапырақтарында 80-90 процент, тамырларында 70-90 процент, тұқымдарында 10-15 процент су кездеседі. Өсімдіктің клеткалары мен тарамдарында судың көп болуы оның организмде атқаратын зор роліне байланысты.

Өсімдіктердің суды буландыруы трансппрация деп аталады. Транспирация — өсімдіктердегі су алмасу процесінің негізгі көрсеткішшің бірі. Өсімдіктер транспирация жолымен өте көп мөлшерде су жұмсайды. Өсімдік бойына сіңірген 1000 г судың небары 1-2 грамын ғана пайдаланады, судың қалған 998 граммы өсімдік арқылы өзгермей өтеді. Қатаң ауа райы жағдайында өсімдіктер суды сіңіруден гөрі транспирацияға көп жұмсайды. Соның нәтижесінде су тапшылығы туады. Сондықтан бірқатар жағдайларда өсімдіктердің су шығынын азайту қажет. Траиспирацпя жүрісіп қолдап тежеу, өсімдіктің құрғақ зат түзуіне және оның өнімділігін арттыруға қажетті жағдайларды сақтай отырып, суды үнемдеуге мүмкіндік береді.

Сумен бірге өсімдік бойына топырақ қабатында epiгeн қоректік заттар — азот, фосфор, калий, кукірт жәпе басқалары енеді. Осы заттарды игеру үшін де су керек болса, өсімдіктегі тарамдарды сақындату мен қажетті жылылықты сактауға да су қажет, міне ( істерді транспирация десе, өсімдіктер өнімінің құрғак, органикалық заттары бірлігін дайындауға жұмсаған су мөлшерін транспирациялық коэффициент дейді. Яғни бұл өсімдіктер жұмсаған су массасының өнімінің құрғақ заты массасына қатынасы болып саналады.

Егістегі дақылдардың транспирациялық коэффициенті олардың биологиялық ерекшеліктеріне қарай әртүрлі болады, яғни құрғақ органикалық заттар түзуге тары, жүгері үнемді су жұмсайды, бұлардың орташа транспирациялық коэффициентінің көлемі 200-300-ден аспайды. Ал күріш, мақта өсімдіктері суды бұлардан көп пайдаланады.

Дақылдардың қүрғақшылыққа төзімді түрлері мен сорттары аз емес. Бұл ерекшелік өсімдіктердің көптеген белгілері мен қасиеттеріне негізделген.

Ауадағы көмір қышқыл газы мен оттегіне қойылатын талаптар. Өсімдіктер ауадан көмір қышқыл газын, ал топырақтан су және қоректік заттарды алу арқылы күрделі органикалық зат түзеді, бұл құбылыс фотосинтез деп аталады. Фотосинтез процесі нәтижесін өсімдіктер мүшесінде негізгі үш элементтен тұратын (көміртегі, оттегі және сутегі) органикалық заттар түзіледі.

Өсімдіктердің ауадан көмір қышқыл газын бойына сіңіруінен органикалық заттардың пайда болуын олардың ауа арқылы қоректенуі дейді.

Өсімдіктердің топырақ үстіндегі вегативтік мүшелерінің жалпы көлемі (сабағы мен жапырағы) оның тамырлар жүйесі көлеміне едәуір көп болады да, ауадан қоректенуі топырақ аркылы қоректнуге қарағанда біршама артық келеді.

Атмосферада көмір қышқыл газының қоры өте аз. Мысалы, 1 гектар жердегі атмосфераның 1 метрлік қабатында небәрі 5-6 кг шамасында көмір қышқыл газы болады, бұл дақылдардың өсіп, дамуына тым жеткіліксіз. Өсімдіктердің ауадан қоректенуі жарық, жылылық, ылғалдылық және қоректік заттар қатысуымен өтетін күрделіі процесс болып табылады. Агротехникалық тәсілдер, әсіресе органикалық тыңайтқыштар қолдану арқылы ауаның топырақ бетіне жақын қабатындағы көмір қышқыл газын бір процентке дейін көбейту өсімдіктің тіршілік әрекетін күшейтіп, олардың шығымдылығын арттырады.

Өсімдіктердіц топырақ арқылы қоректенуімен ауадан қоректенуінің арасында тұрақты байланыс бар екені белгілі. Өсімдіктер көміртегінен басқа қажетті қоректік заттарды тамыр жүйесі арқылы топырақтың қабаттарынан қабылдап алып бойына сіңіреді. Олар өздерінде органикалық заттарды топырақтан, күл заттарын тамыр арқылы, ауадан көміртегін жапырақ арқылы түзеді. Өсімдіктердің топырақ қабатынан сіңірген минералдық заттарының көбі өткізгіш

Микроэлементтер деп аталатын екінші топқа өсімдіктер денесін де проценттің мыңнан жүз бөлігінен мыңнан бір бөлігіне дейінгі мөлшерде кездесетін элементтер кіреді. Оларға марганец, бор, мыс мырыш, барий, молибден, кобальт, тағы басқалар жатады. Ультра микроэлементтер деп аталатын үшінші топқа өсімдіктер денесіндс ироценттің миллионнан бір бөлігіне дейінгі мөлшерде кездесетін элементтер кіреді. Оларға цезий, селен, кадмий, радий, күміс, сыпан алтын элементтері жатады.

Ғылыми мәліметтер бойынша өсімдіктердің құрамынан 74 элемент табылған,-олардың 11-і макроэлементтер болып саналады. Бұлар өсіп тұрған өсімдіктер салмағының 99, 95 процентін құрайды, ал қалған 0,05 проценті микроэлементтердің үлесіне келеді.

Топырақ температурасы,, өсімдіктің сумен қамтамасыз етілуі және тамырдың зат бөліп шығаруы сияқты ортаның жағдайлары тамырдың сіңіру қабілетіне күшті әсер етеді. Тамырдың беліп шығаратын заттары топырақтағы қоректік заттарды пайдалану мүмкіндігін арттырады.

Топырақтың механикалық құрамы кеуектілігіне, су сыйымдылығына, ылғал өткізгіштігіне, ылғалды жоғары көтеру қасиетіне, қоректік заттарды жинау мүмкіншілігіне, ауа және жылылық тәртіптеріне (режимдеріне), басқа да көптеген қасиеттеріне байланысты өзгеріп тұрады.

Өсімдіктер топырақтың жоғарғы қабатында шірінді заттардың жиналуына қатысып, оның құнарлылығын байытады, оның қалдықтары топырақтағы микроорганизмдерге қорек болады, олардың тіршілік етуіне жағдай туғызады өсімдік тамырларынан бөлініп шыққан әр түрлі қышқылдар топырақтағы нашар еритін минералды зат тардың бұзылуын тездетіп, онда өсімдіктерге қажетті қоректік заттардың құралуына себепкер болады.


    1. ЕГШШІЛІКТІҢ ЖӘНЕ ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ

НЕГІЗГІ ЗАҢДАРЫ

Егіншілік біріншіден, халыкда тағам, малға азық, өнеркәсіпке шикізат ретінде қажет өсімдіктерді өсіретін ауыл шаруашылығының бір саласы; екіншіден, ауьш шаруашылығының өнімдерін өсіру, күту, өнімін артыру, жерді тиімді пайдалану және оның құнарлылығын арттыруды зерттейтін ғылымның саласы. Егіншілік ғылымның дамуына байланысты бұдан агрохимия, агрофизика, селекция, сорт, тұқым туралы ғылымдар бөлініп шықты. Нгіншілік ғылымы бұлармен тығыз байланысты.

Егіншіліктіц теориялық иегізі топырақтану, өсімдік физиологиясы, микробиология, метеорология, физика, химия, сондай-ақ ки­бернетика, радиоэлектроника, механика, басқа да ғылымдар.

Ғылым мен озық тәжірибенің жетістіктеріне сүйене отырып егіпшіліктің жоғары мәдениеті деген ұғымды іс жүзіне асыруда мынадай заңдылықты атап кеткен ләзім.

1. Табиғаттағы топырақ түзілуінің жағымды тиімділігі заңы. То- пырақ құнарлылығының қалыптасуы және оның біртіндеп арта беретіні, ондағы жәндіктер тіршілігі барған сайын үлғая беретіні және күн сәулесінің қуаты мен қоршаған ортаның қоректік заттарды көп жинауы, ал содан соң бұларды өзі мекендеген аймаққа шоғырландыруы, жәндіктер тіршілігінің жетекшілігінен топырақтың құралуы — осы яапга жүгінеді.

Аймақтың климаты, жылуы, су тәртіптері қолайлы өсімдіктердің топырақ қыртысының үстіңгі қабаттарында микрофлоралар мен жануарлар тіршілігінің дамуына жақсы жағдайлар жасалатыны белгілі. Мүның өзі топырақ құралуын жеделдетеді, оның құнарлылығын арттыруды тездетуге ықпал етеді. Мұндай аймақтарда топырақтың онімділігі, оның биологиялық қуаты арта түседі. Мәселен, тоңды және шөлді аймақтардың топырағы табиғи тұрғыдан өте кедей болып келеді.

2. Деректік заттарды топыраққа қайтару заңы. Бұл қайтару за- ңының талабы бойынша ысырап болу, егінмен бірге кету немесе басқа да себептер салдарынан топырақтың сіңімді қоректік заттарыдың тепе-теңдігі бұзылған жағдайда, тиісті тыңайтқыштар енгізу жолымен, яғни басқа да агротехникалық әдістермен сол тепе-теңдікті қалпына келтіру қажет. Соның өзінде топырақ жанды іспетті екенін және ондағы микробиологиялық жұмыстар дұрыс реттелсе өсімдіктердің нәр алуына қиын болып келген заттардың бір бөлігі сіңімді күйге ауысатынын ескерген жөн.

Заттарды қайтару заңының бұзылуы топырақтың құнарлылыгының жойылып кетуіне соқтырады.

3. Минимум, оптимум және максимум заңы. Бұл заң қайтару за- ымен тығыз байланысты. Егінжайдағы өсімдіктердің өсуінің мннимумдегі факторға немесе қоректік элементке тәуелді болатыны белгілі. Егер топырақтағы сіңімді азот 1 гектардан 10 центнер мөлшерінде астық алуға ғана жететін болса, ал фосфордың калийдің және басқа қоректік заттардың қоры 30 центнер , одан да көп түсім алуға жететін болса, бәрібір өнім 10 центнердің маңайында ғана алынады, өйткені, өнімнің мөлшерін ондағы минимум элемент айқындайды. Егер топырақта қоректік заттар жеткілікті болып, бірақ су тапшы болса, онда алынатын өнімнің мөлшерін ылғал белгілейді.

Факторлапдың ылғалдың, қоректік аттардың, жылудың, жарықтың шамадан тыс көп болуы да, жетіспей кем болуы да өсімдіктердің өсуі мен дамуын тежейді.

Өсімдіктің тіршілігіне минималды_— қолайсыз және оптималды — ең қолайлы _жaғдaйлapымeн_қaтap максимальды жағдайда болады. Мұндайда көбінесе өсімдіктерге жансыз жағдай болғаны.

Егер барлық тіршілік факторлары қолайлы мезгілде, әрі тиісті мөлшерде бар болса, онда өсімдіктің өнімі мол болады.

4. Өсімдіктердің өз ортасына сәйкес келуі және дақылдарды уақыт пен кеңістік бойынша дұрыс ауыстыру, дұрыс ауыспалы егіс жүйесін қолдану заңы.

Тек жекелеген организм ғана өзінің өсіп-өнетін орнымен тығыз байланысты болып қоймайтын, сондай-ақ тұтас алғанда бүкіл өсімдік жасыл жебесі өзін қоршаған ортамен тығыз бірлікте өзара әрекеттес болады. Өсімдік қауымын құрайтын өсімдіктердің түр-түрі тек оқшау-оқшау топ құрып немесе одан бетер жеке-жеке көршілес болып тәуелсіз өсіп қана қоймайды, олар өздері қоректенетін алаң, ылғал, жарық және тіршілікке қажетті басқа факторлар үшін күресуде -өзара олардың бір-бірімен тығыз қатынасы да болалы, Екішіден өсімдіктерді қолдан іріктеуде осы фитоценозға жататын өсімдік түрлерінің өздері мекендеген ортадағы жағдайлардың бүкіл (коплекске) кешеніне бейімделуін көздейді.

Бір түрге жататын өсімдіктер арасында немесе белгілі бір фторларды бірдей мезгілде кажетсінетін өсімдік түрлері арасыі бәсекелсстік күшті болады. Ал, мәселен, қоректік заттар мен ығалды топырақтың қабаттарынан алатын және күн сәулесін әр мөлшерде қажет ететін, басқа қоректерін де әр түрлі мерзімде пайдаланатын өсімдіктер арасында бәсекелестік байқалмайды, немесе ( құбылыс оларда едәуір аз болады. Сондықтан өсімдік қауымдарынан тамыр жүйелері топырақтың әр түрлі қабаттарын кеулейтін өсімдіктер кездесетіні жәйден-жәй емес. Өсімдіктің бір түрінің тамыры негізінен үстіңгі қабатты жайласа, басқаларының тамырлары одан едәуір тереңге бойлайды да, тайыздағы тамырларға кедергі келтірмейді.

5. Өсімдіктердің өсуі мен дамуы факторының бірлескен әрекеттерінің нәтижесі деп аталатын бесінші заң аталмыш төрт заңның легикалық үйлесімі болып табылады.

Өсімдік тіршілігінің жекелеген факторлары өз алдына оқшау емес, қайта бір-бірімен өзара тығыз байланыста әрекет ететіні белгілі. Оларды басқа ешнәрсемен алмастыруға болмайды, өйткені бұл факторлардың бәрі бірдей. Өсімдік өсіп-дамуының қандай кезеңінде болса да жалпы бүкіл факторлар кешенінің (комплексінің) ықпалында болады. Вегатациялың ыдыстарда және егінжайында жүргізілген нақты тәжірибелер, сондай-ақ егіншіліктің көп жылғы мәліме тері мынаны дәлелдейді өсімдіктер тіршілігінің факторлары бірлесіп әрекет еткенде ғана барынша әсерлі болады. Егін жайдағы осы факторлардың бірініде өсімдікке ықпалын өзгертсе, басқа факторларда өнімді пандаланудың мүмкіндігі мен жағдайы сөзсіз бұзылады.

«Факторлардың бірлескен әрекеті заңынан шығатын негізгі қорытынды манадай— деп жазды академик В. Д. Панников,— тіпті ол қаншалыкты күшті болса да жеке-дара агрономиялық тәсілмен егиншілікте ең жоғары тиімділікті қамтамасыз ете алмайсың, мұндай тиімділікке тек агротехникалық шаралардың комплексін қолданып жетесің».

Бұл заңның әсерін ескермей тұрақты табысқа жетуге болмайтынын әрбір маман терең түсінуге тиіс.

Егіншіліктің бұл бес заңынан басқа да заңдар бар, мысалы органикалық заттарды синтездеу және бұзу заңы, жасыл өсімдіктердің автотрофтығы жөніндегі заң, бұған фотосинтез теориясы да кіреді.

;Егшшілік саласында ғылымның маңызды міндеттері еліміздің барлық аймақтарында топьтрақтың құнарлылығын және егіншілік мәдениетін арттырудың теориясы мен практикалық шараларын одан әрі талдау, қуаңшылықпен, эрозиямен және топырақ сортаңымен күрес жөніндегі зерттеулерді күшейту; ауыл шаруашылық дақылдарын орналастыруды агроклиматтық тұрғыдан негіздеу; игтенсивті егіншілік жағдайында егіс алқаптары мен ауыспалы егістердің тиімді құрылымын белгілеу; мәдени дақылдардың мол өнімді, ауруларға және зиянды жәндіктерге төзімді сорттарын шығару болып табылады.
Тапсырма және бақылау сұрақтары

  1. Өсімдіктің космостан, атмосферадан және топырақтан алатын тіршілік факторын түгендеп берші.

  2. Фотосинтез тақырыбын және өсімдік өнімін түсіндірші?

3. Радиациялық белсенділігіне сипаттама беріңізші?

4. Ауыл шаруашылық дақылдардың су сіңіруін қандай көрсеткіштер арқылы бағалайды?

  1. Топырақтағы және атмосферадағы ауаның құрамы қандай?

  2. Ауылшаруашылық өсімдіктерінің жылуға талабы қандай?

7.Максимум, минимум, оптимум заңдары нені айтады?

8.Өсімдік тіршілігінің өзара шартты жиынтық заңы мен өз алдына оқшауланбаған факторлары заңының мәні неде?

2.6 АРАМШӨПТЕР ЖӘНЕ ОЛАРМЕН КҮРЕС

Арамшөптер туралы түсінік, олардың зияны. Арамшөптер деп мәдени өсімдіктердің егістіктерінде өсетін, олардың өнімінің мөлшерін төмендетіп, сапасын нашарлататын өсімдіктерді атайды. Мәдени дақылдардың егісінде басңа мәдени дақылдар кездессе, оны ластаушы өсімдіктер деп атайды. Мәдени өсімдіктерге қарағанда арамшөптер тез дамып, ылғалды және қоректік заттарды әлдеқайда көі жүмсайды. Жоғары қабатта өсетін арамшөптер мәдени өсімдіктерді көлеңкелеп, олардың жапырағында жүретін фотосинтез үрдісін баяулатады, ауылшаруашылық машиналардың жұмысын нашарлатып олардың сынып қалуына себеп болады. Арамшөптердің тұқымдары астық дәндерінің ылғалдылығын кө-теріп, олардың қызуына және бүлініп кетуіне жағдай туғызады. Арамшөптер ауылшаруашылығының даңылдарының зиянкестері мен ауруларының тіршілік ететін және олардың тарайтын орны больп табылады. Кейбір арамшөптердің жемістері мен тұқымдары өнімнің сапасын төмендетеді. Ащы жусан астыққа жағымсыз иіс берсе, қыздырма үйбидайық, қара мендуана араласқан дән улы болады. Көптеген арамшөптердің гүл тозандары адамдардың аллергия ауруларын қоздырады. Мысалы, ащы жусан мен жусан жапырақтары арамшөптің тозандары безгек ауруын қоздырады. Ошаған, қара сұлы өздерінің тікенектері мен қылқандары арқылы малға жабысып, зақымдайды, олардан алынатын өнімдері кемітеді, әсресе жүн сапасын төмендетеді.

Арамшөптердің биологиялық ерекшеліктері.

  1. Арамшөптердің өсімталдығы өте жоғары. Академик А.И.Мальцевтің деректері бойынша көкпекті бір өсімдігі 100 мыңға дейін, гүлтәжі 500 мыңға дейін, сарыбас қурай 730 мыңға дейін тұқым шашады.

  2. Арамшөптердің тұқымдарының бірден қаулап өнбеуі және біркелкі піспеуі: мәселен, кәдімгі қар сұлы мен аң алабұтаның тұқымдарының өнгіштігі 3 жылға дейін сақталады. Себебі, оларды тұқымдарының бірден бір жылдан кейін, екі жылдан кейін өнетін 3 түрінің (полиморфизм) болуын байланысты.

  3. Көптеген арамшөптердің тұқымдарының сол аймақта таралуға мүмкіндік туғызатын құрылымдары болады. Мысалы, арамшөптердің тұқымы өздерінің тікенектері, қылтықтарының көмегімен тараладь (қалуендер, бақ-бакүшпаүрықтары, кәдімгі көріқыздың, ошағанның ілгіштері болады). Желдің әсеріне тамырынан үзіліп, танаптарда деңгелеп бара жатқан қаңбақ тұқымдарын жерге шашады.

  4. Кейбір арамшөптердің тұқымдары топырықта бірнеше жыл өнгіштіктерін сақтайды: қара сұлы, ала-бұта, далалық ярутка 5-7 жыл, кәдімгі жұмыршаң, дымқыл жұлдызшөп 30 жыл, бұйра қымыздық 50 жылға дейін.

  5. Көп жылдық арамшөптер вегетативтік жолмен көбейеді: атпатамырлы (дала шырмауығы қалуендер), тамырсабақты (жатаған бидайық) өсімдіктер.

  6. Көптеген арамшөптер ауа райының қолайсыз жағдайына ауыл шаруашылығы дақылдарын қараганда төзімдірек келеді.

Арамшөптерді жіктеу және олардың кең тараған түрлері. Қазақстанда 300-ге жуық арамшөп түрле кез-деседі. Арамшоптерді жіктеу негізіне бірнеше белгілері алынған: өсімдіктердің қоректену әдісі ( тіршілік ұзақтығы, көбею тәсілі. Қоректену тәсілі бойьшша тоғы-шар, жартылай тоғышар және тоғышар емес арамшөптерді ажыратады.

Тіршілігінің ұзақтығы бойьшша 2 топқа бөлінеді: бір-жылдықтар, көпжылдықтар. Біржылдықтар тіршілік үрдісі 1 жылдан 2 жылға дейін созылады. Олардың өскіндерінің пайда болуы және өсіп даму кезеңдерінің ұзақтығына қарай бұлар эфемерлер, жаздық ерте, жаздық кеш, қыстаушылар, күздік және екі жылдықтар деп бөлінеді.



ЭФЕМЕРЛЕРГЕ өсу даму кезеңдері өте қысқа (1,5-2 ай) өсімдіктер жатады. Бір маусымда олар және көп уақытты қажетсінеді. Алайда, танаптардың жыртылатын қабатындағы арамшөп тұқымдарының мөлшерін білу, олардың өміршеңдігін сақтау мүмкіндігін ескере отырып, танаптардың ластануыш бірнеше жылға болжауға болады. А.В.Филоновтың деректері бойынша топырақтың жыртылатын қабатының арамшөптердің тұқымдарымен ластануын бағалауды төмендегі шкала бойынша жүргізеді: 1 балл - нашар, гектарына 10 млн. данадан аз; 2 балл - орташа, 10-50 млн. дана/га; 3 балл -күшті, гектарына 50 млн данадан көп.

Топырақтың арамшөптермен ластану картасын жасау, оның маңызы. Есептеудің нәтижесінде танаптардың лас-тану картасын жасайды. Әр картада арамшөптердің биологиялық топтарын және түрлерін көрсетеді. Картада әр танаптың аумағында оң жақ шетіне тақау бірінің ішінде бірі диаметрлері 2 және 4 см екі шеңбер сызады. Кішкене шеңбердің ортасында әр шаршы метрдегі арамшөптердің саны, балмен берілген ластану деңгейі, ал сызықтың астында анықтау жүргізілген жыл көрсетіледі. Сыртқы және ішкі шеңберлердің арасы танапта кездескен арамшөптердің түрлеріне байланысты бөліктерге (секторларға) бөлінген. Бөліктердің ауданы тиісті топтағы арамшөптердің санына сәйкес келеді. Әр сектор пайдаланган шартты белгілерге сәйкес боялады немесе сызықшалармен белгіленеді, сонан кейін ең зиянды және жиі кездесетін арамшөптердің қысқартылған атауы және саны көрсетіледі. Әр биологиялық топты белгілеу үшін шартты түстерді немесе сызықтарды пайдаланады. Арамшөптердің негізгі түрлерін бас әріптермен, ал олардың сандарын санмен белгілейді. Бірнеше биологиялық топтар болса, бүкіл танаптың түстерін немесе сызықшаларын басым топтың белгісімен белгілейді. Танаптардың ластану картасы негізінде арамшөптермен күрестің кешенді жоспары жасалады. Танаптардың әр түрлі биологиялық топтармен ластану деңгейіне қарай, гербицидтер пайдаланылатын жердің ауданы, қажетті гербицидтің мөлшері, оларды шашатын арнайы машиналардың саны анықталады. Агротехникалық күрес шараларының көлемі белгіленіп, технологиялық карталар жасалады, жұмсалатын қаржының мөлшері және мүмкін болатын экономикалық тиімділік анықталады.

Арамшөптермен күресу шаралары. Экономикалық тиімділігі. Арамшөптерге қарсы алдын ала күресу шаралары, агротехникалық, химиялық және биологиялық күрес шаралары қарастырылған. Алдын алу шараларының негізгі міндеті - арамшөптердің тұқымдарымен вегетативтік көбею мүшелерінің таралуын болдырмау. Ол үшін өңделмейтін жерлердегі арамшөптердің тұқым шашуына жол бермеу керек. Ол үшін тұқымдарды арнайы тұқым тазалағыш машиналардағы елеуіштермен триерлерді пайдаланатын 1-2 класс деңгейіне көтеру қажет. Егер егінді жинау жұмыстары мезгілінде, кешіктірілмей жүргізілсе, арамшөптер тұқымының негізгі бөлігі комбайн бункеріне немесе сүрлемдік дақылдармен бірге көк балаусаңа түседі. Дәнді бөлектеп жинағанда тікелей орын бастыруға қарағанда арамшөптердің тұқымдары жерге көп шашылады.

Сабанды тартылған, буландырылған, ұнтақталған күйінде малға беру керек. Арамшөптердің таралуына тосқауыл қоятын карантин шаралары болып табылады. Сыртқы карантиннің міндеті елге карантинге жататын арамшөптер тұқымдарының өтіп кетуіне жол бермеу болып табылады. Ішкі карантиннің міндеті карантинді арамшөптер бар алқаптардан олар жоң алқаптарына таралуына тосқауыл қойған жөн.

Арамшөптерді агротехникалық шаралар арқыллы жою. Ежелгі заманнан топырақты өңдеу арамшөптермен күресудің тиімді жолы болып табылады. Ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудегі маңызды агротехникалық шаралардың бірі топырақты негізгі және себу алдындағы өңдеу болып табылады. Мұның өзі ылғал жинақтау мен сақтауға және арамшөптерді жоюға мүмкіндік береді.

Қазіргі кезенде Қазақстанның солтүстік облыстарында топырақты сыдыра жыртып өндеу игерілген. Бұл тәсіл топырақ бетінде аңыз паясын сактауға, соның әсерінен қыста қар тоқтатуға, ал терең қопсыту қар суын сіңіруге жағдай жасайды. Топырақты негізгі өндеу ең алдымен алғы дақылға байланысты. Сүрі танаптарда топырақ өндеуді қарастырайық алғы дақыл жиналганнан кейін топырақ жазық тілгіш қопсытқьшпен (КПШ-9, ПГ-3-5) 12-14 см терендікте өнделеді. Қара сұлымен қатты ластанган танаптарды күзде жазық тілгіштермен өңдесімен БИГ-3 имек тісті тырмалармен 4-6 см тереңдікке қосымша қопсытылады. Көктемгі жұмыс сүрі танапта қара сұлы жаппай көктегеннен кейін КПШ-9, КТС-10-01, ОП-8 қопсыткыштарымен өңдеуден басталады. Сүрі танабының бұдан әрі өңделуі атпа тамырлы арамшөптер күйіне байланысты, олардың сабақтанып кетуіне жол бермеген жөн.

Сүрі танапта тамыр сабақты арамшөптерді тиімді жою үшін КПЭ-3,8 қопсытқышын қолданған бәрінен де тиімді. Танаптар жатаған бидайықпен ластанғанда, тамыр-сабақтар орналасқан тереңдікте (14-16 см) 4-5 рет осы қопсытқыштармен өңдеу барынша тиімді. Бұтақты бидайықпен күрес біршама қиын, себебі оның тамыр сабақтары жатаған бидайыққа қарағанда терең орналасқан. (Оңтүстік Қазақстан жағдайында бұтақты бидайықтың тамырсабақтары қара және қоңыр топырақтарда 28-30 см, коңыр және ашық қоңыр топырақтарда 24-26 см, сортаң жерлерде 16-18 см тереңдікте орналасады.

Бұтақты бидайықпен күресте тамырсабақтарын жер бетіне тарату үшін, жерді соқамен жыртады, сонан соң қопсытқышпен тамырсабақтарын тарайды. Аз жылдық арамшөптер сүрі танапты өңдегенде біршама тиімді жойылады. Алайда оларды, әсіресе қара сұлыны сүрі танапты өңдеу кезінде толық жоюға қол жетпейді, себебі тұқымдардың бір бөлігі тек келесі жылдары онеді. Сонымен ңатар, азжыл-дықтармен күресте ауа райының жөне ондеудің терең-дігінің де әсері байңалады. Арамшоптермен ауыспалы егісте күресудің маңызы оте жоғары. Сүрі танаптан алыс-таған сайын астық егістігінің арамшөптермен ластануы арта түседі. Арамшөптердің бір ерекшелігі, агротехника бұзылса, кешенді күрес шаралары саңталмаса, танаптарда олар қаптап шыға келеді.



Арамшоптермен химиялық күресу шаралары. Химиялық күрес арамшөптердің өлуіне әкеліп соғатын химиялық заттарды қолдануға негізделген. Бұл заттарды гербицидтер деп атайды. Өзінің өсімдікке әсер етуіне қарай жеке дақылдарға әсер ететін гербицидтер жылжымалы және жанасу топтарына ажыратылады. Гербицидтер мынадай түрде қолданылады: ерітінділер (2,4-Д амин тұзының судағы ерітіндісі), суспензия (суланған ұнтақтар -симазин, атразин, прометрин) эмульсия (қойытылған эмульсия - триаллат, трефлан, эптан), түйіршіктер (три-аллат бутильді эфирінің 2,4-Д тобы). Гербицидтерді ұнтақ арқылы, жер бетіне бүрку тәсілдерімен қолданады. Симазин және атразиннан басқа гербицидтер қазіргі уақытта пайдаланылады, ал жаңа дезармон-эфир, барс, т.б. гербицидтердің барлығы - 2,4 Д амин тұзының судағы ерітіндісі, тек қана атаулары өзгерді.

Суармалы егіншілікте су арқылы пайдалануға болады (гербигация). Гербицидтерді ұшақ арқылы жер бетіне бүріккіштер арқылы шашады. Жер бетіне шашуға (түгелдей және жолақтап) ОПШ-15-01, ОП-2000-2-01, ОП-3200, ПОМ-3200, ПОМ-630, ОМ-630-2 штангалы бүріккіштерін қолданады. Жер бетіне желдеткішті (дистанциялық) шашуға ОПВ-1200, ОП-2000, ОМ-320 агрегаттарын пайдаланады. Арамшөптердің жер бетіндегі бөліктеріне жер ететін гербицидтердің ең жоғаргы улылығы температура 18-24°С болғанда байқалады.

Ауаның температурасы 25-30°С болғанда олар нашар әсер етеді, ал 8-10°С болғанда әсері тіпті байқалмайды. Желдің жылдамдығы 4 м/сек жоғары болғанда гербицидтерді шашуға болмайды. Гербицидтер адамның денесіне белгілі бір мөлшері тигенде улы әсер етеді.

Сондықтан гербицидтермен жұмыс істегенде сақттық жасаған дұрыс. Жүмыс істеудің алдында қызмет көрсететін адамдар сақтандыру ережесімен танысып, арнайы киімдер мен (комбинизон, халат, қолғап, көзілдірік, респиратор және т.б) қамтамасыз етілуге тиісті. Агрономдардың гербицидтердің сақталу жағдайына көңіл бөлулері керек. Мысалы, трефланды сақтағанда температура +4°С төмен түспеуі керек. Сақтау кезінде, әсіресе ұзақ сақтағанда, гербицидтің әсерлілігі төмендейді.

Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімдерінің төмендеуі көбінесе көп жылдың арамшөптердің әсерінен болады. Атпатамырлы арамшөптердің санын азайтатын тиімді гербицид - 2,4 Д амин тұзы.

Мұны жүйелі түрде қолдану ең үлкен тиімділік береді. 2.4 Д гербицидін пайдалану мөлшері (әсер етуші зат (Э.Е.З): эфирлер - 0,3-0,4 кг/га, амин түзы -1,0 кг/га.

Жаздың астық дақылдары (қарақұмықтан басқа) егісінде гербицидтерді пайдаланудың ең қолайлы кезеңі оның толық түптенуі мен түтіктенудің алғашқы кезеңі болып табылады. Солтүстік Қазақстан жағдайында химиялық қорғау шараларын әрбір шаршы метр алаңында 2 және одан да көп қалуен, 15 қара сұлы, 75 итқонақ және 20-30 басқа азжылдық арамшөп өсімдіктері болғанда қолданады. Қара сұлыға қарсы жаздық бидайды себуге дейін ерте көктемгі топырақ өңдеу кезінде триаллат (авадекс БВ) қолданылады да, міндетті түрде 3-5 см тереңдікке 2,5-3.5 кг/га мөлшерінде енгізіледі.

Бидай одан 1 -2 см тереңірек себіледі. Бидай егісінде қара сұлының 2-4 жапырағы пайда болған кезде 4 иллоксан қолданылады. Препарат бойынша сіңіру мөлшері гектарына 2-4 кг.

Күнбағыс және картоп егістерінде бір жылдың дара және қосжарнақты арамшөптерге қарсы прометрин гербицидін пайдалану тиімді. Прометринді күнбағысты сепкенге дейінгі, себумен бірге немесе сепкеннен кейін, егін көгі пайда болғанға дейін топыраққа бірден сіңіру арқылы жүргізеді(2,0-6,0 кг/га). Картопты отырғызған соң бірден прометринді шашып топыраққа тырмамен сіңіреді.

Сүрі танаптарда гербицид кеңінен қолданылуда. Қазіргі кезде сүрі танапта арамшөптерді әсіресе атпатамырлы және кіндік тамырлы арамшөптерді құртатын, жаппай және талғап әсер ететін гербицидтер бар. Жаппай әсер ететіндер тобынан Ураган гербицидін 2-6 кг/га мөлшерінде қолдануға болады.



Арамшөптермен күрестің биологиялық шаралары. Көптеген елдерде арамшөптермен күрестің биологиялық тәсілдерін зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Зерттеулердің негізгі мақсаты арамшөптердің табиғи жауларын (фитофагтарды, ауруқоздырғыштарды) анықтау, басқа жақтан әкелу және қыстандыру болып табылады. Атап айтқанда, АҚІП-та, Канадада түйтікенмен күресте Кһіпо-соііиз сопісиз біз тұмсығын және басқа жәндіктерді пайдаланады.

Биологиялық тәсілдің тиімділігінің ең жақсы мысалы ретінде кактус опункциясына қарсы Австралияда кактус көбелегін пайдалануын айтуға болады. Он жылда (1925-1934) опукциядан 24млн. гектар жайылым тазартылған.



Қазіргі уақытта арамшөптермен күресте электр тоғын пайдаланудың мүмкіндігі зерттелуде. Зерттеулер, арам-шөптердің тұқымдарын жою үшін өте жоғары жиілікте электромагниттік өрістің қуатын, ал өсіп тұрған арам-шөптермен күресте жоғары қуатты электр тоғын пайдалану бағыттарында жүргізілуде.

Топырақты топырақтану ілімі зерттейді. Мұның ғылыми негізін салған В. В. Докучаев болды, ал П. А. Костычев, Н. М. Сибирцев, В. Р. Вильяме, К. К. Гедроиц, Л. И. Просолов, С. С. Неустроев, К. Д. Глинка, В. II. Вернадский, И. Н. Антипов-Каратаев сияқты белгілі ғалымдар оны одан әрі карай дамытты.

Қазақстанда 1945 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясының Топырақ тану институты құрылды, ол Қазақстан топырағының кіші және орта масштабты картасын жасады. Сонымен қатар институт жер суландыру, топырақты әр түрлі жерлерде тиімді пайдалану әдістерін анықтау бағытында ғылымиерттеу жұмыстарын жүргізуде. Бұл салада А. II. Бессонов, А. В. Мухля, В. М. Боровскпй, Ө. Оспанов, Ш. М. Шолтырев, Т. Т. Тазабеков тағы басқа ғалымдар жемісті ең-бек етуде.

Тау жыныстарының өзгеруі. Тау жыныстары күн көзінің, желдің, судың үнемі тигізген әсерінен мүжіледі. Табиғаттың әр түрлі күштерінің біріккен әсерінен, әрине, тірі жәндіктерді қоса алғанда тау жыныстарының бұзылып терең өзгеріске ұшырауын мүжілу дейді. Мүжілу процесінің әсерімен уақталған тау жыныстарын, минералдық бөлшектерін үгінді дейміз.

Тау жыныстарының желге қағылуы, мүжілуі әртүрлі факторлардың әсеріне байланысты болады. Олар физикалық, химиялық және биологиялық (жел қағу) болып бөлінеді.

Аталған факторлардың әсерінен тау жыныстарының бұзылуын және қопсыған қыйыршықтар мен үгінділер, майда шөгінді жыныстардың пайда болуын үгітілу дейміз. Тау жыныстары үгітіле бара топырақ құрамы жетіледі. Топырақ қыртысының қалыптасуы сол үгінділердің түзілуімен байланысты. Былайша айтқанда үгітілу мен топырақ қыртысының түзілуі, бір мезгілде болатын өзара тығыз байла­нысты процесс.

Топырақтың физикалыц қасиеттері оның су, ауа өткізгіштігіне, су ұстағыштығына, топырақ қыртысын түзуші қабатының түйіршік (механпкалық) құрамы мен құрылымның ерекшелігіне байланысты. Өйткені оның өзі тау жыныстарының түрлі жолдармен үгітілуі жә­не микроорганизмдердің тіршілік әрекеттері арқылы түзіледі. Топьі-рақ түзілетін тау жыныстарын, аналық немесе топырақ түзуші жыныстар деп атайды. Бұлар жол, су, температура, тагы баска сол сиякты жағдайлардың әсерінен күрделі құбылыстарға үшырап отырады. Тау жыныстары мен ондағы минералдардың осындай өзгеріске түсуінің яғни үгілудің үш түрі бар. Бұлар физикалық, химиялық және биологиялық үгілулер.

Физикалық-механикалық үгілулер жылудың, судың, ауаның әсерімен өздігінен болады. Тау жыныстары күндіз күн сәулесінің қуатымен қызады, ал түнде оның үстіңгі қабаты әлдеқайда тез суиды да, соның салдарынан ол жарқын шақтанып жарыла бастайды. Бұл жағдайда механикалық жолмен бұзылған жыныстардың химиялық және минералдық құрамы өзгермейді. Физикалық жолмен үгітілудің басты себебі жоғары температура. Температураның әсерінен өзге-ру тау жынастары, ондағы минералдардың көлемі біресе ұлғайып, біресе кішірейіп, олар бастапқы қалпын жоғалта бастайды. Онда пайда болған жарықтарға жауын-шашын кезінде ылғал жиналады да, кейін ол жарықшақтарды одан әрі ұлғайтады. Сөйтіп әлгі жыныстар бірте- бірте бұзылып, үгіле береді.

Химиялық әсерден тау жыныстарында болатын минералдардың құрамы өзгереді, жаңа минералдар түзіледі. Бұл процесс негізінен құ- рамында көмір қышқылы мен оттегі мол атмосфералық судың әсері- нен болады. ХимиялЫң процестің әсері тау жыныстарының суда ер- уінен және одан әрі тотығуынан басталады да оның өзі сапасы жа- ғынан жаңа минералдық қосындылардың пайда болуымен аяқта- лады. )

Айталық, минералдың үгілуі кезінде суда еритін карбонат, суль­фат, хлорид сияқты қосындылар түзіледі.

Сойтіп, ұсақ үгінділерге ыдыраған осы минералдар қайтадан өзара қосылысқа араласып жаңа жыныс құрайды.

Химиялық және физикалық жолмен өзгерген тау жыныстарының ұсақ үгінділері жел мен судың әсерімен бұрынғы жатқан жерінен көшеді, Бұл сапарда да олар одан әрі уақталып, талай-талай өзгерістерге ұшырайды, алуан түрлі аналық жыныс түзеді. Аналық жыныс­тар кеуекті, бойында су мен жылжымалы қоректік заттар болады. Сондықтан да оларда тірі организмдердің пайда болуына қолайлы жағдай жасалған дейміз.

Биологиялық әсер. Сүйтіп үгілген тау жыныстарындағы минералдардың механикалық жәңе химиялық жолдармен, бұзылатынын білдік. Бұл әрине, оларда тіршілік ететін организмдердің әрекетіне бай­ланысты. Биологиялық жолмен топырақ түзілгенде, тірі организмдердің тау жыныстарынан өздеріне қажетті минералдық заттарды алып, оларды органикалық қосындыларға айналдырады. Биологиялық үгілу тіршіліктің пайда болуынан басталады. Тіпті жалаңаш жартастардың өзінде тау жыныстарындағы минералдық қосындыларды қорек отегін пайдалы микроорганизмдер болады. Сол ұсақ организмдер бөліп шығаратын органикалық қышқылдар біртіндеп тау жыныстарының химиялық құрамын өзгертеді де, ақырында бұларда аласа бойлы қына, мүк сияқты өсімдіктердің өсіп шығуына жағдай жасайды. Қурап қалған мүктер мен қыналарды микроорганизмдер ыдыратады, осының арқасында, қоректік заттары жиналады, топырақ пайда болып, оның қасиеттері өзгереді. Сонымен, топырақ түзілу процесінде биологиялық жолмен үгілу де ең негізгі құбылыстардың бірі болады. Мұндай ортада жоғарғы сатыдағы өсімдіктер пайда болады. Физикалық және химиялық процестер кезінде пайда болатын құбылыстар тау жыныстары құрамынан мүлде бөлініп, геологиялық үлкен айналымға қосылады. Ал биологиялық жолмен түзілгенде, тірі организмдер тау жыныстарынан өзіне қажетті минералдық заттар алып, оларды органикалық қосындыларға айналдырады. Ал бұл минералдық заттар биологиялық кіші айналымға қосылады. Сөйтіп, ауқымды геологиялық айналым мен кіші биологиялық айналымның бір-бірімен ұштасуынан барып, топырақ түзілу әрекеті жүреді.

Өсімдіктер мен тірі организмдер әрекетінің ықпалымен топырақтың қажетті қасиеті артады. Оның құнарлы қабатында өсімдіктер үшін қажетті азот, фосфор, калий және басқа да қоректік заттар жиналады. Мұның бәрі топырақ түзілуінде биологияльгқ процестің шешуші орын алатынын көрсетеді. Топырақ микроорганизмдердің негізгі мекені. Олардың саны және түрлері топырақтың түріне, оның жағдайына байланысты өзгеріп отырады. Топырақ микроорганизмдерге бай, тіпті оның бір грамында қоздырмайтын кейбір бактериялар жүзден миллиардқа дейін кездеседі. Топырақтағы микроорганизмдердің ең көбі бактериялар, әрине, онда актиномицеттер де аз емес.

Топырақ ерекше дене болғандықтан, оның түйіршіктерінің ішкі жағы анаэробты, ал сыртқы жағында аэробты микроорганизмдер тіршілік етеді. Өсімдік тамырлары жайылған жерлерде микроорга­низмдер көптеп тіршілік ететіні байқалады. Ал әр өсімдіктің тамыры, жайылған төңіректе сол өсімдікке тән микроорганизмдер топтасады да өзіндік бір аймақ түзеді. Оны ризосфера деп атайды.

Топырақтың сипатына қарай ондағы ылғал мөлшері түрліше бо­лады. Осыған байланысты онда тіршілік ететін микробтар саны да өзгеріп отырады. Шамадан тыс ылғал органикалық заттарды шірітеді, сол себептен де мұнда аэробты микроорганизмдердің тіршілік етуі қолайсыз болады. Сондықтан топырақтың ылғал режимін реттеу алдымен онда тіршілік етіп, өсімдіктерге қоректік заттарды дайындайтын микроорганизмдердің тіршілігін жақсартуға негізделеді. Микробиогиялық негіздегі процестердің белсенді түрде жүруіне, топырақтың механикалық құрамы әсер етеді.

Топырақ қыртысына ауаның кіруі қиындағанда ондағы органикалық заттардың ыдырау қарқыны да бәсеңдейді.

Топырақ қабатының жылынуы күн сәулесіне байланысты. Оның әсерінен микробиологиялық процестер де жақсы жүреді. Микроорганизмдердің тіршілік етуі үшін қышқылдың шамасы бірқалыпты дәрежеде болугға тиіс. Микро организмдер топырақтың бетінен оның ең терең қабатына дейін өтін, өмір сүре алады. Сондықтан топырактың барлық батына да ылғал, ауа жақсы өтетін болады. Әрпне, микроорганизмдерді микроскопсыз көре алмаймыз. Өзінің тіршілігі үшін қажетті қоректі ол жасыл өсімдіктер жасаған органикалық заттардан алады. Олардың саны мен сапасы топырақ қабатындағы өсімдік қалдықтарының мөлшеріне байланысты. Өсімдік қалдықтарына шірітетін организмдер анаэробты, аэробты бактериялардан басқа ашытқы саңырауқұлақтарға бөлінеді.

Топырақ қабатындағы ауа мен оттегі жеткілікті болса, онда аэ­робты бактериялар тіршілігіне қолайлы жағдай туады, ал топырақ қабатында оттегі болмаса, онда анаэробты бактернялардың белсенділігі артады. Егістік танаптағы топырақ қабатында анаэробты жағдай жасалса, өсімдік қалдықтарының шіруі, яғни ыдырауы баяулайды. Бұл жағдайда шала шіріген немесе жартылай ыдыраған өсімдік қалдықтары жиналады, ол өсімдіктерге зиянды ашыған қосылыстар мен қышқылдардың орын алуларына мүмкіндік туғызады.

Танаптағы топырақ қабатының құнарлылығын тек аэробты және анаэробты бактериялар жеке-жеке өздігінен жоғары көтере алмайды. Қайта олар бірлікте жұмыла әрекет жасаса ғана өсімдіктерге керекті қоректік заттарды молайтады.

Бұлардан басқа өсімдікіерге зиянды микроорганизмдер де аз емес, оларға қарсы күресу үшін агротехникалық шаралар қолданылады.

Егіншілікте дақылдардың өнімі мен оның сапасын арттыруда, әрине жеткілікті мөлшерде қоректік заттар болуы керек, ал оларды дайындайтын микроорганизмдердің белсенділігін көтеру үшін топырақ қыртысында қажетті мөлшерде температура, қышқыл орта, ылғал болуы тиіс. Мұны реттеу үшін органикалық тыңайтқыштар қолданған жөн.

2.7 АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНДІРІСІНІҢ БАСТЫ ҚҰРАЛЫ

ЖЕР ТУРАЛЫ ІЛІМ
Топырақ және оның құнарлылығы туралы ілім. Топырақтану ілімі топырақтың құрамын, қасиетін, табиғатын, дамуын, жағрафиялық таралуын, оны тиімгі пайдалануды зерттейтін ғылым.

Топырақтану ғылымы топырақты табиғи дене, өндіріс құралы ретінде қарайды. Топырақтанудың негізгі салаларына топырақ ге­незисі, геохимиясы, топырақтың физколлоидтық және биологиялық химиясы, биологиясы, физикасы, гидрологиясы, жағрафиясы жатады.

Топырақты ғылыми тұрғыдан зерттеу XVIII ғасырдың аяқ кезінен басталды.

XIX ғасырдың екінші жартысында Россияда топырақ танудың генетикалық бағыты пайда болды. Бұл бағыт 1883 жылы басылып шыққан В. В. Докучаевтің орыстың қара топырағы» атты монографиясымен тікелей байланысты еді. Аталған монографияда топыраққа мынандай анықтама берілген. «Топырақ белгілі ,бір ауа райы жағдайында; тірі организмдердің (оның ішінде микробрганизмдер де) әсерінен тау жыныстарының беткі қабатынан пайда болатын мине рал органикалық табиғи дене».

Топырақтың ең негізгі қасиеті оның құнарлылығы. Мұның өзі топырақ тараған аймақтың жасына, ауа райына, жер бедеріне, өсімдік және жануарлар дүниесіне, адамның тіршілік әрекетіне байланысты ұзақ жылдар бойы қалыптасады.

Топырақтанудың әсіресе ауыл шаруашылығы үшін маңызы зор. Бұл топырақ құнарлылығын арттыру мақсатымен тыңайтқыштар қолдану, суландыру, жер өңдеу, топырақ эрозиясына қарсы күрес мәселелерін тиімді шешуге көмектеседі.

Топырақтың пайда болу процестері. Жердің қыртысты қабығы немесе ландшафтық қабық литосфераның, гидросфераның, атмосфераның, тірі организмдердің тоғысуы, өзара араласуы және әрекеттесуінің нәтижесінде қалыптасқан. Бұл күделі материалдық жүйеге бос энергияның әр түрлеріне ерекше бай болуы, заттардың бос эле-ментарлық бөлшектер атомдар, иондар, молекулалар арқылы химиялық қосынды мен күрделі денелерге дейінгі ерекше әр түрлі дәрежедегі агрегаттылығы, органикалық дүниенің топырақ жемігі, шөгінді жыныстардың әр түрлі пішіндерінің болуы тән қасиет.

Жердің барлық сыртқы қабықтарының ең тығыз (түйіскен) жанасқан қабаты айрықша күрделілігімен ерекшеленеді.

ТОПЫРАҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУ ПРОЦЕСІ



Топырақ судың, ауаның және тірі жәндіктердің литосфераның жоғарғы қабаттарына әсер етуінен пайда бо­лады және ол бір-бірімен байланысты қабаттардан тұрады. Топырақты топырақ түзуші факторлар қарым-қатынасының нәтижесінде пай­да болатын табиғи дербес дене деген көзқарасты XIX ғасырдың соңғы ширегінде В. В. Докучаев ұсынды.

Топырақ құнарлылығы, яғни өсімдікті су және қоректік заттармен қамтамасыз ететін болғандықтан, ол биомасса түзуге қатысады. Топырақтың табиғи құнарлылығы оның құрамына, қасиетіне жә­не түзуші факторларға байланысты болады.

Топырақ түзуші негізгі факторларға ауа райы, топырақ түзуші тау жынысы, өсімдік және жануарлар дүниесі, белгілі бір аймақтың жер бедері мен геологиялық жасы, сондай-ақ адамның шаруашылық әрекеті жатады.

Табиғи топырақ құралу процесінің негізі жер бетіндегі тау жыныстарын өсімдіктердің, жан-жануарлардың және ауа райының жер бедері әр түрлі аймақтарда, белгілі бір жағдайда, бірлесіп әсер етіп, өзгеруінде. Аналық тау жынысының топырақ ңүраудағы орны екі ' тұрлі. Ең алдымен тау жынысының үстіңгі қабаты топырақ құраушы деліі?_бд2лып5дпалады. Болашақта қүралатын топырақтың ңасиеттері оііы құраушы жыныстардың, механикалық, агрегаттық, минероло-гиялық және химиялық ңұрамдарына байланысты. Солардың ішіндегі механикалық және агрегаттық құрамдары топырақтың суды бойында ұстай алатындығын, су өткізгіштігін, су сыйымдылығын және ауа қасиеттерін, өсімдіктердің су, ауа және қоректік заттарды пайдалану тәртіптерін анықтайды.

Жыныстың жоғарғы қабатында топырақ құрылу процесі аяқталғанда, жыныс топырақ қабатының астында қалып, төсеніш жынысқа айналады. Ол топырақ қабатымен тығыз байланысты. Мәселен, ауа, су, қоректік заттар және (ыстық, суық) жылу сол екеуінің арасында үнемі алмасып отырады.

Жер бетінде бұзыла бастаған тау жыныстары аналық топырақ-құраушы жыныстарға жатады. Сондықтан топырақ жыныстарының негізін тау жыныстары, мәселен, ерацит, кварцит, құмтастар үгінділері (элювий), шөгінділері құрайды. _Жазық аймақтарда аналық жыныстарды көбіне борпылдақ шөгінді жыныстар құрайды. Әр топырақ аймағына қарай оның өзіндік жыныстары болады.

Еліміздің орман аймақтарында топырақ қүраушы басты жыныстар мүздың және мұз көшкіндерінің шөгінділері, далалық аймақтарда құм-балшықтар көбірек тараған, ал тропиктердің, субтропиктердің топырақтары негізінен гранит, ферросиликат, сланец сияқты кристалдық және метаморфиялық жыныстардың үгінділерінен кұралады.

Аса құнарлы, бағалы жыныстарға карбонатты лессты құмбалшықтар, су жайылымдарының, аллювиалды шөгінділері жатады.

Құнарсыз жыныстарға негізгі тау жыныстарының үгінділері мен қиыршық құмдар жатады. Cop, сортаң топырақтарды қүраушы тұзды жыныстарға, құрамында ерітінді тұздар мол болғандықтан, шаруашылыққа тиімсіз, өндірістік маңызы жоқ жыныстар жатады. Топырақ түзілу процесінің, негізі жердің үстіңгі қабатында ми-нералдың қосындылардан органпкалық заттарды құрау және бүған керісінше оларды қайтадан минералдандыру болып табылады. Сондықтан топырақ жаралуында биологиялық фактор (өсімдіктер мен жан-жануарлар, микроорганпзмдер топтары) басты факторға жа­тады.

Өсімдіктердің топырақ құралу ісіне тікелей де, жанамалы да тигізетін әсері зор.

Өсімдіктер топырақтың үстіңгі қабатында шірінді заттардың жиналуына қатыса отырып, оның құнарлылығын арттырады. Өcімдік қалдықтары, сондай-ақ топырақтағы микроорганизмдсрдің белсенді түрде тіршілік етуіне қолайлы жағдай туғызады. Оларда көптеген азотты және көміртегілі заттар, калий, крахмал, органикалык, қыш-қылдар, майлар, тағы басқа қосындылар бар.

Органикалық заттарды көбінесе автотрофты микроорганизмдер пайдаланады. Топырақтың жыртылатын қабатының микроорганизмдерге бай болатыны да міне осыдан.

Әдетте топырақтың терең қабатында микроорганизмдер аз кездеседі. Мұны онда су мен ауаның тапшылығынан және де органикалық, қосындыларға тым жұтаңдығынан деп түсіндіруге болады.

Өсімдіктер тамырлары әр түрлі қышқыл қосындыларды бөліп шығарады да, топырақ қабатындағы оңайлықпен ери қоймайтын минералдық заттардың бұзылуын жеделдетеді. Сөйтіп топырақ қыртысында жылжымалы қосындылардың құралуына септігін тигізеді. Жалпы өсімдік тамырлары мен микроорганизмдердің топырақ ерітін-| дісінен қоректік заттар мен ылғалды алуы үшін, олардың клеткаларындағы осмостық қысым топырақ ерітіндісіндегіден басымырақ болуы тиіс.

Осымен қатар өсімдік топырақ құралу ісіне жанамалы түрде де әсер етеді. Мәселен, өсімдіктер тегінің әр тобы ауа райының өзгеруін, атап айтқанда, жауын-шашынды, жылы-суықты, басқа да құбылыстарды өзінше анықтап отырады. Өсімдіктің осындай екі жақсы әсерімен, төменгі ұсақ жәндіктердің, жан-жануарлардың бірлескен әреке-тінің ықпалымен топырақ құралады.

Жасыл және хлорофилсіз өсімдіктердің табиғи әсерлерінің тоғысуын топырақ тану ілімінде өсімдік дәуірлес жер қыртысы қабаттарының жиынтығы дейді.Органикалық заттар құрайтын жоғары сатыдағы жасыл өсімдіктерді, соларға сәйкес жасалған органикалық заттарды бұзатын микроорганизмдерді мынадай шоғырластыққа бөлуге болады.

Ағаш тектес өсімдіктер шоғырлары мұнда ағаш тектес жасыл өсімдіктер мен саңырауқұлақтардың, актиномицеттер мен анаэробтық, бактериялардың басымдығы анықталған.

Далалық шөп тектес өсімдіктер жиынтығы тек екі мүшеден ға­на даланың шөп тектес жасыл өсімдіктері мен аэробтық бактериялардан құралады.

Шөлді өсімдіктер шоғыры. Мұндағы органикалық заттарды құрайтын жәндіктердің міндеті сол органикалық заттарды бұзатын, ыдырататын хемотрофты (химиялық) бактериялар мен балдырлардың арасында тиісті ретімен бөлініп отырады.

Өсімдіктер шоғырлары топырақ құралу ісінің дамуын әр жақты анықтайды. Қылқан жапырақты орманында ылғалдың мол болуына байланысты саңырауқұлақ әсерінен күлгін (шым күлгін) топырақтар кұралады, шөптетесін өсімдіктер шоғырының астында топырақтың шымды және далалық түрлері пайда болады. Солтүстік өңірдегі шабындыктар да анаэробтың бактериялардың қатысуымен шымды, ал далалық тұста аэробтық бактериялардың әрекетімен қара, қоңыр топырақтар түзіледі.

Топырақтағы жәндіктер (жауын құрты, төменгі сатыдағы жәндіктер, құрт-құмырсқалар) үнемі жылжып отырғандықтан, топырақ қыртысын қопсытады да, оның қуысын көбейтеді, ауа, су, жылу сіңіру қабілетін реттейді. ( Олардың кейбіреулері топырақты өз денесінен өткізіп, оның химиялық құрамын өзгертеді де, топырақтағы микро-биологиялық жұмыс бағытын анықтайды.

Ауа райы өзінің әртүрлі құбылыстары арқылы топырақ құралу ісінің бағыт-барысына және оның белсенділігіне әсер етеді.

Топырақ құралуда метеорология құбылыстастарының ішінде жауын-шашын, ыстық-суық және жел басты роль атқарады. Ал ауа - райы құбылыстарының мөлшері мен олардың өз ара тоғысу сәттері еліміздің әр аймақтарында әр түрлі. Топырақ қыртысындағы ылғалдың сарқылмас бұлағы және топырақ құнарлылығының басты қайнар көзі ретінде жауын-шашынды атауға болады. Жауын суларының бір елегі жер бетінен буға айналса, екінші бөлегі танаптың ойпаң ылдиымен ағады да, қалғаны топырақ қабатына сіңеді. Сіңген су топырақ қабатындағы әртүрлі минералдық заттарды ерітіп, оны сілтісіздендіреді. Сөйтіп топырақтағы химиялык продестерді реттейді. Топырақтың бетінен аққан су оның үстіңгі қыртысын жуып, кей тұста көшкінге, эрозияға шалдықтырады.

Топырақ қабатына сіңген судың мөлшері жалпы болған жауын-іпагдынның молшерімен ғана анықталмайды. Мүның өзі судың топырақ қабатындағы капиллярлы қуыстардан көтеріліп, буға айналуына, ауаның температурасына да, танап бетіндегі судың ағысына да байланысты.

Жылу температурасы көтерілген сайын топырақ қабатындағы химиялық және биологиялық жұмыстары күшейе түседі, химиялық реакциялар тез жүреді, топырақтағы микроорганизмдер белсенді қимылдайтын болады. Топырақ қабатында температура төмендеген са­йын ондағы күллі әрекеттер баяулайды, микроорганизмдердің белсенділігі бәсеңсіп, топырақ құралу процесі тоқтайды.

Топырақтың құралуына желдің де әсері зор. Жел жер бетіндегі ұсақ түйіршікті бөлшектерді үрлеп, топырақтың үстімен жылжытады (дефеляция желмен, эрозия сумен). Ұшырылған тозаң, шаң биіктен төменге, тегістік беткеткейден жыра-сайларға жиналады. Желдің күшімен тек қар ғана борап куалай қоймайды, сонымен бірге сортан топырақтың бетіндегі тұз ұшып, басқа танапты сортандайды.

Температура көтерілген сайын, желдің күші топырақтағы ылғалдын буға айналуын тездетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет